Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда сөз құрамын меңгерудің тиімді жолдары,

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
1 СӨЗ ҚҰРАМЫ-МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Сөз құрамының қарастыратын мәселелері
1.2 Сөз құрамы туралы зерттеулер
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Сөз құрамын бастауыш сыныпта оқытудың жалпы сипаттамасы
2.2 Түбір және туынды сөздерді оқыту
2.3 Қосымшаларды оқыту
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Тіл – тілдің қай –қайсысының болса да өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік жағы, екіншісі-тілдің грамматикалық жағы. Тілдің осы екі жағының бірлігінен барып біртұтас тіл құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл ғылымының бұл екі саласы да: лексикология да, грамматика да- өздерінің тексеру негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді сөзден бастайды.
А.Ысқақов сөзге мынадай анықтама береді: Сөз дегеніміз қыры-сыры мол күрделі тілдік категория».
Әдетте, тілі жаңа ғана шығып келе жатқан сәби де тіл үйренуді жеке –жеке сөзден бастайды: екі адам арасындағы қатынас та сөзден басталады. Бұл айтылған№дардан да, қазақтың «Сөз сөзден туады, сөйлемесе, неден туады» дейтін мәтелінен көреміз. Тілдің таяншы сөз екенін осыдан білеміз.
Сөздің өзі идеяға айналған саналы зат. Сөз – адам баласының барлық қоғамдық тіршілігінің сәулесі, көрінісі, дерегі. (Г. Лафарг) Сөзді қолға ұстап, көзбен көруге келмегенімен, сезім мүшеміз құлақ арқылы естіп, ақыл-ой арқылы түйіп, керегімізге таратамыз. Сөз тек мағына жағынан емес, құраы жағынан да аса күрделі категория. Сөз
Қолданғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің морфологиялық құрамында болып отырады. Осы ғалымның айтуынша :Сөздің сыртқы дыбыстық шашылымына соқпвйынша, онымен байланыстырмайынша жалпы сөз тұлғасын талдау мүмкін емес. Өйткені сөзді бөлшекке бөлі, саралағанда, біріншіден, бөлшектің мағынасын, екіншіден, бөлшекиің сыртқы формасын анықтау мақсаттары көзделеді.
1 СӨЗ ҚҰРАМЫ – МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Сөз құрамының қарастыратын мәселелері
Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да, лексикаға да сүйенеді, олармен тығыз байланыста отырып, сөздің сырын ашады. Сөзден сөз тудырып, оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
1. Сөз құрамы.
2. Сөздің жасалу жолдары.
3. Жалғаулардың жалғану тәртібі.
4. Сөз таптары олардың қызметі.
5. Әрбір сөз табына жататын сөздердің түрленуі және өзгеруі.
Зерттеу жұмысының актуальдылығы-
бастауыш сынып оқушыларының ең қиын тақырып екендігіне, оның себептерін ашып, қиындықты жеңу жолдарын практикада, іс жүзінде көрету.
Зерттеудің теориялық мәні- аталған проблеманың төңірегіндегі ғалымдар көзқарасына талдау беру.
Зерттеудің практикалық мәні- сабақ үлгілері арқылы тақырыпты меңгерту жолдарын қарастыру.
Қорыта айтқанда, тіліміздің болашағы сәби тілінен басталады. Сол тілдегі сөздің мағынасын сезіп, асыл ойын көңіліне тоқып өссе, педагог үшін одан жоғары мақсат та, мұрат та жоқ.. Морфологияның негізгі міндетінің бірі-сөздің грамматикалық құрылысы дегенде, әрине, біз ең алдымен сөздің морфологиялық тұлға –тұрпатын сөз етеміз. Сөйлеу дағдысында әр сөз белгілі заң бойынша сөздермен қарым-қатынасқа түседі, қилы өзгеріске ұшырап, әр түрлі қызмет атқарады.
Морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің өз жүйесінде бар, сол жүйенің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз талдау, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру амал-тәсілдерін алсақ, олардың қай-қайсысы болсын, әбден қалыптасып, орныққан, әрі үнемі қолданылатын дағдысы, жүйелі құбылыстар.
Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болады. Сол әр қилылық сөздердің құрамының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Мысал алып сөздің құрамы деген ұғымды анықтайық. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл » (Абай), -деген сөйлемдегі тілі, тіл, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған. Өзгеріс сөздердің сыртқы көрінісінен айқын көрініп тұр. Бұлардың ортақ формасы тіл деген түркі бөлшек сыртқы формасының үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, мағыналық өзгешеліктері де бары даусыз. Мұндағы тіл деген түркі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасы не, ол бөлшек адамның мүшесі әрі қоғамдық қатынас құралының аты. Ал тілі дегенде – і бөлшегі құралды үшінші адамға (ғашыққа) желіп тұрса сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектер морфемалар деп аталады.
Морфема- гректің mopphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Олар түрлі болады.
1. білдіретін мағынасының сипатына қарай.
2. Сөз ішіндегі орнына қаай.
3. Сөз ішіндегі атқаратын қызметіне қарай.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері бірдей емес. Ең алдымен, ол морфемаларды түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөледі.
Мысалы, бастық, тілші, келісім сөздерінің құрамында түбір морфема да, қосымша морфема да бар. Түбір морфеа сөздің ұйытқысы, ал ең негізгі морфема: бас, тіл, кел.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша сағына үстейтін морфемаларды айтамыз.Қосымша морфеманың бір де –біреуі, бірнешесі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.
Мысалы: Жолы берді жолдас дейді. Жолы, жолдас- түпкі морфемасы жол, ал қосымша морфемалары- -ы,-дас. Жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ.Осындай мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден –сөз тудыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.Ал енді жұрнаққа тоқталсақ, мағынасы мен қызметіне қарай, жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақта деп екі салаға бөлуге болады. Сонымен қатар, кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын, әрі форма тудыратын синкретикалық морфема есебінде қызмет ете беретін (мыс: ойыншық, борасын) жалғаулар, жұрнақтар да, форм тудыратын қосымшалар да, сайып келгенде, сөздің формасы деген ұғымға енеді және өзара бір-бірімен тығыз байланысты.Бірақ қаншалықты байланыста боғанымне де оларды өзара миластыруға да, бірін-бірімен теңестіруге де болмайды.
Өйткені олардың бәріне тән ортақ жалпы заңдар, жалпы қасиеттер бола тұрса да, өзді — өздеріне ғана тән ерекшеліктері, соған лайық өз заңдары бар. Сол себептен бұларды бір –бірінен ажырату қажет.
Сөзден сөз тудыратын жұрнақтардың қай-қайсысы болсын, сөзге (түбірге) жаңа лексикалық мағына үстемелейтіндіктен өзі жалғанған сөзді басқа бір жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егу, егін, егіннен, егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымне, олардың әрқайсысы басқа-басқа ұғымдарды білдіреді. Форма тудыратын жұрнақтар да сөз тудыру категориясына жақын. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл жұрнақтың мағынасы мен қызметі жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, демек, екеуінің де ерекшеліктеріне жуықтайтын категория деп қарауға болады. Демек, бұл жұрнақ сөзді өзі жалғанғаннан кейін де сол сөздің түбірден негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ әкетпейді.Мысалы: кел, келме, келер, келе, келсе, келгелі, келеді.Түбірге жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма негіз я туынды түбір деп аталып жүр. Мысалы: егіншілік-ек Түбір сөзіне әуелі –ін, одан кейін –ші, одан кейін –лік жұрнақтары қосылған. Ұйы-м-дас-тыр-у-шы-лық, осы сияқты сөздер туынды сөздер деп аталады.
Жұрнақтар құрамы жағынан бір дыбысты да, екі дыбысты және одан көп дыбыстар да бола береді. Сөз формалары да- тарихи құбылыстар. Демек, тілдің грамматикалық құрылысының дамуы, жетілу ерекшеліктерімен байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп я ауысып, я жаңадан қосылып, немесе, керісінше, қолданудан шығып қалып отыруы-заңды нәрсе.
Бұған тіл-тілдердің грамматикалық құрылыстарды, олардың формалары замандар бойы бірте-бірте даму, жетілу, ауысу, жаңару, көнеру процестерінің нәтижесінде пайда болдған деген жалпы қағиданы сөз етпей –ақ түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі синтаксистік формалардың дамуын туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.
1.2 Сөз құрамы туралы зерттеулер
Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарында» орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына қарай беске бөлгенін көреміз: «Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша сөз, қсымшалар».А.Байтұрсынұлы үшеуіне ғана дұрыс аударма берген. Соңғы екеуіне дұрыс термин таба алмаған.
1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай анықтама берген: «Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым». Сөз тұлғасы жайында Қ. Жұбанов, А. Ысжқақов және Ә. Қайдаровтың еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ. Басымов өзінің «Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» атты мақаласында жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды.Ал жалғаулар жайында алғашқы ғылыми анықтаманы профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі граматикасы» еңбегінен көреміз. Онда: «Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау», -дейді. Бұл ванықтама кейінне жарық көрген түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларға негізгі өзек болғаны мәлім.
Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау дағдысы кездеседі. Бершін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М. Балақаевтың, Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950 жылдан бастап жалғау –жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып, олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова еңбектерінде бар.
Тағы да Қ. Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ: қосымшаларды «тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен» делінеді. Мысалы: оқушы –мын, оқушы – сың, осында –мын қосымшасы мен жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп, танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м,
ана-м дегендегі –м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы, бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пйда болған.Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.
Бұл мәселеге Қ. Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа бөлген:
1. Түбір сөз
2. Қосымшалы сөз
3. Кіріккен сөз
4. Қиюлы сөз
5. Қосарлы сөз
6. Қосалқы сөз
Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз, кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы – оңаша жұмсала алмайтын үстеулі сөз. Қосалқы сөздерге шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, өте, ең сөздері жатады. Ғалым Жұбановтың қос сөздер туралы пікірі: Қос сөздің ертеден белгілі екі түрі бар. Үстеме буынды, күшейтпе буынды; бір сыңары ықшамдалып қайталанған қос сөздер қатарына жатады да, үстеме буындары сын есім сөздердің әуелі толық түрін қысқартып, соңынан п дыбысы арқылы бұның бітеу буынға айналудан пайда болған.
Мысалы: қара қап- қара , таза тап-таза, қызыл қып- қызыл.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де қалыптасуы, дамуы, жетілуі, оның грамматикалық құрылысы мен сөздің құрамындағы дыбыстың өзгерістерге түсіп, жаңа сөз жасайтын не сөзді түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалардың әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырауына, сөз мағыналарының әр түрлі реттерден көркемдегіштік қасиеттеріне ие болуына байланысты.
Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму, баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып, «сөз жасам» деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін, яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Сөз құрамын бастауыш сыныпта оқытудың жалпы сипаттамасы
Грамматиканың күрделі тарауы морфология «Сөз құрамы» және «Сөз таптары» болып екі салаға бөлінеді. Сөз құрамы бастауыш мектепте грамматикалық терминдер арқылы оқытылады. Бағдарлама бойынша негізгі тақырыптарды өте отырып, оқушылар алғашқы бетте түбір сөз, қосымша және жалғау мен жұрнақ деген ұғымдармен танысып, олардың анықтамаларын, қызметін түсінеді. Содан кейін барып, біріккен, қос, қысқарған сөздердің ерекшеліктерін, жазылу емлесін үйренеді. Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Сөз таптарын оқығанда сөз құрамы білімдері әлдеқайда ұлғаяды. Сөз құрамын жақсы меңгеру сөз таптарын жақсы қабылдауларына негізін салады. Сондай-ақ әр бір сөз табынын туынды сөз тудыратын көптеген жұрнақтармен танысады. Сонымен , осы тақырыпты алудағы себебім, осы тақырыпта тереңірек қарастырып, жақсы әдістерін іріктеп,іс жүзінде іске асыру міндетті жүктеледі.
Сонымен, сөз құрамы – бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып, сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфологиялық) ұғымын жетік меңгеру процесі. Оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасап алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен келе білуін талап етеді.
Ал морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынады:
1. Сөзді морфологиялық құрамына қарай талдау және сөз жасау жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға өлшеу әсер етеді.
2. Сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді. Балалар сөз құрамы жөніен үйренген теориялық білімі мен сөзге талдау сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды ұрыс жазуға заңдылықтарын саналы түрде бірте-бірте меңгере түседі.
3. Сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.
4. Сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру , сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге сөз мағынасы мен формиаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!