Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері

0

Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
2. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары.
3. Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
1. Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес таңдау.
2. Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
3. Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны қалыптастыруды үйрену.
4. Бірнеше мақсаттардан бір мақсатты таңдау және осы таңдауды негіздеу.
5. Мақсатқа жете алушылықты, шындықты анықтау, мақсатты өз мүмкіндіктерімен салыстыру және нақты емес мақсаттарды шынайы мақсаттармен ауыстыру. Бұл жерде таңдалған мақсаттың қиыншылығы баланың өзін-өзі бағалауына, талаптану деңгейіне сәйкес келеді.
6. Өзінің мақсатын белсенді тексеру, нақтылау.
7. Мақсаттың бірізділігін анықтау, кейде мақсатты тек белгілі тәртіппен жүзеге асыруға тура келеді.
8. Әрбір мақсатқа жету үшін ресурсты (уақыт және күш) анықтау.
9. Бұрынғы өткен мақсаттарға (жетістік-сәтсіздік) жету деңгейін, яғни оқу іс-әрекетін орындаудың бұрынғы нәтижесін ескере отырып, жаңа мақсатты қою.
10. Мақсатты нақтылау, оның жағдайға байланысты тәуелділігін анықтау, соған байланысты міндет қою.
11. Икемді мақсат қою, яғни жағдайға байланысты мақсатты өзгерту.
12. Перспективалы , яғни нақты жағдайдың шеңберінен шығатын мақсатты қою (болашақ мамандығына байланысты мақсат).
13. Қойылған мақсатты жүзеге асыру, қойылған мақсатқа жету үшін құрал және тәсілдерді таңдау, мақсатқа жету жолында кедергілерді жою.
14. Стандартты, стереотипті емес, соны мақсат қою (шығармашылыққа жақын оқудың түрі) және т.б.
Осы іскерліктердің барлығы әр түрлі болып келеді, олардың кез келгенін ескермеу мүмкін емес және барлығы бірігіп балалардың оқу іс-әрекетіндегі мақсатқа жету қабілеттерін құрайды.
Балада дұрыс мотивациялық бағыттылық тәрбиелеу, мақсатты қою баланың оқуға деген эмоционалды қатынасына әсер етумен қоса жүріп отыруы тиіс. Эмоция, сөз жоқ, оқу процесінде мотивтеуші мағынаға ие.
Оқу процесінде жағымды эмоциялар үшін кебіне азық аз, ал кейде жағымсыз эмоциялар — зерігу, үрей және т.с.с. пайда болады». Психология-да көрсетілгендей, эмоция өз-өзінен дамымайды, ол бала іс-әрекетінің ерекшеліктеріне және оның мотивациясына тығыз байланысты. Эмоцияның ерекшелігін кеңес психологы А.Н. Леонтьев атап көрсеткен. Олар мотивтер және осы мотивті жүзеге асырудағы іс-әрекеттің жетістік мүмкіндіктері арасындагы қатынасты бейнелейді. Эмоция адамда мотивтің кекейкестілігі және адамның өз іс-әрекетін ұтымды бағалауына дейін пайда болады. Осы эмоциялар кез келген іс-әрекеттің өтуіне елеулі әсерін тигізеді, соның ішінде оқу іс-әрекетіне де. Эмоцияның реттеуші рөлі оның қандай да бір іс-әрекетпен қатар жүрген жағдайында ғана емес, сонымен бірге оның алдында болып, балада осы іс-әрекетке енуге дайындағанда артады. Сондықтан эмоцияның өзі іс-әрекетке тәуелді және оған өзі әсерін тигізеді.
Психологтардың эксперименті көрсеткендей, ең үлкен эмоционалдылық-ты іс-әрекетте сыртқы және ішкі, бірақ аз нәтижелі мотив басым болғанда байқауға болады; кіші эмоционалдылық кемелденген, сапалы процессуалды мотивтің басым болуымен байланысты. Бірінші жағдайда эмоция белгіленген сипаттамада болады, яғни тек жұмыспен бірге жүріп отырады, ал екіншіде алдын ала жүріп отыратын сипаттамаға ие, ягни іс-әрекеттен озып кетеді. Жетістік-сәтсіздік эмоциясы ішкі және сыртқы нәтижелі мотивтері бар іс-әрекетте күштірек көрінеді, ал ішкі процессуалды мотивті іс-әрекетте әсері әр түрлі. Іс-әрекет пен мотив кемелденген сайын, олардың эмоционалды сипаты да өзіндік мазмұн мен орнықтылыққа ие болады.
Оқу пәндерін қызықты жасау, — деп жазады А.Н.Леонтьев, — бұл яғни ұтымды әрекет жасау немесе қайтадан анықталған мотив құрастыру, соны-мен қатар баланың сәйкес мақсаттарын құру. Т. И. Щукипаның айтуынша, қызығушылықтың қалыптасу процесі іс-әрекетте өтеді, оның құрылымы (міндеті, мазмұны, әдісі және мотиві) танымдық қызығушылықтың даму объектісінің негізін құрайды.
Балада «бәрін білуге» қызуғушылықтары туындайтын тамаша қасиет бар. Мәселен, олар «Артқы ұзын аяқтар қоянға неге керек?», «Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік етеді?» «Бөлмеде сымға жабысып шалқалап тұрған шыбындар ңеге құлап қетпейді?» т.б. осы іспеттес көптеген шытырман сұрақтар қоюға әуес келеді. Кейбір ата-аналар, кейде мұғалімдер де балалардың осындай айналаны білсем, танысам екен деген табиғи талпыныстарына жауап бере бермейді. Көбінде олар «сен мұны бәрібір түсіне алмайсың , кейін мектепке барғанда оқисың ғой деп, «ұзын арқан, кең тұсауға» салып жүре береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап қайтара берудің де қажеті жоқ, өйткені мұндай сауалдардың кейбіреулері осы жастағы балалардың интеллект мүмкіндігін көтермейді де. Бірақ, мына жағдай әр кез есте болуы тиіс. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері канағаттан-дырылмаса, бұл жағдай оның айналаны танып-білуге қүштарлығының біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септігін тигізе алады.
2. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары.
1. Мотивацияны қалыптастыруда мұғалім дәл сол жастағы оқу мотивациясы дамуының тиімділігін, қорларын, мәселелерін басшылыққа алғаны жөн. Сондықтан мотиваңияны қалыптастыру оның шынайы деңгейіне, осы жаста қалыптасқап дәрежесіне сүйенуді қажет етеді, оның жақын күнде дамуын және оның алыс болашақтағы дамуын шамалайды.
2. Мотивацияның қорларын жедел іске қосу үшін әрбір жаста балаларды белсенді қызмет түрлеріне (оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, қоғамдық-саяси жұмыстар және т.б.) баулу қажет, сондай-ақ олардың өзге балалармен (ұстаздары, құрдастарымен) қоғамдық өзара әрекеттестікте болғаны лазым.
3. Мектеп балаларының осындай түрлі іс-әрекеттерді орындауы мен әлеуметтік байланыстарға араласуынан психикалық дамудың жаңа қасиеттері — псикикалық жаңа түзілістер пайда болады. Бұл психологиялық жаңа түзілістер, зерттеулер бойынша, баланың бойында: 1) зерттелінетін объектіге (математикалық, лингвистикалық және т.б.); 2) басқа адамға; 3) өзіне және өзінің іс-әрекеттеріне жаңа, әрекеттік қатынастың жаңа ұстанымның пайда болуынан көрінеді.
4. Оқуға деген жалпы жағымды қатынастың өрбуі емес, оның жеке жақтарының сапалы өзгерістері, олардың қатынастарының және осыдан мотивациялық аумақтың құрылымының күрделене түсуі, ерікті, яғни ерік-күшпен реттелетін оның ұйымдастырылуы мотивациялық аумақтағы жаңа түзілістердің бар болуыньің көрсеткіштері болып табылады.
5. Мотивацияны қалыптастырудың ең жалпы, қағидалы жолдарын: талқылайық.
Бірінші жолы — «жоғарыдан төмепге қарай» деп аталатын жол. Бүұл жол оқу мотивтерінің қандай болуы тиіс екендігіне сәйкес, мектеп балаларын идеалдар мен үлгілерге қарай баулудан тұрады. Мектепте де, қоғамда да барлық тәрбиелеу жүйесі осы мақсатқа бағытталған. Мұнда бала «таныс» мотивтерін өзінің мінез-құлқымен салыстырып, өзі құрметтейтін мотивтерін қоғам ұстанатын мотивтермен ұштастырады. Бұл жолдың жеткіліксіздігі оның талаптарынан туған мақсаттарыпың тым ресми игерілуінде. Екінші жолы — «төменнен жоғарыға қарай» — бала шынайы өмірде түрлі іс-әрекеттерге ересектердей кірісіп, осылайша, адамгершілік мінез-құлыққа үйренеді. Мұнда мектеп балаларының бойында шынайы әрекет етуші мотивтер қалыптасады.
6. Мотивацияға оқыту қызметі арқылы тәрбиелеу өте пәрмепді болып табылғанымен, мектептерде жеткілікті пайдаланылмайды. Көптеген психологиялық зерттеулерден мотивация сипатын оқыту түрі арқылы бағдарламалауға болатынын көреміз. Осылай, егер оқыту мазмұны дайын білім ретінде емес, балаларға арналған тапсырмалар жүйесі ретінде жасалатын болса, егер балалар оқу курсыныц теориялық ережелерін өз беттерінше таба алатын болса, олардың бойында оқу қызметі оның бөлшектерімен бірдей қабылданатын болса, мектеп балаларының бойында ішкі, анағұрлым тұрақты, оқуға деген жалпылама мотивация қалыптасады.
Психологтар мектеп балаларының танымдық мотивтері әлеуметтік мотивтерге қарағанда жеңіл және жылдам өзгеріске ұшырайтынын көрсеткен. Мысалы, оқу іс-әрекетін, оның компоненттерін жүйелі меңгерудің бірнеше айлары ішінде мектеп оқушыларының тек жұмыстың нәтижелеріне ғана емес, сонымен бірге жұмыс істеу әдістеріне де айқын бағдарын қалыптастыруға, яғни оқу-танымдық мотивтерін дамытуға қол жеткізуге болады.
3. Оқыту барысында балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастыру
Кең аялы танымдық бағыттылық (білім алуға деген қызығушылық, қиыншылықтарды жеңуге талпыну) мектеп табалдырығындағы оқу барысымен барынша қалыптастырылады. Оқу-білімге құштар болу терең сипаттар ретінде ерекше жұмыс жасауды қалыптастыруды талап етеді. Танымдық мотивтерді қалыптастыруға оқу барысын жақсартудың барлық құралдары да көмек береді. Олар мыналар: мәнінің жаңарып, пәнаралық байланыстарының нығаюы, оқу әдістерінің жақсарып, проблемалық-дамытушы оқу жұмыстарын өңдеу және тарату, сабақ беру құрылымын үлгілеу, сабақ үстінде өз бетінше жұмыс жасау формаларының кеңеюі, мектеп балаларының оқу қызметтерінің белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары бойынша, балалардың сабақ үстіндегі оқу іс-әрекетін белсенді ету.
Қазіргі заман талабына сай оқыту әдістерін қолдану білімпаздық мотивтердің барлық түрлеріп, ең алдымен, білімге құштарлық, оқу процесіне және оның маңызына деген қызығушылық секілді кең аялы білімпаздық мотивтерді жақсартады. Бала мәселені шешу жолында қаншалықты оның түрлі әдістерін ізденіп, талқылайтып болса, мәселені, тексерудің түрлі жолдарын қарастыратын болса, сөзсіз, оның оқу-танымдық мотивтері дс жақсара түседі — білім алу әдістеріне қызығушылығы арта түседі. Мектеп балаларының мақсат қою қасиеті де анағұрлым кемелді мәнге ие болады.
Оқу-танымдық мотивтерінің барлық түрлерін қалыптастырудың негізгі артық қорларының барлығы және өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері мектеп балаларының оқу іс-әрекеттерінің белсенділігі болып табылады. Бұл белсенділік мектеп балаларының оқу жұмыстарының түрлі формаларында іске асуы мүмкін. Олардың бірнешеуін атап өтейік.
1. Оқытушының жетекшілігімен іске асатын оқу іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің барлық бөлшектері (оқу тапсырмасы, оқу әрекеттері, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері) оқытушының көмегімен орындалып, қабылданады. Бұған көптеген жаттығулар және оқу қызметін түрлендіруге арналған сұрақтар мен талдауларды сабақ үстінде пайдалану жәрдемдеседі. Мысалы, мұғалім оқушыға мынандай тапсырмалар береді: «Сенің жұмысынның нәтижесі қандай болады, оған сен қандай әдістермен жеткің келеді, осы нәтижеге жетудің басқа да жолдары бар ма, осы әдістерді өзара салыстырып көр.
Орындап жатқан жұмысынның тапсырмасын анықта, осы тапсырмаға сай әрекет әдісін таңда, тапсырманы өзгертіп, әдісінің қалай өзгеретініне қара.
Өзіңнің оқу жұмыстарынның кезеңдерін анықта: тапсырманың қойылуын, әрекеттер әдістерінің таңдауларын, өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетерінің орындалуын; нақты жұмыс материалдарында кезекпелі осы кезеңдерді өзің орындап шық, өзіңнің жұмысынның кезекпелі кезеңдерін жобалар-белгілер түрлерінде кестелеп жазып ал.
Өзіңнің оқу жұмысыңды жоспарла: оның ең алшақ тапсырмасы неде, ең таяу мақсаты ше, осы тапсырмаларды шешу үшін қандай әрекеттерді орындау керек. Бірінші, екінші, үшінші әрекеттерді ата, әрбір жұмыс кезеңіне
қанша уақыт кететінін анықта, қандай кезең сен үшін объективті қиындау, қайсысы оңайлау, сен қандай әрекеттерге машықсың, қайсы әрекеттерді нашар орындайсың».
Мұғалім біртіндеп оқу жұмыстарының барлық құрамдас бөлшектерін мектеп балаларына өз беттерінше орындауға тапсырады. Психологтар өз беттерінше жаттығулар орындау өзін-өзі қадағалау мен өзіне-өзі баға беруден басталады деп санайды. Бұл оқу қызметінің келесі формасына алып келеді.
2. Өз беттерінше оқу қызметтерін атқару оның бір немесе бірнеше бөлшектерін мектеп оқушылары мұғалімнің көмегінсіз орындап шыққанда іс жүзіне асады. Дидакттар өз беттерінше үйрену — бұл, мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмасымен, осыған бөлінген арнайы уақытта орындалып шығатын еңбек түрі екенін атап көрсетеді. Өз бетінше оқу жұмысының қалыптасуына мұғалімнің келесі тапсырмалары мен сұрақтары мүмкіндік береді, ол мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің бір бөлімінен екінші бөліміне өтуін қамтиды. — «Біз қазір сабақта берілген тапсырманы анықтадық. Енді қандай қадам жасауымыз керек, тапсырманы қойғаннан кейін не істеуіміз керек екенін кім айтады?
Біз өз жұмысымыздың бірнеше әдістерін анықтадық. Енді не істейміз?
Біз бұл әдістерді салыстырдық, оларды шарттарға қатысты, олардың болжамды нәтижелеріне қатысты қарастырдық. Енді не істейміз?» Осылай жалғаса береді
3. Мектеп балаларының өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары — мектеп балаларының өз жетекшілік ететін, оны өзі қойған тапсырмаларға, мотивтерге, мақсатына сай іске асыратын танымдық тұрғыда еңбек етуі. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысы түрлі деңгейлерден тұрады: ол мектеп оқытуына «ұштас», өзін-өзі тәрбиелеудің жеке кезеңді формаларының түрінде және ең соңында, мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім жұмысында ерекше өріс алган еңбегіне айтталуы ықтимал. Бұл дәрежелердің барлығы да мұғалімнің жетекшілігін қажет етеді.
Мұғалімнің мектеп балаларының өз беттерінше атқаратын оқу жұмыстарына жетекшілік етуі сабақта, үйірмелік және факультативті жұмыстарында, «Оқып үйрену» тақырыбына арналған оқу жиналыстарында іске асады.
Оқудың жағымды мотивациясын дамытуды қалыптастыруда мектеп балаларының өз бетінше жұмыс жасау тәсілдерін атап өтейік:
— тақырыптың мазмұнын қайта қарау тәсілі, оқу материалдарының іріленуі, ондағы бастапқы мақсаттардың, қағидалардың, заңдардың айрықшалануы, тапсырманы шешуде жалпылама әдістемені үгу, мектеп балаларының белгілі бір түрдегі тапсырмалар жүйесін өз бетінше құруы;…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!