Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қабдеш Жұмаділов

0

 

КІРІСПЕ
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те «Дарабозды» өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде «Дарабоз» романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов – тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының «сөз өнерінің» шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал-мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов — әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең алдымен – ол шебер суреткер.
Мәселен, «Көкейкесті» романындағы Қарлығаш бейнесі, «Атамекен» романындағы Ғалия бейнесі, «Дарабоз» романындағы Назым бейнесі, сонымен қатар «Көкейкесті», «Атамекен» романындағы қала мен ауыл көрінісінен үзінді берілген. Сонымен қатар, диплом жұмысында романдардың идеясы, жазылу себептері, оған жасалған дайындық туралы да айтылып өтеді. Бұларды жазуға жазушының ғұмырнамалық романы көмекші болды. Өйткені, мұнда тек жазушының өмірбаяны ғана емес, сонымен қатар оның әр бір шығармасының жазылу тарихы баяндалады.
Дипломда, жазушының соңғы жылдары жарық көрген романдары да қарастырылады. Мәселен, жазушының 2002 жылы жарық көрген «Прометей алауы» романы жан-жақты талданады.
Қабдеш Жұмаділов жасының жетпіске жақындағанына қарамастан, жазушылық қызметін тастар емес. Соңғы жылдар ол бізді «Таңғажайып дүние», «Ақтайлақ би», «Прометей алауы», «Қыл көпір» сияқты романдарымен қуантып жүрді. Әлі де қуантатынына сенемін. Өйткені, бұл қаламгер ең соңғы демі таусылғанша өз қаламымен қоштаспайды. Ал бұл жазушы тірі тұрғанда, біздің әдебиет үшін қорқатын жөніміз жоқ. Сол үшін, бұл жазушыға тек ұзақ өмір тілеуден басқа ешнәрсе айта алмаймыз.

Негізгі бөлім.
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры

Алпысыншы жылдары тұтасымен қарастыратын болсақ, бұл кезеңді туған әдебиетіміздің ілгері қарай ілкі қадам жасаған тағы бір сәтті кезеңі деп айта аламыз. Бұған, әрине сол кезеңдегі заманаралық ерекшеліктер өз септігін тигізбей қойған жоқ. Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да өсті. Халқымыздың да әдебиетке деген ынта-ықыласы өсе түскен кезең. Белгілі жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов, өзінің әдебиетке осы шақта келгенін еске алып, ол жылдар туралы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Шынайылық шырайы атты» атты мақаласында былай деп жазады: «Алпысыншы жылдары (одан былай бұрын да) әдебиет пен өнердің бағы жанды ғой! Өнер қуған жанның мәртебесі өзге кәсіп-мамандықтардың бәрінен де биік тұрды. Ел – жұрттың ғана емес, жазушы мен өнер адамдарына деген құрмет билік басынан басталды деуге болады. Алқа жиын, той, думанның, екеуара, үшеуара сырласудың да көптен-көп сыр шертісулері осы әдебиет, өнер жайлы десек, тағы да қателеспейміз. Өйткені, ол шақта «Әдебиет пен өнердің деңгейі – ұлттық деңгейі» деген қағида айтылып қана қоймай, мойындалды, құрметтелді. Ол кез көркем сөз шебері, әдебиетіміздің бір биігі – Ғабит Мүсіреповтың «Әдебиет ұлы болмай, ұлт болмайды» — деген сөзінің «мен қазақпын» дегендерді ұйытып тұрған шағы болатын.
Шынында да, 1956 жылы ақпан айында КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян келтіргені анықталғаннан кейін, қоғамда бірақ өзгерістер болғаны белгілі. Бұл съездегі Н.С.Хрущевтің осы мәселеге байланысты жасаған баяндамасы ең алдымен партия мүшелерінің ішінде толғаныс тудырып, бұл баяндама үлкен дауға айналды. Бірақ Хрущев, Булгакин, Сабуров, Кириченко, Суслов сияқты президиум мүшелерінен қолдау тапты. Содан, 1957 жылы жеке адамның басына табыну қалдықтарын жою туралы ортақ партия Комитетінің қаулысы шықты. Нәтижесінде, идеологиялық шылбырдың босаңсуы, еркіндік белгілерінің нышан беруіне, айқындалуына себеп болды. Бұл өзгерістер әдебиетті де айналып өтпей, оған да өзіндік әсер беріп, оң ықпалын тигізді.
Әдебиетке заманның «кеңігені» жақсы әсер тигізді. Жазушылардың да тұсауы кеңіп, арқыны ұзарды. Жазушылардың саны да күннен күнге өсті, жазушылар одағының мүшелері де көбейді. Бірақ жазушылар не жазса да, олардың шығармалары «Социалистік реализм» дейтін дайын қалыптан шықпауы тиіс еді. Әйткенмен, бұл жағдай әдебиеттің бір орында тоқтап қалмай, ары қарай қозғалып алдыға жылжуына кедергі жасамады. Біздің жас жазушыларымыз бен ақындарымыз қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы өзенге қарай асау екпінмен шапқылаған жылғалар іспетті еді. Соншалық іңкәр сезіммен, ұлы үміт, үлкен махаббатпен жылт-жылт аққан сол алпысыншы жылдардың жылғалары болмаса, жетпісінші, сексенінші одан кейін де алдағы уақыттары да ағып келіп жатар жылғалар болмаса, болмай ма, аға ма, ақпай ма? Ал, ұрпағы сусындар, өнеге алып өсер әдебиет деген өзені болмаса, қазақ ұлтының күйі не болғаны?
Алпысыншы жылдары әдебиетіміздің ара жарысына алғаш келіп қосылғандардың ішінде дәмелілердің қаралдысы аз емес-ті. Содан арада біраз уақыт өтіп, алғашқы қара нөпірдің қатары селдіреп, ауыздықпен алысқан ұшқырлардың талайы көш соңында қалып, тек ұзаққа шабатын жүйріктер ғана аламан бәйгеден алқынбай өтіпті. Қазір сол маңдайы жарқыраған топтың ішінде жазушы Қабдеш Жұмаділов те бар.
Қабдеш Жұмаділовтің жалпы қазақ әдебиетінен бұрын Қазақстанға, өз ата-жұртына келуінің өзі бір хикая. Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази қаламгермен алғаш таныстығын еске алып, ол туралы былай деп жазады: «Сол бір алпысыншы жылдардың ортасында ойдан-қырда құралып, Алматыда бас қосқанымыз есімде. Алғаш танысқан кезімізде-ақ, Қабдеш біздің назарымызды бірден аударып әкетті. Өйткені оның өмірбаяны ешкімге ұқсамайтын. Өзі Қазақстанда емес, сонау Шығыс Түркістанда көшпенділер ауылында туып өсіпті, оның есесіне, Қабдештің бастан кешіріп келген өз хикаясы да аз еместі. Әлі қаймағы бұзылмаған көшпенділердің тұрмыс-салты, араға жылдар салып, шекарадан бірде ары, бірде бері, жөңкілген босқындар тағдыры, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық күресі. Міне, осыларды майын тамыза әңгімелеп отырғанда, ол бізге алыс бір өлкеден ғана емес, арғы аталар заманынан, көне тарих қойнауынан келген адамдай әсер қалдыратын.
Расында да, Қабдеш Жұмаділов Қазақстанда туып өспеген, ол есейген шағында ғана біздің елге көшіп келді. Жазушының туған жері – Тарбағатай тауының күнгей беті, Қытайға қарап қалған Шәуешек шаһарынан елу шақырым жердегі Малдыбай бұлағы. Негізінен, бұл жерлерді қазақтар мекен еткен. Әкім Тарази айтып өткен Шығыс Түркістан республикасы деп отырғанымыз, 1945 жылы, негізінен Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарының Гоминдан мемлекетінің үстемдігі құлағанда, соның орнына пайда болған мемлекет.
Қырқыншы жылдардың басында Оспан батыр мен Дәлелхан Сүгірбайұлының Гоминдан үкіметіне қарсы бастаған Алтайдағы Тарбағатайға ұласты да, осы аймақтардағы Гоминдан армиясын түре қуған-ды. Үш аймақтағы қарулы қозғалыстың бұлайша тез қарқын алып, жеңіске жетуіне іргедегі Кеңес Одағының көмегі тиеді. Кеңестік қызыл империя о баста көтерілісшілерге қол ұшын бергенде, сол жерлерді мекен ететін ұлттарға жаны ашығандықтан емес, шығысқа қарай бір табан болса да ілгерілеуді, Жапония мен Гоминданға қарсы қалқан тұрғызуды көздепті. Жапония жеңілді, Гоминданға өз ішінен коммунистер тықсырды. Міне, осындай жағдайда Сталин шығыстан мұсылман дініндегі тағы бір түрік мемлекетін құрып қайтсін, ақыры Шығыс Түркістан республикасын 1949 жылдың күзіне дейін тәк-тәкпен тізгіндеп ұстап келді де, сол жылы билік басына келген Қытай коммунистері өз қолымен сыйға тартты. Шығыс Түркістан республикасы өз алдына мемлекет болудан қалып, Қытайға біржолата қосылды. Қытайда коммунистер іске жетіп, «Қытай халық республикасы» деген жаңа үкімет орнайды. Қытай мен Кеңес Одағы арасында жақсы қарым-қатынастар туған кез – осы кез деп айтсақ болады. Тіпті, Қытай үкіметі Кеңес Одағына 1956 жылы Үрімжі, Құлжа, Шәуешек тағы да басқа аймақтардан елу оқушыны оқуға жібереді. Солардың ішінде Қабдеш Жұмаділов те болған. Ол Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне қабылданады. Бұл – болашақ жазушының Қазақстанға бірінші рет келуі еді.
Қабдеш Жұмаділовтың өз ата-жұрты – Қазақстанға алғаш қадам басуы, оның қазақ әдебиетіне қадам жасауының тұсау кесері еді. Қабдеш Жұмаділов Алматыда оқуда жүргенде ешкімнен кем түспей, керісінше, өз тобындағы студенттер арасында суырылып шығып, көзге түседі. Болашақ жазушының білімге деген құштарлығына, оқуға деген ынта-ықыласына ұстаздар қауымы да таң қалысқан. Қабдеш ағамызға әдебиеттен Бейсенбай Кенжебаев, әдебиеттанудан Зейнолла Қабдолов, тіл білімінен Кәкен Аханов, қазақ тарихынан Мұсатай Ақынжанов сияқты ұстаздар дәріс бергенін ескерсек, Қабдеш Жұмаділовтің оқудан осал емес екенін бірден аңғарамыз. Университетте жүргенде ол көптеген танымал адамдармен кездеседі. Соның ішінде, Жұмаділов үшін ең бір есте қаларлық кездесудің бірі – Мұхтар Әуезовпен жүзбе-жүз кездесу еді. Болашақ жазушы үшін ұлы жазушымен танысу — өмірдің сыйлаған үлкен сыйы сияқты болды. Әуезовтың шығармаларымен он үш жасында танысқан Қабдеш Жұмаділовтің, сонау 1956 жылы Шәуешек гимназиясын бітіріп, арнайы жолдамамен Алматыға оқуға аттанғанында, ата-жұртты көру, астанадан білім алу секілді қат-қабат қуаныштар арасында, «Әуезовті көремін-ау» деген тәтті қиялы, өңінде, шын өмірде орындалады. Бұл алғаш кездесудің қалай болғаны, қалай өткені жайлы, Қабдеш Жұмаділов былай деп жазады: «Қазан айының бас кезі. Бір күні студенттер арасында «Әуезов үшінші курсқа Абайтанудан лекция оқиды екен» деген хабар дүп ете түсті. Енді, бір күні, кезекті лекциядан шықсақ, Әуезов кіші залда сабақ өткізіп жатыр екен. Есікті ашып қарау ыңғайсыз. Біз енді, не болса да, шығар ауызды күттік. Менің қасымда Шыңжаннан келген Төлеубек, Аманжан, Оразақын, Мырзахан деген жігіттер бар еді. Бір уақытта қарасақ, бір топ адам есікке қарай беттеп келеді екен. Ортада — Әуезов, маңайында Темірғали Нұртазин, Зейнолла Қабдолов және Мәскен Сармұрзина апай бар.
Көп ұзамай Мұхаңмен жүзбе-жүз сөйлесудің сәті түсті. Олай болатыны, ол кезде «шетелдік студент» деген Алматы жұртына таңсық. Қытайдан арнайы келіп, университетте Мырзахан Құрманбаев екеуімізді ректордан бастап, о у министрлігіне дейін білетін. Бір күні біздің хабарымыз Әуезовтің де құлағына шалыныпты. Кезекті лекциялар арасында «сендерді кафедраға шақырып жатыр» деген соң барсақ, Самұрзинаның кабинетінде Мұхан отыр екен. Біздің сасқалақтап қалғанымызды сезіп:
— Бәрекелді, алыстан келген бауырлар екенсіңдер ғой! Елге ел қосылмағанымен, төл қосылады деген осы! – деп, біздің бұл келісімізге үлкен мән берген Мұхаң, өзіне таяу жерден орын ұсынып, Қытайдағы қазақтар жайында сұрақ қоя бастады…».
Әуезов университетте үшінші курсқа сабақ бергенімен, Жұмаділов үшінші курста оқымаса да, бұл мүмкіндікті жібергісі келмей, ұлы жазушының лекциясына үнемі қатысып жүреді. Мұхаңның лекцияларынан оның байқағаны: Абай әлемі — Әуезовтың күнде кіріп жүрген есігі тәрізді екен. Абай мұхитын онды-солды талай шарлаған жырынды теңізшідей, бұл ортада Әуезов өзін тіпті еркін сезінеді екен. Әуезов, бірде Қабдеш ағамыздың түсіне кіреді екен. Түсінде Әуезов ақ періштелер сынды аппақ костюм мен шалбар киіп алып, самолеттен түсіп келе жатып:
— Қабдеш, сен әлі осында екенсің ғой? Мен сені алып кетуге келдім, — депті. Қабдеш ағамыздың болашақта елге танымал жазушы болуына осындай ұлы адамның түсінде аян беруінде бір мән бар сияқты. Мұхаңмен ең соңғы рет Қабдеш ағамыз Ғабдол Слановтың үйінде көріседі. Ол кезде Қабдеш ағамыз сияқты шыңжандық студенттері Қытай елшілігі «Үрімжіде бір айлық курс болады» деп шақырып жатыр екен. Қытай мен Кеңес Одағы арасы едәуір суығандығы, Қытайдағы ішкі бүліктерді білгендігінен болар, Жұмаділов бұл шақырудан қатты сескеніп, ол жайында Әуезовпен сыр шертіседі. Жұмаділовтің Қытай еліне деген сенімсіздігі тегін емес-ті. Өйткені, Жұмаділов Үрімжіге келген соң көптеген қиындықтар көреді. Осы кездесуде, Әуезов қоштасарда жас Қабдешті құшақтап: «Тағдыр аман-есен көрісуге жазсын» деген-ді. Сөйтсе, ұлы жазушы бірдеңені сезген екен ғой. әлде жас Қабдештің түбі неғайбыл, алмағайып тағдырын еске ұстады ма, немесе өзінің біртіндеп қусырылып келе жатқан ғұмырын уайым етті ме, әйтеуір, алдағы жылдардың тым жеңіл болмасын болжағаны анық.
Шынында да, Жұмаділов Мұхаңмен осы кездесуден кейін қайтып көрісе алмайды. 1961 жылы Әуезов дүниеден өткенде, Қабдеш Жұмаділов Шәуешекте сүргінде жүрген. Қайғылы қазаны ол үш ай кейін естиді. Үрімжіге бір айлық курсқа келген студенттерге, Қытайда «оңшыл», «ұлтшыл» деген айып тағылады. Осылайша, Қабдеш ағамыз сияқты студенттер оп-оңай қақпанға түседі. Жұмаділов Үрімжіге келгенде неліктен өзі сияқты студенттерге мұндай айып тағылып, оларды жазаға тартып жатқанын түсінбейді. Жағдайды ол кейін түсінді. Бәр іде 1957 жылы Қытайда өткен «ашылып-айраудан» басталыпты. 1957 жылы бүкіл Қытай бойынша: «Барлық гүлдер шешек ашсын, барша бұлбұл сайрасын!» деген бір оқшау ұран тасталады.
Ұранды ортаға тастаған басқа біреу емес, ұлы көсем Маоның өзі. Сол арқылы «бізге демократия бар» дегенді әлемге әйгілемек болған көрінеді. Көсемнің өз еркіндік беріп тұрған соң, ішкі өлкедегі зиялы қауым «бұлбұл» атанып, коммунистік партия мен үкіметтің ел басқаруындағы жіберілген қателіктерін сынға алып, балама бағдарлама ұсынады. Осындай «ашылып сайрауда» Қытайдағы ұйғырлар Ұйғырстан республикасын, ал қазақтар Іле Қазақ автономиялы облысының» мәртебесін көтеруге біраз тірліктер жасайды. Ал енді, бір күні, Мао көсем тағы бір ұран тастайды: «Сайрағанның барлығы бұлбұл емес, арасында қарғасы бар, гүлдің бәрі гүл емес, арасында арам шөбі бар». Енді 1957 жылдан бастап сайраған «бұлбұлдар» ішінен «қарғаларды» ысырып шығару науқаны басталады. Кешегі ел қамы үшін сайраған қазақ зиялылары «бұлбұлдан» «қарғаға» айналады. Көсем айтса бітті. Бүкіл ел бойынша «Стиль түзету» дейтін жаңа науқанда Ішкі Қытайда сайраған зиялыларды «оңшыл оппортунистер» деп атайды да, Шыңжандағы зиялыларды «жергілікті ұлтшылдар» деп айып тағып, қуғын-сүргінге айдайды. «Стиль түзету» науқанында Қабдеш Жұмаділов та ілінеді. «Ашылып сайрауға қатыспаған шетелдік студенттердің шаруасы жеңіл болар деп ойлаған Қабдеш Жұмаділов, о баста онша қорықпайды. Бірақ бәрі де ол ойлағандай оңай шықпайды. Қытайда егер де сен «Стиль түзету» науқанына іліндің бе, бітті, сенің жауларың «дазыбау» деп аталатын қағазды қабырғаға жабыстырып тастайды екен. Біздіңше, «дазыбау» деп айтып отырғанымыз — домалақ арыз. Тек бұл арызға сен жұрт алдында жауап беру керек. Қабдеш Жұмаділовке де айыптар тағылды. Соның ішінде, мысалы: Жұмаділовтің қазақ ұлтшылдарының идеологтары Қажығұмар Шабданұлы мен Жағда Бабалықпен таныстығының тегіннен-тегін еместігі немесе жазушының «Іле» газетінде жарияланбаған «Шыңжаң қазақтары Қазақстан алфавитіне көшу керек» атты мақаласындағы негізгі астарлы ойлары және басқа айыптар. Қытайда айып тағылды ма, енді сен үкім күтудің керек. Осылайша, Қабдеш Жұмаділовке үкімді күтуден басқа еш нәрсе қалмады.
1958 жылдың күзінде Қытайда «Үш қызыл ту» деген ұран көтерілді. Қытай иероглифтарымен таңбаланған бұл формуланы тарқатсақ, олар: сара жол, секіріп ілгерілеу, және халық коммунасы дегенді білдіреді. Жұртшылық «Стиль түзетуден» есін жия алмай мәңгіріп тұрған кезде, Қытайда тағы да бір науқан басталды дей бер. Науқан емес, трагедия! Тек зиялы қауым ғана емес, бүкіл халықтың басына түскен ауыр апат. Алпысыншы жылдардың басында Н.Хрущев коммунизмге өтудің жиырма жылдық жоспарын ұсынса, шығыста Мао оның алдын орап, коммунизмді үш-төрт жыл бұрын жариялап жіберді. «Секіріп ілгерілеудің» алғашқы қадамы болат қорытудан басталады. Көсем: «Егер Англия бір жылда он миллион тонна құрыш қорытса, біз оны биыл қуып жетеміз» деген ұран тастайды. Бұл науқанға қала мен қыстақ түгел қатысады. Шаруалар сол жылғы өнімдерін жинап ала алмайды. Қала халқы да оқу, қызмет дегенді жинастырып, жұрттың бәрі Шисан тауына болат қорытуға шығады. Ол кезде «оңшыл» атанған Жұмаділов те, бұл науқаннан қалыс қалмау тиіс еді, ол шахтада жұмыс істейді. Осылайша бір айға Үрімжіге курсқа келген Жұмаділов үшін, Алматы және ондағы бітпеген оқуды алыс сағымға айналады.
Бұл науқанның қажетсіздігі үкіметпен мойындалған соң, жұрт таудан түсіп, үй-үйлеріне тарайды. Ал қуғында жүргендер өз үкімдерін естіп, бірі — Такламан шөліндегі Тарим лагеріне, бірі – еңбекпен түзету лагеріне, ал бірі – «төмен түсіріледі». Қабдеш Жұмаділов ауыр еңбек үстінде жақсы қырынан танылып, түзелуге бет бұрғаны үшін, Алматыдағы оқуына қайтып жіберілуі тиіс еді. Ал, бұл ол кезде мүмкін болмаған соң, өз ауылына «төмен түсіріледі». «Төмен түсірілу» дегеніміз – қызмет бабының төменделініп, әрқашан үкімет қарауында болу.
Өз ауылына келгенде Қабдеш Жұмаділовті жаман жаңалықтар күтіп тұр екен. Ауыл адамдары коммунаға біріктіріліп, бір қазаннан тамақ ішетін болған екен. Босқындар жайлап кеткен екен. Аш-жалаңаш халық, бұрын былай жүдемеген еді. Былтыр болат қорытудың арқасында шаруалар егінді жинай алмағаны, астық тапшылығына әкеп тіреген. Қалада да, ауылда да халық жаппай аштықтан өліп жатты. Әр түрлі науқандардан, ұрандардан шаршаған халық тығылатын тесік таппай отыр екен. Өзінің ғана емес халқының басына осындай ауыр күндер туғанын сезген Қазақстанға шекара арқылы өтіп кетуді көп ойлайтын болды. Шекараның жақындығынан болар, жазушы бұл ойдан арыла алмай-ақ қояды. Қабдеш үшін осындай қиын-қыстау кезде ата-жұртқа өтіп кету ең дұрыс шешім секілді болатын. Тек Қазақстанға Қытай қазақтарын өткізеді ме, осы бір үлкен сұрақ еді. Бірақ Кеңес үкіметі қытай қазақтарын шекарадан өтікізіп қана қоймай, әр отбасыны баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етеді деп кім ойлаған. Атажұрт — Қазақстанға көшу 1962 жылы көктемде басталады. Қабдеш Жұмаділов те өз отбасымен «Ұлы өштің» бұйдасын ұстап, Қазақстанға біржола көшіп келеді.
Қазақстанға оралған Қабдеш Жұмаділовке дүниенің барлық есігі айқара ашылғандай болады. Өйткені, Жұмаділов ең алдымен, сұмдық сағынған ата-жұртымен қауышады. Әсіресе, ол Алматына қатты сағынған екен. Екіншіден, білім ордасының есігі, Қабдеш ағамыз үшін қайта ашылады. Қазақ Университетінің жаңа ректоры Асқар Закариннің көмегімен, ол төрт жыл үзілістен кейін қайтадан оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Ал үшіншіден, Қабдеш Жұмаділов осы өмірден көргені мен білгенін, өз басынан кешірілгенін бәрін ойда тізіп, сол жайлы шығарма жазуға кіріседі. Асылы, Қабдеш Жұмаділов — өмірбаяны аса бай жазушы. Бір елде туып-өсіп, есейген шағында екінші бір елге келіп, сол ел туралы шығарма жазу – екінің бірінің қолынан келер нәрсе емес. Екі түрлі өмірді, екі түрлі қоғамдық формацияны салыстыра зерттеуге мүмкіндік алған Қабдеш Жұмаділов, табиғи таланты мен өмір тәжірибесінің көмегімен шығармаларды өмірге әкеледі….

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!