Курстық жұмыс: Психология | Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңі » ZHARAR | курстык жумыс курстық жұмыс Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңі дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар Психология

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Мазмұны

І КІРІСПЕ

І ТАРАУ.
1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.
1.3. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдар.

ІІ ТАРАУ.
2.1. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының жеке басының дамуы
1.1 Баланың мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері.
Қазіргі заманғы советтік тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің I—III кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу үзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде түрақты, осы жасқа негұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы онын ролі балабақшадан бастап орта білім беру аякталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауышты оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғүрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтын белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратыи өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді, Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.

Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш класс оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалана балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш класс оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аякталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу ушін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуьның қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш класс оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің оның түлғасынын қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі, осыдан.
Бастауыш класс оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз — он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он — он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс балаларына, әсіресе I—II

класс оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса кеп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі көбінесе нәтижені жақсартпайды.
Бастауыш класс оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алған да төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің үлкенлігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа кабілетті болуының маңызды шарты болып табылалы. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе, мандай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу (ұстамдылықтын және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де аса күшті, бастауыш класс оқушыларының қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан. Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы тәртіпке, орнықтылққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп талаптарына сай болады.
Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі — мектеп өмірінің бастамасы — баладан айтарлықтай ақыл-ой күшін ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін де талап ететін ерекше оқу қызметінің ба-тамасы болғандықтан ерекше маңызды.

1.2. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгеріс.
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектсп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия, әр түрлі ойындар болып табылады. ОНЫҢ үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттср болып табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ окушы болады. Оның өмірінде ойын әлі макызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті онық мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық жете адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады, Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезендері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі ПОЗИЦИЯСЫ екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелсріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіме қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағы қарасталған мынадай қағида бар: баланың класка келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлык ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, қасиеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету — бірінші оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы онын білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшкыш, аспаз, шофер) болуы үшін, оқудың кажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің, нақтылы құрамын, әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық көзқарасы әлі болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке депінгі өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашкы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен оның мәнінде әлі таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді терендеп оқыту кезінде қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе грамматикада байқалады.
Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу

пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық қызықты жайттарың паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықылыастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі мінез-құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен қиналмай өтуі — оның, мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылыктардың негізгі түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктсріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, уй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік әттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс окушылары бастан кешірстін қиыншылықтардың екінші
типі мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, семьяда болатып қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы
шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.
Мұғалімнің позицясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір именшсктік жасамай тура алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардың біреулері тым тұйық ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде тіпті басқаша болуы мүмкін). Брінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауынын өзіндік жеке-дара ерекшсліктсрін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына» көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен немкұрайдылыққа салынады. Мұгалімдер кейде материалға сырттан қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.
Оқуға «тоюды» болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететіп проблемалық ситуациялармен ұшырасуында…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...