Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты, міндеті зерттеу нысаны

0

Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тілдік қатынас негіздері пәнінің мақсаты мен міндеті, зерттеу нысаны
2. Тілдік қатынастың анықтамасы, ерекшеліктері, құрамы, тұлғасы
3. Тілдік қатынас мәселесінің зерттелу тарихы
4. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш, Сарыбаев еңбектеріндегі тілдік қатынас мәселелері
ІІІ. Қорытынды

Қазақ лингвистикасындағы тілдік қатынас пен қатысым әдісн зерттеу баспадан шыққан әдістемелік еңбектерге шолу жасауды қажет етеді. Қазақ тілінің әдістемесіне байланысты жарық көрген оқулықтар, еңбектер тіл білімінің барлық салаларын қамтып келіп, қазақ тілі ғылымында елеулі орын алады.
Бірақ анықтап айтуға тиісті бір жағдай: ертеректе шыққан оқулықтардан бастап, осы соңғы кезеңдегі еңбектерге дейін тілдік қатынас мәселесін бірде-бір ғалым тікелей сөз етпейді. Бұған қарап, қазақ тіл білімінде қатысымдық процесс жоқ екен деп есептеуге болмайды.
Баспадан шыққан еңбектерде тілдік қатынас, қатысым әдісі туралы ғылыми-теормялық пікір қалыптаспай, бұл мәселелерге байланысты терминдер бірізге түспегеніне қарамастан, тілді оқыту, тіл білімінің жеке салаларын оқыту мәселесі ертеден қолға алынған.
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолында XX ғасырдың бас кезі, әсіресе осы кезеңнің алғашкы онжылдық уақыты, ерекше атап өтуді қажет етеді. Себебі, бұл жылдары көрнекті ғалым-ұстаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың ұлттық тілдің ерекшелігіне, оның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәніне көңіл аударып, қалам тартпағаны кемде-кем.
1922—1931 жылдарлың көлемінде казақ тілін оқыту, үйрету әдістсмесіне байланысты көптеген пікірлер мен көзқарастар сол кезеңдегі «Айқап», «Қазақ», «Қазақ тілі», «Мұғалім», «Шора», «Шолпан», «Сапа», «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ». «Қызыл Қазақстан» сияқты басылымдарда көптеп жарияланды. Мысалы:
Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін қалай оқыту керек» («Жаңа мектеп», 1925. N2), «Емле, әріп жайынан» («Еңбекші қазақ», 1927,27-апр.), «Емлені өзгертуге жоба» («Қазақ тілі’, 1924,6-февр.) т.б. Ахмет Байтұрсынов: «Дыбыстарды жіктеу туралы» («Жаңа мектеп», 1927, N5), «Емле туралы» («Еңбекші қазақ, 1929, 27-март), «Жоқшыға дерек» («Еңбекші қазақ», 1925, І4-дек.) т.б. Міржақып Дулатов: «Үлгілі іс», (Қазақ мектебінде оқу үлгілері), «Қазақ», 1914, 9-июль («Жаңа жазу ережелері» («Қызыл Қазақстан», 1923, N23, N17—18) Шәкірттер жайынан» («Қазақ», 1913, 16-июль). Мағжан Жұмабаев: «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» («Бостандық туы», 1921, 11-ноябрь), «Қазақстандағы оқу жұмысының құрылысы» («Еңбекші қазақ», 1929, 12-дек.) Шәкәрім Құбайбердіұлы: «Бір мәселе», «Қазақ тілі іске ассын деген қаулы туралы», «Еңбекші қазақ», 1929, 19-март.
Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп, көп еңбек сіңірген тілші-ғалымдардың ең көрнектісі — Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов — қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған, оқулықтар жазған, тілдік проблемалар жөнінде өзіндік пікір айтып қана қоймай, көп жаңалықтар ашқан әйгілі ғалым-тілші. А. Байтұрсыновты ұлт тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы, негізін салушы деп танысақ артық айтқандық емес.
А. Байтұрсыновтың әдістемеге қатысты еңбектерін және ондағы айтылған мәселелерді бірнеше топқа белуге болады:
1. Оқулықпен қатар жазылған, оқытудын әдіртемесін көрсететін еңбектер.
2. Қазақша әліпбидің, дыбыстық негізінде сауат ашу әдісін іске асыратын еңбектер.
3. Ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектер.
4. Тіл ұстартуды көрнекілік әдіс арқылы дамытуды көздейтін еңбектер.
5. Қазақша сауатты сөйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін қарастыратын еңбектер.
6. Әдістің түрлерін жіктеп көрсететін еңбекіер.
1. А. Байтұрсынов 1912 ж. мектеп балаларына арнап қазақша «Оқу құралын» жазып, шығарғаннан кейін, енді бірден осы оқулықты қалай оқытудың әдістемесін көрсететін «Баяншы» атты әдістемелік еңбегін жарыққа шығарды. Сол сияқты оқулықтарға қосымша әдістемелік құрал болып табылатын «Нұсқаушы» атты кітабы да осындай мақсатты көздеген еңбек.
Автор бұл еңбектерін мүмкіндігінше өзі жазған оқулықтармен бірге, сол жылдары қатар жазып, шығарып отыруды мақсат еткен. Өйткені тілші оқу құралдары бар болғанымен, енді сол оқу құралдарын тұтыну жолдарын көрсететін әдістемелік еңбектер болмаса, бұл оқу құралдарының тигізер пайдасы шамалы деп есептеген.
Осы саладағы А. Байтұрсынов еңбектерінің қай-қайсысы да таза мәтіндегі әдістемелік құралдар, маңызы зор пайдалы материалдар.
Жоғарыда аталған еңбектерінің ішіндегі «Оқу құралы» мен «Баяншы» мектеп оқушыларына қазақша әліппені үйреткен қажетті басылымдар болды. Бұл оқу құралы бірнеше рет басылып шықты.
2. А. Байтұрсынов 1910-1928 жылдар аралығында қазақша дыбыстық, әліпбидің негізінде оқыту әдісін іске асыратын бірнеше еңбектер жариялаған. Бұған тілшінің жоғарыда айтылған «Оқу құралы» мен «Баяншыдан» басқа «әліппе» және «әліпби астары» атты кітапшалары куә.
Автор оқытудың, білім берудің ең тиімді де керек жолы қазақша «қарыптарды» (әріптерді) дұрыс үйрету, дыбыстарды сауатты жазу, оқу дейді. Сол себепті ғалым тілдің дамуы мен өзгеруіне аса мән беріп отырған. Ол: «Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгертілмеген тіл жоқ»…— дей отырып, 1916 жылы әліппенің жаңа түрін жазады. Бұл еңбек «Жаңа әліп-би» (Қызыл-Орда, 1926) деп атала келіп, қазақ тіліндегі басылған кітаптардың көрсеткішінде:
«Жаңа құрал. Емлесі жаңа. Қазақстан Білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарды»,— деп бағаланған («Шора», 1913).
3. Ғалымның бірқатар еңбектері ана тілін оқытудың тиімді әдістерін қарастырады. Бұл ретте А. Байтұрсынов оқыту сапалы болу үшін жаңалыққа құштар, ізденімпаз ғалым-тілші екенін көрсетеді. Оның «Ана тілінің әдісі», «Тіл-құрал» атты еңбектері — мектеп оқушылары мен мұғалімдерге қазақ тілінің түбегейлі ерекшеліктерін танытқан, үйреткен басылымдар.
А. Байтұрсынов қазақша «әліппені» жазып шығарған соң, қазақ тілін арнаулы пән ретінде оқуға мүмкіндік беретін жаңа оқулық жазуды ойлайды. Сөйтіп, үш бөлімнен тұратын «Тіл-құрал» атты кітап жазды да, әрқайсысын І-тіл танытқыш, П-тіл танытқыш, ІІІ-тіл танытқыш деп бөліп, қазақ тілінің фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін талдап, жүйелеп көрсетті.
Бұл еғбектіғ бірінші бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарыққа шығып, содан кейін бірнеше рет қайта басылған.
4. Әдіскер ғалым қазақ тілін оқытуда көрнекілік әдіске ерекше мән берген. Тілшінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарында да, үлкендерге арналған кітаптарында да сөйлеуге үйретудің, тіл ұстартудың бірден-бір жолы ретінде суреттерге көп көңіл бөлінеді. Ол иллюстративтік құралдарды пайдаланудың, оқулықтарды түрлі-түрлі суреттермен жабдықтаудың үлкен тәрбиелік және тіл дамытушылық қасиеті бар деп біледі. Сол себепті А. Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан ‘»әліппесінің» жаңа түрі көптеген суреттерді қамтыған. Сол сияқты үлкендерге арналған «Сауат ашқышта» да түрлі идлюстративтік материалдар маңызды орын алған.
Сонымен қатар тілші «Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы» деген мақаласында да осы мәселелер жөнінде пікір айтып, ой тұжырымдайды.
5. А. Байтұрсыновтың қазақша дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазудың, сауатты болудың амалдарын баяндайтын көрнекті еңбектері — ‘Тіл жұмсар» мен «Сауат ашқыш».
«Тіл жұмсар» — тіл үйретуге байланысты жазылған жаңаша еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі «Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын кітап» деп аталған. Ал екінші бөлімі алғашқы бөлімдегі материалдарды терендетіп меңгеруге арналан жаттығу-тапсырма-лардан тұрады.
Бұл кітаптың өзі әдістемелік жағынан бірін-бірі толықтыра келіп, автордың өзі атап өткендей: «әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білуді тәжірибе арқылы жұмыс істеп үйретуді көздеген».
Қалай болғанда да, «Тіл жұмсардың» әдістемелік негізі мен ерекшелігі — арнайы зерттеуді қажет ететін тың тақырып. Сондықтан да автор: «Мұндағы білім — «Тіл-құралдағы» білім, бірақ сол білімді үйрету жолы басқа»— деп, «Тіл жұмсарды?» өзгешелігін арнайы атап өтді.
«Сауат ашқыш» — әдістемелік жағынан әр түрлі тақырыпта кеңінен берілген дидактикалық материалдарымен күзге түсетін еңбек. Мұнда автордың нақтылы көздеген мақсаты өзіндік сөз жүйесінен, тапсырмалардын берілу амал-тәсілдерінен байқалады.
6. Ғалымның әдістің түрлерін баяндайтын еңбектеріне «Қай әдіс жақсы?», «Жалқылау (айырыңқы) әдіс», «Жалқылаулы — жалпылау әдіс» атты мақалалары жатады.
Тілдік қатынас мәселесін зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сөйлесім әрекеті төрт түрге бөлінеді: айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым. Бұл ұғымдарға қазақ тілінде берілген нақтылы анықтама жоқтың қасы. Тіптен орыс тілі мен шет тілін оқыту мәселелеріне байланысты зерттеу еңбектерінің өзінде де сөйлеу, оқу, жазу, тындауға қатысты жазылған мағлұмат аз.
А. Байтұрсыновтың »Тіл-құрал» еңбегінің Ш-ші тіл танытқыш кітабында сөз болатын сөйлем жүйесі мен түрлерін оқып отырғанда, мұнда айтылған пікірлердің сөйлесім әрекеті мен оның түрлеріне де қатысты екенін байқауға болады.
Мысалы, тілші-ғалым жалпы сөйлем жүйесі туралы мәселені сөз ете отырып, тілдік қарым-қатынасқа сай сөйлеу процесін де анықтайды. Мысалы: «Сөйлем дегеніміз — сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса, ойын айтады» (1925) дегенде жалпы адамзаттың сөйлеу әрекеті сөйлемді айта білуге, ойды басқаға жеткізе білуге қатысты екенін ескертеді. Бұл — әрі қысқа, әрі нұсқа пікір.
А. Байтұрсынов тілдің қатысымдық табиғатын өте қарапайым сөзбен түсіндіреді. Тілшінің айтуынша «дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де, табиғат та дамиды. Дүниенің өзгеруін «эволюция» дей келіп, ғалым оны «табиғат тағдыры» деп айтады.
Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс — тіл. А. Байтұрсынов тілді «Тіл — адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»,— дей келіп, сол тілдік қарумен қарым-қатынас екі түрлі болады деп көрсетеді: жазумен сөйлесу, ауызбен сөйлесу (15,119).
Ғалым сөйлесім әрекетінің әрқайсысының мәнін ескере келіп, олардың өмірдегі алатын орнын атап өтеді. Тілдік қарым-қатынасты, сөйлесуді меңгерудің нақты жолын айтады.
Мысалы: «‘Біздің заманымыз — жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза біудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде, сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да, сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек»,— дей отырып, сөйлеудің күрделі екенін айтады.
Қазақ тілі мәеслелері мен әдістемесіне байланысты зерттеу еңбектер жазып, құнды пікір айтқан педагог-ғалымның бірі — Жүсіпбек Аймауытов.
Ж. Аймауытов 1922 жылдан 1924 жылға дейін қарқаралыда мұғалім болып істейді. 1926—1929 жыл аралығында Шымкенттегі педагогикалық техникумның директоры қызметін атқарады. Осы кезеңдегі жұмыс тәжірибелерін ол бірнеше ғылыми мақалалары мен оқу құралдарына арқау еткен.
Қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты шыққан Ж. Аймауытовтың еңбектерін төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқытуға байланысты жазылған еңбектер.
2. Қазақ тілін әліптен бастап үйрету әдісіне арналған енбектер.
3. Қазақ тілін жүйелі түрде оқытуға бағытталған еңбектер.
Міржақып Дулатов — қазақ тілінің сауаттылығы, дамуы үшін көрескен, оқу-ағарту мәселелерін жоғары қойған ұлттық тілдің жанашыры, қамқоры. Ол, әсіресе, қазақ мектебіндегі оқу ерекшеліктеріне, тілді оқыту үлгілеріне, жазу ережелері мен оларды қолдану заңдылықтарына аса мән берген.
М. Дулатов жаңаша жазу үлгілеріне қатысты мақалалар жазған, өз пікірін ұсынған. Автордың А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» кітабы туралы айтқан ойлары оның тілдік жанашыры ғана емес, білімді педагог, көреген мұғалім екендігін де аңғартады.
Мағжан Жұмабаев — балаларды оқыту проблемаларын жиі көтерген, осы мәселелерге арнап оқулықтар, зерттеу еңбектер, мақалалар жазған көрнекті қазақ қайраткерлерінің бірі. Оның «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» (42, 1921, февраль) атты мақаласы мектептер мен оқу құралдары қандай болу керек деген сауалға жауап іздейді. Автор оқыту ісіне байланысты кедергілердің түрлерін атап айта келіп, болашақ ұрпақтың оқыту мәселесіне ерекше ден қою керек екендігін баса айтады. Оның нақты жолдарын көрсетеді.
М. Жұмабаев: «Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»,— дейді (43).
М. Жұмабаев «Бастауыш мектепте ана тілі» (43) кітабында бастауыш кластардағы ана тілін оқыту мәселелерін, осыған байланысты әдістемелерді сөз етеді. Автордың басты пікірі мына ойды білдіреді: бастауыш мектеп хат таныту мектебі ғана емес, од бүкіл болашақта адам меңгеруге тиісті білімнің негізі және ұлттық ана тілінің базасы болу керек дегенге саяды.
М. Жұмабаев еңбектерінде қарастырылатын тілдік және әдістемелік мәселелер мынадай:
1. Мектеп пен тұрмыстағы құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыста бола келіп, баланың сөйлеу тіліне әсер етуі…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!