Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша жүйесі және ақша айналымы

0

Мазмұны

Кіріспе4
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері6
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы11
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі19
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
2.2. Ақшаның түрлері 25
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы
Қорытынд
Қолданылған әдебиеттер
-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері

Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-

қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Ақша жүйесінің типі: ақша — ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі.
• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып бөлінеді.
Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметализм үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездеседі. Дегенмен 1865 ж Франция, Бельгия, Швицария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878жж.) Латын монеталық одағы конвециясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғадықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады” деген қағиданың өмірдегі көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келеді.
Монометаллизм — ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843 жж. жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептеледі. Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Оған қоса, 1853-1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығрылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизмі ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. Заң жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда – 1871-1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) -1873 ж., Францияда – 1876-1878 жж., Австралияда 1892ж., Ресей және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та 1900 ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмінің үш түрі болады.
Алтын монетлы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:
• елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;
• алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
• айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда монеалл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
• алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығұға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығынарттырады. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып,алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 2105 мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық
валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизімінің барлық формасы жойылды. Мысалы, Ұлыбританияда -1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж. және с.с.
1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құмайларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы қойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арсындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты. [1, 57-62 бет] , [2, 46-47 бет]

1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы.

Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек
қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
• қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен қызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы және т.с.с.) сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді;
• мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті;
• ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
• ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді;
• мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын
мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:
• ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
• ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады;
• ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
• ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;
• қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
• қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!