Курстық жұмыс: Қазақ әдебиет | Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны шығармашылық жұмыстары

0

Мазмұны

Кіріспе
1. Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны.
2. Саяси қайраткерлердің шығармалық жұмыстары.
3. Ермұхан Бекмахановтың «Ұлтшыл» деп
айыпталуы мен ақталуы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиетер.

Кіріспе.
Өзектілігі: қарастырып отырған курстық жұмысымның өзектілігі Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы курстық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі үшінде бұл тақырып өзекті..
Мақсаты: Менің курыстық жұмысымның мақсаты Е. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болуы, мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысқаны, ол еңбектері 1938—1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жариялануын паш ету.
Міндеті: Курстық жұмысты жазу барысында Е. Бекмахановтың шығармашылық жұмыстарын тереңірек зерделеп, тұжырымдап кезеңдік ерекшелігіне мән бере отырып жинақтап жазу. Курстық жұмыс тақырыбына қатысты жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтармен шектелмей тікелей деректерге мән беру қажеттілігін түсініп, қазақ тарихын түптеп зерттеген Е. Бекмахановтың шығармашылық жұмыстарымен еңбектерінен оқу – ағарту ісіне қатысты мағлұматтармен жұмысты толықтыру.
Тақырыптың зерттеу тарихнамасы: Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болуы, Мысалы, қазақ мектептері үшін тұңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысуы, ол еңбектері 1938—1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жариялануы сонымен қатар тарих ғылымына белсенді аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасуы, ол әрекетінің жемісті басталып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, камқор жетекші болған КСРО Ғылым академиясынын академигі (ол кезде корреспондент мүше) белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовамен кездесуі әсері, 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуациялануы, қай кезде де іскер, тынымсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынуы, іздегенге — сұраған дегендей, бұл идеяның басықасында сол кезде Оку халық комиссариатында істейтін Бекмахановтың жүруі, осылайша құрылған Ресей және Қазакстан ғалымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп окытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығаруы осы курстық жұмыстың зерттеу тарихмнамасы болып табылады.

Түйін: Бекмаханов тағлымы жеке басқа табыну дәуіріндегі ғылымда ойлау-зерттеу бостаңдығы болмағанын тарих ғылымы тұмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақ-тардың саяси қолшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дәлелдейді. 40—50-жылдардағы тарих майданы, әдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияға ұшыратуы, еліміздің объективті тарихын жазуға тұсау болды, қажетсіз сыңаржақ «еңбектерге» жол ашты, халқымыздың ұлттық санасын тұмандандырды. Соның сазайын қазір де тартып отырмыз.
2.1. Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны.
Қазақ тарих ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлес қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандарды былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақстан тарихнамасы толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да (тарих ғылымынын тарихы) әлі жасалған жоқ тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс, тарихшыларының тұжырымдамаларын таныстырумен шектеледі. Тіпті Қазақстан тарихшылары Қазақ Совет Энциклопедиясына да түгел енбеген. Мұның басты себебі, сталиндік әпербақан саясатқа сай қазақ ұлттық инттеллигенциясынын «ұлтшылдық» желеуімен қудалануы, іс жүзінде орыстың шовииизмінің үстемдік етуі. Ол заманда «ұлы орыс халқына» бойсұнған «кіші халықтар» өз тарихын тек жалған интернационалистік, орыс халқының оларды біріктіріп басын қосып, компартияның басшылығы арқасында
социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды. Осылайша тарих ғылымы «халықтар достығын» көлгірси дәріптеуші идеологиялыққұралға айналып келгендей болды.
Идеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылыми дәлелдеусіз-ақ партия-кеңес алпауыттарының қаулысымен, немесе демократиялық заңды жолмен, яғни кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырды. Қатаң партия бақылауы кенес халкының әділ де, шын ғылыми тарихын жасауға жол бермей келді. Көптеген тарихшылар, әсіресе КОКП тарихын зерттеуші партияның ең сенімді тарихшылары (олардың жазғандары тіпті ерекше «саяси партиялық ғылымға» жатқызылды) іс жүзінде еріксіз де, ерікті де кеңес тарихын бұрмалап келді. Сөйте тұра олар шетелдердегі (КСРО мен достас социалистік елдерден басқа) өз әріптестерін біздің тарихымыздағы бұрмалаушылар, антиком-мунистер қатарына жатқызды.1
________________________________________________________
1. Бекмаханов. Е. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» 371 б.
Міне, ақыл-ойды тұншықтырған идеологиялық темір құрсаудан босанған, сөйтіп тәуелсіздік алған халқымыз егемен елдің тарихын да жазу міндетінің алдында тұр. Қазақстан тарихшылары халқымызға және бізді танып-білгісі келетін басқа халыктарға енді бұрынғыдай «саяси ботқа» емес, дәм-тұзы татымды ғылыми еңбектер беруге борыштар. Бірақ бұл
тез уакыттың ішінде біте қояр іс емес. Біз бұл жұмысты жаңа ізденістерден бастауымыз абзал. Бірак казіргі экономикалық қиыншылықтар тұсында, оның үстіне Қазақстанға қатысты архив қорлары баска елдерде болғандықтан көлемді, тың тарихи еңбектер жазу қиындай түсуде.
Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған, тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де, аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да казіргі дәуірдің таяудағы игілікті ісі болса керек.
Оқушы қауымға ұсынылып отырған осы кітап сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмаханов-тың ең басты енбегі.
Бұл кітаптың кеңес тарихнамасындағы орнын басқа ешбір туындымен салыстыруға болмайды десек бұл сөзіміз шындыктың шенберінен шықпайды. Сонымен бірге бұл шығарма өзінің заманындағы ресми сталиндік көзқарасқа керегар келгендіктен жас тарихшының тағдырына үлкен кесел келтіргенін де жасырмауға тиістіміз. Бұл жағдай кезінде казақ тарих ғылымының дамуына идеологиялық шідердін мықты болғандығын дәлелдесе, саяси пайдакүнемдікке (конъюнк-тураға) ғылыми адалдықты қарсы қойған автордың батылдығын да көрсетеді. Бекмаханов — объективті ғылыми шындықтын жағындағы зерттеуші. Оның есімі осынысымен биік тұғырға шығып; ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болған. Бекмаханов жайлы жылы пікір айтқан академиктер Греков, Панкратова, Дружининдер кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және өз пікірлерін ешуақытта да өзгертпеген, тіпті ен жоғарғы партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді.
Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы. Бірақ өкінішке карай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінді де, сталиндік-империя-лық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпады. Бұған себеп тарих ғылымы Бекмаханов тұжырымдамасы-ның деңғейінен төмен тұрды. XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршыл-дарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығың оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылы жетпеді. Осындай жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың (қазақтарды азат еткен ұлы Қазан төңкерісі, ұлы орыс халқы), жалған интернационализмнің (ұлы орыс халқы Ресейдін барлық халыктарын біріктірді) сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді. 2.
1992 жылы «Қазак университеті» («Санат») баспасы абыройлы іс жасап, Бекмахановтың аталмыш монографиясын қайтадан басып
шығарды (Е. Бекмаханов. Казахстан в 20—40 годы XIX века. Издание второе. Послесловие доктора исторических наук, проф. А. Такенова). Бұл енбектің бірінші басылымы тарих ғылымының докторы, проф. М. П. Вяткиннің редакциясымен 1947 жылы. (Алматы, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы) жарық көрген болатын.2-басылымда ешбір өзгерту жасалмаған, тек жағрафия-лық және адам атауларының көрсеткіші алынып тасталған.
Бұл басылым халық арасында жылы ілтипатқа ие болғакдықтан баспа кітапты тұңғыш рет қазақ тілінде жариялап отыр.
Бұрынғы басылымдарда оның авторы жайлы көбіне айтылмайтын. Әрине, тарихи зерттеуді оның заманынан және оны
___________________________________________________
2. Бекмаханов Е.Б. — Кеңесары Қасымов көтерілісінің бұқаралық туралы мәселесі «Известия АН Каз ССР, серия историческая», № 2 1946
жүргізген авторынан ажыратуға болмайды. Сондықтан да тұлғалы ғалымды оқушы жастарға толығырақ таныстыру әділетті де, әрі тарихнамалық мәні бар деп білеміз. Сонымен бірге егемен елдің жастары еткеннен тағлым алып, тарихи зерттеудің ауыр жолымен танысып, әр кезде де таланттың жауы дарынсыздык, іштарлық-кереалмаушылық екенін де естерінде ұстағаны артық болмас деген ойдамыз.
Ермұхан 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында № 10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бөгеиұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер
табына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екені, ал Ермұхан Абылайдан тараған 7-буын екені соңғы кезде ғана анықашық айтыла бастады. Әкесі Зында Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан 6 жасқа келгенде дүние салады. Анасы Бәпіш отбасының ауыртпалығын бір өзі көтеріп, үш баласының қамкоршысы болады. Ерекеңнің өз қолымен жазылған өмірбаянында шешем колхозшы, 1932 жылы қайтыс болды дегеннен басқа сыр ашпаған. Шындығында оның анасы мен қарындасы ашаршылықта өліп, денесі қайда калғаны да белгісіз. 3
Ермұхан тек ағасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Дінше де 1931 жылы, тым ерте, кайтыс болады. Ермұхан
Баянауылда жеті жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін 1932 жылы Семейде жоғарғы оқу орнына даярлайтын 1 жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ АКСР Оку-ағарту халық коммиссариатынын жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық инситутқа қабылданып, 1937 жылы тарих факултетін бітіреді.
Бекмахаовтың педагогтық қызметі Алматыдағы № 28 мектепте, 1937 жылы Алматыдағы педагогика ғылым-зерттеу институтында (қазір Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты) басталып, 1939—1940 жылдары осы институттың директоры болады. Оған коса ҚазПИ-дің аспирантурасын тәмамдап, 1940—1941 жылдары БКП (б) Орталык
Комитеті жанындағы жогарғы партия мектебінде оқып, оны жедел бітіріп шығады (Бекмаханов 1939 жылы партия қатарына _______________________________________________________
3. Бекмаханов. Е. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» 372 б.
өткен). Ұлы Отан соғысы жылдары жас тарихшы өзінің білімін толықтырумен қоса тікелей ғылыми зерттеу жұмысымен де толассыз айналысады, әр түрлі оку орындарында да дәріс береді (ҚазПИ, Оқытушылардың білімін жетілдіру институты, 1947 жылдан өмірінің соңына дейін — ҚазМу). Бұдан әрі Бекмахановтың өмір тарихы былайша өрбиді: 1941 —1942 жылдары КазКСР оқу халық комиссариатында мектептер басқармасынын бастығы, 1942—1944 жылдары — Қаз (б) КП Орталык Комитетінің лекторы, 1943—1948 жылдары ҚазКСР ҒА-ның тарих, археология және этнография институтында (қазір Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнография институты) аға ғылыми қызметкер, біраз уақыт институт директоры С. Юшковтың орынбасары.
Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болады. Мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысады. Ол еңбектері 1938—1939 жылдары «Халық мұгалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жарияланады. Ал тарих ғылымына белсенді аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасады да, ол әрекетінің жемісті бас-талып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, камқор жетекші болған КСРО Ғылым академиясынын академигі (ол кезде корреспондент мүше) белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовамен кездесуі әсер етті. 1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуацияланады. Қай кезде де іскер, тыннмсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Іздегенге — сұраған дегендей, бұл идеяның басықасында сол кезде Оку халық комиссариатында істейтін Бекмаханов жүреді. Осылайша құрылған Ресей және Қазакстан ғалымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп окытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығарады….