Курстық жұмыс: Қазақ әдебиті | Қазақ халық ертегілерінің орыс тіліне берілу ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
I.тарау. Қазақ халық ертегілері туралы.
1.1. «Ер Төстік» ертегісінің салыстырмалы талдауы
1.2. «Дудур қыз» ертегісінің салыстырмалы талдауы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Осы курстық жұмысымыздың тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің орыс тіліне берілу ерекшеліктері.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақ халық ертегілерінің оыс тіліне берілу ерекшеліктерін салыстыру, яғни қазақ және орыс тілдерінде салыстыру.
Жұмыстың қрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындымен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қарастыратын ертегіміз «Ер Төстік» және «Дудар қыз». орыс тілінде берілген ерекшеліктерді талдау.
Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы ертегіге байланысты болғандықтан, ауыз әдебиеті жөнінде бір-екі сөз айтып кеткеніміз келіп отыр. Себебі, ертегі ауыз әдебиетінің негізгі сөз саласы болып табылады.
Ауыз әдебиеті—халқымыздың асыл да мол мұрасы, нелер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті—олардың құнарлы топырағы. Атынан көрінгендей, ол ауызша айтылған.
Ауыз әдебиеті—талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны сонау ықылым заманнан ркхани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгігі біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады.
ХІХ ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өнер де, білім де—ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі— әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірі ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі салалары: а) тұрмыс-салт жырлары, ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар, б) ертегілер, в) лиро-эпостық жырлар, г) эпостық жырлар, д) айтыс өлеңдері, е) тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Ауыз әдебиетін фольклор деп те айтамыз. Фольклор—ағылшын сөзі. Ол—халықтың творчествасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді.
Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Бұл жөнінде орыс халқының сыншысы В. Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиет халықтың ерте заманындағы ой-санасының жемісі деп көрсеткен. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиязиясы болмауы мүмкін емес»,- деп, Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте ензде халықтың жазу-сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Соның ішінде ертегілер жайында айтатын болсақ…
Ертегі—ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қызық әңгімелер, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер, бәрі де ертегінің түрлері. Барлық түрлері өз алуан ерекшеліктерімен тұтас зерттеледі. «Ертегі» деген аты ертегі, ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «Ертек» днп те айтылады. Содан ертек айтушыны «Ертекші, ертегіші» дейді.
Қазақ ертегісі есте жоқ ескі замандардан бастап, беріге шейін болған талай ұзақ-ұзақ дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол дүние.
Анығында, ертегіден бай фольклор жоқ. Бірақ, осы байлықтың ғылым жолымен жиналып, зерттелуі аса кенже болып келеді.
Қазақ ертегісіне көңіл бөлген кісіледің саны бірқатар, бірақ бұлардың бәрі зерртеу, текскру жұмысын аз жасап, көбінше естіген ертегілерін жинаумен болған.
Қазақ ертегісін революциядан бұрын жинап, жариялаушыларды екі топқа бөлуге боады. Бұлардың бір тобы—орыс оқырмандары ( Радлов, Потанин ) не болмаса орыс мектептерінен білім, тәрбие алған, өз еңбектерін көбінше орыс тілінде жариялаған. Екінші тобы—қазақтың өзінде болған, өз тілінде жиып бастырған, хат білген ақындар. Бұл екі топтың екуі де ортақ бір ерекшелік—олар ертегі мен өзге фольклор түрінің бәрін аралас жиған, жіктемей тізе берген.
Бертінде қазақ халқы қалыптанып, қазақ халықтары құралғаннан бастап тіл жекеленіп, шаруашылық, салт- саналық, қоғамдық өзгешелігі айқындаған сайын осы жаңа ел ортасында бұрыгғы ескі әңгіменің қайсысы қалса да тыңнан қортылып, жаңғырып, қайта туғандай болып әңгімеленетін болатын.
Соңғы ғасырларда қазақ халқының ең көп араласқан елі, халық болып ең көп қатвсқан елі—орыс халқы болмағандықтан, қазақ ертегісін орыс ертегілерінен ауысып келген әсерлер де көп. Оны біз әсіресе, хайуанат жайындағы ертегілерден көп кездестіреміз.
Белгілі ертегіні қазақ ертегісі қатарында тексерумен қатар, оның түбі қай елден шыққанын ацта отыру шарт. Көп халықтарға тараған ертегі болса қай халықтың молырақ, қызығырақ, көркемірек етіп айтатынын да атап өтуге болады. Мысалы «Мың бір түн» әңгімесін, «Тотының тоқсан тарауын» ауызша айтып келген.
Шығыс халықтары қалай әңгімелейді? Шығыс халықтары арасында Орта Азия елдері қандайлық жаңалықтар қосып айтады, өзбек, қырғыз. Қазақ, түріепен сияқты елдердің қайсысы молырақ, көркемірек әңгіме етіп жүр? Немесе, осы елдердің бәріне ортақ ауыз әңгіме, күлдіргі әңгіме Қожанасыр жайында қай ел, қаншалық өзгешелік өрнек, көркемділікпен жетіле айтады. Осы жайдың бәрін салыстыра тексеру, теңеп тану фольклорды зерттеушісі ғылымның ардақты міндеті.
Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екіші жартысында басталды деуге болады. Бұл ретте Шоқан Уалиханов, Г. Н: потанин, В. В: РОдлов, Ә. Диваевтың бмсқа бірнеше адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар А. Е: Алекторов, А. Васильев, Н. Пантаусов, Биіт Дауылбаев, Ташмухамет Сейфуллин, О. Әлжанов, Жағапар Айманов, Б. Д. Досымбеков, М. Ибраимов.
Қазақ ертегілерін жинау баспа жүзіне шығару жөнінде кеңестік дәуірде бірсыпыра жұмвстар істелді. Егер қазақ революциясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, кеңестік дәуірде оған ғылыми зеоттеу мекемелері қатысады. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді.
Қазақ ертегілері ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі кеңестік дәуірде ғана қолғ,а алынды.
Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділкдікті аңсау арманынан туған. әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп-қатерден тайынбай үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Талай қиыншылықтарды жеңіп, дегендеріне жетеді. Мұнан адамның мылқау күшті жеңуін, оны өзіне бағындыруын ғана емес, сонымен бірге әділдіктің жауыздықты жеңуін тамаша көрсеткен. әділдіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсаты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.
Ертегілердің негізгі қаһариандары—хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, алып дәулер, мыстан, жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс.
1. Тарау. Қазақ халық ертегілерінің орыс тіліне берілу ерекшеліктері.
Ал енді «Ер Төстік» крткгісі жөнінде айтатын болсақ. Бұл ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады.
Ертегі қазақ халқының мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен араласып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен, ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию перілерімен күрес баян етіледі. Жалпы қазақ халық ертегілерінің орыс тіліне берілу ерекшеліктері – оның қазақи сөзінде.
Қазақ ертегілеріне көңіл бөлген кісілердің саны бірқатар. Бірақ бұлардың бәрі зерттеу, тексеру жұмысын аз жасап, көбінше естіген ертегілерін жинаумен болған.
1.1. «Ер Төстік» ертегісінің салыстырмалы талдауы.
Түпнұсқа.
Ер Төстік.
«Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс тоған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты.
Бір жылы үлкен жұт болыпты. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстың азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді—келмейді, жылдар өтеді—келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірі мен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір кні кешке жақын төсегінен тұрып үйінің түндігін ашады. Тұруға шамасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың кулдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып есі шығады.
—Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол жылдам, асып жіберші,-дейді»
Түнұсқа аудармасы.
Ер Тостик.
«Жил в далёкие годы человек по имени Ерназар7 был он богат. Четырьмя видами скота владел он. В кошарах теснились овцы. Верблюды паслись в степи. На выпасах бродили косяки лошадей. И было у Ерназара восемь сыновей.
Но вот случился в степи большой джут. Погнали люди скот в благополучный край6 где не было голода. Вместе с ними откочевали и восемь сыновей Ерназара. А сам Ерназар со своей старухой остался дома. Пищей он запасся на всю зиму.
Шли месяцы, годы, но сыновья не возвращались и никаких известий о себе не прислали. Кончался запас пищи Ерназара. Стали голодать старик со старухой. Сильно ослабли они. Едва держались на ногах.
Встала однажды вечером старуха, отодвинула тундук. Ерназар лежал на постели не в силах подняться, открыл глаза и увидел: висит на перекладинах свода юрты валенный лошадиный тостик. Обрадовался старик, говорит:
—Суюнши, старуха! Ох и жирный тостик висит, свари ка его поскорее!»
Ал енді «Ер Төстік» ертегісінің Е. Анованың орыс тіліне аударған нұсқаларына қарайтын болсақ, екі тілде де яғни қазақ тілінен орыс тіліне аудармасынан көптеген ерешеліктерді байқауға болады. Мысалға алатын болсақ, ертегінің басында: «Етте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған түйелері болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс тоған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты.»,- деп берілген болса,
Ал енді орыс тілі аудармасында: «Жил в далёкие годы человек по имени Ерназар. Был он богат. Четырьмя видами скота владел он. В кошарах теснились овцы. Верблюды паслись в степи. На выпасах бродили косяки лошадей. И было у Ерназара восемь сыновей»,- деп аударылған.
Бұл сөйлемдерден мынандай ерекшелік көзге түсіп түр. Қазақша түпнұсқасында «Ол төрт түлік малға бай болыпты»,-деген сөйлем жоқ.
Ал орыс тіліне берген аударма түпнұсқасында, бұсөйлем: «Четырьмя видами сеота владел он»,-деп берілген.
Тағы бір ерекшелік ол мына сөйлемде: «Матау толған түйелері болыпты»,-деген сөйлем, түпнұсқасында былай берген: «Далада түйелер жайылды».
Ал «матау» деген сөздің Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаевтың «қазақша-орысша» сөздігінен орыс тіліндегі аудармасында ол сөз былай аударылған: «Матау—связать ноги ( оьычно лошадей ) арканом или веревкой. Бұл сөйлемді аудармашы өз сөздік қорымен берген.
Ал енді «Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті»,-деген күрделі сөйлемді аудармашы аударма түпнұсқасында былай берген: «Но вот случился большой джут. Погнали люди скот в благополучный край, где не было голода».
Аудармашы «отар» сөзінің орнына, аударма түпнұсқасында « в благополучный край» баламасымен берген.ал «отар» сөзінің Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаевтың сөздігінен қарағанымызда, ол сөз былай аударылған: 1.отара; 2. пастбище, находящися далеко от аула. Ал «Благополучный» сөзін С. Серғалиевтің «орысша-қазақша» сөздігінен қарағанымызда, ол былай аударылған: аман-есен.
Енді мына сөйлемді аударатын болсақ:
«—Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші,-дейді». Аударма түпнұсқасында бұл сөйлем былай:
«—Суюнши, старуха! Ох и жирный тостик висит свари-ка его поскорей!». Аудармашы бұл сөйлемді қысқа да нұсқа берген. Бұл сөйлемде біріншіден, «кер бие» сөзі аударылмаған. «Кер бие» сөзін орыс тіліне аудартын болсақ «кер» —«1.масть (лошади); кер бие—мухортый конь»,-деп аударылады. «2. Кер—чванливый; кер адам—чванливый человек». [сөзбе-сөз аударма].
Бұл сөйлемге бірінші мағынасы келеді.
Ал енді «Көрінеді» сөзінің аудармасы, «көрінеді» сөзі «көрінуә сөзінен шыққан, яғни «Показаться; являться» -деп аударылады. [сөзбе-сөз аударма].
Ертегідегі өлең жолдарын алатын болсақ:
«Сүйген жарың Ер Төстіе,
Құтты болсын, Кенжекей!
Мнген де атың Шалқұйрық,
Қтты болсын, Кенжекей!
Артқан да атың, Құба інген,
Құтты болсын, Кенжекей!
Киген де сауытың Ақсырмал,
Құтты да болсын, Кенжекей!
Жар басында демесең, Біздің үйге түсе кет»,-деген шумақтар былай аударылған:
«Ой, как прекрасен Ер Тостик, жених возлюбленный твой, Кенжекей!
Конь твой Шалкуйрык—ветра быстрее в степи, Кенжекей!
Верблюдица много несёт добра, Кенжекей!
Солнце блестит на твоей тяжелой броне, Кенжекей!
Если не брезгуешь ты бедной землянкой моей, Кенжекей!
Сделай привал у меня6 свежий ты выпей кумыс, Кенжекей!»
Ал бұл шумақтардағы «Как прекрасен» сөзі «Қандай көрікті» болып аударылған [сөзбе-сөз аударма]. Бұл тағы да бір көрініп отырған ерекшелік. Оны аударатын болсақ: «Қандай көріктіЕр Төстік, сүйген жарфң Кенжекей!» [сөзбе-сөз аударма], — деп аударылады.
«Конь твой Шалкуйрык—ветра быстрее в степи Кенжекей!» түпнұсқа аудармасы, аіздің түсінгеніміз былай: «Сенің атың даланың желінен де жылдамырақ»,-деген мағынада. Аудармашы бұл өлең жолдарын көркем әдеби стилімен жеткізген.[сөзбе-сөз аударма].
Ертегінің аяқталуы былакй»:
«Ақсақал шалдың астындағы ақ боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінеген даусын естіп, оның Шалқұйрық екенін таниды. Сол арада амандасып, мәз болысып қалады. Бәрі де баяғы айрылған күндегі қалыптарына келіп қайтадан жасарады. Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жаңа түскен келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді. Одан кейін ұзақ өмір жасап, мақсаттарына жетеді».
Түпнұсқа аудармасында былай:
«И тут же показался старик на белой кромой лошади платок у Кенжекей свалился сног7 «Должно быть, старик везёт известие о смерти Ер Тостика»,- подумала Кенжекей и заплакала. Но белая лошадь громка заржала. Сразу узнала Кенжекей голос Шалкуйрыка. А Ер Тостик узнал Кенжекей, хотя она тоже была седая и старая.
Обнялись они и сразу помолодели от радостной встречи. Превратился Ер Тостик в молодого жениха, Кенжекей – в невесту а Шалкуйрык снова стало пять лет.
Прожили они долгую, счастливую и достигли свершений всех своих желаний»…
Енді екеуін салыстыратын болсақ, «Платок у Кенжекей свалился с ног»,-деген сөйлем түпнұсқа мәтініде берілмеген, түпнұсқа аудармасында аударылған…..