Курстық жұмыс: Қолданбалы информатика | Валюта айырбастау пунктін тургызу » ZHARAR
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..2
1. Есептің қойылымы (мақсаты, шарты)……………………………………………3
2. Мәліметтер базасын басқару жүйесі……………………………………………..3
2.1. Мәліметтер базасын құру техникасы………………………………………….5
2.3. Database Desktop көмегiмен кесте құру……………………………………….6
3. Кіру құжаты (формасы, атауы)……………………..…………………….. .8
3.1. Кесте қасиетiн анықтау………………………………………………………………9
3.2. Өрiстердi (поле) беру……………………………………………………………….12
3.3. dBase және Paradox форматының кестелері………………………………14
3.4. BDE Administrator-да мәлiметтер қоры драйверлерiн және жалған
аттарын құру және көру……………………………………………………………14
3.5. Мәлiметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар құру……………….16
3.6. Программалық жабдықтау………………………………………………………..17
4. Терминологиялық сөздер…………………………………………………………….20
5. Листинг……………………………………………………………………………………..21
Қорытынды………………………………………………………………………………………….29
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………….30
Есептің қойылымы (мақсаты, шарты)
Бұл курстық жұмыстың программасының мақсаты – пайдаланушыға программаны қолдануға лайықты етіп құру, деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Программа тақырыбы – “валюта айырбастау пункті”. Күнделікті валюта курсы туралы ақпараттарды күніне екі рет енгізу, жинақтау. -*Delphi программалық жүйесінде деректер базасын құру оңай болғандықтан мен осы программалық тілде курстық жұмысты жасадым.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Мәліметтер базасы (МБ) — бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АЖ) әр түрлі тапсырмалары үшін қолданылатын сәйкестендірілген мәліметтер жиынтығы ретінде анықталады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы жеке пән ретінде шамамен жиырмасыншы жүзжылдықтың 50-ші жылдарының басында дами бастады. Осы күнге дейін фундаметальді түсініктер жиыны белгілі — бір жүйе ретінде қалыптасқан. Осылардың бірнешеуін айтып өтейік.
Пәндік облыс деп басқару саласын ұйымдастыру және басқару кезеңдерін автоматтандыру мақсатында зерделейтін әлемнің нақты бір бөлігін айтамыз. Алдағы берілетін мәліметтерде біз ең алдымен пәндік облыстың экономика және қаржы саласымен байланысты қызуғышылықтарын көрсететін және қарастыратын боламыз.
Объект дегеніміз — мәліметтер базасында мәлімет ретінде сақталған ақпараттар жүйесінің элементін айтамыз. Кейбір жағдайларда объект негіз деп те аталады.
Объектілер класы деп — бірыңғай жинақталған қасиеттерге ие объектілер.
Атрибут – бұл объектілер қасиетінің ақпараттық түрдегі көрінісі.
Атрибут немесе атрибуттар тобы — бұл әрбір объект мәліметтерінің түйіндік элементі ретінде басқа элементтерінің негізін анықтайды.
Мәліметтер жазбасы – мәліметтердің байланысқан элементтерінің мағыналық жинағы.
Бастапқы кілт – объектінің әр данасын бірегей мағынада сәйкестендіретін атрибут немесе атрибуттар тобы.Екінші кілт деп — мағынасы объект даналарының бірнеше жазбалары үшін ғана қайталанатын атрибут немесе атрибуттар тобын айтамыз. Ең алдымен, екінші кілт жазбаларды іздеу амалдарында пайдаланылады.
Мәліметтерді базада сақтау тәртібі бірнеше жалпы қағидаларға бағынады, соның ішінде алғашқы кезекте қарастыратынымыз:
.Тұтастық және мәліметтердің қайшы келмеуі, бұдан түсінетініміз мәліметтердің физикалық сақталуы, сонымен қатар мәліметтерді дұрыс қолданбауын болдырмау, мағыналарындағы ұштастыру ұйғарымын қолдау, құрылымдық бұрмаланудан және рұқсат етілмеген деректерді алудан қорғау.
.Мәліметтердің минималды артықтығы, кез келген элемент базада бір түрмен сақталуы қажет, себебі бұл амалдардың қосарлану мүмкіндігінен қорғайды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – бұл мәліметтер базасымен жүргізетін операцияларды бағдармалық қамтамасыз ету.
Мәліметтер базасын басқарудың бағдармалық жүйесі .
МББЖ класына қатысты нақты бағдармалық өнімдерге қысқаша тоқталайық. Барлық жалпы деңгейде МББЖ былай бөлуімізге болады:
. профессиональды немесе өнеркәсіпті ;
. персоналды ;
Профессионалды өнекәсіпті МББЖ – күрделі экономикалық объектілерді басқарудағы автоматтандырылған жүйені жасаудың негізін көрсетеді. Осылар базасында ірі мекемелердің ақпараттары, банк пен немесе тіпті толық мағлұматтар салалардың басқару кешені құрылады.
Профессионалды МББЖ қанағаттандыратын алғашқы деңгейдегі талаптар мынадай:
.Қатар жүргізіліп отырған жұмыстарды ұйымдастырғандағы көптеген пайдаланушылар қатарын анықтау;
.Ауқымдалу, бұл дегеніміз кеңеюге пропорционалды түрде басқарудың объект жүйесінің өсу мүмкіндігін, түрлі ақпараттық және бағдармалық тұғырнамаларға тасымалдануы.
.Әр түрлідегі жинаққа қатынасты тұрақтылық, оның ішіндегі сақталған мәліметтердің жинақтылығының көп деңгейлік жүйесі.
.Сақталынған мәліметтердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және оған дамыған құрылымдық жүйесінің қол жеткізілуі.
Өнеркәсіптің МББЖ бүгінгі таңда бай даму тарихы бар. Нақты атап айтқанда 70-ші жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басында үлкен есептік машиналар базасында құрылған МББЖ Абабас автоматтандырылған жүйелер жатады.Қазіргі уақыттағы МББЖ-ның кәсіптік өкілдері мынадай бағдармалық өнімдері: Oracle, DB2, Sybase, Informix Progress.
Oracle МББЖ негізін қалаушылар американдық зерттешілер тобы (Ларри Эллисон, Роберт Майнер және Эдвард Оутс) болып табылады. Олар осыдан жиырма жыл бұрын Relational Sorfware Inc.
Фирмасын құрып, өздерінің алдына тәжірибе жүзінде Э.Ф.Кодда мен К.Д.Дейттің жұмыстарына қойылған идеяларды жүзеге асырушы жүйе құру туралы тапсырма қойды.
Мәліметтер базасы — деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат:
— қайшылықсыз
— артықсыз
— тұтас
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға, арналған программалық жабдық болып табылады.
Мәліметтер базасының байланысы
Мәліметтер базасын құру техникасы
Қарапайым ақпараттық жүйенi құруда Delphi-дiң МБ-мен жұмыс iстеуiн қарастырайық. Бұл АЖ-нi код жазбай-ақ атқаруға болады. Барлық керектi операциялар Database Desktop, форманың конструкторы, объектiлер инспекторы көмегiмен жүзеге асады. АЖ-де жұмыс iстеу келесi басты кезеңдерден тұрады:
• МБ-ын құру;
• жоба құру;
Мәліметтер базасымен (МБ) жобадан басқа АЖ-ге есептеу жүйесi мен мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) кiредi. Компьютер немесе компьютерлiк желi бар делiк, және олардың характеристикалары болашақ АЖ-нiң қажеттiлiктерiн өтейдi делiк. МББЖ ретiнде Delphi-дi таңдаймыз.
Қарапайым кезде МБ бiр кестеден тұрады. Егер кестелер бар болса, онда бiрiншi кезең орындалмайды. Айта кететiн жайт, Delphi-мен қоса жобаның көптеген мысалдары, сонымен қатар МБ-ның жобасы да берiледi. Осы жобаға арналған кестелердiң файлдары С:/Program Files/CommonFiles/BorlandShared/Data каталогында орналасқан.
Мәліметтердің ұйымдастыру — түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
— иерархиялық
— желілік
— реляциялық
— объектілі–бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объектілі–бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түріне беріледі. Объектілі–бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Реляциялық модельде деректер кесте түрінде беріледі. Деректердің мұндай түрінде ақпараттармен жұмыс жасау ыңғайлы және ұйымдастыруға оңай.
Database Desktop көмегiмен кесте құру
Database Desktop-ты жүктейік. File / New командасын таңдау арқылы бiз келесi қосымша менюдi көре аламыз:
QBE Query Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу
SQL File SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу
Table Жаңа кесте құру
Table — командасын таңдап алыңыз. Төмендегi суретте көрсетiлгендей сұхбат терезесi ашылады. Сырғымалы тiзiмнен МББЖ таңдап алуға болады. Қалыпты жағдайда Paradox 7-нi таңдап алып ОК түймесін басыңыз.
Төменгi суретте көрсетiлгендей кестенiң құрлымын құрушы терезе ашылады.
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып, бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бір мезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін (деректер, кілттер, индекстер т.б. құрайтын) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
— өріс сипаты
— кілт
— индекс
— өрістің мәтініне шек қою
— кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
— парольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мысалы: DataBase немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:POS. Деректер базасын құру DataBase Desktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: ПускПрограммыBorland Delphi7Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде FileWorking Directory және көрсетілген терезеден D:POS каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда кестені құру үшін FileNewTable. DBD Creat Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key-«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
Кiру құжаты
Кiру құжаты – бұл ақпаратты жүйелер функциясының орындалуына қажет, клавиатурадан терiлген, құжат, мәлiмет, сигнал түрiнде берiлетiн ақпарат.
Жоба екі кестеден тұрады. Ол кестенің жалпы құрылымы төменде анықталған. Кестелер валюта туралы жалпы ақпаратты жинақтайды.
Реттік нөмері Кесте өрісінің аты Кесте өрісінің шамасы
1. KodBa (валютаның коды) Alpha (мәтіндік шама)
2. Name (валютаның аты) Alpha (мәтіндік шама)
Реттік нөмері Кесте өрісінің аты Кесте өрісінің аты
1. Key (Реттік номер. Кілттік өріс) AutoIncrement (сандық шама)
2. KodBa (валютаның коды) Alpha (мәтіндік шама)
3. Data (енгізілген дата) Date (датаны көрсетеді)
4. InBal (шетелдік валюта) $-money (ақша бірлігі)
5. LocBal (жергілікті валюта) $-money (ақша бірлігі)
Кесте қасиетiн анықтау
Ендi төменгi суреттегi терезенiң оң жағына назар аударыңыздар. Ол жерде кесте қасиетi берiледi (Table properties). Жоғарғыдағы сырғымалы тiзiм.
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді.
Оң жақтағы бөлiкте өрiстердiң мынандай характеристикаларын бере аласыз:
Required Field Бұл индекатор арқылы әр жазбада мiндеттi түрде болу керек өрiстер белгiленедi. Бiздiң мысалда бұндай өрiстер Fam, Nam, Par.
Minimum Ең кiшi мән. Бұл қасиеттi сандық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b өрiсi үшiн.
Maximum Ең үлкен мән. Бұл қасиеттi сандық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b өрiсi үшiн.
Default Қалыпты жағдайдағы мән. Бұл қасиеттi сандық, логикалық және кейбiр символдық өрiстерге берген пайдалы. Мысалы Year_b және Sex өрiстерi үшiн.
Picture Мәлiметтердi енгiзу шаблоны берiледi. Мысалы телефон номерi берiлген өрiске беруге болады. (# # # — # # — # #)
Assist Picture шаблонын беру үшiн сұхбат терезесiн шақырады.
Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup-ті таңдағанннан кейін Define – аңықтау батырмасы шығады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз. Келесi бөлiм кестедегi бiр өрiстi келесi бiр кестедегi екiншi өрiспен байланыстырады. Table Lookup таңдап алғанда терезеде Define – анықтау кнопкасы ғана көрiнiп тұрады.
Secondary Indexes – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді. Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Сырғымалы тiзiмдегi кестенiң келесi қасиетi – екiншi индекс құруға негiзделген. Сол жақ терезеде Fields мүмкiн өрiстер тiзiмi берiлген. Indexed fields екiншi индекске керек деген өрiстер тiзiмiн реттеп ……
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com