Курстық жұмыс: Құқық | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

0
219

Мазмұны

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ.
§1. Дәлелдемелер түсінігі………………………………………………………………….6
§2. Дәлелдемелердің қатыстылығы…………………………………………………..10
§3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету………………………………………………… 13

II ТАРАУ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
§1. Дәлелдеу құралдары……………………………………………………………………15
§2. Тараптардың және үшінші жақтардың түсініктемелері………………..17
§3. Куәнің айғақтары………………………………………………………………………..18
§4. Жазбаша дәлелдемелер……………………………………………………………….19
§5. Сарапшылардың қорытындысы…………………………………………………..22
§6. Заттық дәлелдемелер…………………………………………………………………..23

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………..27
I ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ

§1. Дәлелдемелер түсінігі

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес дәлелдемелер дегеніміз — Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өре де маңызы мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты дәлелдер. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тармақтардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Енді дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың осы айында берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалым К.Н.Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайқызған. Бұл мағынада дәледемелер логика ғылымына жатады — деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер — деп даулы юридикалық фактінің бар-жоқтығына туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз», – деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған. Шынымен де логикалық дәлелдемелер мен соттық дәлелдемелер бір-біріне ұқсас. Басты айырмашылығы М.К.Треутниковтың ойы бойынша басты айырмашылығы дәлелдеме мәнінде. Треутников: «логика нысанында дәлелденіп отырған ой казси деп, ал дәлелдеуін ой аризметі деп аталады» — дейді: басқаша айтқанда дәлелдеме ретінде көпшілікке белгілі ойлар, дәлелдемені ережелер болады. Ал сот тәжірибесінде фактінің нағыз өмірде орын алған, алмағандығы дәлелденеді: ірілікті күнделікті қолданып жүрген логикалық дәлелдемелермен соттық дәлелдемелердің мәндері арнаулы». Треутниковтың берген анықтамасын төмендегідей: «Соттық дәлелдемелер дегенімі – қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процесуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар» .
С.В. Курылевтің көзқарасы бойынша дәлелдемелердің мәні бірге белгілі фактілер мен біресе белгісіз фактімен арасындағы байланыста. Бұл жерде автор табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстардың бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шарталған деген материалистік диалектикалық заңына сүйеніп берген .
Дәлелдемелерді тек фактілер ретінде процессуалдық формасынан айырып қарауға болмайды. Өйткені заң талаптары бойынша дәлелдемелер ретінде тек қана заңда көрсетілген бойынша алынған дәлелдемелер танылады. Осы туралы М.Х.Хутыза былай деген: «Дәлелдеу құралынған бөлек фактілер деректер немесе дәлелдеу құралдары фактілі деректерден бөлек дәлелдемелер ретінде таныла алмайды» — деген .
Басқа ағым өкілдері дәлелдемелерді екі құбылыс ретінде қарайды. Олардың ойы бойынша сот дәлелдемелері екі мағынаны береді, және бұл мағыналар бір-біріне синоним ретінде қолданылады. Бірінші мағыналы, – деректі фактілер, екіншісі, дәлелдемелер көзі. Мысалы, М.С.Строгович: «Дәлелдемелер біріншіден, адамның әрекет жасаған — жасамағандығын, қылмыстың бар-жоқтығын және адамның негізін де анықтайтын фактілер, ал екіншіден заң қалыптарында көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздері» .
Т.В.Саханова көзқарасы бойынша: «Соттық дәлелдемелер біртұтас түсінік. Бұл түсінікте фактілік деректен дәлелдеу құралы өте тығыз байланымдан және бір-біріміз фактілік деректер де дәлелдеу құралы да дәлелдеу функциясынан айырмада басқаша айтқанда соттық меншікте заңды негіз бола алмайды». Бұл оймен көптеген авторлар келеді, және де автор: «деректер туралы фактілер», «деректі фактілер» деген ұғымның орнына «информация», «мәлімет» деген ұғымды қолдануды ұсынды. Осыған байланысты Сахонова дәлелдемелерге осы сөз арқылы жаңа анықтама берді:
1. Дәлелдеме ретінде істі дұрыс шешу үшін қолданылатын және заң талаптарын сәйкес алынған мәлімет табылады;
2. Бұл мәлімет тараптардың жауаптарынан, куәлардың айғақтарынан, құжаттарда немесе заттай дәлелдемелерден, сарапшының қортыныдысынан, маманның түсініктемесінен, және де ЭЕМ-ның көмегімен, аудио-, видео-, және компьютерлік техникадан алынуы мүмкін;
3. Шығу тегі белгісіз дәлелдеме ретінде қолданыла алмайды .
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тұрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы баска да тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуга тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шақырылатыны, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.
Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті сұратуы бар адамның қолына береді.
Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жок лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.
Хабарламаған, сондай-ақ егер дәлелдеме беру туралы соттың талабы сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша орындалмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға қолданылады.
Әкімшілік жаза қолдану талап етілген дәлелдемесі бар адамды оны сотқа беру міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады.
Егер тарап сот сүратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.
Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдары растайын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.
Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
5) іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардьгң өтінімі бойынша сот белгілейді.
Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.
Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
1) осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
2) адамның заңды білуі;
3) адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
4) олардың бар екендігін растайын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекемені көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.

Дәлелдемелер сотта істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін қолданылады. Сот бірде-бір істі оның мән-жайын анықтамай шеше алмайды. Соттың міндеті – құқықтармен, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау болатыны мәлім. Осы қорғауды көрсету үшін сот әрбір жағдайда, талапкер құқықты қорғауды сұрап жатқан құқықтың бар болуын, жауапкерде сәйкестенген міндеттің жатқандығын, даулы құқық қатынастарын ашып анықтау керек. Бірақ, құқықтар мен міндеттер өздері туындамайды. Осылардың пайда болуын, өзгеруін және тоқталуын, заң белгілі – бір заңи ақиқаттың басталуымен байланыстырады. Сондықтан, сот даулы құқық қатынастарды анықтау үшін алдымен нақты қандай заңи ақиқаттардың болғанын анықтау керек.
Сот әділдігі – бұл қатаң анықталған процессуалды нысанда жүзеге асатын және оның қажетті талабының бірі, соттық шешімінің процессте дәлелденген ақиқаттарға негізделуі болатын қызмет.
Процесстен тыс, дәлелдемелер қатарынан емес алынған ақиқаттар туралы мәліметтер мен мәлімдемелер сот пен қолданылмайды. Мысалы, судьялар жеке өмірден, басапның мәліметінен т.б. істің мән-жайы туралы білсе, мұндай мәліметтер соттың қорытындысы үшін негіз бола алмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңының 218 бабының 2 бөлімі, сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді деп мәлімдейді 1 .
Сотта дәлелдемелер ретінде не қолданылатындығын процессуалды заң анықтайды. Соттың дәлелдемелерге – тараптар мен үшінші тұлғалар түсініктемелері, сарапшылар қорытындылары т.б. жатады.
Заң сотқа жіберілетін дәлелдемелер тізімін ғана анықтап қоймайды, ол сонымен қатар олардың әрбіреуін пайдаланудың процессуалды тәртібін де анықтайды. Мысалы, кімнің куә бола алатыны мен бола алмайтыны, сраптаманы қалай тағайындау анықталады.
Азаматтық іс жүргізуде істің ақиқатты мән-жайын анықтау қызметі соттық дәлелдеу деп аталады. Соттың анықтайтын мән-жайымен ақиқаттар дәлелдеу пәні, ал дәлелдеудің жүзеге асу құалдары соттық дәлелдемелер деп аталады. Осыдан, соттық дәлелдемелер – істің ақиқатты мән-жайын анықтау үшін сотпен қолданылатын құралдар болып табылады.
Соттық дәлелдеме санатын түсінудегі белгілі қиындық, дәлелдемелердің әрбір дәлелдеу құралы атауында. Бірінші бөлімінде дәлелдемелер нақты деректер болса, екінші бөлімінде дәлелдемелер – дәлелдеудің процессуалды құралдары болады.
Мұндай жағдайда соттық практика мен әдебиет те түседі. Әдебиетте осы екі санаттарды бөліп әрі дәлелдемелер ретінде тек нақты деректерді ғана атауға қадамдар жасалады. Бірақ, бұл іс жүзіне аспады. Осындай ұсыныстардың авторларының өзі дәлелдемелер ретінде нақты деректермен дәлелдеудің процессуалды құралдарын атады.
Сонымен, соттық дәлелдемелер – бұл заңмен қаралып реттелген дәлелдеудің процессуалды құралдары (тараптармен үшінші жақтардың түсіндірмелері, сарапшылардың қорытындысы). Дәлелдемелер деп сонымен қатар олардан алынған нақты деректерді де атайды жеке оның негізінде сот істің мән-жайын анықтайды.
Нақты деректер деп соттың куәларды сұраудан, құжаттарды деректерден т.б. алатын істің мән-жайы туралы мәліметтерді айтамыз. Нақты деректерге дәлелдемелік деректер де жатады. Үнемі дәлелдемелер, іс бойынша анықтауға жататын заңи деректер туралы тікелей мәліметтерді емес, олар заңдылармен белгілі – бір байланыста болып және осылар арқылы байырғы заңда деректердің бары не жоғы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін кейбір басқа деректер туралы мәліметтерден тұрады. Іс бойынша өздері байырғы заңи дерек болмайтын, бірақ олар туралы қорытынды үшін негіздер беретін ақиқаттар дәлелдемелік деп аталады 2.
Процессуалды теориямен соттық практикада дәлелдеменің қайнар көздері, ұғымы мәлім. Дәлелдеменің қайнар көздері болып деректер туралы мәліметтерді ұстаушы заттар мен тұлғалар шығады. Осындай дәлелдеменің қайнар көздері, яғни тарптардың түсіндірмелері, сарапшылар қорытындыларының қайнар көздері адамдар, сарапшылар, куәлар т.б. болады. Олардың қалыптасуында маңызды рольді адам психикасының ерекшеліктері ойнайды, яғни олар дұрыс қабылдау қабілеті, істегі мүмкінді мүдделік т.б. Осындай кезендер, кез-келген жеке дәлелдеулерді зерттеумен бағалауда есепке алынады. Қайнар көзі ретінде шығатын дәлелдемелерді заттық, жазбаша немесе аралас деп атайды.
Дәлелдеу – соттық дәлелдемелер арқылы істің мән-жайын анықтауға бағытталған қызмет. Ол нақты істі қарау бойынша барлық процессуалды қызметтің бөлімін көрсетеді. Дәлелдеу – дәлелдемені ұсынуды, жинауды, зерттеу мен бағалауды алып жатады. Дәлелдемелерді ұсыну әдісі, қандай дәлелдемеге қатысты сөз болуына байланысты. Куәлардың көрсетулеріне қатысты айтқанды, қандай куәлар істің мән-жайын растай алатыны көрсетіледі. Жазбаша, жеке заттық дәлелдемелер сотқа беріледі. Олар басқа тұлғаларда болса, онда соттың талап етуі туралы шағымын беруге болады.
Дәлелдемені сот жинайды, тараптар ұсынған дәлелдемелерді қабылдап, олардың шағымымен куәларға шақырулар жібереді. Сарапшының қорытындысы үшін сот сарапты тағайындау туралы анықтама шығарады.
Ал, дәлелдемелерді жинау талап арызды қабылдаған кезден басталады, әрі істі сотта қарауға дайындау кезінде жүргізіліп сот мәжілісіне дейін бітуі керек.
Бірақ, заң дәлелдемелерді жинауға бұдан кейін де жол береді. Сот мәжілісінде жаңа дәлелдемелерді – зерттеу туралы шағымдар берілуі мүмкін және сот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынуды талап етеді . Сондай-ақ, дәлелдемелерді қамтамасыз ету институтын қолдану арқылы жиналады.
Дәлелдемелерді басқа қалада жинау қажеттігі туындағанда істі қараушы сот, сәйкестенген сотқа белгілі бір процессуалды әрекеттер жасауды тапсырады. Бұл тапсырма он күнге дейін орындалуы керек. Дәлелдемелер сот мәжілісінде жариялық, ауызша, тікелейлік, үзіліссіз, жарысушылық қағидалары арқылы зерттеледі. Сот мәжілісінде тараптардың түсіндірмелері тыңдалады, куәлар сұралады, сарапшылар қорытындысы жарияланады. Жазбаша дәлелдемелер жарияланады, ал заттық дәлелдемелер қаралады. Егер, жазбаша немесе ауызша дәлелдемелер сотқа келе алмаса, онда олар орналасқан жерінде қаралып зерттеледі. Қарау әрекеті – барлық тұлғаларды орыны мен уақытын ескертіп сот жүзеге асырады, қараудың нәтижесі хаттамаға жазылады.
Кез-келген істі дұрыс шешу үшін сот іске қатысты барлық заңды деректерді анықтау керек.Істі нақты шешудегі анықтау заңды деректер жиынтығы, дәлелдеу пәні деп аталады.Әр бір іс үшін дәлелдеу пәніне келетін деректер құрамы әртүрлі болады.Сот оны тараптардың талаптары мен қарсылығынан шыға отырып және материалдық құқықтық нормаларын басқа ала отырып анықтайды.
Дәлелдеу пәніне талаптармен көрсетілген талап арыздың негізгі түріндегі заңды деректер жатады. Дәлелдеу пәніне, сонымен қатар талапқа қарсы қарсылық көрсету негізінің деректері жатады.Процесске дербес талап мәлімдеуші немесе талаптар енгізілгенде іс бойынша дәлелдеу пәніне осы талаптардың пайда болу деректері де кіреді.
Тараптармен көрсетілген деректердің қандай заңды мәні бар екндігін және қандай деректерді анықтау керектігін анықтауда сот даулы қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын басқа алады. Осы нормалардың гипотезасында тараптардың құқықтары мен міндеттері тәуелді болатын деректер көрсетілген және бұлар іс бойынша дәлелдеу пәніне кіреді .
Азаматтық іс жүргізу кодексі, дәлелдеусіз істің шешілу негізіне жататын деректердің екі санатын қарастырады. Сондықтан, олар дәлелдеу пәніне енгізілмейді, жалпыға мәлім деректер мен преюдициалды анықталған ақиқаттар. Жалпыға мәлім деректер көпшілік ортаға мәлім деректер болып табылады. АІЖК 71 бабының 1 бөлімі , сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді. Сонымен, мән-жайды жалпыға мәлім және дәлелдеуді қажет етпеуді тану құқығы тек сотта ғана бар. Белгілі-бір деректер туралы мәліметтердің таралу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Деректердің өздері бүкіл әлемге, бір елдің аумағында, облыста, ауданда әйгілі болады.Таралу дәрежесіне қарамастан жалпыға мәлім деректер дәлелдеуге жатпайды.
Бірақ та, таралу дәрежесімен келесі процессуалды салдарлар байланысты, олар бір елдің шегінде …….