Курстық жұмыс: Психология | Ес жөнінде жалпы түсінік
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеуде психологияның әдістері байқау әдісі, әңгіме әдісі, және анкеталық әдістер, тест әдістерін қолдану.
І. Тарау. Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Ес жөнінде жалпы түсінік
Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Баланың алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізілген американ психологі Торндайк жануарлар-дағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқады. 20 ғ. Алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп , ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процесстерімен ғана шектелген еді.
Ал, естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғарғы формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тэртібінде тіпті де қойылмады. (А.Бергсон)
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С.Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А Смирнов және П.И.Зинченко естің саналы іс әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30-жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНҚ (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану физиология-лық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан адам есі — біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1 .Қысқа мерзімді ес. 2.Ұзақ мерзімді ес. З.Механикалық ес.
Қысқа мерзімді ес жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністе болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске түседі. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім қабылдауға болады. Ал механикалық естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілі болғандай, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес -жадта сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйкесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі -шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі -материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді. Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық- бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көпшілігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.
Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген-дей, ми 10 млрд. Нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметгік дамуына тәуелді.
Механикалық ес. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1- 0,5 сек. Ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз; қағу тоқтаған соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.
2.Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмы-ңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3.Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ерігенін байқайсыз.
1.2. Естің теориялары.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбы-лыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциатив-тік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыс-тарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты топталған не тізбектелген (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңгыртудың физиоло-гиялық негізі уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоцияциялар деп аталған. Ассоцияциялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоцияциясы, екін-шісі олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоцияциясы, үшін-шісі қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоцияция, төртіншісі себеп -салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоцияция. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар : Аристотель, Юм.Д. Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топ-тап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теория-ның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсендік қандай да бір жолмен ағзадағы элекр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екінші-сіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі қоздырушы, екіншісі-тежеуші…..
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!