Курстық жұмыс: Психология | Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты

0

Мазмұны

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты
б) Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік фактордың көлемі.
в) адам аралық қарым-қатынас және оның жеке тұлға ретінде дамуы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдалнылған әдебиеттер

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
процесінде қалыптасатын мотивтер сан «алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. Екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім алңғнды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндерімен бірдей тырыспайды.
Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық болуы маңыздырақ.
Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуыныи көптеген басқа жақтарын да анықтайды. Мысалы, танымдық бағыттылығы бар балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады, білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар қимылдарып, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, іс-әрекет нәтижесінде (әсірссе практикалыҚ сабактар орындауға қатысты болғанда) үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейді
Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, білім, мінез-құлық тәсілдерінің қалыптасу ерекшелігін анықтап отырады. Сонымен, адамның жеке басының бағдарын ескеру — оқушылардың оқыту (білім мен тәісілдерді игеру) мен тәрбилеуді (адамның жеке басын дамыту) неғұрлым тиімді жүзеге асырудың бірінші және қажетті шарты.
Екі шардан қарлы мүсін қарындаштарды көріп қалып, оған таяқ ұстады; қарындаштардан жол салады, шаналар жасайды да: «Балалар қарлы мүсін жасайды, шанамен сырғанап жүр»,— дейді. Бұл жерде шартылдақ жасамақ болған нақтылы мақсат қана емес, елка үшін ойыншық жасауға бағытталған жалпы мақсат та жойылып кетіп отыр.
Мақсат және оның мотивтермен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеті көбінесе матсериалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән. Мысалы, олар текшелерден үй құрастырғанда олардың іс-әрекеттері алдарында қандай (түрі, түсі) текшелер жатқанына тәуелді болады да алдын ала ойланған жоспарға байланыстылып, сирек кездеседі. Мектепке деиінгі шақтыі соңына қарай болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл барлық балаларда бірдей бола бермейді. Мектепке келетін көптеген балалар үшін іс-әрекеттердің мақсатылығының, ұйымшылдығының, еркіндігінің төмен деңгейіне дамуы тән, мұның өзі оларды оқыту процесінің табыстылығының төтенше қиындатып жібереді.
Төменгі класс жасының соңына таман көптеген оқушыларда іс-әрекет мақсаты мен мотив арасындағы қатынастарды еркін белгілей білу қалыптасады. Іс-әрекетті орыдаудың жалпы мәнісі өзгерген жағдайда балалар нақтылы мақсатты өзгертіп, өз іс-әрекеттерін қайта құра алатын болады. Бұл мысалы мына тәжірибеден байқалады. I—IV класс оқушыларына текшелерді және басқадай материал пайдалана отырып қала салуды ұсынған. Оның үстіне жалпы міндет өзгертіліп отырады: бір жолы, балалар алыптар мен ергежейлілср туратын қала салуға тиісті болды, екінші жолы оларға қала тұрғындарын екі түске: қызыл мен көкке бөледі деп айтылды; үшінші жолы қала ұшатын жәндіктер үшін салынды, I—II кластағы көптегсн балалар барлық жағдайда да, құрылыстың тиімді де, оны жүзеге асырудың тәсілін де елеулі өзгерте алмаған. Ш жәно асіресс IV класс оқушылары түрлі міндеттер үстінде мақсатты да, өздерінің іс-әрекеттерін де өзгертіп отырған.
Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің барі оқу іс-әрекетінен де көрініп жатады. Қайсыбір балалар оқу тапсырмаларын орындағанда өзара байланыстырып жатпайды, міндеттін элементтерін ғана бағдарлайды, екіншілері тұтас алғанда мәселені, оның басқа оқу материалымен және т. б. байланысын түсінуіне орай тасілдерді іріктеп алады.
Баланың санасы мен ойлауының даму дәрежесі неғұрлым жоғары болса, оның пайдаланатын және игеретін ұғымдары да соғұрлым көптеген бай белгілермен және күрлелілікпен сипатталады. Бұл сананың заттардың сыртқы қасиеттерін жай механикалық бейнелеуі емес, керісінше, онда бала бұрын бөліп шығарған түрлі мазмұнды байланыстыру, қайта өңдеу болып жататынмен түсіндірілкді. Сондықтан сананың дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі — баланың түрлі белгілерді біріңғай, тұтас затта байланыстыра, біріктіре білу қабілеті. Балаларға, мысалы, төрттен жетіге дейін белгілер (жылдам, жасыл, үзын, қатты) саналып шығады да, бойында осы белгілердің бүкіл тобы кездсетін заттарды атау ұсынылады. Сөйтсе, түрлі балаларлың (I—VII класс оқушыларының) осы тапсырманы біркелкі орындамайтыны байқалады. Біреулері барлық берілген белгілерді ескере білсе (керсетілген, белгілер тобы бойынша олар, мысалы: «поезд», «жылап»,— деп жауап береді), басқалары белгілердің аздаған бөлшектерін («пияз», «жапырақ» деген заттарды атайды) ғана айта алды.
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БАЛАЛАР ДАМУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғарыда балініп көрсетілген үш турінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де ажыратып қарастыруға болады.
Баланың жеке басының белсенділігі — психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылыктардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үстіндегі мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізілуі осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.
Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процссіндс бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді.
Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылықтары болып олардың субъекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересск адамның көмегі жәме басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалық бала іс-әрекетіне сырттан енігзіліп, сыртқы іс-әрекет түріенде ұйымдастырылады. Біртіндеп сыртқы іс-әрекеттің ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекеткс өзгеруі (бұл процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін П. Я. Гальперин зерттеген) болып өтеді.
Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, ойлау мен іс-әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындап, дәнекерлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.
Білімдерді, оларды қолдану, механизмдерін және жеке адамның жалпы қасиеттерін дамытудын педагогикалық шарттары. Балаларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала психикасы дамуымың ар жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы далелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушылар түрлі оқу пәндсрінен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді. Оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне байланысты жаңа іс-әрекет, жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға енгізіледі де сол мәселені шешудің құралы болады.
Жаңа мазмұнды жеткзудің ең тиімді әдісі осы мазмұнды бала үшін әдейі бөліп алып, модель арқылы қалдыру екенін көптеген психологнялық және педагогикалық зерттеулердің нәтижелері дәлелдеп отыр. Ол, сөйтіп, жалпылама-абстрактілі түрде игеріледі де соңынан нақты жағдаиларда қолданылып отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы заттардан тікелей «көрінбейтін» мазмұнды, яғни теориялық нағыз ғылыми білімдерді игергенде ете маңызды.
Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақтылы іс-әрекеттерінде нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық механизмдердің қалыптасуы мен дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрскеттің бұл бөлшектерін балаларға жалпылама іс-әрекет тәрізді даяр түрде беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-эрекет жасау процесіндс қалыптасады. Лрнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өте жоғары дәрежеде қолданылуын қамтамасыз ететін ой-әрексттерін қалыптастыруға болады.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің , сысалы, бағдарының ұйымшылдығының, еріктілігінің (яғии іс-әрекет құрылымын неғұрлым жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын игеруі тиіс. Олар іс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдсрін ажырата білуге үйрснеді. Бастапқыда, әсірссе мектепке дейінгі ересектер мен төменгі класс оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңдерінің әрбірінің орындалуы тексерілуі тиіс. Балалар жоспарлауды, бақылау мен бағадауды өте жиі тастап кетіп отырады. Сондықтан олардың жүзеге асуын алғашқыда педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейіннен түрлі белгілср арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Балалар іс-әрекетті орындай отырып, оның кезеңдерінің бейнеленген схемаларына сүйенеді, сөйтіп біртіндеп қана өз іс-әрекетін ұйымдастырудың ішкі амалдарына ауысады. Мақсаттылықты қалыптастыру — баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір жағынан, балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекеттерін мақсатпен, болашақ жеміспен, іс-әрекеттің қажетті нәтижесімен ұштастыра білуге, мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-әрскеттерді ауыстыра, қайта құра білуге үйрету қажет. Екінші жағынан, балалардан белгілі нәтижеге жетуді, іс-әрекстті аяғына дейін жеткізуді берілген талаптарды ескеруді ғана талап етіп қоймай, алынған нәтижені бала үшін ерекше бөліп қарап, көзделген мақсат, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір нәтижеге жетуді, міндет тұрғысынан оны талдап , тәуір нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет.
Субъектінің әрекеті — жеке тұлғаның дамуынын факторы ретінде. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.
Сана мен іс-әрскеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоции. Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігнің шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсендітікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттілктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.
Белсенділіктін өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан кайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың бітімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады….