Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі еліктеуіш сөздерді » ZHARAR
Мазмұны
І. Кіріспе:
1. Еліктеу сөздердің зерттелу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім:
2. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялык сипаты
4. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі еліктеуіш сөздердің қолданысы.
ІІІ. Қорытынды:
1. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
Кіріспе
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз.Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына елікгеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.
Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы:Бір мезгілде бас жағында сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тарсылдатып келіп қалды (3б).. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді (3б)-деген сөйлемдердегі сатыр-сұтыр, сырт-сырт, арс еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тұр.
Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен ғалым Л. Н. Харитонов .
Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып белініп даралануы профессор А.Ыскақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді . Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Епіктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса , Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.
Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы. Обьективті өмірде болып жатқан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мәні арқылы ұғыны-лады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шығуы туралы пікір-лердің бірі — дыбысқа еліктеу теориясы бойынша табиғаттағы дыбыстарға елікгеуден алғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналған делінеді . Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуіш сөздер және олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңқылдау, қорыл, қорылдау, сықыр, сықырлау, ыңқыл, ыңқылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, «көкек» сөзі құстың «ку-кук» деп шығарған дыбысына байланысты, құстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел . Бұл ғылыми зерттеуде қазақ тілінде нағыз дыбыс пен бейнеік еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер елікгеу сөздер тобына жататыны ғылыми тұрғыда дәлелденді.
Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқтығы және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тілін-дегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бес түрін көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады; 2) Дыбыстық құрамының қатары «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң, шыр» т.с. с. үш дыбыстан құралған сөз-дерді келтіреді. 3) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына «былқ, сырт, дұрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді (1). Бұл модельдер қазақ тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.
Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің мағыналары сол табиғаттағы әр қилы көріністердің бейнелерін білдіреді. Мысалы, «мылтық тарс етгі», «қарға қарқ етті» деген мысалдарда, «тарс» мылтықгың атылуынан шыққан, «қарқ» қарғаның қарқылдауынан пайда болған дыбыс-тардың мағынасын беріп тұрса, «Алшаң басып аю келеді», «Абай кілт бұры-лып, жалт қарады» дегенде «алшаң, кілт, жалт» сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.
Еліктеу сездер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі — елікгеуіш (елікгеме) сөздер, екіншісі — бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады.
1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз — өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.
Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін елікгеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана ұйықгауға байланысты елікгеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «қор-қор, пыс-пыс, быр-быр»сияқты сөздермен беріледі.
Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б.» (1) келтіреді.
Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сездер де бар. Мысалы: Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды(4б).Бұл сөйлемде,сырт-сырт сөзі табиғатта болатын, қорқ-қорқ сөзі аңдардың дыбысына байланысты еліктеуден туған еліктеуіш сөзі қоданылып отыр.
Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйқы-тұйқы, алау-жалау, сап-сап, әлем-жалам сияқты еліктеме сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде қолданылған жеріне әрдайым әсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шығарма тілін көріктендіріп тұрады. Мысалы: Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатыр.Шаң-шұңмен балалр, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып,зорға айырып алды(5б).
2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, не түрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы,Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады (3б). Содлан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала –« ырр» етіп барып бас салды (3б).
Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғана көрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыппын да білдіреді. Мысалы, «дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, опай-топай, алақ-жалақ, мылжа-пылжа» сөздері заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің бейнесін білдіретін сөздер.
Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің қатысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жарқырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауы байланысты мағыналарды білді-ретін «жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, лап-лап, лау-лау» сияқгы сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы арқылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, қисаң, созалаң. Жалпы адамның, тірі жанның, нәрсенің қимыл-қалпын көру қабілеті арқылы қабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.
Адамның көру қабілеті арқылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан құбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Адам мен хайуанаттардың, құстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына «алшаң-алшаң, тайраң-тайраң, апыл-тапыл, қаз-қаз, қақшаң-қақшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқаң-қойқаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң» т.с.с. сөздер жатады.
2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың қимыл, іс-әрекеттерінің сырт тұлға көріністерін бейнелейтін сөздерге «қылт-қылт, қылтың-қылтың, елбек-елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшың-мықшың, қыбжың-қыбжың, қутың-қутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-құлт, ербең-ербең, шыбжың-шыбжың, қаужаң-қаужаң, шошаң-шошаң» сияқты сөздер жатады.
3. Көру сезімі арқылы танылатын әр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын қуаныш, реніш сияқты реңктердің, құбылыстардың бейнелерін білдіретін сөздер тобына «жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, мөлт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт-жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйқы-тұйқы, бурқ-бұрқ, алай-түлей, елең-алаң, апақ-сапақ, қылаң-қылаң, жапба-жұлба, тоз-тоз, құж-құж, ығы-жығы, айқыш-ұйқыщ, олпы-солпы» тағы осы сияқты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.
4. Ойламаған жерден, қапылыстан, кенеттен шұғыл істелетін қимылдың көрінісін, құбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге «сау-сау, сумаң-сумаң, қылп-қылп, зып-зып, қылт-қылт» сияқгы сөздер жатады.
5. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған қалпын білдіретін бейнелеуіш сөздер мағынасын «жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, қапыл-құпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар-жұмар» бейнелеуіш сөздері білдіреді.
Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.
Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
Еліктеу сөздер мағыналық түрлері жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары бір-бірімен ұқсас, орайлас келеді.
1. Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердіи дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.
Еліктеу мағынасын білдіретін сөздерде болатын мұндай ерекшеліктермен қатар, олардың құрамында келетін дауысты және дауыссыз дыбыстардың келуінде де ерекшелік бар. Дауысты дыбыстардың барлық түрлері емес, белгілі бір түрлері ғана еліктеу сөздің құрамында келеді. Еліктеу сөздерді жасауға тек «а, е, ы, і, ұ, ү, у» дауыстылары қатысады. Сонымен бірге бұл дауысты дыбыстар бірен-саран еліктеу сөздің басында болмаса, бірінші дыбыс болып келмейді, көбіне негізінен екінші орында тұрады. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігі еліктеу сөз білдіретін мағынаның өзгеруіне әсер етеді. Дыбыстық құрамы жағынан бірдей жуан дауыстылар қатысқан елікгеу сөздің мағынасы, жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздердің мағынасынан бөлек мағынаны білдіреді. Мысалы, бір топтағы еліктеу сөзге жататын құрамында жуан «а» дауысты дыбысы бар «шаңқ» сөзі мен жіңішке «і» дауысты дыбысы келген «шіңк» еліктеу сөзінің ішкі білдіретін мағыналары бірдей емес. «Шаңқ» сөзі көлемі жағынан ірі, үлкен заттың, әрі одан шыққан дыбыс қарқынының күштілігін білдірсе, «шіңк» сөзінің мағынасы көлемі кіші заттардан әлсіз шығатын дыбысты білдіреді. Еліктеу сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке түрлері, оның айтылуына да әсер етеді. Жуан дауысты дыбыс бар еліктеу сөз күшті қарқынмен айтылса, жіңішке дауыстысы жай қарқынмен айтылады. Бұл еліктеусөздерінің айтылуына тән дауыс ырғағының болатынын көрсетеді.
Еліктеу сөздердің құрамына дауысты дыбыстар сияқты барлық дауыссыз дыбыстар да қатыса бермейді. Әрі сөздің басы мен соңында келетін дауыссыз дыбыстың түрлері біркелкі болмайды, олардың келуінде де өзіндік ерекшелік бар. Дауыссыз дыбыстан басталған еліктеу сөздердің бірінші дыбысы дауыссыздың қай түрінен басталғанына шек қойылмайтын болса, соңында келетін дауыссыз дыбыстардың түрі мен орналасуында белгілі тәртіп болады. Негізінен үш, төрт дыбыстан тұратын соңы екі дауыссыз дыбысқа аяқталатын ……
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com