Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық реттеуді ұлттық валютаның айырбас
Мазмұны
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
1 Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор
1.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.
¥лттық валюта жүйесі — белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі — мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар — валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :
— халықаралық ақшалай тауар ;
— халықаралық өтемпаздық;
— валюта бағамы ;
— валюталық нарықтар ;
— халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
— халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар — әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Валюта — бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:
— халықаралық сауда валютасы ;
— халықаралық резервтік валюта .
Халықаралық сауда валютасы — халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату — сатып алу объектісі бола алады.
Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.Біз оны 1- кестеден көре аламыз.
Критерий Валюталардың түрлері
валюта статусымен үлттық шетел халықаралық аймақтық
қолдану тәртібімен еркін айырбасталатын жартылай айырбасталатын айырбасталмайтын
валюталық операциялардың түрлерімен келісім бағасының валютасы төлем валютасы несие валютасы вексель валютасы
басқа валюталардың бағамына қатынасы бойынша күшті әлсіз
Кесте 1— валютаның жіктелуі
Негізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.
Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады
Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .
Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:
1 Еркін — айырбасталатын валюта — елдердің әлемде өз валютасының айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы
2 Жартылай айырбасталатын валюта — елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар
З Айырбасталмайтын — бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.
Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт жүйесі 1879 — 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :
— ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;
— алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;
— алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:
— жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
— жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.
1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық бас қосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталык бағам жүйесі » туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда — Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті ? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құның «б» елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты — дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды.
Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
1 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
2 Алтынның үлкен қоры құрап алды.
Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағамен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігн жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
Бұл жүейні «реттеулі ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дүрыс болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.
Осы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары да болған. Жақтаушылардың келтіретін дәлелі :
— сауда көлемінің өсуі;
— келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда :
— ауыспалықпен бейімделу.Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отыруы ;
— «жүйелі еместігі».
Үшінші халықаралық валюталық жүйенің құрылымы 1976 жылдын қантарында Ямайканың Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды. Осы валюта жүйенің негізі еркін айналымдағы валюталық бағам және көп валюталық стандарт болды.
1.2 Халықаралық валюталық қор
Халықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.
Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесіне тоқтала кетсек, Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесі Басқарушылар кеңесі, уақытша комитет, даму комитеті, атқарушы кеңес, басқарушы, персонал кіреді:
— басқарушылар кеңесі — әрбір мүше-елдің бес жылға тағайындалатын өзінің басқарушысы мен оның орынбасарынан құралатын Халықаралық валюталық қордың жоғарғы басқару органы.Әдетте оларға қаржы министрлері немесе орталық банктердің басқарушылары жатады және олар сессияға жылына бір рет жиналады.
— уақытша комитет. Атқарушы кеңестің шешімдерін іске асыру қызметін атқарады. Халықаралық валюталық қордың 24 басқарушысынан тұрады. Уақытша комитет жылына 2 рет жиналып, Басқарушылар кеңесінің алдында істелінген жұмыс нәтижелері мен болашақ жоспарлар туралы жауап ұстайды.
— даму комитеті. Уақытша комитет сияқты Халықаралық валюталық қордың 24 басқарушысынан тұрады және Халықаралық валюталық қордың Басқарушылар кеңесінің алдында жауап ұстайды.
— атқарушы кеңес. Басқарушылар кеңесінің өкілеттіліктерінің едәуір бөлігін атқарады. Сонымен қатар Халықаралық валюталық қордың мүше-ел қатынасында саясаттың кандай да бір мәселелерін шешумен айналысады.
— басқарушы. Атқарушы кеңеспен ұйымның персоналына басшылық етеді. Басқарушы Халықаралық валюталық қордың күнделікті жұмысына жауапты. Басқарушы Атқарушы кеңеспен бес жылға тағайындалып,содан кейін қайтадан келесі мерзімге тағайындалуы мүмкін. Халықаралық валюталық қордың әр мүшесі СДР түрінде көрсетілген, квотаға ие. Квота мүше-елдер мен Қор арасындағы қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы қарым-қатынастардың негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар ол ХВҚ мүшелерінің дауыс саның анықтайды және әрбір елге 250 базистік дауыс беріледі. Әрбір елге 1 млн. СДР үшін 1 дауыс қосылып отырады.
2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды. Ол қордың мүшелерінің жарналарынан құралады. Әдетте, әрқайсысы өз квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің валютасында, ал қалған 75%-ын өзінің ұлттық валютасында төлейді. Қор мүшелері арасындағы дауыстар әрбір мүшенің квотасының мөлшеріне байланысты бөлінеді. 2006 жылдың 16 маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:
1 США-17.8%;
2 Германия — 6.99% ;
З Жапония-6.13%;
4 Ұлыбритания — 4.95% ;
5 Франция — 4.95% ;
6 Италия-4.18%;
7 Сауд Арабиясы — 3.22% ;
8 Ресей — 2.74% .
ХВҚ-дың негізгі функциялары:
— халықаралық сауданы кеңейту;
— несиелендіру;
— ақша айырбастау бағамдарын тұрақтандыру;
— дебитор елдерге кеңес беру.
Қазақстан Республикасы мен Халыкаралық Валюта Қорының арасындағы кредиттік келісімдерге тоқталуын маңызды деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қорының арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:
1 1993 жылғы 2 ақпанда макроэкономикалық тұрақтылық және жүйелі қайта құру (SТF) үшін Қазақстан Республикасында 123.75 млн. СДР сомасына ресурстар беру бағдарламасы қабылданды.
2 1994 жылғы 26 қаңтарда ХВҚ Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылық және құрылымдық реформалар бағдарламасын мақұлдады және осы бағдарламаны қолдау үшін резервтік капитал (Stand-by) туралы алғашқы Келісімді жасады. 185.6 млн. СДР сомасына 1995-1996 жылдарға жаңа Келісімге қол қойып, Stand-by бағдарламасын кеңейту туралы шешім қабылдады.
3 1996 жылғы 17 шілдеде EFF Келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес Қазақстан EFF бағдарламасының іс-әрекет ету кезеңі ішінде Үкімет пен ҚҰБ қандай да бір валюталық шектеуліктерді енгізуге немесе күшейтуге, қандай да бір болмасын көптеген валюталық бағамдарды қолдануды тәжірибеге енгізуге немесе модификациялауға, Келісім Баптарындағы VIII Бапқа қайшы келетін. кез келген екіжақты төлем келісімдерін жасауға немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізуге немесе күшеитуге тиіс емес деген міндеттеме алады.
4 1999 жылғы 13 желтоқсанда 329,10 млн. СДР сомасына EFF -2 Келісіміне қол қойылды. Оның мақсаты мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту және халықаралық резервтерді жинақтау болып табылады.
2000 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ кредиттік желісі бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі өз міндеттемелерін уақытынан бұрын өтеді.
Ұлттық Банк ХВҚ-ына апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ының АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуірдегі) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері бойынша (сұрақтарға жауап беру) ұсынылады.
ХВҚ Статистикалық Департаментінің Сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық мәселелер туындаған кезде консультациялық көмек береді.
Халықаралық Валюта Қоры үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистикаға, оның ішінде акша-кредит статистикасына 2003 жылы Қазақстанға қосылған ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») жүйесіне сәйкес бағалау жүргізіледі. Бағалаудың негізінде «Стандарттарды және кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.
Соңғы рет ХВҚ-ның Стандарттарды және кодекстерді сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы Алматыда 2006 жылғы караша желтоқсанда жұмыс істеді.
2004 жылы ХВҚ-ның миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру миссиясы бойынша техникалық көмек көрсетті.
2008 жылы мынадай жұмыстар жүзеге асырылды:
— Қазақстандағы ХВҚ миссиясының жұмысы шеңберінде (21-30 сәуір) миссия мүшелерімен ақша-кредит статистикасы мәселелері жөнінде талқылау өткізілді, миссияның жұмысы үшін материалдарды тексеру және дайындау жүзеге асырылды;
— ROSC есебінің ақырғы нұсқасы тексерілді және оны жариялауға келісім берілді;
— монетарлық статистика мен осы мәселеде техникалық көмек көрсету деректеріндегі айырмаға қатысты ХВҚ миссиясының басшысымен және мүшелерімен хат жазысу жүргізілді;
— ХВҚ мен Әлемдік Банктің «Қаржы секторын бағалау бағдарламасы» деген бірлескен баяндамасындағы ақпаратты тексеру жүргізілді;
— ХВҚ мен Даму Банкінің экономика секторын нақтылау жөнінде хат алмасу жүзеге асырылды;
— ұлттық шоттардың жаңартылған жүйесі жөнінде, ұлттық шоттар бойынша деректер ұсыну жөнінде ХВҚ-ның сұратуы бойынша есептер ұсынылды, ҚРҰБ деректемелері жөнінде ақпарат ұсынылды;
— «ХВҚ-ның мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылын бағалау: елдердін ресми органдарымен байланыс жасау» сауалнамасын толтыру бойынша ХВҚ-ның сұратуына жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да, ХВҚ-да, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасының негіздерін жасаудын әдіснамалық негіздеріне оқытуды жүргізеді.
ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісімі Баптарының IV Баптарына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды жүргізу үшін жыл сайын Қазақстанға келеді.
2008 жылғы 7 қарашада Банктік қадағалау жөніндегі жобаны қаржыландыру туралы Ұлттық Банк пен Халықаралық Валюта Қоры …….