Курстық жұмыс: Психология | ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Мазмұны
1. Жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттері 3
2. Жас ұрпақта қалыптасқан мінез – құлық нормалары 7
3. Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлтаралық қатынас мәдениеті 15
4.Қорытынды
1.Жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттері
Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру- әр түрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінен іске асатын күрделі әрі жан-жақты процесс. Жас өспірімдер әр түрлі ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерімен қалыптасып, дамиды.Өзін қоршаған ортадағы көптеген құбылыстар тікелей әсер етіп, оның мінез- құлқында, бітім бейнесінде із қалдырады.Сөйтіп барып, біртіңдеп баланың адамгершілік сапалары, моральдық қабілеті қалыптаса бастайды.
Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы.
Моральдық нормалардың түрлері көп. Мысалы, белгілі бір қауымдастық шеңберіндегі қарым- қатынас нормалары.Жалпы қоғамда қабылданған моральдық нормалар мен халық бұқарасының мыңдаған жылдар бойы бойына сіңген негізгі міңез-құлық қалыптары адамгершілік тәрбиесінің мазмұның құрайды.Олар мыналар: адамның қоршаған ортасына, табиғат пен қоғамға қатынасы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, күнделікті тұрмыстағы адамгершілік қарым-қатынастар., жеке адамдар арасындағы, отбасындағы және қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары,т.с.с
Демек, белгілі бір қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпыадамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мыналар;
─ адамгершілік санасын қалыптастыру;
─ жалпыадамзатқа ортақ сапалық адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру;
─ өскелең ұрпақты туған Отанына сүйіспеншілік рухына, оны қорғауға әзір болуға, еңбек пен меншікке жаңа қатынас, қоғамда қабылданған тәртіп, құқық, мінез-құлық нормаларын құрметтеу, ар-ождан бостандығын қастерлеу, өзге адамдарға, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет сезімдерін, т.б. тәрбиелеу мен одан әрі дамыту;
─ ізгілік, парасаттылық, ізеттілік, мәдениеттілік, тектілік, қарапайымдылық, арлылық, әдептілік, тілалғыштық, айтқанда тұру, төзімділік т.с.с. қасиеттерін қалыптастыру;
─ жағымсыз қасиеттерден: өзімшілдіктен, күншілдіктен, жағымпаздықтан, арсыздықтан, ұятсыздықтан, мейірімсіздіктен, қатыгездіктен, дүниеқоныздықтан, сұғанақтықтан, парақорлықтан, маскүнемдіктен, бұзақылықтан, нашақорлықтан, құмар ойындырына құмарлықтан т.с.с. арылту.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті — өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғам алдында тұрған мақсат-мұраттар мен мүдделерге сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Психологтар жеке адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді: барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады: сезім, сана, сенім, міне-құлық дағдысы. Бірақ тәрбиелейтің қасиеттеріне қарай, бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жекешілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол семьядағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
Жоғары адамгершілік қасиеттер адамшылдықтың айшықты белгілері ретінде, ең алдымен, қоғамда қалыптасқан өмір салтының, адамдар арасындағы қарым-қатынастың, өзара сыйластықтың және әдет-ғұрыптың ықпалымен қалыптасады. Дей тұрғанымен, жеке адамның бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда тәрбие ісімен тікелей айналысатын әлеуметтік институттар- отбасының, жалпы білім беретін мектептің және т еңбек ұжымының тиімді және мақсатты тәрбиелік қызметінің орны айрықша бөлек. өйткені адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік сенім және мінез — құлық дағдылары мен әдеттерді адамгершілік ағарту жұмысы, яғни тұтас педагогикалық процесс барысында қалыптасады. Сонымен бірге, жоғарғы адамгершілік саналардың қалыптасуында адамның өзін өзі тәрбиелей білуі де айтарлықтай роль атқарады.
Сана-сезім мен ішкі рухани дүниесі бірте-бірте толығып, енді- енді пісіп- жетіліп келе жатқан жас өспірімнің адамгершілік тәрбиесі отбасынан- әке тәлімімен- туған шешесінің тәй- тәйімен басталады.
Отбасы — адамзат өмірі өз жалғасын табатын, жеткіншек ұрпақ өсіп- өрбіп ұшатын ұя. әдептілік, сыпайылық, ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерге баулу осы жерден басталады. Ал бұл қасиеттердің бәрі баланың мінез-құлқынан көрінетін, көңіл- күйінен байқалатын, ақыл – ой мен іс-әрекетінде кездесетін әр түрлі адамгершілік сапалардың негізгі компоненттері , өмір бойы арқа сүйер ар- ожданы мен ұятының өзегі болып табылады.
Адамгершілікке тәрбиелеу отбасында нәрестенің бойында адамшылдық сезімдерінің қалыптаса бастаған кезеңінен басталады. Ата – анасының өзіне деген ыстық махаббаты мен қамқорлығының қарымы ретінде даланың нәзік жүрегінде адамдарға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдері қалыптаса бастайды.
Балаға деген махаббат- ата – ананың табиғи сезімі. Ата –анасы немесе тәрбиешілер тарапынан еркелету, қамқорлық, жылылық көрмеген балада адамгершілік қасиеттерінің оянуы мен дамуы екіталай. Ондай бала басқаларға тек өзінің жеке пайдасы тұрғысынан қарауды үйреніп, тұйық, қатыгез болып өседі.
Әдептілік қағидаларын баланың бойына сіңіру отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің қайнар бастауы. Дей тұрғанымен, әдептілік белгілері баланың бойында бірден қалыптаса салмайды. Баланы әдептілікке үйрету әке- шешесінен ұзақ тәлімдік тәрбие жұмысын, төзімділікті , өздеріне де үлгі-өнеге көрсетуді, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық пен әдет-ғұрып нормаларын біртіндеп меңгертуді, адамдар арасындағы сыйластық қарым-қатынастардың мәні мен мағынасын жан-жақты негіздеп, түсіндіруді талап етеді. Осындай қиын да күрделі үлгі-өнегелік тәлімдік тәрбйенің негізінде қалыптасқан әдептілік тағылымдары балаың басқа адамдармен үлгілі қарым- қатынасынан, үлкенге- ізет, кішіге – құрмет көрсете білуінен көрінеді. Әйтседе, басқалардың есебінен өз қажетін қанағаттандыруға дағдыланған, бірақ өзі еш адамға қамқорлық жасауға талаптанбайтын баланың, тіпті, адамшылдықтың бәрін түсінетін, жаттап алғанымен, адамгершілік сезімдері төмен болады. Мұндай бала тек өзінің жеке басының қамын күйттеп, өзімшіл болып өседі. Еш адамды жақсы көрмейді, адамдарды тек жеке басының пайдасы тұрғысынан бағалайды, уақытша ірі қызмет үшін сыйлайды. Ол үшін ар, ұждан , борыш, әдептілік, сыйластық, құрмет т. с. с. адамдық қасиеттердің құр атауы болмаса, мәні жоқ.
Моральдық сана тек қана адамгершілік қарама – қайшы іс-әрекеттерді шектеп қоймайды. Ол адамның абыройын түсіретіннің бәріне – пасықтыққа, адамгершілікке өзімшілдікке, дүние қоңыздыққа, тоғышарлыққа қарсы күреседі. Баланы жаманшылық атаулының бәрінен сақтандырады. Сондықтан баланың бойынан сапаларды сіңдіру, оларды әдептілікке үйрету, жаман қылықтардан жирентіп, жақсы қасиеттерге баулу – отбасындағы адамгершілік тәлімнің өте қажетті және маңызды шарттары болып саналады. Жалпы, баланың үйде қалай болмасын бұлжытпай орындайтын өзіне лайықты, бірақ күннен күнге біртіндеп күрделене түсетін міндеттері болуы қажет. Айталық, күнделікті үй тұрмысында анасына көмектесу, өзінен кіші бауырларын, ісі қарындасын күту, мал жайғау, су әкелу, ғаш жару, бір сөзбен айтқанда үлкендер тарапынан тапсырылған барлық жұмысты мүлтіксіз орындау. Сонда ғана бала өзінің де, басқаның да еңбегін бағалай біледі. Үлкенге құрмет көрсетеді, кішіге қамқорлық жасайды. Жоғары адамгершілік сапаларын өз бойына сіңіреді.
Отбасында негізі қаланған адамгершілік тәрбиесі мектепте одан әрі жалғасады. Оқушы – мектеп ұжымының мүшесі. Сондықтан оқушыларға ереже талаптарын қатаң сақтап, оған бой ұсыну, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау – оқушының моральдық қалыптасуының бұлжымас шартты белгісі болып та
2. Жас ұрпақты қалыптасқан мінез – құлық нормалары мен әдептілік
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуына мектеп едәуір ұзақ уақыт тиімді және мақсатты түрде ықпал жасайды. Сондықтан оқушыларға берілетін адамгершілік тәрбиесі олар мектепте оқыған жылдар бойы жүргізіледі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі оларға күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым қпрым – қатынас пен мінез – құлық нормаларын меңгеруден басталады. Оқушыларға, ең алдымен өздерін көпшілік ішінде ұстай білу тәлімдері үйретіледі. Қоғамдық тәртіпті сақтау рәсімдері түсіндіріледі.
Жағымды істері үшін бала мадақталады. Жағымсыз қылықтары үшін талқыға салынады немесе жазаланады. Мақтау мен жазалау тәрбие құралы ретінде ежелден қолданылып келе жатқан ұстаздық тәсіл.
Тілалғыштық пен тәртіптілік, өзара құрмет пен сыйластық: жолдастық пен достық, басқа ұлт өкілдеріне құрмет пен қараушылық, ұстамдылық пен төзімділік сияқты моральдық қасиеттер оқушылардың бойына күнделікті жоспарлы түрде сіңдіріліп отырылатын адамгершілік саналарының негізгі компоненттері. Бұл қасиеттерсіз өскелең ұрпақтың нағыз азамат болып қалыптасуы мүмкін емес.
Ал оқушылардың бойына еңбек сүйгіштік пен шыншылдық, әділеттілік пен ибалылық, үлкенді сыйлаушылық пен жасы кішіге қамқорлық сияты ең қарапайым адамгершілік нормаларының сіңдірілуі жоғары моральдық қасиеттердің оларды жеке тұлғаларының бойынан түпкілікті орын тебетіндігінің қайнар бастаулары болып табылады.
Айтқанға тұру оқушының әдептілік болмысының ең қарапаайым түрі. Педагогика ғылымы балалардың бойында осы қасиетті қалыптастыруға айрықша маңыз береді. өйткені баланың тіл алғыштығы – оның жақсы азамат болып өсуінің кепілі. Мұндай баланы тәлімдікке баулу, ізеттілікке тәрбиелеу, бойына қоғамда қабылдаған мінез – құлық нормалары мен жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңдіру бір ғанибет.
Өсіп келе жатқан әрбір жас азамат қоғамда қалыптасқан мінез – құлық нормалары мен әдептілік жоралғыларын түсініп, ұқпай тұрып қоғамдық қатынастар жүйесіне араласады, қарым – қатынасқа түседі. Мысалы, ол үлкендер отырған бөлмеге ұрықсатсыз кіруі, онда отырған адамдармен амандаспауы, аға қылығы үшін кешірім сұрамауы мүмкін. Демек, баланы тәртіптілікке үйрету, қоғамда қалыптасқан мінез – құлық нормаларын бұлжытпай орындауға талаптандыру да оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің бір тармағы болып табылады.
Әдетте, баланың қолдарын ербеңдетіп, қатты дауыстап сөйлеу мәнері ол туралы жаман әсер қалдырады. Олай болса, баланы жақсы әдетке, инабаттылыққа аулу оқушыларды адамгершілікке тәрбиесінде өзіндік орны бар сүбелі саласы. Мысалы, қазақ салтында үлкенді сыйлау көргендіктің белгісі ретінде мадақталады.жасы кіші азамат үлкен ақсақалды қарияны құрметтеп, төрден орын беріп жатса, ізеттілікпен иіліп сәлем берсе, оған ол өзінің ыстық ықыласын білдіреді. Айталық, ақ батасын жаудырады. Осыдан барып, үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым- қатынас орнығады. Мұндай өзара сыйластық келе – келе жұғымды әдетке айналып, әдептілік ережесін тудырады.
Әдепті азамат кішіпейіл келеді. Оқушының кішіпейілділігі оның басқалармен арадағы инабаттылық қарым – қатынасынан, сұхбаттасу мәнерінен, сыпайы мінезінен көрінеді. Кішіпейілділік, мысалы, танымайтын адамға «сіз» деп ізеттілік танытудан айқын аңғарылады. Ал туған – туыстарға, достарға «сен» деп сөйлеу көңіл жақындығын білдіреді. Танымайтын біреуден бір нәрсенің жөнінсұрағанда: «мүмкін болса» деп сызылу мәдениеттілікті көрсетеді. Сонымен қатар, кішіпейілділік басқа адаммен сұқбаттасқанда дауыс көтеріп, қатты сөйлеспеуді талап етеді. Егер басқа біреуді ренжітсең, ол адамнан көптің алдында кешірім сұрауды міндеттейді.
Дей тұрсақ та, басқа адамдармен арадағы тату-тәтті, сыпайы қарым – қатынас баланың адамшыл қасиеттердің түпкілікті сіңгендігін білдіре алмайды. Себебі басқа адамдармен арадағы сыйластықтың жасанды болуы мүмкін ғой. Олай болса, өсіп келе жатқан азаматтың бойында басқаларға деген құрмет пен сыйластықтың шынайы сезімін орнықтыру үшін оларды ең алдымен жоғары адамгершіліктің негізгі компаненттерінің бірі – қарапайымдылыққа баулу қажет. Қарапайым адам басқалардың дәлелді пікірлерімен санасады. Басқаның іс — әрекетін дұрыс бағалайды. Оның мақсат – мұраттары мен мүдделерін құрметтейді. Басқаның ақыл кеңесіне құлақ асады. Басқаларды ұсақ-түйек жұмыстарымен мазаламайды. Ол өз қолы жеткен ерен табыстарын айтып, мақтанбайды. Керісінше, басқалардың еңбектері мен жетістіктеріне балаша қуанып, оларды жүрген жерінде мақтап жүреді. Өз қажетін өтеуде, төңірегіндегілердің де мүдделерімен санасады. Өз мүддесінен гөрі Отан мүддесін, халық тілегін жоғары қояды. Өскелең ұрпақты қарапайымдылыққа баулу – бұл оларды сезімтал етіп тәрбиелеу, адамдардың мұң – мұқтажын терең түсініп, әрқашан да оларға көмек көрсетуге даярлық сезімін қалыптастыру.
Жоғары адамгершілік сезімнің келесі бір элемент – төзімділік. Төзімділік дегеніміз қабылданған шешімді, алға қойылған мақсат-мұратты орындау үшін барлық күш жігерді жұмылдыру, мақсатқа жету үшін басқа қажеттіліктерін бәрін тежеп, өзін — өзі ұстай білу қабілеті. Балаларды төзімділікке тәрбиелеу – олардың ерік – жігерін, мінез – құлқын және мінез қалыптастырудың алғы шарты, бой көтерер тұғыры. Жалпы төзімділікке тәрбиелеуді баланың сәби кезінен бастаған жөн.
Оқушылардың бойынан, мінез – құлқынан және іс — әрекетінен көрінетін шындылық пен адалдық, батылдық пен батырлық сияқты адамгершілік қасиеттерге аға ұрпақ сүйсініп, қуанған. Ал бойында мұндай қасиет жоқ баланы «жігерсіз», «қорқақ» деп даттаған. Қорқақтық көрсету – туған-туыстың, ағайын-жекжаттың, жақындар мен достардың арасында сый – құрметтен қалу, абыройдан айырылу. Қорқан адамнан басыңа қиыншылық туғанда араша күту немесе шындылық пен адалдыққа куәлік сұрау қиын. Қилы-қилы заманда қорқақтық сатқандыққа апарып соқтыратындығы өмірде аз кездеспейді. Сондықтан, ата – аналар мен ұстаздар қауымы өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты шыншылдық пен адалдыққа, батылдық пен батырлыққа баулуға міндетті. Ал педагогикаға ғылымы — өскелең ұрпақтың бойына мұндай қасиеттерді сіңдірудің әдістемесін жасап, оқу – тәрбиесін процесіне, нұр үстіне нұр.
Дегенмен, өмірде, күнделікті іс — әрекетіне керісінше болып жатады. Айталық, балалар ауыл айналасына гүл теруге шықты делік. Мұндайда, көбінесе, ата – аналар кейде ұстаздар да, «алысқа ұзамаңдар, қасқыр жеп кетеді» деп қорқытады. Ал шындығын айтқанда, ауыл айналасында қасқыр тұрмақ, басқа, мысалы, түлкі – қасқыр сияқты аңдар болған емес. Жас балаларды «Абайла жығыласың! Аяғың сынады!», «Ағашқа өрмелеме, құлайсың, жазым боласың!» — деген сөздермен үнемі қорқыту қорқақтыққа үйретпесе, батылдық пен батырлыққа тәрбиелемейтіні анық. Оның үстіне мұндай «қамқорлық» жас балалардың бойында қорқақтықтың негізін қаламасына кім кепілдік бере алады?
Әрине, бас –көзсіз батырлық, ұр да жық мінез арсыздық пен табансыздыққа, кейде, тіпті, қорқақтыққа апарып соқтыруы әбден мүмкін. Ал шынайы шындылық пен адалдық, батылдық пен батырлық жоғары адамгершілік қасиеттер бойға әбден сіңіріп, сөз бен іс бірлігі мінез – құлықтың күнделікті нормасына айналған кезде ғана жүзеге асырылады. Биік адамгершілік мұраттар белсенді өмірлік позицияға, борышқа деген саналы көзқарастар айналғанда Отан алдындағы борышты адал ниетпен орындауға, қоғамда қабылданған мұрат – мақсаттар мен мүдделерді қадірлеп ардақтауға, шыншыл болуға негіз қалайды.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың моральдық тұрғыдан қалыптасуында олардың бойына арлылық пен намыс сезімін сіңдіру айтарлықтай орын алады. Демек, өскелең ұрпақтың бойына – арлылық пен намыс сезімдерін сіңдіру мұғалімдерден орасан зор тәлім – тәрбиелік жұмысты талап етеді. Нәтижесінде, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында біртіндеп арлылық, тектілік, кісілік және намыс сезімдері пайда бола бастайды. Ол толыса, кемелдене келіп, орасан зор адамгершілік күшіне айналады. Мұндай азамат Отан үшін, өз халқы үшін, елі үшін, ата-ана, туған-туысы және достары үшін адал қызмет етеді. Ақиқат шындылықты батылдықпен қорғайды. Туған Отаны – Қазақстанның көркейюі мен гүлденуі үшін аянбай еңбектенеді. Арлылық пен намыс оағн өтірікайтқызбайд, басқаны алдауға, серттен таюға жол бермейді. Арлылық пен намыс оты басқалар мен қарым – қатынаста адалдық пен тазалықты талап етеді. Ал мұның өзі қазіргі нарықтық бәсекелестік пен жүгенсіздік жағдайында таптыра бермейтін адамгершілік сапалары. Жасы өсіп, есейген сайын мұндай бала тек өз басының намысын ғана емес, отбасының, өзі оқитын класы мен мектебінің, туғаны отаны – Қазақстанның намысы мен даңқы үшін күреседі.
Жалпы білім беретін мектепте өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің мазмұнын, сондай – ақ, ұлтжандылық, Отан сүйгіштік сезімдер, терең мәні таза интернационалистік қасиеттер, коллективистік және гуманистік принциптер, еңбек жаңаша көзқарас, нарықтық экономика жағдайындағы адамгершілік мәселелері, бәсекелестік пен парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Ал мәдениеттілікті адамгершіліктің өзегі болып табылатындықтан адамның адамгершілік келбетінен, мінез-құлқынан және іс-әрекетінен бөліп алып, қарастыруға болмайды.
Мәдениеттілік – бұл адамның биязы мінезі, сыпайлығы, әдептілігі, өзге адамдармен сыйластығы, оларға деген құрмет сезімі.
Мәдениеттілік – бұл өзге адамдарға деген сүйіспеншілік көзқарас, гуманистік принциптер.
Мәдениеттілік – адамгершілік қасиеттердің ажырамас бөлігі.
Мінез-құлық мәдениеті: жо,ары адам адамшылыққа тән ең қымбат айшықты белгілерді меңгерген тұлға, кісі. Ондай адамның жүрегі таза, жан дүниесі шынайы, мөп – мөлдір. Ондай адам ізгі жанды, адал да шыншыл. Адал адам – принципшіл, айтқанында тұрады. Атқаратын ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. өзін де, өзгені де құрметтейді. Ондай адам мейірімді әрі қамқоршыл келеді. Адамдық ары таза, оған шаң жұқтырмайды. Жалғандық пен екіжүзділікке төзбейді. Адамның адам екенін танытып, көрсететін де осындай адамгершілік қасиеттер.
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру қиын әрі күрделі процесс. Ол өскелең ұрпақтың бойына жұғымды адамгершілік сапаларын сіңдіріп қана қоймайды. Сонымен қатар, ол жасөспірімдерге өздерінің бойларындағы жұғымсыз қасиеттерді көре білулеріне көмектесіп, оны жоюға ат салысады.
Мінездің ең жиренішті жақтары — өзімшілдік, күншілдік, жағымпаздық. өзімшілдык, күншілдік, жағымпаздық мінез – құлқын жеке басының пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (Мысалы, отбасының) пайдасы бейлейді. Өзімшілде, жағымпазда, күншілде – ой өрісі тар, өріссіз, үсақ, жаны жадау, үлкен игілікті істерге қабілетсіз адамдар. Бишара жан баянды ештеңе тындыра алмайды. Ұсақшыл, зымиян, өзімшіл жан сайып келгенде алаулап жалын ата алмайды.
Жағымпаздардың мақтауы мен жарымсақтануы басшының нақты қалыпьасқан жағдайда дұрыс бағалауына кедергі жасайды. «Мақтау – ақымақтарға қазылған ор» — деген нақыл сөз бар. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақты өзімшілдіктен, боз сөзділіктен, күншілдіктен өтірік айтудан, жағымпаздықтан, өр көкіректіктен, құбылмалылықтан, т.с.с. сақтандырып, әрбір оқушының бойында берік, мызғымыс моральдық жағымды сапалық қасиеттерді қалыптастыру, мұратты нығайту, жамандық іске өмір бойы төзбейтін қуатты рухани ұшқын беру, өмірдің күрделі жағдайларында өз бетімен бағдарламай білуге әзірлеу адамгершілік тәрбиесінің өзекті арқауы.
Қоғамның қазіргі өтпелі дәуірінде оның өмірі мен қоғамдық қатынастар жүйесінің негізгі салаларының бірінен, атап айтқанда, нарықтық экономикалық қатынаста орын алып отырған бәсекелестік, іскерлік, еңбек пен меншікке жаңа қатынас, кәсіпкерлік еркіндігі, фермерлік, бизнес баюға ұмтылушылық т.с.с өскелең ұрпақты қатты қызықтырып отыр. Бұл …..