Курстық жұмыс: Психология | Аристотель
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау
1.1 Аристотель – ғұлама ойшыл
2-тарау
2.1 Аристотель немесе ғылыми таным логикасы
2.2 Таным теориясы туралы ілімі
2.3 Аристотельдің «Жан» туралы түсінігі
2.4 Аристотельдің «Адам тәрбиесі туралы» мәселесі
Қорытынды
Аристотель немесе ғылыми таным логикасы
Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» — деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», — деп жауап беріпті деген аңыз бар .
Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді).
Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айрылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады .
Материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі- онда әлі «форма жоқ», ол кейін пайда болады, екіншіден онда болашақта «формаға» айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі – теріс анықтама, ал екіншісі – оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни, негіз, бірдеңенің ішкі астары. Материя – енжар, ал форма – белсенді болып келеді. Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды.
Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса материяның ешбір маңызы да жоқ.
Аристотельдің ойлау процесінің мәселелерімен көп айналысқанын жақсы білеміз. Оның осы мәселеге арналған «Категориялар», «Бірінші аналитика», «Екінші аналитика», «Топика» тағы басқа да еңбектері бар.
Аристотель таным теориясына Платонға қарағанда әрі көбірек, әрі тереңірек көңіл аударды. Ол бұл мәселені Платоннан гөрі тым өзгеше, әрі түсінікті етіп баяндады. Ол Платонның мифке сүйенген таным теориясынан бас тартты. Егер Платон таным тек еске түсіру, сайып келгенде, үңгірге қамалған адамдардың дүниегі сырттан түскен сәулелер арқылы ғана, елес арқылы қабылдауы деп есептесе, Аристотель бұл теорияға басқаша мән берді. Ол бізге әлі жетпеген «Философия туралы» деген трактатында адамдардың танымын үнемі даму процесінде қарайды.
Аристотельдің таным теориясы сенсуализмнен (сенсуа – латын тілінде «түйсік») басталып. Рациолизмге («рацио» — латын тілінде «ақыл») келіп аяқталады.
Көне грек дәуірінде осы екі ұғымның екеуі де болғаны анық. Ендеше, танымды түйсіктен, тәжірибеден ақылған, білімге, ғылымға қарай өтті деп Аристотельдің ойын тұжырымдауымыз оның көзқарасына жасаған қиянат емес .
Әрине, сырт қарағанда солай болып көрінуі даусыз. Бірақ Аристотель «Метафизика» деген еңбегінде таным теориясындағы ойлау мен болмыстың тепе – тең келіп, шамаласпайтын болмағаны ма деген сұраққа өзі жауап береді: білім қуаты жағынан жалпыға, актуалдығы жағынан дараға бағытталады.
Міне, жалпыға ұмтылатын білімнің бәрін ойлау процесі арқылы белгілі бір формаға түсіріп, зерттеу қажет. Сондықтан Аристотельдің форманы асыра дәріптегені ағат болғанымен, сол көне грек дәуірінде жаңа ғылымның, кейін орта ғасыр мен жаңа дәуірде ерекше рөл атқарған көптеген білімдердің сүйенер негізі болған формальды логиканы тудырды.
Аристотель жасаған осы ғылымның (формальды логиканың) атқарған маңызын айтып жеткізу қиын шығар. Оның таным теориясына да, дүниетанымға да тікелей қатысы болды. Ол өзі пайда болған дәуірден бастап, тек логика болып қана қалған жоқ, сонымен бірге ол әлемді, дүниені, табиғатты танудың әдісіне айнала бастады. Тек ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында классикалық неміс философиясында диалектикалық логика таным теориясы ретінде өмірге келген соң ғана бұл логика өзінің бұрынғы әмбебапы, жан-жақты тегіс қамтыған маңызынан айрыла бастады. Бірақ жаңа заманның математикалық логикасы, тіл біліміне қатысы бар, ілімдер – лингвистика мен семантикалық логикалары осы формальдық логикадан келіп шықты. Ендеше формальды логиканың қазіргі жаратылыстану саласы мен жекелеген ғылымдар үшін әлі де өте маңызы зор екенін есімізде ұстағанымыз дұрыс.
Бірақ, Аристотельдің таным теориясы мен формальды логикасы тек рациональды, идеалды болып шыққандықтан, олар адам туралы мәселеден бөлініп қалды ғой?! Әсіресе, формальды логикадағы силлогизмдер мен дәлелдемелер адамнан, оның ішкі дүниесінен қол үзіп кетті емес пе деген сауал да пайда болды.
Сауалға жауап: Аристотель осы білім мен ғылым арқылы адамды тануға жақындай түседі. Бірақ, бұл адамға қарай басталған жол өте ауыр, әрі қайшылыққа толы. Оның ойынша, ілім ақылды жанға ғана орналасқан. Ендеше, жанның бір түрі – ақылды жан тек адамға ғана тән. Ол денеден бөлек, оқшау өмір сүреді. Ойлау мәңгі.
Өйткені, ақыл ешуақытта да жойылмайды, әрі қирап талқандалмайды. Ол өте құдіретті әрі ештемеге бағынышты емес. Бұл теориялық ақыл . Ал енді болмысты материя және форма деп екіге бөлуге байланысты Аристотель ақылды да екігі бөледі. Оның ойынша, әрі пайымдаушы, әрі енжар ақыл бар. Сондай-ақ, әрі белсенді, әрі жасампаз ақыл да өмір сүреді. Оның бірі – материяға тән, екіншісі – формаға сәйкес келеді. Ақылдың қандай түрі болмасын, сайып келгенде, ол құдайға келіп тіреледі.
Аристотельдің ақылды құдайға әкеліп тіреуі форманы асыра дәріптеуімен тығыз байланысты екендігі өзінен өзі түсінікті. Өйткені, оның ойынша, формалардың формасы бар. Ал ол –құдай. Міне, орта ғасырдағы діннің шығуына негіз болған осы идея шығар. Сондай-ақ Батыстағы орта ғасырлық схоластиканың негізін қалаушы Фома Аквинский «Формалардың формасы құдай» деп ашықтан ашық айтқаны да осыдан келіп шығады.
Аристотельдің форманы асыра дәріптеуі құдай туралы ұғымды алып келді. Формалар үш негізде өмір сүреді екен. Құдайға – актуалды және материясыз, табиғатта – актуалды және материалды, жанда – потенциалды және материясыз. Міне, осыдан келіп Аристотель білім танымнан бұрын өмір сүрген деп есептейді. Мұндай пікірдің өзі ақылдың енжар, селқос болуымен қатар оның белсенді әрі жасампаз өмір сүретінін дәлелдейді. Сөйтіп, Аристотель білімді дамып отыратын процесс деген идеяны басқаша негізде жандандыра түсті.
Аристотельдің таным теориясы мен логикасына қысқаша шолу жасай отырып, оның адам туралы іліміне де кеңірек тоқталуымыз қажет. Өйткені, ұлы ойшылдың таным теориясы мен логикасы теориялық ілім негізіне, ал оның этикасы мен практикасы, эстетикалық көзқарасы адамның қызметі арқылы іске асатын практикалық философия негізіне қаланды ғой.
Адамгершілік — адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Өз табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктер шындыққа, шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.
Психиканы ақылға қонымды материалистік тұрғыдан бірінші болып түсіндірген Аристотель (б.з.д 384-322) болды, оның еңбектерінде психика онымен іштей ұқсас құбылыстар қатарында өз орнын алды. Біріншіден, Аристотель психиканы немесе «жанды» денеде бейне өзге материялық құрылымдармен қатар болатын бір заттық субстанция деп түсінуден үзілді – кесілді бас тартты. Ол «жан» ерекше элементтерден тұрады, өздігінен қозғала алады және т.т. деп санайтын Демокриттің және басқа философтардың идеяларын сынға алады .
Екіншіден, ол Платонның сезімдік заттардан ажыратылған «идеялар» туралы түсініктерін дәлелді түрде сынай отырып, Платонның «идеяларында» тек нақты бар заттардың көшірмелері ғана берілген, олар дүниеден бөлек жатқандықтан, нақты бар заттардың болуы үшін де, сондай-ақ оларды танып білу үшін де пайдасыз деп көрсетті. Платон өз түсініктерін құрғанда олар арқылы ұғымдардың жалпы бастауы болады деп түсіндіруге тырысты. Ол «идеялар» байланысын нақты бар заттарда ойлау арқылы сараланатын жалпылылықтың иерархиялық қатынастардың негізі деп білді. Алайда, Аристотель көрсеткендей, «идеялардың» жалпылығының түсінуінен әсте де артық емес. Мысалы «орындық» идеясының «жасау» немесе «зат» деген неғұрлым жалпы идеяға қатынасы нақты бар орындықтардың осы нақты «орындық» идеясына деген қатынасындай-ақ. Сонымен біз ұғымдардың жалпылығын бір ғана идеялық дүниемен түсіндіре алмаймыз, олардың үстіне «идеялардың» иерархиялық байланысын, сондай-ақ әрбір «идеяның» нақты бар заттар дүниесімен мүлдем түсініксіз байланысын да анықтайтын тағы да басқа көптеген дүниелерді елестетуге тиіс боламыз.
Аристотель сипаттағандай «жан» ұғымы біз «психика» деген сөзбен атайтын нәрсемен мағынасы жөнінен толық сәйкес келмейді. Бұл ұғым өте кең мағынаға ие, атап айтқанда, барлық тірі организмнің тіршілік белсенділігі немесе функциясы деген түсінікке сәйкес келеді. Философ «жан» дегенді «энтелехия» деп түсінеді, тұтас форма құрушы бастауы, дененің оның өмір сүруі мен дамуын анықтайтын табиғи іс — әрекеті деп түсінеді
Аристотель «жанның» бірнеше түрлерін немесе бөліктерін саралайды, олардың арасында организмнің қоректену және құрылу процестерін анықтайтын өсімдік бөлігі, адамда, жануарларда сондай-ақ өсімдіктерде болады. Ол былай деп жазды: «Тегінде өсімдіктердегі (тіршіліктің) бастауы – ол да бір жан болса керек: өйткені ол өсімдіктер мен жануарларға ортақ болатын жалғыз нәрсе және бұл бастау біздің түйсінуіміздің бастауынан ажыратуға тура келеді, бірақ оның ештеңеде түйсіну болмақ емес». «Жанның» басқа екі бөлігі – түйсіну және ақыл бөлігі — өсімдіктерде болмайды және бұл біздің «психика туралы түсініктерімізге сәйкес келеді. «Жанның» бұл бөліктері тірі организмдерде олардың ұйымдасуының күрделілігіне байланысты пайда болады және бірыңғай «жанның» — организмдержің тұтас форма қалыптастырушы белсенділігінің табиғи жалғасуы болып табылады» .
Психиканы дененің табиғи іс — әрекетінің формасы деп түсіну – Маркске дейінгі бүкіл философиядағы ең озық түсіну. Сонымен қатар Аристотель, психиканы басқа органикалық белсенділік түрлерімен салыстырып қана қоймай, жанның мәнін әрбір құбылыста оның мәнін анықтайтын «энтелехияны» байқап, «жанның» мәнін кез келген заттың болу принципімен қатыстыра түсіндіруге тырысады. Мысалы, балта үшін мұндай «энтелехия» жару, яғни оның функциясы болып табылады. «Жан» дегеніміз балта сияқты дененің емес, өзінде тыныштық пен қозғалыстың бастауы бар табиғи дененің болмысының мәні мән формасы (Ljgoa)… Егер көз тірі тіршілік иесі болса, онда оның жаны көру болар еді. Өйткені көру дегеннің өзі көздің формасы ретінде оның мәні болады (ал көз көрудің материясы), көруден қалса, көз енді көз емес, тастан жасалған немесе сурет түрінде салынған көз сияқты аты ғана көз болады. Ал дененің бөлігі туралы айтылғанды бүкіл тірі денеге қатыстыру керек.
Әрбір зат өзінің негізінде «форма» мен «материяға» ие. Егер психика «жанның» жеке жағдайы болса, онда «жан» заттардың «формасының» бір түрі болады. Сондықтан да Аристотельдік әлем көрінісіндегі психиканың орнын неғұрлым анық түсіну үшін оның «форма» мен «материяның» арақатынасы туралы пайымдауларын келтіру керек. Аристотельдің «материя» мен «форманың» түсінуіне біз ерекше ден қоямыз, өйткені психиканы материяның жалпы белсенділігінің жеке жағдайы деп түсіну, материялық ұйымдасудың бастама формаларында психикалық процестердің пайда болуының алғы шарттарын көру біз үшін де маңызды.
Материя қозғалысының жалпы формаларының байланыстырмайынша психиканы түсіну атаулының бәрінде жанды және жансыз табиғаттың арасындағы жаратылыстан тыс алшақтық элементі сақталады. «Жан» дегенді форма қалыптасудың жеке жағдайы деп түсіндіру арқылы психиканы дүниенің табиғи негізінен байланыстыруға ұмтылған Аристотель мұны анық түсінген еді.
«Материя» мен «форма» табиғаттың негізгі екі бастауы және олар әрбір затта міндетті түрде болады. «Форма» немесе аристотельдік мағынада заттардың белсенді форма қалыптастырушы бастауы «материядан» тыс бола алмайды және көрінбейді.
Тірі организмдерде форма қалыптастырушы бастау деген олардың «жаны», бірақ кез келген затта олардың құрылымы мен мәнін анықтайтын негіз осы болады. Егер зат қозғалыс процесінде өзінің «формасын» тұңғыш рет алса, онда бұл «форма» осы заттың мүмкін «формасы» ретінде бұрын басқа заттарда болған деген сөз.
Аристотельдің бастапқыда айналадағы заттарда болып, кейін заттың нақты формасына өтетін «форма мүмкіндігі» деген түсінігін жеке адамның қалыптасуының әлеуметтік механизмдері туралы қазіргі түсініктермен салыстыруға болады. Бала өмірге келгенде жеке басының бағалау жүйесі де, ешқандай көзқарасы дүниетанымы да жоқ, болашақта оның мінез – құлқын анықтайтын қалыптасқан жекебастық қажетсінулерді де, ойлау қабілеті мен формалары және басқалары да әлі болмайды. Алайда болашақ адам «формасының» осы компоненттерінің бәрі бала өмірде енетін нақты әлеуметтік жағдайда тиянақты түрде бар болашақтағы мінез – құлықтың үлгілері мен мүмкіндіктері түрінде бар, іс — әрекет пен ойлаудың қалыптасқан әдістерінде, болашақ жеке адам белсенділігінің бағытын анықтайтын әбден нақты әлеуметтік қайшылықтарда бар. Бастапқыда айналадағы заттарда, басқа адамдардың іс — әрекеттерінде тараған осы жәйттердің барлығы жеке адамның белсенді дамуында орайлас нақты «форма» алып қалыптасады.
Заттарды қабылдауымызда және олар туралы ұғымдарымызда біз «форманы» ғана бейнелейміз. Заттардың барлық белгілері, олардың «формасын» сипаттайтын …..