Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналыс заңы

0

Мазмұны

І Кіріспе
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
1.2. Ақшаның мәні және қызметтері.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ақша жүйесі және оның экономикалық мәні.
2.2. Инфляция және оның экономикалық мәні.
2.3. Бағалы қағаздар нарығы.
2.4. Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу.

ІІІ Қорытынды.
Ақшаның жалпы эквивалентжәне экономикалық категория ретіндегі түсінігі.

Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір –бірінен бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса ,онда тауар айналысыда болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент
Ақша жалпы бірдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген).
Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
— Жалпыға тікелей айырбасталу,
— Айырбас құнының дербес формасы,
— Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социолизм жағдатында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлу мен ғана шектелді. Кәсіпорындар ,жер,орман, жерасты сатып алынбады. Казіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүрумен байланысты , жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру , Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің , олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылыкөрінеді.

Ақша қызметінің эволюциясы.
Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын , тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша.

Ақша құн өлшемі ретінде.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауарға , құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жқмыс уақытын емес , осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша айналыс құралы.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып , өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
— Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы.
— Оның идеялды ақшала емес, нақты қолма -қол ақшалар орындайды.
— Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын) , оны ауыстырушылар-ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы.
Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы Міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес.
Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса , яғни тауар төлемақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса , онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құрал ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес ғ сонымен бірге қаржы-несие қатынастары да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
— Тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер.
— Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер.
— Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер.
— Банктік қарыз , мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме.
— Сақтандыру міндеттемелері.
— Әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Аөша төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.

Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.
Тауар шаруашылығының кеңейуі , шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүние жүзілік нарықтың пайда болуы, дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болады.
Сөйтіп аөшалар ертеден адамзаттың пайда болуы мен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойына ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи даму процесіне жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, бақалшақ, метал бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінң себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай- ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтын мен жүргізілсе , бұл күндері қағаз несие ақшалармен жүзеге асуда.

Ақша айналымы және ақша айналысы.
Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90- жылдың орта шеніне дейін ТМД елдердің басылымдарында ақша айналымы және ақша айналысы деген ұғымдарға анықтама берілген. Ақша айналымы деп- колма- кол ақша мен колма-кол емес ақшаның қозғалысын айтады. Экономиканың әр үлгісі бұл үғымдардың мәні мен кұрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді: Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
— қолма-кол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардьң шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық коғамдық енім өндіріс кұралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен кызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда коғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетакы және т.с.с.) сәйкес мемлекетгік сауда жүйесі аркылы бөлінеді. — мемлекет заңмен ақша айналымьн: колма-кол ақша және колма-кол емес ақшаға бөліп, ақша айнамының қай түрі кандай бөлу жүйесіне кызмет атқаратын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша козғалысы халыктың акшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал колма-кол емес акша қозғаласы өндіріс кұрал-жабдыктарын бөлуді көрсетеді;
— ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалык заңдармен реттеледі;
— ақша айналымы біртектес мемлекетгік меншік формасына кызмет көрсетеді;
— акша айналымының алғашкы және қорытынды кезендері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізеді;
— қолма-қол ақша және колма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарды;
— мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен шұғылданады.
КСРО негізінде құрыған ТМД елдерінің нарықтык қатынастарға өту кезінде жүргізілген іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті беймемлекеттендіру және т.б.) акша айналымында өзғерістер болды.
Нарықтык экономика үлгісі жағдайындағы акша айналымына тән ерекшеліктер:
-ақша айналымы негізінен шаруашылықты нарықтық қатынастарға кызмет жасайды,ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;
— қолма-кол ақша және колма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
— ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялык банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады; — ақша айналымы әртүрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
— ақша айналымының алғашқы және корытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әртүрлі коммерциялык және мемлекетгтік банктерде шоғырланған;
— қолма-қол ақша және қолма-кол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;
— қолма-қол ақша эмиссиясын Орталык банк жүргізіп, ал колма-кол емес акша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айшишмы деп қолма-қол және қолма- қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін акша белгілерін айтамыз. Бүл анықтама ақша айналымының мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал металл акша жүйесіндегі әрі тауар, әрі ақша айнапымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның (алтьн немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уакытта жүрді, Сондыктан қүн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымын деп атауға болмайды. Оған себеп- қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құньмен салыстырғанда өте төмен.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Сонымен ақша айналысы дсп — белгілі бір мерзімде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер соммасына тең ақша айналымының бір бөлігі. Ал акша айналымы деген қолма- қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айрысуын қамтамасыз ететін ақшаның кызметі.

Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы.
Айналыста тек қолма-кол ақша жүргендіктен оны ақша айналысы деп атайды, Айналыс және төлем құралдары ретінде накты ақша белгілері (банкноталар, казыналақ билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.
Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттык банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР- ның ақша өлшемі- теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, қарызды өтеуге, бағалы қағаздар мен лотарея сатып алуға, жалгерлік ақы және т.с.с. төлеуге жұмсалады.
Қолма-қол емес ақша айналымы{ төлем айналымы)- ол банктегі шот иесінің жазбаша бүйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90-пайызға жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушыларының банктегі шотына немесе жазу түрінде, немесе олардың талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айрысу операцияларын жүргізу үшін әртүрлі шоттар қолданады. Олардың арасында кең тарағаны: есеп айрысу және т.б. шоттары. Қолма- қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және каржы міндетгемелері бойынша болып екі топқа бөледі. Бірінші топқа тауарлар мен кызметтер үшін қолма- қол ақшасыз есеп айрысу, екіншіге бюджетке төленетін төлемдер және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды үйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамудың ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы: ең алғаш 1775ж. Үлыбритания чекті , векселді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған , ал Германия- жирошотты , ТМД-ға мүше- мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданылады. Қазіргі кезде пластикалык карточкаларды колдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды үйымдастыруда ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік тәжірбие дәлелдеді. Олардың көптеген түрлерінің Ішінде , негізінен, магнитті жолағы бары кең колданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары корғалу дәрежесі микропроцессорлы карточканы аиналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде . Банктердің есеплесу операциялары: инкоссо, аудару және
аккредитив болып бөлінеді
Инкассо- әртүрлі кұжаттарды пайдаланып, клиентердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер , вексельдер, болғалы кағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассалық операцияның екі түрі бар: Жай инкассо- клиенттің банк арқылы коммерциялык құжатсыз койған төлем талабы негізінде банктІң үшінші жақтан ақша талуға міндеттенғен операциясы. Кұжатты инкассо- үшінші жаққа клиентпен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма -қол алғанды немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктІң жүргізетін операциясы.
Аудару операциясында клиент банкіне өз шотынан белгілі — бір сомманы көрсетілген жакқа аудару жөнінде тапсырма береді.Бүндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық акы алады.
Аккредитив (латын сөзі- «сенемін»)- бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір сомманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Акшалы аккредитив- атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген сомманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент- банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив-келісім-ол бойынша
эмитент-банк клиенттерінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі және ол берген аударым вексельді акцептеуі, кұжаттарды есептеу немесе сатып алуы керек.
Электрондық төлем жүйесі-ол қағазсыз тасымалдаушы электронды сигнал жіберу аркылы ақша соммасын аудару банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін колданылады. Банк клиентгеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:
— автоматтандырылған есеп айрысу палатасы;
— банктік автоматтар;
— сауда үйымдарындағы терминалдар;
— үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.
Банктік автоматтар -ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
Терминалдар- сауда орындарында, сауда үйымдарында есеп айырысатын қызметкерлер банк жүйесінде төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен катар сатып алушының телем кабілеттілігі туралы хабар кері алуға мүмкіндік беретін қүрылғы.

Метал ақша айналысы.
Ақша өзінің материалдық- заттық құрылымы жөнінен метал ақшалар және қазыналык билеттер болып екіге бөлінеді. Метал акшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірак формасы жоқ метал сынықтарынан орнына әртүрлі массалы метал кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІП ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болды. Осыған байланысты қазіргі уакытта кептеген ақша елшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы: фунт, стерлинг, ливр, марка-«жарты фунт» деген үғым. Ал фунт -қазак- орыстың бүрынғы 409,5 грамдык өлшеміне тең екен. Киев
Русінде ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы рубль деп аталған. Металл ақшаның алғашқы түрі — құйма металл, оның формасы да әртүрлі болған (шыбык, сым, табақша және т.б.)

Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары.
Металл ақша айналысының объективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажетгілігін арттырып, ақшаның дербес кұны жоұ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:
— біріншіден, акша құн өлшемі кызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша айналыс құралы ретінде атқару ерекшелігіне;
— екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасына акша делдал болуына байлаңысты.
— бүл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс;
-монетаның табиғи ысылып тозуының толык құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы: 1809-1829ж.ж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылды; мемлекеттің және жеке адамдардың — жасанды ақша жасаушылардың монетаны бұзуы.
Қағаз ақша ( » декретные деньги»- өкіметтің қаулысымен кабылданған -«заңды ақша») — ол толык құнды акшаның орнына айналым және төлем құралы кызматтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте айырбасталмайтын ақша белгісі. Өз құны болмағандыктан қағаз тұрақсыз, тек кұнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әртүрлі себептер әсер етеді:
— бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
— әскери және баска өндірістік емес шығындар;
— еңбек өнімділігінің құлдырауы;
— тауар массасының төмендеуі;
— пассивтік төлем баланысы;
— ақша шығаратың үкіметке сенімнің төмендеуі т.б.

Несие ақшалары және олардың түрлері.
Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын пайдалануға байланысты бірсыпыра жойылуы мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл — тауар несиеге сатылды деген сөз. Несиені кайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары — сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толык құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі акшаның төлем қүралы кызметін атқаруы.
Несие ақшалары да кағаздан жасалады, бірак оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты ( тауарлы -материялдық бағалылықтардың қорын -құру және т.с.с) жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады . Сөйтіп қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін .
Несие ақшаларының ерекшелігі- оларды шығару іс жүзіндегі айналым қажетгілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз әдетте белгілі бІр қорлардың құрылуын камтамасыз ету үшін берілсе , ал оны кайтару қордағы құндылықтардың калдығы азайғанда жүргізІледі. Осыған байланысты карызға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкІндік туады.
Несие ақшалардың бұл ерекшелігі — оның кағаз акшадан ең негізгі артықшылығы.
Вексель -телем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздың сатушыға жазбаша түрде берген қүжаты. Алғашқыда вексель тауар өндірушілердің төлемді кейінге қалдырып, біріне- бірі тікелей (күжаттарын банк арқылы өткізбей ) тауарлырын карызға сатуы негізінде пайда болады. Сондыктан тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады. Демек, коммерциялық вексель тауармен қамтамасыз етілген.
Коммерциялық вексель — жай және аудары…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!