Курстық жұмыс: Психология | Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………2-3
І. Тарау. Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы.
1.1.Сөз және сөйлеу туралы жалпы ұғым……………………………………………..4-5
1.2 . Сөйлеудің физиологиялық негіздері…………………………………………..6-8
1.3. Сөйлеудің түрлері және баланың сөйлеу қасиеттері………………….9-12
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты
сөйлеу әрекеттерінің дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы…………………………………………………………………………………………………13-17
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу әрекетінің дамуындағы сөздің және іс — әрекеттің ықпалыналмастыру…………18-20
2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың сөйлеу
қабілетінің дамып жетілуі………………………………………………………………21-28
2.4. «10 сөзді жаттау» әдістемесі арқылы баланың сөйлеу
әрекетін дамыту………………………………………………………………………………………29
Қорытынды……………………………………………………………………………………….31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………32

Кіріспе.
Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы сөз және тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жқртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі екендігі осы жұмыстың міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты
сөйлеу әрекеттерінің дамуын зерттеуде әңгіме әдісі, тест әдісі, анкета әдістерін қолдану.
Теориялық маңыздылығы: Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екеендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Практикалық маңызы: Үлкендермен сөйлесу балаларды сөздігін көбейтеді және айтылған сөздердің көлемін кеңейту, баланың практикалық іс-әрекетіне байланысты оның үлкендермен сөйлесуі көмек сұрауы, өзінің өтінішін білдіреді. Үлкендердің сұрағына жауап берген бала өзі қайта сұрай бастайды. Өзінің әрбі сұрағына жауап алғанда бір заттың белгіленген сөзін алады. Практикада балалар әр заттың өзінің ойы бар екенін біледі. 1-жас сегіз ай , 2-жас баланың сөзідгі кеңейеді.
І. Тарау. Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы.
1.1.Сөз және сөйлеу туралы жалпы ұғым
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жұмабаев).
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай түрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз — баланың сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бүлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бүл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
1.2 . Сөйлеудің физиологиялық негіздері
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен, қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы өлі женді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.
«Сөйлеу», «тіл» «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сұрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді», деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудін де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, өзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл — парасат) түрінде корініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мүрасы ұрпақтан-ұрпаққа (ауыз екі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!