Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Молда Мұса шығармаларының тілі
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу материалдары
І Тарау. Молда Мұса шығармаларының тілі
I. I. Молда Мұса шығармаларының зерттелуі.
1.2. Молда Мұса шығармаларындағы эпитеттер.
1.2.1. Түр-түске байланысты эпитеттер.
1.2. 2. Бағалаушы эпитеттер.
1.2. 3. Инверсияланған тіркес аясындағы эпитеттер.
1.2. 4. Сұлулыққа байланысты эпитеттер.
1.3. Молда Мұса шығармаларындағы метафоралар.
1.3. 1. Жануарлар мен құстарға байланысты метафоралар.
1.3. 2. Адамға қатысты метафоралар.
1.3. 3. Матасқан метафоралар.
1.4. Молда Мұса шығармаларындағы теңеулер.
1.4. 1. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған теңеулер.
1.4. 2. Ақын шығармашылығындағы табиғат құбылыстарынын, жануарлар мен аң-құстардың теңеуге алынуы.
1.4.-3. Шығыс әдебиетінің ежелден келе жатқан дәстүрі негізінде жасалған теңеулер.
1.5. Молда Мұса шығармаларындағы метонимиялар.
1.5. 1. Сын есімдердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 2. Есімдіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.5. 3. Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
1.6. Молда Мұса шығармаларындаты кейіптеу.
1.7. Молда Мұса шығармаларындағыобразды сөздер (экспрессоидтар).
1.8. Молда Мұса шығармаларындағы инверсия.
II тарау. Молда Мұса шығармаларының лексикалык кұрамы:
2.1. Кірме сөздер.
2.1. 1. Араб — парсы тілінен енген сөздер.
2.1. 2. Орыс тілінен енген сөздер.
2.2. Молда Мұса шыгармаларындағы жалқы есімдер
2. 2. 1. Топонимдер.
2. 2. 2. Этнонимдер.
2. 2. 3 Антропонимдер.
2.3. Молда Мұса шығармаларындағы материалдық мәдениет лексикасы.
2.3. 1. Киім-кешек, мата атаулары.
2.3. 2. Қару-жарак атаулары.
2.3. 3. Төрт түлік мал атаулары.
2.3. 4. Өсімдіктер дүниесі атаулары.
2.3. 5. Аң-кұс, жануарлар атаулары.
2.3. б.Тұрмыстық заттар атаулары.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке жетуіне байланысты қазақ ұлтының мәдениеті тарихын, ұлт, мемлекет болып қалыптасу бағытындағы даму жолдарын зерттеу үнемі назарда тұратын мәселе болып табылады. Осы мәселелердің бастыларының бірі — қазақ тілінің тарихи қалыптасу жолдарының ерекшеліктерін іздестіру, айқындау.
Қазақ әдеби тілін дамытуға өз үлестерін қосқан акын-жыраулардың шығармаларын зерттеу осы саладағы кейбір түйіні анықталмаған мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Жеке қаламгер тілінің көркемдік қолданыстары әдебиеттану ғылымында ғана емес, тіл білімінің әр түрлі саласында, оның ішінде стилистика мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтінді лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылады.
Ұлттық тілдің ең жоғарғы дәрежесі — әдеби тілді дамытын, жалпыхалыктык әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы аркылы жетілдіру үлесі көркем сөз иелеріне тиісті екені даусыз.
Шығармаларын қазақ әдебиеттану тұрғысынан ғана зерттеліп, линғвистикалык тұрғыдан шығармаларына ғылыми талдау жасалмай келе жатқан акындар тілінің лексикалық кұрамын, көркемдегіш тілдік кұралдардың лингвистикалық табиғатын аныктау — ғылымға қосылған үлес болып табылмақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, әдебиет тарихынан орын аларлық, заманының көрнекті, айтулы акыны болған Молда Мұса Байзақұлының поэзиялык мұрасына лингвистикалық ғылыми талдау жүргізудің мәні зор.
Молда Мұса шығармаларының лексикасын, ақын колданған көркемдегіш құралдардың сипатын, жүйесін, тілдік табиғатын қарастыру, зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін танытады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты — Молда Мұса Байзақұлының шығармалары лексикасының тарихи — лексикологиялык негізін, көркемдегіш құралдарды пайдаланудағы ерекшеліктерін аныктау, өзіндік қолтаңбасын табу. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
— Молда Мұса Байзақұлы өмір сүрген кезеңге, өміріне
шығармаларының зерттелу жайына шолу жасау;
— ақын шығармалары лексикасының тарихи — лингвистикалык
қабаттарын, олардың ерекшеліктерін айқындау;
— ақын шығармалары лексикасында қалыптасқан көркемдегіш
амал-тәсілдердің мәнін талдау.
Зерттеу жүмысының ғылыми жаңалығы:
— Молда Мұса шығармаларының лексикасы тарихи этнолингвистикалық тұрғыдан зерттелді;
— ақын шығармаларындағы материалдық мәдениетке қатысты этнографизмдер нақты тілдік деректер арқылы анықталды;
— ақын шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың қолданыс мақсаты айқындалды.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдер.
Зерттеу жұмысында баяндау, салыстыру, сипаттау, этнолингвистикалық зерттеу, топтау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеу дереккөздері.
Молда Мұсаның 1987 жылы «Өткен күндер» деген атпен шыккан кітабы, «Бес ғасыр жырлайды» (1989).
Зерттеу жұмысының нәтижесінде Молда Мұса шығармаларының лексикасына байланысты 600-дей мысалдар жинақталды. Такырыпқа қатысты еңбектер, сөздіктер пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. Молда Мұса шығармаларының көркемдегіш амал-тәсілдерінің тілдік ерекшеліктері.
1.1. Молда Мұса шығармаларының зерттелуі.
Халқына танымал болған, артына елеулі әдеби мұра қалдырса да, шығармашылығы аз зерттеліп, өз бағасын ала алмай келе жатқан ақындардың бірі — Мұсабек Байзақұлы.
Мұсабек Байзақұлы өмір сүрген кезең — қазақ халқының әлеуметтік саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болған тарихи актілердің, түбегейлі өзгерістердің, шиеленісіне түскен идеологиялық тартыстардың заманы болды. Молда Мұса — туындыларын ауызша да, жазбаша да таратқан, яғни байырғы поэзия дәстүрін жазба әдебиетке жалғастырған ақындардың бірі. Ақын мүрасын зерттеген жас ғалым Зейне Оразбаева «Мұсабек Байзақұлының ақындық мұрасы» атты еңбегінде оның мұрасынан қазақтың халықтық поэзиясына және шығыс, батыс әдебиетіне тән жанрлар мен жанрлық түрлерді бөліп көрсетеді.
Олар:
1. Арнау.
2. Көңіл айту.
3. Жоқтау.
4. Талғау.
5. Сәлем хат.
6. Жазба айтыс.
7. Төкпе айтыс.
8. Сықақ — эпиграмма.
9. Мысал. Ю.Тәмсіл.
11.Рубағи.
12.Матхия (мақтау).
13.Дастан.
14.Саяси — әлеуметтік лирика.
15. Философиялық лирика.
16. Көңіл-күй (махаббат).
17. Табиғат лирикасы.
Молда Мұсаның айтыс жанрын жырлауда оның Манат қызбен және Бұдабаймен айтысы ерекше көзге түседі. Ал эпикалық шығармалардан ең көлемдісі — «Ер Шора». Ақын бүл екі бөлімді ұзақ эпикалық жырды өз ерекшелігіне сай өз нұсқасында жырлаған.
Осындай артына әдеби мол мүра қалдырған Молда Мұсаның шығармашылығы әдебиеттану ғылымы тұрғысынан ғана зерттеліп жүр.
Мысалы, Ә.Оспанұлының, Б.Кенжебаевтың. Р.Бердібаевтың, З.Оразбаеваның зерттеулерін атауымызға болады. Ал лингвистикалық тұрғыдан зерттелмеген. Осы олқылықты толтыру мақсатында Молда Мұса шығармаларының тіліндегі көркемдегіш құралдарды зерттеуді нысанамызға алдық.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың мәдени өміріне ірі-ірі өзгерістер, жаңалықтар еніп, соған сәйкес жазба әдебиет жанрлары туып, дамып отырды. Осылардың даму барысында поэзия жанры әлі де басты роль атқарып отырды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы поэзия, бір жағынан, одан бұрынғы поэзия дәстүрін жалғастыра ұластыра түссе, екіншіден, сапа жағынан да, сан жағынан да мазмұн мен тақырып жағынан да жаңа қасиетке ие болып, жаңа сатыға көтеріле бастады. Солардың басты өкілдері: Шөже Қаржаубайұлы, Орынбай Кертағылүлы, Сүйінбай Аронүлы Мәделіқожа Жүсіпқожаүлы, Майлықожа Сұлтанқожаүлы, Жаяу Мұса Байжанүлы, Ақан сері Қорамсаүлы т.б. ақындар шығармашылығы Махамбет Өтемісүлы, Шернияз Жарылғасүлы, Шәңгерей Бөкеев т.б. ақындық дәстүрін жалғастырып, одан әрі Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Мәшһур Жүсіп Көпеев, Нұралы Нысанбайүлы, Мәсабек Байзақүлы т.б. ақындар шығармашылығына ұласып отырды. Бұлардың баршасы қазақтың ауызша дамып келген әдеби тіл үлгісін әрі қарай дамытушылар болды. Бірақ бұл дәуірде қазақтың бұрынғы поэтикалық мектебі өзгеріссіз қалмады.
Ақындар творчествосының тақырып аясы да, мазмұны да, жырлау стильдері де өзгеріске ұшырады. Әрине, ілгергі дәстүрден қол үзушілік жоқ: бұрыннан келе жатқан кәнігі теңеу, метафора, эпитет сияқты көркемдік элементтерді көп өзгертпей жиі пайдалану XIX ғасырдың екінші жартысындағы ақындарға тән. Өлең өлшемінде де жаңалық жоқ: 7-8 буынды жыр ағымы мен 11 буынды қара өлең болып келеді. Бұл кезеңде арнау өлеңдер мен портреттер, енді-енді көріне бастаған пейзаждық өлеңдер орын алады. Бұларда затты, құбылысты, адамды, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін, сын-сипатын нақты суреттеу көзге түседі. Аталған ақындардың біразы (Жанақ, Шөже, Майлықожа, Молда Мұса) жеке туындыларымен қатар, айтыс өлеңдердің иелері. Бұл кездегі айтыс — әлеуметтік мотивтерге барған жанр. Айтыстың сөз байлығы, көркемдік құралдары да, тіпті көлемі де өзгерді.
Айтыс компоненттері көбінесе монологке ауысып отырады. Айтыспен бірге ақындардың бірқатары әр алуан эпикалық шығармаларды (дастандарды, эпостық жырларды) тудырушылар және таратушылар болды. Мысалы, Сүйінбайдың қырғыздың «Манасын», Молда Мұсаның «Ер Шорасын», Шығыстың «Шахнамасы» сияқты т.б. жырларды ел арасына таратуда еңбегі зор болды. Осы тұста пайда болған дастан-жырлардың тамыры бұрынғы поэзия дәстүріне терең бойлап кетеді. Авторлар образ таңдауда болсын, кәнігі сөздер мен тіркестерге иек артады. Бұл кезеңдегі сипатты белгілердің бірі қазақ ақындарының дені мұсылманша, кейбіреулері әрі орысша сауатты болды.
1. 2. Молда Мұса шығармаларындағы эпитеттер.
Екі заман куэсі болған Молда Мұса Байзақүлының қазақ әдеби тілін дамытудағы роліне тоқталайық. Молда Мұса шығармашылығындағы лексиканың негізгі бөлігі — тілімізде бүрыннан қолданылып келе жатқан байырғы сөздер. Поэзиямызда сөздердің мағыналық аясын кеңейтіп, көркемдік мақсатта қолдану өрісін ашуда Молда Мұса өзіндік стильдік ерекшелікке ие. Әрине бұл ерекшелік Молда Мұсаның осы салада жасаған үлкен бір жаңашылдығынан көрінбейді, өзіне дейінгі ақын-жыраулар шығармаларында бар тәсілдерді қалай қолдануының сипатынан әрі қандай сөздерді көркемдік мақсатқа пайдалануынан көрінеді. Өйткені Молда Мұса да сөздерді көркемдік мақсатта қызметке жегуде өзіне дейінгі поэзия дәстүрін пайдаланады.
Тілдің аса пәрменді көркемдеу, бейнелеу тәсілдерінің бірі -эпитеттің құрылымдылық, лексика — семантикалық, структуралық ерекшеліктері көптеген зерттеуші — ғалымдардың аңбектеріне арқау болды. Мәселен, эпитет мәселесі орыс тіл білімінде А.Зеленецкийдің, Л.И.Тимофеев, В.Сорокиннің, Д.Э.Розентальдың қазақ тіл білімінде А.Байтұрсыновтың, Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, Р.Сыздықованың, Қ.Өміралиевтің т.б. еңбектерінде сөз болады.
Қазақ тіл білімінде тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған Г.Ө.Мүқаметқалиеваның кандидаттық диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі: «Эпитет дегенміз — екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем, бейнелі образды сөз тіркесі» (7, 8, 38).
Демек, эпитет адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету — ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы.
Молда Мұса эпитет жасауда өзіне дейінгі жыраулардан ұзап кетпеген. Эпитеттердің көбі халық жыр — өлеңдерінде кездесіп отыратын эпитеттер. Мысалы: жалған дүние, опасыз дүние, сүм қара жер, өткен күн, өткен ғүмыр т.б.
Қазақтың байырғы әдеби тілінде өмірді, өлімді перифраздау жиірек кездеседі. Өмірді Молда Мүса бұл заман, алты күн жалған, опасыз бүл дүние, жалған дүние, тар дүние, қарары жоқ дүние, қу дүние деп суреттеп атаса, о дүниені қайырылмастай сапар, қозғалмайтын бір жай, анау жай ақірет деп атайды.
Бұл перифраздардың көбін өзіне дейінгі әдеби тілден алған.
Опасыз бұл дүниенің бостанында
Қалмайды ешбір дарақ сағы сынбай
(«Өзіңді бұл дүниеде жолаушы біл»).
Қаһары жоқ дүние үшін қайғылы боп
Өзіңе-өзің неліктен қыласың күш
(«Өзіңді бұл дүниеде жолаушы біл»).
Бес — алты күн жалғанда ой шығарып
Бекер жатып өлгенше абырой ал
(«Большевиктің эділет бостандығы»).
1. 2.1. Молда Мұсада түр-түсті білдіретін тұрақты эпитеттер көп кездеседі.
«Ақ» — бет, тамақ, бұлт, жүз, жібек, пейіл, некелі серік.
¥қсайды ақ бетіңіз атқан таңға
(«Сырым қызға»).
Ақ тамақ, иегі сүйір, беті қанды
(«Қыз сипаты»).
Қатарына ақ жүзі жарық болып
(«Жолдас ұста»).
Кедей досын ақ пейіл асырады
(«Қайырымды қыз бен қайыршы»).
«Қара» — жер, қас, тер, тас, күш, бұлт, құс.
Қара жерді ақыр кеп жастанарсың
(«Қарекетке жаратқан адамзатты»).
Қара қас, бадам қабақ, көзі нәркес
(«Қыз сипаты»).
Қалың қара бүлтқа кірген күндей
(«Сырым қызға»).
Қара термен көйлегі болды сауыс
(«Қайырымды қыз «).
«Сары» — алтын, жылан.
Сары алтынға мен де қарық, сен де қарық
(«Түзу терек»).
«Қызыл» — гүлдей, тіл, түлкі, шақа.
Ашылған екі бетің қызыл гүлдей
(«Сырым қызға»).
Мақтанғанмен қызыл тіл
(«Сүйгенімді сағындым «).
Күрең ат кетті мені тастады да
(«Мұсабек пен Манат»).
1. 2. 2. Молда Мұса бағалаушы эпитеттерді де қолданады.
«Суық» — самал, көз, темір.
Суық самал бетіне қонбаушы еді
(«Адам мен аюдың достығы»).
Илеген суық темір жіптей есіп
(«Жолдас ұста»).
Ол маған суық көзбен жаман қарап.
(«Сұлу әйел мен молда»).
«Алтын» — айдар, шоқпар, бесік, бас, жаға.
Алтын бесік сықырлап шіренгенде күшіне
(«Шора батыр»).
Тартқанмен алтын суын ділдә болмас
(«Семірген есек»).
Бектері алтын жаға оқалы еді.
(«Жаңаның жақтырып»).
Алжасып алтын басы болыпты жез.
(«Опасыз жар»).
«Болат» — кірпік.
Кермиық, меруерт тісті, болат кірпік
(«Қыз сипаты»).
Молда Мұса ақыр заман, жаңа заман, абат заман, дарқан заман, тарпаң заман деген заманның кезеңдерін эпитет етіп қолданады. Не жалған дүние, қу дүние, тар дүние деген эпитеттерді де қолданады. Олардан басқа қыз сипатын сипаттауда алма мойын, бадам қабақ, қиғаш қас, түйме бас, жазық маңдай, пісте мұрын, оймақ ауыз, күлім көз деген эпитеттер де Молда Мұса өлеңдерінде ерекше орында тұрады. Жоғарыдағылардай эпитеттер сияқты өзінің бейнелеуіш сөздерімен, көркемдегіш тәсілдерімен көрініп отыратын қатқан көңіл, ең қатты, ащы лэззат, жуан білек, жүректі азамат, жан тер, қараңғы тар жол, кок тұқыл, сақал-мұрты деген эпитеттерді де айтуға болады.
1.2.3. Молда Мұса шығармаларында дәстүрлі көне тәсіл-инверсияланған тіркес аясында келетін эпитеттер жиі кездеседі: азуы кере қарыс арлан, мұрны тесік түйе, жүрісі сұлу азада ат, қымбат баға гауһар, қымбат баға жар, шашы ұзын, ақылы қысқа әйел, қүны қымбат байтал, ақылы жұрттан артық бір бала.
Ақылың жүрттан артық бір бала едің
Қимаймын жүзі бөтен жеті руға
(«Сырым қызға»).
Тоғайда жүруші еді бір жолбарыс
Өзі арлан, азуы кере қарыс.
(«¥ры мен жолбарыс»).
Қымбат баға біз гауһар ғылым деген
Осындай қымбат жар табылса…….