Курстық жұмыс: Психология | Түрлі зақымдардан гнозистің бұзылуы

0

Мазмұны

Кіріспе
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.
1.2. Гнозистің мида ұйымдасуы мен оның зақымдалуы.

ІІ бөлім. Түрлі зақымдардан гнозистің бұзылуы.
2.1. Мидың маңдайлық бөлімдері әлсірегенде гностикалық процестердің бұзылуы.
2.2. Көру қабықшасы әлсірегенде заттық қабылдаудың бұзылуы және симультанды агнозия.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Психиканы функциялық жүйе ретінде түсіну үшін психиканы сыртқы тәжірибе іс-әрекетті туғызған ішкі іс-әрекет ретінде осының құрамына кіретін оның са қажетті бөлігі немесе жағы ретінде қараудың аса маңызды болады. Алайда бұл пікір қисынды түсіндіруді талап етеді. Ең алдымен психиканың ролін анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әркеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын, сыртқы және ішкі іс-әрекеттің өзара қатынасының табиғатын анықтайтын жағдай айқын емес. Ішкі іс-әрекет сыртқы іс-әрекеттің функциялық бөлігі немесе өзінің ерекше функцияларын осы іс-әрекет жүйесінде орындайтын органы болса ала ма немесе сыртқы және іс-әрекеттер функциялық жағынан мәні бірдей ме және бірыңғай, іс-әрекеттің екі жағы.
Биологиялық белсенділіктің өрістеуі, жаңа тіршілік жағдайларына қосылумен байланысты. Жоғарғы психикалық функция тіршілік әрекетінің аймақтарын кеңейту, ұдайы жаңа жағдайларға барып және онда организмге сәйкес іс-әрекетті қамтамасыз ететін жаңа рефлекторлық жүйелерді қалыптастыруды талап етеді.
Тіршілік ортасының күрделенуін организмнің соған сәйкес күрделенуімен жеңеді. Биологиялық түрлері белсенділігі тұрақты болған жағдайда, физиологиялық жүйелерге сәйкес автоматты функциялық өрістеу, табиғи сұрыпталу жолымен психикамыздың жоғарғы функциясы бейімделу біртіндеп қамтамасыз етіледі. Сондай – ақ салыстырмалы түрде біркелікті ауысып отырады. Жоғарғы психикалық функциялары осы кездегі көптеген психологиялық мәнге жауап беретіндей.
Психиканы түсіндірудің тағы бір танымал тәсілі оған мидың немесе жүйке жүйесінің функциясы деп анықтама беру яғни психикаға қарағанда белгілі бір зат деп қабылдауға болатын нақты физиологиялық органмен қиюластыру.
І бөлім. Қалыпты және зақымдалған жағдайдағы гнозистік мәселелер.
1.1. Қалыпты жағдайдағы гнозис және оның түрлері.
Баланың өсіп, дамуы орталық нерв системасының «жетілу» дәрежісне байланысты. Мидың тиісті бөлімдері дамып болмайынша бала жүре де, сөйлей де алмайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы организмінің қызметі, оның ішінде жоғарғы жүйке жүйесі мен үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметі тез дамиды. Сезіну, қабылдау, ақыл-есікөңіл бөлуі, ойлауы сияқты балалардың жалпы психикалық дамуы күшейеді.
Кішкене сәбидің миының қызметі – үлкен ми сыңарларының қыртысы мен ми қыртысы асты бөліктерінің қызметі тез дамиды. Мидың бұл екі бөлігінің бірігіп атқаратын қызметін И.П.Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметі деп атаған.
Бала туғанда құрылысы қалыптасып туады, ал ми қыртысы қызметі туғаннан кейін ана құрсағынан тыс өмірдегі ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Тиісті рецепторлар қабылдаған тітіркену организмнен өзіне жауап қайтаратын реакция тудырады, сөйтіп организмнің өзін қоршаған ортамен әрекеттестігі белгіленеді, бұл бала туғанда бірге туған дайын реакция, яғни шартсыз (туа біткен) рефлекстер негізінде пайда болады.
Нерв процестерінің функционалдық жетілмеуі салдарынан жаңа туған сәбидің сипаты өзгешелеу болады. Қандай да бір рецепторлы тітіркену жеке емес, тұтас реакция тудырады. Мысалы, сәби қолын ауыртып алса, тек қолын тартып алып қана қоймайды, жалпы тынышсызданып түрлі қимылдар жасап, мазасызданады.
Жаңа туған сәбилердегі тамақ және сезім мүшелер доминатты алғашқы шартты рефлекстер болып есептелінеді. Бұл рефлекстер бала өміріндегі белгілі жағдайдың негізінде пайда болады. Тіршілік жағдайының өзгешеліктеріне қарай әртүрлі шартты рефлекстер қалыптасады. Бұл алғашқы шартты рефлекстердің пайда болуы. Ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің бастамасы, ми қыртысының жеке бөліктерінің дара байланысын «тұйықтау» қабілетін белгілеу екендігінің дәлелі. Сонымен ми қыртысының шартты рефлекторлық қызметінің дамуы балаларда өмірінің алғашқы айынан бастап, 3 жасқа дейін өте тез дамиды. Алғашқы бірінші айдың аяғы екінші айдың басында көру және есту сезімдерінің пайда бола бастауынан көру мен есту шартты рефлекстері қалыптасуы мүмкін.
Түйсіну негізінде функциялар дамиды. Жалпы психологияда оны таным деп белгілесе, нейропсихология оны белгілі бір модальдікке жататын гнозис деп атайды. Енді аса гнозистік пайда болу тарихы жөнінде бірер сөз. Антропогенез белгілі бір кезеңінде адам психиасында пайда болуы, яғни адамзаттың даму тарихында жекелеген анализаторларда ассоциациялық байланыс туындауымен келіседі. Космостағы жекелеген планеталар сияқты оның әрқайсысы бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Біртіндеп олар мәліметті біріне-бірі бере бастайды. Осыған орай бір түйсік екінші біреуінен қосымша күш немесе қуаттауы болғаннан кейін, немесе басқалай айтсақ, басқамен біріге отырып, күрделі дағды – гнозистылыққа айналады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түрі жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.
Осыдан, осы ойыншықтың туындауы барысында көру және есту түйсігінің арасында ассоцияциялық байланыс пайда болады. Міне, осы сияқтыларды нейропсихологияда көру және есту гнозисі деп атайды. Гнозис – тану деген мағынаны білдіреді. Экстрорецепторлық түйсіну түрлеріне байланысты көру, есту, тері (тактильді), дәмдік, иіс гнозистері қызмет көрсетеді. Түйсікке байланысты адам белгілі бір білімдерді ала бастады.
Шартты рефлекстер әр түрлі сыртқы тітіркендіру әсерінен де қалыптасады. Шартты рефлекстердің бала өмірінің алғашқы айынан-ақ қалыптасу мүмкіндігі – баланы алғашқы күннен бастап дамыту қажеттігінің анық дәлелі.
Сыртқы қоздырғыштарға қандай да бір жауап реакцияларын беру қабілетімен қатар ми қыртысы клеткаларына бірінші күннен бастап тежелу жағдайы немесе «тежегіш қозу» да тән қасиет (П.К.Анохин). Мұндай тежелу екі қоздырғыштың бір уақытта әсер етуі негізінде пайда болады да олардың бірі екіншісінің әсерін жояды (тежейді). Мысалы, сәбилік кезеңнің сәбилері бір нәрсе істеп отырғанда, «алаңдау» немесе ырықсыз зейін тудыратын құбылыс болса, онда ол өзінің істеп отырған жұмысын тоқтатады. Өйткені, сәбилерде барлық «жаңа нәрсеге» бейімделу реакциясы өте күшті болады. Сондықтан да сәбилер сәл нәрсеге өте тез көңіл бөлгіш келеді.
Сондай-ақ сәбиелерде тежелу жағдайы қоздырғыштың «шамдан тыс» күшті әсерінен де болады. Шамадан тыс күшті дыбыстық қоздырғыш, «тез мұнда кел» деген қатты айқай бала қимылын толық тежейді. Мұндай уақытта бала тұрып қалады. Мұндай тежелудің қорғағыштық маңызы бар, оны қорғағыштық немесе шамадан тыс тежелу деп атайды. Мидың бір бөлігінің қызметі тежелсе оған басқа түрліше қоздырғыштар әсер ете алмайды. Мысалы, қолына алған кітапты қызыға қарап отырған балаға «тұрып қолыңды жу» немесе т.б. тапсырма бергенде бала оған көңілін аудармай отыра береді. Физиологтардың айтуынша «сыртқы тежелу» деп аталатын мұндай тежелу орталық жүйке жүйесінің бала туғанда қалыптасып туған қасиеті, ол ешбір арнайы тәрбиелік әдістерге байланысты емес. Мұндай жағдайда бала қиқарлығына балау орынсыз. Сондықтан баланың нейропсихологиялық дамуын ескерген абзал.
Сәби өмірінің 3-4 айлығында жағымды шартты рефлекспен қатар тежегіш шартты рефлекстер, яғни іштей тежелу процестерінің дамып, қалыптасуы жүреді.
Іштей тежелудің бір түрі – «баулау» немесе басыла бастау. Мұнда қажетсіз рефлекстер баяулайды да, оның орнына соған барабар, төңірегіндегі құбылыстарға сезімтал қарайтын реакция орнын баса бастайды. Оған бір мысал келтіріп көрейік. Үш айға дейін балаларды қолға алғанда емуге әзірленетін рефлексі біртіндеп жойылады, енді ол көтергенде емуге ыңғайланған қимыл жасауын тоқтатады. Қолға алып, кеудеге тақағанда емуге ыңғайланатын шартты рефлекстің баяулауы немесе жойылуы себебі қолға алған сайын баланы емізе бермегендіктен туындайды. Баланы күніне бірнеше рет емізуден басқа – көтеру, дымқыл жаялықтарды ауыстыру, ойнату, сергіту және т.б. қолға алады. Сондықтан да шартсыз тітіркендіргіш үнемі әсер етпеуінен ерте пайда болған рефлексетр тежеледі, баяулайды, бірте-бірте жойылады. Тіршілік жағдайына неғұрлым дәл бейімделу басталады – бала тек анасының емшегін немесе сүт құйылған бөтелкені көргенде ғана емуге ыңғайланатын қимыл жасайды. Яғни бұл кезеңде бала анасының, өзіне күнделікті таныс адамдардың келбетін айыра бастайды. Сәбидің келбеттік гнозисінің жұмысы қалыптасады. Бала анасын көргенде немесе қолына ұстағанда ғана емуге әзірленеді. Жақын адамдарды көргенде езу тарту, күлу сияқты белгілер, ал таныс емес адамдарды көргенде жатырқау, жылау т.б. көріністер арқылы сәбидің келбеттік гнозисінің жұмысынан оның айыру деңгейлерін байқауға болады. Егер келбеттік гнозис жұмыс істемесе, онда сәбиге кімнің көтергені, қолға алғаны бәрібір болады. келбетті айыра алмау прозоп-агнозия деп аталады. Мұндай жағдайда, ол адамның кейбір белгілері – дауысы арқылы ажыратады. Келбетті еске сақтаудың маңыздылығын айтудың өзі артық.
Келбеттік гнозис – оң жақ жарты шардың самай-төбе-артқы бөлігінде локальданады. Келбеттік гнозистің мидағы өкілдігі барлық адамда тұрақты болады. Сол себепті оң жақ жарты шар бір қатар қызығушылық танытып, жоғары сенімділікке диагностика арқылы келбеттік гнозистің бұзылуын айыруға болады.
3-4 айда іштей тежелудің басқа бір түрі – ажырату (дифференцияциялау) қалыптаса бастайды. Н.И.Касаткиннің көрсетуінше лабораториялық жағдайда 3-айдың аяғында немесе 4-айда бала заттың түсін ажырата алады (мысалы, жасыл мен сары, әсіресе екі түсті айыра алады).
Сонымен, балаға қызыл түсті бөтелкені көрсетіп және одан кейін үнемі сол бөтелкеден тамақтандырып отырса, ол көк түсті бөтелкеден бірде-бір рет тамақ ішпесе, онда бала қызыл түсті бөтелкені көргенде оны ашуға ұмтылып, еметін қимыл жасайды (яғни жағымды шартты рефлекс пайда болады), ал бұрын одан тамақ ішіп көрмеген көк бөтелкені көргенде тежелу реакциясы пайда болып, оның көруге байланысты ажырату құрылады.
Бұл сияқты ажырату 3-4 айларда пайда болу үшін балаға заттардың әртүрлі түсіне үйрете берген жөн. Алғашқы айдың аяқ кезінен бастап-ақ баланың тұсына түрлі-түсті ойыншықтар іліп қою арқылы ажырату процесін құруға байланысты түстік гнозис ұйымдастырылады.
Балалардың түстік гнозисі біртіндеп дамиды. Алғашқы кезде ашық, түсті спектрлі (қызыл, көк, жасыл), сосын ашық еместеу (ақ, қара, қоңыр, қызғылтсары) түстерді меңгереді.
3 жастан бастап балалардың сенсорлық тәрбиесінде сенсорлық эталондарды таныстыру мен оларды пайдалану тәсілдері жүзеге асады.
Түстік гнозиске байланысты сенсорлық эталонның аймағында хроматты және ахроматты түстер пайдаланылады. Хроматты (түрлі-түсті) – түстік спектріне – қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көк, көгілдір (голубой), күлгін түсті (фиолетовый); ахроматты түске – ақ, қара, сұр жатады.
Хроматты түстерді қатаң сақталынатын белгілі бір реттілікте орналасу тәртібін қажет етеді. Мысалы, қызылдан күлгін түске дейін. Осы орналасу ретіне байланысты хроматты түстерді екі топқа бөледі.
1) Жылы түс – бұл қызылдан сарыға дейін;
2) Суық түс – жасылдан күлгін түске дейін.
Алғашқы кезде балаларға хроматты түстерді пайдаланады. Бұл біріншіден сол түстерді ажыратуға себепші болса, екіншіден, сол түстер туралы түсініктері қалыптасады. Алғашқы кезде алты түрлі хроматты түс пайдаланылады. Қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін түстіні. Тек көгілдір пайдаланылмайды, себебі ол түсті меңгеру қиындықпен меңгеріледі. Көк пен көгілдірді ажырату қиынға соғады және көгілдір, көктің ашық реңі деп атайды. Көгілдір түсті меңгерту түстердің реңдерін (оттенок) ажырататындай болған уақытқа қарай шегеріледі. Әрбір түстіңашық реңдерін меңгеру 4-5 жастан бастайды және оның аттарында атап, айырып, тануға машықтанады.
Ал ахроматты түстер 3 жастан бастап балалар танып, пайдаланады. Балалардың түстік гнозисі тек ойыншықтар түсімен емес, бейнелеу өнеріне жататын – сурет, жапсыру (аппликация), құрастыру жұмыстарын да пайдаланады. Балалар сурет салу кезінде шөпті – қызылмен, аспанды – жасылмен де бейнелеуі мүмкін. Мұндай түске байланысты болатын «еркін қатынасқа» ерік беруге болады. Сурет салу кезіндегі мұндай түс еркіндігін жасау кезінде түс түрін өзгертуді немесе тек сол салынып жатқан түс болмысына қарай таңдаудың қажеті жоқ. Затқа тән түстің тұрақтануы үшін, толық ойлап түстік көру керек, ал ол бірденінен қалыптаспайды. Түсті жеке дара қабылдау стандартты емес болып қалады және үлкендерде көркемдік шығармашылықта көрінеді. Ұлы шеберлердің салған полотноларында түстерді пайдалану шынайы емес, көркемдік-психологиялық бағытта пайдаланатынын көреміз. Балаларда түсті таңдау кезінде де психологиялық фактор қозғау салады. 5 жасқа дейінгі баланың суретінде пропорцияны сақтамау, геометризацияны сызып тастау – толық нормалы құбылыс. Үлкендер балалардың сурет салуда түсті пайдалануына кедергі келтірмей және өз кононы бойынша сурет салып, түсті пайдаланудың қажеті жоқ.
6-7 жастағы балалар түстің түрлі реңдерін айырады, оларды бағалап, талдап бере алады………………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!