Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………2-4
І Тарау Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда
педагогикалық дағдылар
1.1. Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын
талаптар ……………………………………………………………………… 5-15
1.2. Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндама ………… 16-23
ІІ Тарау Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту
2. 1. Сурет бойынша мазмұндама…………………………………….. 24-30
2. 2. Кино, диафильм бойынша мазмұндама……………………….31-41
Қорытынды………………………………………………………………………42-43
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………….44-45
Қосымшалар………………………………………………….46

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан — жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.
Бұл білім беру саласында оқушыға жаңа көзқараспен қарауды үйретті. Мұндай көзқарас окушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондықтан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай қазір оқушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде:
• Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен ұғым беру кезінде мүғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын қалыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты мақсат — оның коммуникативтік (қарым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, “заттың атын білдіретін сөздерге”, “заттың санын білдіретін сөздерге”, т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
• Бастауыш кластарда тілді оқытып-үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналық бойларына сай оларды дұрыс қолдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе “Сөйлем”, “Сөйлем мүшелері” тақырыптарын өткенде окушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықгалып, пайдаланылмайды.
• Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жатқан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі. Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
• Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап, жаңарту қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс.
• Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға
лайық мәселелер.
Біздің диплом жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып, осы проблемаларды аз да болса шешуге арналған. Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі оқу үрдісі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы сөйлеу тіл әрекетін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сыныпта тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының оңтайлы жолдарын анықтау;
2. Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту дағдыларын қалыптастыру;
3. Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Зерттеудің әдісі: Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Кітапханалардан дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиет көздерінен қажетті материалдар, ғалымдардың озық тәжірибелерін зерделеу, сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Бастауыш сынып оқушыларын тіл мәдениетін ұстарту жұмыстары арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тілі білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық қолданымы: Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау Оқушылардың тілін мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
1.1. Тіл мәдениетін ұстарту жұмыстарының мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Адамдардың бір — бірімен пікір алысатын қатынас құралы ретіндегі тіл талай жыл бойы психологтардың назарын аударып келеді. Тіл тек қоғам бар жерде өмір сүреді, өйткені ол ұжымда қоғамда туады. Ұжымнан қоғамнан тыс тіл жоқ.
Сонымен бірге, тіл-пікірлесу құралы болып әр адамның ойын білдіреді. Ол-ойлаудың ойды айтып жеткізудің құралы. К.Маркстің сөзімен айтқанда, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы».
Тілдің жасаушы халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ уақыт қырналып ұстартылған. Оның мазмұнын көтеруге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихи, философиялық ой-түсінігі жұмсалған. Сондықтан да ол бүгін жатқан, әдемі, ойлы естіледі. Тілдің поэтикалық құрылысы стильдік белгі жеке сөздердің орналасуынан, басқа сөздермен қарым-қатынасынан туады. Сондай жағдайда ғана ол мазмұнға, оқырман сезіміне әсер ете аларлық күш-қуатқа ие болады.
Ал тіл мәдениетін ұстарту — баланың ойлау процесімен байланысты, әрі психологиялық факторы әрі тіл білімінің зерттеу обьектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін дамыту, жеке сөздердің басын біріктіріп, сауатты сөйлеуге баулу – психология мен тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс. Психология арқылы жүзеге асады.
Психология ғылыми пікірлесудің қандай түрі болса да сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отыратынын, пікір алысудың нақты мақсаты мен жағдайларына қарай сөйлеу әрекеті әр түрлі болып, сөйлеу алдымен сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін, сөйлеудің өзі ауызша дыбысты тілдің көп және кем тараған түрі және жазбаша сөйлеу болып бөлінетінін анықтады. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Себебі сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір, ол негізінен ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинастетикалық сезімдер жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады. Оларды қиял шынына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың анықтауынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құптарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Қазір бастауыш сынып оқушыларына білім беруде ойын элементтерін көбірек пайдаланып жұр. Мысалы: эксперимент сабақтарында оқушыларды рольдерге бөліп оқытқанда, жануарлардың образын беру, олардың қызығушылығын анағұрлым артатынын байқадық. Оқушылар тұс-тұстан: «Мен тшқан болып оқимын!» , «Мен арыстан болып оқимын!» — деп өтініш білдіреді. Сонымен бірге, балалар оқуға деген ынтасы артып, тапсырманың өз беттерімен орындағысы келіп тұрады. Себебі мектепке дейін бала хат танымағандықтан түрлі әңгімелерді үлкендердің жәрдемі арқылы есітіп білсе, енді өздері оқи алатын болғандықтан, біреудің оқып беруін ұнатпай, өз бетімен оқығысы келіп тұрады. Сөйтіп тиісті мазмұнды өздері оқып, өздері меңгерген сайын, оқуға деген ынтасы, ықыласы онан әрі арта түседі.
Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял пассив және актив қиял болып екіге бөлінеді. Пассив қиялға түс көру жатады, ал актив қиялдың өзі қайта жасау, творчестволық және арман болып үшке бөлінеді. Мектептегі шығарма, мазмұндама жұмыстары актив қиялдың екі түрін дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету – қайта жасау қиялының көініс болса, бала қиялының бетін шындыққа бұрып іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен қиялдың қосып дамытуға толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың дамуына әсер етеді. Осыған байланысты мазмұндама қоздыру баланың активтік қиялын дамытуда маңызы зор.
Балалардың психикалық процестерінің қызметін (түйсік, қабылдау, зейін ес, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қыбығында етіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді.
Мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша байланыстыратын (анализатордың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.
Тіл дамыту барысында, әсіресе бірінші сынып оқушыларының психикасында І сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан балалардың өмірде көрген – білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену қажет.
Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан тіл дамытуға алынатын мәтіндер балаларда болатын көңілділік сенгіштік, сезімталдық, қызығұшылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелу тиіс.
Алайда қандай әсерлі тақырып ұсынылғанмен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жар жарымас еді. Өйткені тіл дамытуға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, мұғалімнің дауыс сазының бір қалыпты, әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді нақышымен анық айтуының маңызы зор.
Сөйтіп оқушылардың ауызша, жазбаша, тіл мәдениетін дамытудың психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағұлмат алу оның түйесін жасап, әдістік тәсілдердің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсетеді.
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда біз дидактикалық негізгі талаптарына сүйенеміз.
Бастауыш мектептерде оқушыларды тіл мәдениетін дамытуда басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысты, көрнекілік, саналық, оқушылардың белсенділігін арттыру және белгіліден белгісізге, жеңілдеп ауырға принципі ескеріледі.
Оқытудың саналылығы мен оқушылардың белсенділігін арттырып принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға біреудің айтқанын таңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрселер мен құбылыстарды салыстырып олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстар тіл дамытудың өн бойынан орын алады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!