Курстық жұмыс: Психология | Атақұлдық ой пікірлерінің атақұлдық тәрбиеге ықпалы

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….
І бөлім. Атақұлдық туралы ой-пікірлер…………………………………………..
1.1 Ата-баба культі жөніндегі ой-пікірлер…………………………………..
1.2 Атақұлдық жөніндегі ой-пікірлеріне қатысты Құран кәрім аяттарындағы көріністері
ІІ бөлім. Атақұлдық ой-пікірлерінің атақұлдық тәрбиеге ықпалы
2.1 Патриоттық тәрбие туралы ой-пікірлер
2.2 Қазақ зиялы қауымының патриоттық тәрбие туралы ой-пікірлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І бөлім. Атақұлдық туралы ой-пікірлер
1.1 Ата-баба культі жөніндегі ой-пікірлер

Ата-баба культі жөнінде М. Бұлұтай атақұлдық деп қарастырады. Ата-баба культі жөнінде көптеген ой-пікірлер бар. Қазіргі күннің өзінде көп азаматтар ата-баба жолы дегенді дұрыс түсінбеуде, оған ат үсті қарауда. Халық арасында ата-бабаны дәріптеу, олардың аруағына ас беру, олардың мүсінін жасау, ескерткішер орнату етек алған уақиға. Білсін-білмесін әркімнің аузында ата-бабамыздың жолы еді дейтін сөз тіркестері кезлеседі. Кейбіреу өзінің іс-әрекетіне негіз табу үшін «ата-бабам үшін» немесе «ата-баба жолы» дей салады. Бір қысым адам ата-баба жолы деп езінің ақсүйектігін қайтадан қалпына келтіріп жатса, енді біреулер дайын ата-бабасы арқылы әулиелік, ишандық, батырлық сипаттар алуға тырысуда. Енді біреулер ата-бабам үшін немесе ата-баба жолы деп бұрын жерге сіңіп, жоғалған отқақұлдықты, бұтқақұлдықты қайтадан жаңғыртқысы келеді. Олар өзінің басқа мақсаттан туындаған бұл әрекетін ата-бабамыздың діні яки жолы еді деп түсіндіріуге тырысады. Олар ата-бабасынан ондай есиет болып-болмағаныиа қарамайды, істеп жатқанының дұрыстығына-терістігіне ес шаршатпайды. Олар дегеыіміз кейбір шет жақтан келіп, елдің сиқын бүзуға әрекеттеніп жатқан бүлікшілер мен өзіміздің ішіміздегі, ғалым Р. Бердібай, айтқандай, көзқамсидарымыз. Мәселенің Исламият тұрғысынан
Ата-баба культі жөніндегі танымдық мәліметтер. Ата-баба культі (атақұлдық) дегеніміз олген адамдардың аруағы мен тірілердің арасында қатынас болатұғыны, олардың бір-біріне тәсір ететұғыны, туыстық байланыстың сақталатұғыны туралы сенімнің нәтижесінде пайда болған нанымдар мен рәсімдер комплексі. Аруақтарға жақындау немесе олардан қорқу сықылды мәзиеттері бар ата-бабаға табынудың формалары дүние жүзінің барлық мекендерінде кездеседі, мәселен, Африка, Азия және Тынық мұхит аумағындағы бейсауат немесе сауаттылықтың қарсаңындағы қоғамдарда, Ақтеңізді (Жерорта теңізі) жағалаған кене мемлекеттерде, ежелгі Еуропа мен бүгінгі Үндістан, Қытай һәм Жапон қоғамдарында (сарқыншағы).1367 Ата-бабаға табыну (атақұлдық) ешқашанда өз алдына жеке дін болған емес, ол өзге нанымдардың, әсіресе, көптәңірлі сенімдердің комплекстік құрамы болды.
Ата-баба аруағына табынатын қоғамдарда, қоғам тірілерден ғана құралмайды, өліктер де қоғамның белсенді мүшелері болып табылады. Сенім бойынша өліктер туысжанды, жайдары, досжанды немесе ашушаң, ызақор, қаһарлы да зиянкеш болуы мүмкін. Аруақтың зарарынан аман болу үшін оларды ызаландырмау керек һәм оларды разы ететін қылықтар жасап тұру керек деген сенім билейді.
Ата-бабаларға табынудың алуан түрлі формалары бар. Мисалы, белгілі аруақтарға бір жанұя, ру немесе тайпа ғана табынатын яки немесе бір ұлттың барлық мүшелері тұтастай бір атаға табынатын формалар кезігуі мүмкін. Мәселен, көне Римдегі (м.б. 509 — м.к. 476) манес (manes) культі (парентұм деп те аталады) бойынша әр жанұя, өзінің ата-бабасына ғана табынатұғын. Парентұм культі бойынша өлген адам өзі шыққан жанұяның немесе рудың түп атасы (тегі) болып есептелгендіктен, оның аруағы ұрпақтарының өмірін жалғастырушы күш деп саналған. Ата-бабаларға табынудың ендігі бір формасы, барлық аталарға емес, олардың ішінде жекелеген аталардың аруағына ғана сиыну жолы; мысалы, көне Римдегі императорлар культі, көнс Мысырдағы перғауындардың аруағына табыну культі мен Жапониядағы «күннің ұлы» делінген императорлардың аруағына табыну культі т.т.
Айта кетерлік бір моселе, атақұлдықта ата-бабаның барлығы бірдей табынуға лайықты деп саналмайтұғыны, өйткені кейбір аталардың дәрежесі өзгелерден жоғары болуы мүмкін-міс. Бағзы қоғамдар жуықта өлген аруақтарға ғана табынса, ендігілер, керісінше, тек қана кәрі аруақтарға табынуды абзалырақтау көреді. Сондықган, аруақгар да дәреже мен қуатына жарай таптарға, иерархиялақ қабаттарға бөлінеді атақұлдықты тұтынатын қоғамдарда.
Жә, бағзы атақұл қоғамдарда, жекелеген аруақтардың нақтылы бір сипаты әсіре қастерленіп кетеді де, оларға бара-бара тәңірлік сипат артылады. Бұның дәлелі ретінде көне Грекиядағы мыңдаған тәңірдің бірі болған Асклепиұсты (Asclepius) айтуға болады; барлық аймақтарда оған тәңір деп табынушылар болғанымен, ол тәңірлікке қабаттаса Асклепиаде руының түп атасы, батыр адам деп білінген.
Атақұлдықта аталар аруағы елге көмектесуге шақырылады: мәселен, ұрпақтың жалғасуын қамсыздандыру, аурудың бетін аулақ ету, мал-жануардың немесе егіннің мол өсуі, ұрпағының мұң-мұқтажын тәңірлерге арыздап жеткізу т.т. Атақұлдықта аруақтар тәңірлерден төмен, ал адамдардан жоғары деп саналған.
Ғылыми назариялар (теориялар) мен жорамалдар. XIX ғ. әлеуметтанушы һерберт Спенсер (Herbert Spenser) ата-баба аруағынан қорқудың және оларды киелі деп есептеудің нәтижесінде пайда болған атақұлдықты ең алғашқы наным-сенім формаларына жатқызады. Заманауи қоғамдарда ата-бабаға табыну сиыну үрдістері жоғалуға дейін барғандықтан, ғалымдар ата-бабаға табынуды жеке дін ретінде емес, діни сенімдерге жапсарланған косымша, мүрәккәп (комплекс) құбылыс деп талқылайды. Ежелгі жазбалардың көпшілігінде көптәңірлі нанымдағы адамдардың өлімін қатты қорыққаны айтылады. Сондықтан, үнді ойлауы (фәлсәфәсі) ажал үрейін ада ету үшін, өлімнен кейінгі өмірден гөрі өлімнің өзі қастерлі мақсатетіп көрсеткен. Алайда, Һәмән барлық құрлықтарда табылған тарихи маңыздылығы бар заттар, бәшериеттің қадим уақыттардан бастап өлгеннен кейінгі өмірге сенгенін дәлелдеген. Мысалы, м.б. 60000 ж., яғни палеолиттік (көне тас дәуірі) дәуірден қалған қабірлерден табылған заттар, он мыңдаған жыл бұрын о дүние (ахирет) туралы сенімнің болғанын дәлелдейді.
Ата-бабаға табыну культі көбінесе қандастық негізде құрылған қоғамдарда жиі кездеседі. Адамдардың бір-біріне жақындығын анықтауда тек қандастық байланысты басшылыққа алатын қоғамдар, иерархиялық жүйені де осы қандас жақындық негізінде қалыптастырған. Сондықтан, осындай қоғамдарда ата-бабаға табыну мен соның нәтижесінде хасіл болған ата-баба культі, қандас қоғамның өмірінде елеулі рөл атқарған һәм қандастық байланыстың бірден бір қамқоршысы болған. Бұрынғы ата-бабалардың тірілердің өміріне араласы бар деп сенетін қоғамдарда, ата-баба аруағына адам-үсті, табиғаттан жоғары, тыс, тіпті, тәңірлік қасиеттер телінгені байқалады. Ата-баба кулъті қалыптасқан қоғамдардағы адамдардың теріс қылықтары, әрекеттері тірілерді ғана емес, сонымен қатар өлілерді де мазалайды деп сенілген. Сондықган, ғалымдардың топшылауынша, кейбір қоғамдар ата-баба культін қаймықтырушы (санкциялық) күш ретінде пайдаланған. Аталмыш қоғамдарда ата-баба аруағы өз ұрпағының іс-әректтерін дұрыстаушы немесе терістеуші (жақсы көріп құптаушы яки ұнатпай кері қағушы), сүйтіп моральдық өмірді күзетуші күш деген сенім қалыптасқан. Мәселен, Меланезиядағы Манулар рудың қамқоршы бабасының аруағы оз үрпағынан бірі моральдық қаталық қылса, оның рухын денесінен шығарып жазалайды, сол себепті, әлгі адамның денесінде оңбас ауру пайда болады деп сенеді. Олар ата-баба аруағы жақтыртпайтын қылықтың салдарынан адам еліміне дейін апаратыы қырсықтар болады деп сенеді. Бейсауаттықтың, Ислами санасы таяздықтың ишараты «аруақ атқыр!» дейтін хұрафа да, осы жаңсақ сенімнің қалдығы. Демек, ата-баба культі мәужүт ру-тайпаларда ата-бабаның аруағы қоғамдық омірді бақылаушы һәм қандастық негіздегі ру-тайпаның ішкі қатынастарын реттеуші құрал, күш есебінде.
Сондай қоғамдарда ата-баба аруағын риза ету мақсатымен жамағаттық рәсімдер (ритуалдар, трапеза) дәстүрі қалыптасқан. Әсіресе, Қытай уә Жапон қоғамдарында арнайы мұрасымдар жасалатыны, сойтіп. ата-бабаларға табыну амалдары іске асырылатыны белгілі.
Атақұлдықтың негізгі үлгілері. Ата-бабаға табынудың маңыздылығы сол қоғамдағы қандастық туыстықтың маңыздылық дәрежесіне тікелей қатысты. Қандастық туыстық қоғамда неғұрлым маңызды болса, ата-бабаға табыну да соғұрлым маңызды болады. Тұрпайы (примитивті) қоғамдарда, қоғам мен әлеуметтік өмір тек қандастық негіз бойынша қалыптасады. Олар белгілі бір ата-бабадан ары қандастық туыстығын дәлелдей алмағанымен, бұған ешкім көңіл бөлмейді. Мәдениет деңгейі жоғарылаған сайын қоғамдық өмірде қандас топтардың маңызы төмендей береді. Қандастықтың жалғасуы мен мұрагерліктің тек сол негізде болуы, дәстүрлі Қытай уә Жапон қоғамдарында үлкенді ерекше сыйлау мен ата-бабаға тағзым ету салттарын қалыптастырған.
Жә, қандастық туыстықты тек жанұялық шеңберде қабылдаған һәм ересектердің экономикалық-әлеуметтік байланыстары қандастық негізден зияда (гөрі) сұраныс-ұсыныс қағидасы бойынша қалыптасқан қоғамдарда, ата-баба культі негізгі дәнекер болмайды. Сондықтан, Қытай уә Жапон қоғамдары соңғы ғасырларда бастан кешкен экономикалық-әлеуметтік өзгерістер, аталмыш қоғамдардағы ата-баба культінің деңгейін төмендетіп жібергені соншалық-кім, қазіргі жастарда оның қалдықтарын шаммен іздеп, әрең табасың.
Ата-бабаларға табынуда көптәңірлі нанымдарға тән көптеген рәсімнің, құлшылық формаларының қолданылғанын байқаймыз. Кейбір ғалымдар, атақұлдықты тұтынатын қоғамдардың ата-баба аруағын құдды тірі адамдар секілді денелі һәм адам-үсті, яғни табиғаттан тыс қуатты деп сенетінін жазған. Осы сенім бойынша аруақтар; көреді, естиді, сезінеді, түсінеді, тірілермен қатынасады, моральдық мұхакама жасай алады, қалайды, қуанады, ашуланады, ызаланады, бұлданады, қызғанады, қаһарланады т.т. Көптәңірлі нанымдардағы тәңірлерді разы ету мақсатымен жасалатын құлшылықтар мен рәсімдер атақұлдықта да кездеседі; мисалы, жыр-дастандар арқылы оларды марапаттау, құрбан беру, тарту беру, еске алу тойларын жасау, ән-би арқалы дәріптеу т.т. Ата-баба аруағы тірі жақындарының күнделікті өмірін бақылайды деп сенетін қоғамдарда ритуальдер күнделікті сипат алады да қатаң түрде жалғастырылады. Қандас топтың (ру, сүйек, тап т.т.) басына қара күн туғанда, ата-баба аруағынан көмек сұрау кептөңірлі нанымдардағымен үндес. Бағзы зерттеушілер ата-бабаға арналған мұрасым ретінде жылына бір рет қабір басында жасалатын еске алу жиынын ғана айтады.
Ата-баба аруағына сиынудың формалары, рәсімдері қоғамнан-қоғамға өзгеріп тұрады. Аруактарды мадақтау рәсімінің мақсаты оларды о дүниедегі өмірінде демеу, қолпаштау. Көптәңірлі қоғамдарда төңірлердің құдіреттілік дәрежесі қоғамнан-қоғамға өзгеріп тұратыны сықылды, атақұлдықты қоғамдардағы ата-баба аруағының күш-күдіреті де қоғамнан-қоғамға ауысып тұрады. Кей қоғамдарда олардың құдіреті өте төмен саналса, ендігілерде табиғаттан тыс дәрежеге дейін барады. Көптәңірлі кейбір қоғамдар ата-баба аруағын адамдар мен тәңірлер арасындағы арашашы, дәнекерші деп ойлайды. Ал, жекелеген қоғамдар елеусіз қалған аруақтардың кесірінен сақтану үшін марапаттау уә қорғану рәсімдерін жасайды.
Көне орта шығыс пен еуропа елдершдегі атақұлдық. Атақұлдық Ақтеңізді жағалай орналасқан коне дәуір елдерінде кездесетін культ. Мысалы, ежелгі Мысырда өліктер культі болған, оның басты айырмашылығы кез келген адамның аруағына емес, перғауындардың аруағына ғана табынуды коздегендігі. Ежелгі Вавилонияда жиын-рәсімдерде атақұлдықтың жасалғанын байқауға болады. Отқақұлдықтың ритуальдерінде де аруақтарға табыиудың көптеген рәсімдері болған. Өйткені, отқа құлшылық (зороастризм) нанымы да аруақтар тірілердің ісіне араласады деп үгіттейтін. Көне Грекияда атақұлдықтың формасы өзгеріп батырларга табыну культі пайда болған. Тірісінде батырлық танытқан адамдардың аруағы мәңгілік жасайды деген сенім етек алған-ды Грекияда.
Рим мемлекетін ішкі дағдарыстардан кейін ресбуликадан империяға аударған Август (м.б. 27 — м.к. 14) дәуірінде мемлекет тұрақтанып, халықтың әл-ауқаты көтерілген-ді. Император Августтың мемлекеттік билікті нығайтқаны һем экономиканы көтергені соншалық-кім, ел оған тәңір деп табына бастайды. Римдегі көп тәңірдің қатарына енді императорлар да қосылады. Ал, табынудың формасы Августтан кейін өзгеріп, тек елдің ықыласына бөленген императорлардың аруағына құлшылық ету дәстүрі басталады. Сондай аруақ-тәңір императорлар мыналар: Тражан (98-117), Хадриян (117-138), Антониус Пиұс (138-161), Маркус Аурелис (161-180). Ежелгі Римдегі атақұлдықтың екінші қыры оның отбасылық сипатта болғаны. Римдіктер үйде рәсім жасалған кезде, аталарының аруағы келеді деп сенетұғын. Сондай-ақ, Солтүстік Еуропаның барбар халықтары қадими келттер, тойтондар, викингтер мен славяндардың өз ата-бабасына бағыштап құрбан беретіні белгілі. Орыс халқында «родительский день» атымен сақталған әдет соның сарқыншағы. Ал, мұңғұл нәсілінен қидандар да ата-баба аруағыиа бағыштап тірі адамды құрбандыққа шалатын: «Қидандар арасында соғыс кезінде жауыққан елге бара жатып, жолай аталар аруағына бағыштап, бір қылмысты кісіні «құрбандық атап», мыңдаған оқпен атып тастайды екен. Соғыс аяқталысымеи, тап әлгіндей етіп, олар аруақтар жолына «алғыс құрбаны» ретінде жаулардың біреуін шалған. Тап осындай әдет б.з. дейінгі II г. хуидар арасында болғаны бастаухатқа тускен. Сонымен құрбандық шалу соғыс тәңірісі Иліске емес, ата-бабалар аруағына жасалған, тегі олар тым қанқұмар болса керек.
Бейсауат қоғамдардағы атақұлдық. Қатты асқынған атақұлдық культін Африканың Сахара шөліне жапсарлас елдері мен Меланезияда көреміз. Сонымен қатар Үндістандағы кейбір тайпалар мен Азияның бағзы бейсауат қоғамдарында атақұлдықтың нышандары байқалады. Мысалы, Африкадағы рулық-тайпалық сатыдағы шағын иеліктерде корольдар меы ру билерінің аруағы, сол иеліктің қарамағындағы барлық адамдардың ортақ тегіне айналған. Сондықтан, қоғамның барлык мүшелері оларды тағзым етуге һәм сиынуға міндетті болған. Билерінің, ру басылардың аруағы сол рудың өміріндегі мәселелерді, ал патшалар мен сақа билердің аруақтары болса күллі қоғамның өміріндегі мәселелерді бүтіндей шеше алады-мыс. Аруақтарға құрбандық беру, оларды мадақтап жиын-тойлар өткізу, ән-би мен қисса-дастандар арқалы оларды көтермелеу Африка қоғамдарында күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Меланезиядағы Манес культінде аруақтар тәңірге теңеледі де жуықта өлген адамдардың аруағына ғана табынылады. Жаңа аруаққа табыну басталғанда бұрынғы аруақ күшінен айырылады да ұмыт болдды. Өлген адамның бас сүйегі елді мекеннің кіре берісінс, жоғарырақ ілінеді; сүйтіп, аруақ еліндегі жағдаятты көріп, хабардар болып тұрады-мыс. Қаңқасы ілулі аруақ керек кезде тірілерді жазалай алады-мыс һәм өзге рулардың шабуылынан туыстарын қорғайды-мыс.
Жаңа Гуинеядағы Тробрианд аралының тұрғындарынша өліктің екі аруағы болады-мыс. Біріншісі, яғни зиянсызы кісі өлгеннеи 2-3 күннен соң ұшып жоғалып кетеді-міс. Балома деп аталатын екінші аруақ ғана өлімсіз саналады. Олар, Баломаларға арналған жылдық рәсімдерде (ас) барлық баломалар тірілермен қауышады деп сенеді. Қырманның мол болуы үшін баломалардан ғана көмек сұралады, сиқыршылар тек олардың көмегімен сиқыр жасайды т.т.
Полинезия аралдарының тұрғындары мықтылардың аруағын (ру басылары, билер, ақсүйектер) ғана қадір тұтады, бірақ оларда тікелей аруаққа арналған құлшылык үлгісі жоқ. АБД-нің оңтүстік-батыс аймақтарын мекендеген Пуебло (Pueblo) қызылтерілілерінде де атақұлдық байқалады. Олар жылдың белгілі мерзімдерінде ата-баба аруағына бағыштап ритуальдер жасайды, олардан жауын сұрайды (Пуебло халқының тұрған жері ыстық болғандықтан).
Шығыс халықтарындағы атақұлдық. Атақұлдықтың классикалық үлгілерін Қытай мен Жапонияда табамыз. Үшбұ қоғамдарда ата-бабаға табынудан зияда оларды қадір тұту үстемірек. Қытайда ата-баба культінің тарихы өте көнеде жатыр. Миладтан бұрынғы Ү-ҮІ ғғ. өмір сүрген Конфуцийдің үгіттерінде ата-бабаларды қадірлеу туралы көп насихаттар кездеседі. Соған сәйкес рулық ғибадатханаларда ата-баба аруағын қастерлейтін діни мәжілістер ұйымдастырылатұғын. Аруақтарды дәріптеу рәсімдері үйде, ғибадатхана мен қабір басында жасалатұғын. Немесе ата-бабалардың есімі жазылған құлпытастарды үйде сақтап, олардың алдында мінәжат айтылатұғын. Дәстүр бойынша қабрістанға бару, зиярат ету дәріптелген. Жапондардың ата-баба культінің түп тамыры әлі күнге шейін нақты анықталмаған, бірақ қытай әсері деп топшылануда. Буддашылықтың м.к. VI ғ. қытайдан кіруінен бұрын жапондар ұлттар ұстанған Шинто (Синто) дінінде де ата-баба культі болған тәрізді.1375 Шинто мен Будда діндері ғасырлар бойы қатарласқан соң, жапондардың буддашылығы көбінесе ата-бабаны аруақтаумен, ал шинто культі болса күнделікті мәселелермен шұғылданумен машғүл (занят) болған. Жапондар күні бүгінге шейін жалпыұлттық мұрасымдар ұйымдастырып, аруақтарды еске алады, қабір басында жиындар өткізеді. Заманауи өзгерістер мен батыс мәдениетінің күшті ықпалынан соң, аталмыш елдерде атақұлдықтың күн өткен сайын ұмыт болып бара жатқаны байқалады.
Үндістандағы һинду (үнді) нанымдарында атақұлдықтың көптеген формалары кезігеді. Олардың басқалардан өзгешелігі, көне Үндістандағы каст (таптарға бөліну) жүйесіне муафық һәм қайтадан тірілу (реинкарнация) сенімін қамтитыны. Ашығырақ айтатын болсақ, үнді нанымында тірілердің міндеті өлілерді өлім мен қайтадан тірілу арасындағы уақытта қорғау болып табылады. Каст жүйесі бойынша күнәкәр адамдар екінші рет жаралғанда бұрынғыдан төменгі кастта, яғни тапта, дәрежеде ғана тіріле алады. Үндістанның кейбір уилаяттарында және кейбір касттарда тек еркектердің аруағын дәріптейтұғын мұрасымдар жасалады.
Хұн патшалығындағы халықтарда да атақұлдықтың кейбір формалары болған. М.к. III ғ. хүкім сүрген Тобалар хұн нанымдарын жалғастырған; олар ата-баба аруағына бағыштап құрбандық беруші еді.1376 Олар ата-бабаларын еске алу үшін арнайы тастан ойылған михраб іспетті орынды пайдаланушы һәм сол михрабтың алдында оларға құрбандық беруші еді. Тобалар м.к. V ғ. Ангара мен Обь өзендері бойымен құлдап, оңтүстікке қарай ауып, бүддизмді қабылдаған. Эберһард көне түріктердің «будун инли», яғни «жерді қорғаушы рух» деп аталған тауда тәңірлерғе арнап, қағанның ордасының алдында құрбандық беретінің құрбанның басына сырық шаншып; аспанға көтеретінін айтса, А. Инан мұны тау культі мен ата-баба культінің қоспасы деп тұжырымдайды.1378 Сонымен қатар жыл сайын бесінші және сегізінші айларда қағанның бастауымен киелі саналған үңгірлерде ата-баба аруағына құрбандар берілуші еді.1379 Л. Гумилев атақұлдық хақында былай деп жазады: «Бұл заманның (хұн дәуірі, М.Ж.) ұғымы бойынша, өлілер аруағының қайтып келуі тірілерге бақытсыздық пен бәле-қатер әкеледі, ал бұрынырақ кезде ол өмір мен өлімнің айналым-алмасуындагы болмай қалмайтын, жазмыштың ісі болып есептелетін. Осынау көзқарасқа байланысты дуалистік жуйе пайда болады: аспан-әке — қайырымдылық, жер-ана — ажал, осыдан келіп ақ нефриттен дискілер, сақиналар жасалудан көрінетін күнге табынушылық, бұрын болып келген аңға табынушылықты алмастырған деген болжам бар».
Бейсауат бұтқақұл Шыңғыстың мұңғұлдарында (XIII ғ.) бабаларға табынудың кейде кек тәңірден де жоғары болғаны байқалады. Мәселен мұңғұлдың Даян ханы бабалар аруағына жалынып:
«Ағып суалатын суды,
Арбиып қуаратын сүйекті,
Аспан тәңір, өзің біл!
Тәңірден асар іс болса,
Әулие бабам, сен біл!»
деп, бабаларын көк төңірден де үстем етіп қояды.

1.2 Атақұлдық жөніндегі ой-пікірлеріне қатысты Құран кәрім аяттарындағы көріністері
Иә, жоғарыда ата-баба культі, оның пайда болуының негізгі себептері мен ата-бабаларға, олардың аруағына сиынудың үлгілерін егжей-тегжейлі көрсеттік. Демек, дүние жүзінің көптеген көптәңірлі яки бейсауат қоғамдарында атақұлдықтың формалары болған, тіпті мәдениет-өркениет дамыған ғасырымызда да кездесуде. Кейбіреулер тұрып «қазақ ата-баба аруағына сиынатын халық» дейді. Жоғарыда келтірілген фактілерде мұның біздің жазғыштар айтқандай тек қазақтарға тән мәселе емес, ежелгі замандардан бастап, көптеген қауымдарда, әсіресе, көптәңірлі нанымдарды тұтынушы қоғамдарда, басқа нанымдармен бірге жүрген құбылыс халінде ұшырасқанын айттық. Енді, әлгі жазғыштар тағы да «қазақ күнге табынатын, күнді қастерлейтін халық» не болмаса «отты қастерлейтін, онша табынатын халық» дейді. Олардың қай қазақты айтып ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!