Курстық жұмыс: Қазақ тілі | »Қазақ» этнонимі
Мазмұны
Ι Кіріспе
ΙΙ Негізгі бөлім
1 »Қазақ» этнонимі туралы зерттеу деректері
2 »Қазақ» сөзінің шығу тегі, тарихы
3 »Қазақ» атауының мән мағынасы туралы
ΙΙΙ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, »қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты »қазақ» атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
»Қазақ» сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, »қазақ» сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша »қазақ» сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, — деп жазылған.
“Ежелгі кезден осы күнге дейін Қазақстанның тарихы” атты кітапта, қазақ ұлтының қалыптасуы дәлірек айтылған, бұл XV ғ II жартысы. Сол кезде Қазақстан территориясында »қазақ» деген атпен ұлт қалыптасты.
Алайда, ұлтқа ат берген сөз, сол ұлттың қалыптасуына дейін, өмір сүргенін есепке алу керек деп санаймын.
Сол себептен, мен өз еңбегімді »қазақ» сөзінің пайда болу кезеңіне, оның этимологиясына арнап, оған егжей-тегжейлі талдау жасап көрдім.
Ежелгі Қытай мен “Ши Цзы” мен “Хань Шу” шежіресінде, фонетика жағынан “қазақ” сөзіне жақын “үйсін” (“усын” немесе “асу”) тайпалары жөнінде халқының ежелгі ата-бабасы боп есептеледі.
Ежелгі “Жұңго” жылнамаларында “үйсін”; “усын” яки “асу” деген аттары “қазақ” атауының дыбыстық баламасы дейді. Жоқ Имшақ, Хи Ишутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды. Осыған орай Қытай ғалымдары “үйсін” және “қазақ” терминдерін идентификациялап, соңғының (“қазақ” терминінің) пайда болуын, ежелгі үйсіндердің өмір сүру уақытына, яғни б.э.д. I ғасырға жатқызады.
Зерттеуші Телқожа Жанұзақовтың пайымдары бойынша: “Қазақ атауы Кавказдағы түрік тайпаларының шежірелерінде кездесіп, VI ғ бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен…, кейін X-XI ғ.ғ. бұл термин басқа түрік тайпаларының арасында пайдаланған Қыпшақтар, Ноғайлардың ішінде де қазақтар болған” дейді.
“Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII-VIII ғ.ғ.) “каса”, “хаса” түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.Мұнда парсыларға арналған тарауда, былай жазылғн: “Парсылар шығыста тохар, қаңлылармен, ал олардан солтүстікке қарай түрік ұлысы- касалар өмір сүрді”.
Егер де біз бұл хабарға ерсек “қазақ” атауы ерте кезде қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда хащу, араб, парсы, византия, орыс, моңғол және түркі тіліндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дәстүрлеріне сай, “қазақ” атауы әр алуан формада – “аса”, “каса”, “хайсау”, “қасақ”, “көсек”, “гәсуг”,“гасаг”,“хасык”,“қасе” т.б. түрде кездеседі.
“Иуан патшалығы тарихындағы аудармаларға қосымша” атты кітапта: “Түріктер мейлінше күшейген кезде, олардың батыс бөлігін “қаса”, “яки” “хаса” ұлыстары қатыстырады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл ұлыс “қазақ” деп аталған. “Каса”, “яки” “хаса” деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы” дейді. Хащу тілінің дыбыстық жүйесінің дамуы мен өзгеруіне байланысты харцу әрпі әр дәуірді әр түрлі дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, ханцу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол ұлттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандағы оқылуы мен қазіргі оқылуының арасында айтарлықтай айырма бар. Демек, VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы “каса”, “хаса”, “aca”, “кіса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “Қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық.. Жоғарыда баяндалған батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде Х ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
“Тарихи деректердің қиынына қарағанда, осы “Таң патшалығы тарихында” кездесетін “қаса”, “хаса”, “аса” атауларын “Таң патшалығы тарихында” кездесетін тайпа аты “аса”(“янса”) мен байланыстыра зерттеуге болады. Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”….. алаңдардың бұрынғы аты аса дейді. “Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде” : “Аса елінің тағы бір аты- Алан” деп жазылған. “Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”: “Аса мемлекеті – өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті, олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді” деген дерек беріледі. Бұған қарағанда, “aca” мен “алан” бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты болған, асалар үстем рынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген. Кейін келе аландар үстем болғанда “алан бірлестігі” деп аталған. Тарихшы М.Ақынжановтың айтуынша,осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі. Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген тайпа аттары тіл тұрғысынан қаврағанда алан атауымен түбірлес.
Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982-жылы парсы тілінде жазылған “Хұдұд әл-ғалам” атты кітапта: “Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар” деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал теңізінің солтүстігін мекендеген халықты “қазақ” десе, Константин Порфироуни осы өңірді “Қазақия” деп атаған. Осы деректерге, әсіресе “Хұдұд әл-ғаламдығы” деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған “аса” да “қазақ” атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады. Демек, “қазақ” атауы жазу тіліндегі деректерде, “аса”, “каса”, “хаса”, “хасақ” түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы “хан патшалығы тарихы” қатарлы деректерде “алан” мен “аса” деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежірелері мен тарихи аңыздарында “қазақ” пен “алаш” атауының қосарлана қолданылуын еске түсіреді.
Шығыс әдебиеттерінің әйгілі классиктерінің бірі — Әбілқасым Фердауси (940-1020) өзінің Шахнама атты эпопеясында: “Қазақ”; “Қазақ хандығы” деген ел көп теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел деп, Тұранның жауы Иранды “қорқытпақ” болған.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында “қасақ” деген халық аты атанды. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы Әдһам Әл-Купидің шығармасында “қазақ” деген сөздің бар екендігін атап айтады.
Византияның императоры Константин Порфиродни (905-959) өз жазбаларында Кубадан шығысқа қарай мекендеген елді “Қазақия” деп атаған. Ол кезде (Х ғасырда)Кубанын шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар өздерін “қазақ” деп атамаған болса Константин Порфиродни оны қалай ойлап танысын. Ал, ол кезде орыс пен украин казочествосының аты да, заты да, жоқ еді.
Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра деректер берілген. 965 жылы жазылған “Повесть времменных лет” жылнамасында 968 жылы орыс князы Святославтың Кубань өзенінің оңтүстігіндегі қазақтарға әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндаған 1022 жылы Тлеутаранап князы Митнов қазақтарға шабуыл жасаған. 1066 жылы Тмутархан князы Ростлов қасақтардан салық алып тұрған.
Орыс шежіресі Никаенның мәліметінде: Кавказға кейін, Оңтүстік Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да “қазақтарды” булап-талаған деп жазады. Оған үйлесетін дерек, “Монғолдардың” құпия шежіресінде де кездеседі.Онда “Солтүстік жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, бойжігіттерге, орыстарларға, мажарларға, асаларға, сасаларға, меркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Еділ мен Жайық өзенінен өтіп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнінде Сүбітай батырға бұйрық берілді”, — делінген орыс шежіресі Никон “қазақтар” деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжігіт, аса, т.б. ұлыстарды айтып отырған.
Мауеренахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737 жылы (жаңа эраның 1356 жылы) қазақтардың Мауеренахрға шабуыл жасағандығы жазылған.
Зерттеуші П.Путкес өзінің “қазақ атауы туралы” деген мақаласында: “Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген, түркі тектес халықтар бізге қазақ деген атпен белгілі” дейді.
Орыс хатшысы Каралцин: “1481 жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке Шәйбандық Иби хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай мырзалары мұса мен жаңбырлы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет хаанды өлтірді” деп жазды.
Моңғол Халық Республикасы Ғылым Академиясының қызметкері Исләмі Қабымұлы “хасаг” деген сөздің моңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежіресінде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді………..