Курстық жұмыс: Психология | Қарым қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау……………5
1. 1. Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы…………………….5
1. 2. Зейін психологиясы және оны теориялық талдау…………………………….13
II.Бөлім: Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктері…………………………………………………………………………………21
2.1 Зейін мен қарым- қатынас……………………………………………………………….21 2.2. Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері………………………………………………………………………………………….25
III.Бөлім: Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу…………………………………………………………….29
3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама………………………….30
3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау……………………………………………………..32
Қорытынды……………………………………………………………………………………39 Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………41
Қосымшалар………………………………………………………………………………….46
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
1 .1. Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану-осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан- жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б.Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.
Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді: «….қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері-сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі – жайлы сөз қозғайды. Б.Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
1) Макродеңгей
2) Мезодеңгей
3) Микродеңгей
Макродеңгей – индивидтің басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан контактілі байланыс.
Неміс – американдық психологы К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде топ арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығы психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелденген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалыдқ жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы спихологиялық әсер ету абсты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасындабақсылық ұстаушылар әрекеттер топта санасыз қабылданып,түсінік қылықтарға илану, пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левин есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933жылы топтық динамика әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г.М.Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым – қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық түрғыларды интеграциялауға тырысты. Г.М.Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым – қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс — әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылады: яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым – қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында кейбір іс әрекеттермен қарым – қатынаста болады дейді.
Сондай – ақ қарым–қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М.Андрееваның қарым – қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым – қатынасты бір – бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.
Қарым – қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады;
Интерактивтік жағы қарым – қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтік жағы адамдардың бірін- бірі қарым – қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.
Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым – қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.
Р.С.Немов та қарым – қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым – қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс- әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу).
Мақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым – қатынас деп бөледі.
Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым – қатынас тура және жанама болады.
Түрлері бойынша – іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс — әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының психологиялық мәселесінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болып табылмайтын қарым –қатынас өзбеттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне — өзі қызмет ету қарым – қатынасы) болып бөлінеді.
Қарым-қатынас жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В.М. Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.(7)
В.М. Бехтерев (1907, 1921) әлеуметтік — психологиялық теориясында қарым – қатынас процесін; және социализацияның механизімі сияқты адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, оның дамуын кіргізді. В.М. Бехтеревта қарым–қатынас адамдарды топқа біріктіру механизімі, тұлға социялизациясының шарты сияқты қаралады. В.М. Бехтерев былай дейді, неғұрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы бай әрі жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады.
«….Әр түрлі ортада қарым-қатынаста болып өскен адамдармен салыстырғанда жан-жақты дамыған болады».
В.М. Бехтерев қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады.
Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді қарастырады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық рөлді жатқызды, ал көндіруді психикалық жағдайды бір адамнан басқа адамға немесе басқаға оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сияқты анықтады. Ол көндіру рөліндегі лидерлердің жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың қоғамдық ойларының механизімдегі өзара әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоционалдық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті жүреді».
В.М. Бехтеревтің идеяларының дамуы өзінің шәкірті В.Н.Мясищевтің, одан кейін А.А.Бодалев, Б.Г.Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.
Қарым-қатынасты филасофиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М. С. Каган. Ол қарым- қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесудеп түсінеді. Оның көз қарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.
М. С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады: — қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс; — қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде; — қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтастыру; — қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру. Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады: қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады; екіншісіне мысал – достық қарым-қатынас; үшіншісіне – тәрбие; төртіншіге -өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.
В.А.Мясищевтің еңбегінде қарым – қатынас белгілі бір жағдайда бір – біріне қатысты немесе бір – біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.
А.А.Бодалев қарым-қатынасты іс — әрекетің ерекше түрі деп қарым-қатынасты адамның тұлға және іс — әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуындағы рөліне тоқталған.
В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым – қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым – қатынас адамгершілік-құндылық потенциялға ие. В.А. Кан-Калик қарым – қатынас функцияларын ішкі және сыртқыға бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру,бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.
М.А. Буева қарым-қатынасты тек рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық, әлеуметтік – шынайы процесс ретінде қарастырады. Онда іс- әрекетпен, тәжірибемен, дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады. Т.В.Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы рөлі жайлы қалыптасуының бір факторы ретінде қарастырады. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі болып келеді. Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынасты субъект- субъектілік қатынастар болып келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекет және өзіне үлкен рухани адамгершілік-құндылық потенциалды кіріктіреді.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынас қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан моралъ, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез- құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен ауысу), когнетивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (пихикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызығушылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен) болады. Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ақпаратты кодтау –бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат тура денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат адамдармен сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (адамның екіншіні сырттан оның іс-әрекетін бақылауы).Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға тіл және белгілік жүйелер; жазу түріндегі (мәтін , сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио-видеотехника)жатады.
Құралдары бойынша қарым-қатынас тікелей емес, тура және жанама болады.
Тікелей емес қарым-қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене) арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.
Тікелей қарым-қатынас ақпарат алмасу және қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланыст. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио теледидар,) Тура қарым-қатынас кезіндегі бір-бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке байланысты және қабыдау, мысалы: дене байланыстары, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтару. Жанама қарым-қатынас басқа адамдар шыға алатын аралықтар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет арқылы, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. Инструментальды деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, қзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады. Мақсатталған-бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыруи құралы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлері болып вербальды және вербальді емес қарым-қатынас алынады. Вербальды емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тілді қолданбайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. Вербальды қарым-қатынас тек қана адамға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальді емес қарым-қатынасқа бай болады.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас ….