Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту

0
46
Advertisement

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту казакша Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту на казахском языке

І. Кіріспе бөлім
Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
60-жылдары бастауыш мектеп бағдарламасына, оның ішінде тіл пәнін оқытуға байланысты жүзеге асырылған өзгерістердің мәні неде еді? Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қарым, стилистикалық дәлдікті, мазмұндылықты, логикалық жүйелікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстарымен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырлмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа – оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза бәлу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С.Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдар беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70 жылдары батауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдарда (М.Балақаев, Р.Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңтайлы әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды.
Бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнның әдістемелік-психо-физиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдаларды меңгере алмайды. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс-жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеге байланысты бастауыш сынып оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
1 Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының батыры атағын берді. Дидардікі етегі қара. Дәптерге қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.
2 Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына). Мысық айбаттады (айбаттанды деулің орнына).
3 Оқытылған морфологиялық ұғымдарды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.
4 Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім. Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кино болды. Ердөстік батыр болған. Анам шаң сорғыш алды.
5 Оқушылар жалқы есім пен жалпы есемді бір-бірімен ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суларға шомылады. Малдар су ішеді.
Оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мұндай кемшіліктердің бірнеше себептері бар:
1 Бастауыш мектепте оқышыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат – оның коммуникативтік (қарым-қатынастық) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың сынын білдіретін сөздерге» т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
2 Бастауыш сыныптарда тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық бояуларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе «Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде оқушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.
3 Күнтізбелік жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жатқан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш сыныптарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
4 Қазіргі бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барасындағы қолданылып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап жаңарту қажет болып отыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысана етіп алған дұрыс.
Бұл аталған басты-басты себептердің қай-қайсысы да оқу бағдарламалары мен оқулықтарға емес, негізінен оқыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында қолданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:
1) мұғалімнің сөзі;
2) әңгіме әдісі (кейде мұны сұрақ – жауап әдісі деп те атайды);
3) тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);
4) жаттығулар орындату;
5) көрнекті құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютер, т.б.);
6) кітаппен жұмыс істеткізу;
7) топсеруен (экскурсия).
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (реппродуктивті) болу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағдының көп уақыт өтпей – ақ ұмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтын белгілі. Сондықтан әдіскер – ғалымдар бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптен айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:
1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды. Кез келген жаңа грамматикалық ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психо – физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Әсіресе берілген грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығуларды немесе үлестірмелі қима қағаздарды (карточка) қызықты әрі түрліше етіп пайдалануға болады.
2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға бастауыш сынып берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең басты мақсатқа – олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатына бағындырылуы қажет. Мәселен, балалардың күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде заттың сынын білдіретін сөзді сол заттың атын білдіретін сөздің алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жәмилада қалам қызыл бар» деп емес, «Жәмилада қызыл қалам бар».)
3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, оқушылар бұл сұрақтарды нақтылы заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы: уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттың атын білдіріп тұр деп ойламайды. Немесе «Не істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр отыр, сұрады, жанды»деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұл сұрақтарды қоймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп те айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптарын» оқып – үрену барысында негізгі есімдерді айту керек.
5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыр.
Жаңа тақырыпты меңгертудің бұл әдісі, біріншіден, оқушылардың өткен сабақтардағы мағлұматтарды ұмыттпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білінуіне жағдай туғызады. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруде жеңілтетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекті құралдар көмегімен меңгерту. Бұл әдіс те мұғаліммен ерекше шеберлікті талап етеді. Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдарды. түрлендіріп пайдалану қажет. Бастауыш сыныптарда (кесте, сызба, әріптер, не сөздер кассасы, үлестірмелі қима қағаздар және компьютерге арналған перфокарталар, т.б.) қолдану мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болады.:
1) жаңа тақырыпта түсіндірер кезде балаларға тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалық жағдай туғызуға арналған құралдар;
2) берілген ұғымды пысықтауға, балалардың іс жүзілік дағдыларын дамытуға арналған құралдар;
3) берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар, т.б.
Көрнекі құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Жалпы оқушыларға тілдің грамматикалық жүйесін меңгерту балаларды дерексіз (абстрактылы) ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. Грамматикалық ұғымдар дегеніміз – сөздерге, сөз тіркестеріне сөйлемдерге, қосымшаларға,т.б. қатысты белгілердің дерексіздене отырып жинақталып, жүйеленуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш сынып оқушыларының психо – физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:
1. Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды түсіндіруге болмайды.
2. Берілетін ұғымдарды тым қарапайымдандырып, немесе қайта – қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психолог мамандар анық айтып жүр.
3. Берілетін материалдың мазмұнына орай, оқушылардың психо – физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісін тауып жеткізуге болады. Көптеген әдіскер – ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей, бастауыш класс оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің бір жол – ойын элементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану. Мұның нақты мысалдарына сабақ үлгілерін бергенде тоқталамыз.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау және жазықтау, жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық ұғымдардың меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектей өтетіні анықталған нәрсе:
Яғни балардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, одан соң жинақталған мағлұматты пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бұдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір – біріне салыстыру арқылы әлгі белгілерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ойлау қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабылданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатына пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш сынып оқушыларының ойлану қызметінің осындай психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Осы кезеңде оқушылар нақтылы сөздерді лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін, қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз (абстракциялы) түрде тануды үйренді. Яғни талдау және дерексіздендіру (абстакциялау) сияқты ойлау операцияларын меңгереді. Мысалы,бастауыш сынып оқушылары қазақ тілінің морфология жүйесінің ІІ сыныптағы «Сөз» тарауынан бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып – «Кім ? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер».Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тану қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақты нақтылы заттар туралы әңгіме(ұрақ – жауап) әдісімен бастайды:
– Балалар мынау не?
– Өшіргіш.
Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын-ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.
– Ал, мынау не?
Балалар бұл сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптарын түзетеді:
– Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
– Мынау не?
– Кітап.
– Ал мынау не?
– Кітаптің атын білдіретін сөз.
– Бұл сөзге қандай сұрақ қоямыз.
– Не? деген сұрақ қоямыз.
Осылайша мұғалім тілде кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде үйретеді.
Екінші кезең – анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арасындағы өзара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мысалы, 2 сыныптағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте – бірте адамға қатысты атауларға кім? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың жануарлар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындырылады. Содан кейін бұл атаулардың көпше түріне кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін өздерге жалғаулар (жіктік, септік, тәуелдік) жалғану реті танытылады,т.б.
Бұл тұсты аталған тақырыпта меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2 сынып оқушылар «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиісті мағлұматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім бұл мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әрбір жаңа белгісі үйретілгеннен кейін…

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз