Курстық жұмыс: Қаржы | АҚША ҚАРАЖАТТАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Мазмұны
КІРІСПЕ
І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтері………….. 6
1.2 Ақшалай қаражат: қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай
қаражатты түгендеу ……………………………………………………………………….8
ІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Касса операцияларының есебі және түрлері……………………………………11
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі…………….22
2.3 Валюталық операциялар есебі…………………………………………………………27
2.4 Қаржылық есепкерлікте ақша қаражаттарының есебін ашып
көрсету………………………………………………………………………………………………..29
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………..35
ҚОСЫМШАЛАР
І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Ақша қаражаттар есебін жүргізудің маңызы мен қызметтері
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есе» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайыңдағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (ягни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысы түрлі операциялар паңда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгаятерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақы-тылы дер кезінде есептеу.
2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
3. Есеп айырысу, төлеу тәрттібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың, ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқарады. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша ең алдымен қоғамда өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес қиялдағы яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі таурадың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Ақшаның тауар айналысында атқаратын 2-қызметі – айпалыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Сонымен қатар ақшаның келесі қызметі – қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін.
Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметі арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бақылау процестері жүреді.
1.2 Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау, ақшалай қаражатты түгендеу
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі — активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбэсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындауы тиіс:
— ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
— қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
— касса тек қажетті қалдықты сақтау;
— кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
— ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
Түсімді бақылау.
1. Ақшалай шығындарды бақылау.
2. Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
3. Кассалық қалдықты салыстыру.
4. Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
5. Кассалық қалдықты салыстыру.
6. Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді (1.1-сызба).
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.
Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұжым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).
Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалды ма немесе одан «Кассирдің міндетемесі» алынды ма, кассаның жарақтандырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма?
Мысалы. Кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынандай жазбалармен рәсімделеді.
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шот дебеті
6160 «Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс»шот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:
— анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады 2940 «Кем шығу,құндылықты бүлдіру» шот дебеті
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шот кредиті 5000 тн.;
— кем шығу кассир есебіне қойылды.
1255«Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот дебеті.
2940 «Кем шығу,құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті 5000 тенге;
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шот дебеті
— кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістік кассалық ордер жазылады)
1255 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар»
шот кредиті 5000 тенге.
ІІ. Ақша қаражаттармен есеп айырысу операцияларының есебі
және түрлері
2.1 Касса операцияларының есебі және түрлері
Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер — заңды тұлғалар, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
Кассалық операциялар — бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі — бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 қарашадағы №394 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Олар бойынша келесілер қарастырылған:
— кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
— ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
— ақшаның төлемқабілеттілігін анықтау тәртібі;
— зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және т.б. Банктер банктік зандылықтарға сәйкес кассалық және басқа да банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп-кассалық бөлімшелерді ашуға құқылы.
Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмысқа қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялық касса кассирлері касса меңгерушісінен аванс ретінде белгілі бір қолма-қол ақша сомасын алады және жұмыс күні соңында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейін құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдын ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.
Клиенттерден банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттармен жүргізіледі.
Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді, ол кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша кассалық журналда ақша сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық құжатты қабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген ……