Курстық жұмыс: Педагогика | Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

0

Мазмұны

Кiрiспе
I. Тәрбиелік жүйе ұғымы мен тарихы
1.1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
1.2. Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң рөлi
II. Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы.
2.1. Тәрбие жүйесін жоспарлаудың ерекшелігі
2.2. Оқушыларды тәрбиелеуде жаңа әдiстердi пайдалану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi нәзiкте жауапты iс. Әрбiр тұлғаның тәрбиесi отбасынан басталады.Әрине отбасы белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң ошағы.Ондағы тәрбие сол ұлттық игi iс әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа айналып, ол әдеп болып негiзделедi.
“Тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады ”деген сөздiң жаны бар. Бесiк жыры,ана әлдиiн естiп өспеген бала халық дәстүрiнде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетiн дiнiн .тiлiн құрметтейтiн мейрiмдi де, тәрбиелi азамат өсiп шығары анық.
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагогикалық процестi ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективi бiржағынан тәрбие объектiсi, екiншi жағынан тәрбие субъектiсi болады. Осыған орай оқу тәрбие процесiнде мұғалiмдер мен ба-лалар ынтмақтастығы, олардың творчестволық еңбек етуiне зор сүйенiш болады. Тәрбиенiң субъектiлер мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда болады. Мысалы тәрбиешiлер мен оқушылар арасында қарым-қаты-нас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бiрлестiк iс-әрекетi т.б. Мұндай байланыстар педагоги-калық процестiң табысты болуына игi әсер етедi. Оқыту мен тәрбие процестерiн бiр-бiрiне ажыратуға болмайды. Бiрақ олардың әрқайсысы өзiне тән ерекшелiктерi бар.
Тәрбие әдiсi-бұл тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара байланыс iс-әрекеттерiнде оқушылардың адамгершiлiк, еңбек және тағы басқа қасиеттерiнiң қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi. Қазiргi кездегi көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны әр адамға, оның ой-өрiсiне, сезiмiне, мiнез-құлқына ықпал жасауы тиiс. Бұл орайда мектептiң, мұға-лiмнiң рөлi өте зор. Өйткенi олар оқушылардың тәрбиесiне байланысты мiндеттердi шешедi және тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл мiндеттер мұғалiмнен сауаттылықты, iздемпаздықты өз iсiне асқан шеберлiктi талап етедi .
Тәрбиенiң түрлерi :
1. Адамгершiлiк тәрбиесi – жеке адамды жан-жақты дамытудың жетекшi звеносы.
2. Жыныстық тәрбие-оқушыларды отбасылық өмiрге дайындау.
3. Еңбек тәрбиесi –адамның жан-жақты және үйлесiмдi дамуына еңбек шешушi факторлардың бiрi.
4. Эстетикалық тәрбие-табиғаттағы, өнердегi, еңбектегi, өмiрдегi ең жақсыны қабылдау одан ләззат алу.
5. Дене тәрбиесi-жеке адамды жан-жақты мiндеттерiн iске асыруда дене тәрбиесiнiң маңызы өте зор.
Оқу-тәрбиенi бiр–бiрiнен бөлiп қарауға болмайды олар өзара тығыз байланысты. Тәрбиенi күнделiктi сабақта оқушының бойына сiңiремiз. Оқу мен тәрбие егiз. Ұстаз бастауыш сыныпта әрi мұғалiм, әрi сол сыныптың жетек-шiсi. Бала шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мiнсiз азамат етiп жеткiзудiң кiлтi бiрiншi – ұстаз, екiншi — ата-ана [3].
Аса көрнектi педагог В.А.Сухомлинский адамгершiлiктi, мейiрмандықты, қайырымдылықты тәрбиелейтiн шын мектеп – отбасы дейдi. Мұғалiм оқушыларға күнделiктi сабақта тәрбиенi бойына сiңiредi. Баланың қалай болып өсетiнi ары бар және адал қызметкер жақсы адам, жер бетiндегi жақсылық атаулы үшiн күрескер болып шығатыны немесе ұсақшыл, өзiмшiл тiптi ашықтан – ашық адам зұлым адам болып өсетiнi көп ретте мұғалiмнiң балалармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасына байланысты.
I. Тәрбиелік жүйе ұғымы мен тарихы
1.1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
Қазақстан Республикасының халыққа бiлiм беру жөнiндегi заң негiздерiнде оқыту мен тәрбиелеудiң басты принциптерi: оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi, балалар мен жастарды тәрбиелеудегi мектептiң отбасы мен жұртшылықтың өзара ынтымағы, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудiң өмiрмен байланысы. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысының нақты мазмұны мен методикасы осы принциптердiң негiзiнде жасалады.
Тәрбие үшiн бiлiм беру, оқыту методикасының өзiнiң көзқарасын, мәдениетiн өмiрлiк тәжiрибесiн келер ұрпақ-қа беретiн ересек, адамның және бiлiмнiң маңызы аса зор . Мұның бәрi балалардың дамуын бағыттайтын және олар-дың қалыптасу ерекшелiктерiн анықтайтын ықпалдық күштер жүйесiн құрайды.
Тәрбие iсi екi жақты процесс болып саналады. Ол бiр жағынан педогогтық тәрбиелiк жұмысын қамтитын болса, екiншi жағынан осы жұмыстың объектiсi тәрбиешiнiң әсерiмен, оның мақсаты педагогтық ықпалымен жұмысқа бесене араласатын балалрды қамтиды.
Оқушыларды тәрбиелеудiң үлгi – мазмұнында төменгi сынып оқушыларының бойында қоғамдық белсендiлiктi оқуға және ақыл-ой еңбегiнiң мәдениетiне деген көз-қарасты, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмысқа және халық дәулетiне саналы көзқарасты, еңбек адамдарына асқан құрметпен қарай бiлудi қалыптастыру қажет деп көр-сетiлген. Оқу және сабақтан тыс кезде төменгi сынып оқушыларын ненiң жақсы және ненiң жаман екенiн, әдiлдiк пен әдiлетсiздiктiктi түсiне бiлуге, тек қана жақ-сылық жасауса, әдiлеттi болуға тәрбиелеу қажет. Балалардың бойында өз үйiне туысқандарына, отбасына Отан қорғаушыларды жақсы көру сезiмi, басқа ұлттың адамдарына достық қатынас, шындықты айту, адал болу қажеттiлiгi тәрбиеленедi. Балалар коллективте ынтымақпен өмiр сүруге, бiрлесе оқып, еңбек етуге, бiрлесе ойнай бiлуге үйренуi тиiс, бiрiне-бiрi жақсы жолдас және коллектившiл болуға тиiс. Олардың бойында адамдарға, үлкендер мен құрбы-құрдастарына деген iзгi қарым-қатынас, жан-жағындағы адамдарға қолынан келген көмектесу талпынысы, еңбек сүйгiштiк мәдени мiнез-құлық әдеттерiн қалыптастыру тәрбиеленедi. Балалар табиғатты, жан-жануарларды қорғап өсуге баулынады. Төменгi сынып оқушыларының бойында үлкендердiң алдында өз iсi үшiн жауапкершiлiк сезiмi, сөзi мен берген уәдесiне жауапты қарау сезiмi қалыптастырылады [5].
Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастың қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнi жүзеге асырылады. Сондықтан оқушының күнделiктi өмiрi мен iсiнiң әр түрлi, мазмұнды болуы, жоғары адамгершiлiк қатынасқа құрылуы өте маңызды. Қиындықтары, табыстары мен сәтсiздiктерi сөзсiз болмай қоймайтын соны бiлiмдер алу, дүниенi тану процесiнiң өзi төменгi сынып оқушылары үшiн қуаныш процесiне айналуы тиiс. Жалдастарымен қарым-қатынас жасау, жаңа достар табу, коллективтiк жұмыстар мен ойындар бiрге қайғыру, еңбекке және қоғамдық пайдалы еңбекке араласу басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтiн қуаныш сыйлайды.
Мұғалiмнiң кiсiлiгi, оның көзқарасы мен сенiмi педогог пен тәрбиеленушi арасындағы қарым-қатынастардың сипаты тәрбие процесiнде аса зор адамгершiлiк маңызға ие болады. Тамаша педогог В.А. Сухамлинский былай деп жазған болатын: жеткiншектердi; ақылды; жан-жақты және мейрiмдi адамдай еш нәрсе таңдантып, елiктiре алмайды.
Ақыл-ой, ақыл-оймен ғана, ар-ұят, ар-ұятпен Отанға берiлгендiк Отанға шындап қызмет етумен ғана тәрбиеленедi. Бұл сөздердi сөз жоқ, кез-келген жастағы оқушылар тәрбиесiне байланысты айтуға болады.
Әр адам өзiнiң алғашқы тәрбиешiлерiн өмiр бойы есте ұстайды, олар мұны өлiм дүниесiнде әкелiп енгiзедi, оған табиғат пен қоғамдық өмiрдегi күделi құбылыстарды көрсетiп олар түсiне бiлуге көмектеседi.
Оқыту мен тәрбиелеу бiрiн-бiрi дамытатын өзара байланысты екi процесс. Бұларды бiр-бiрiнен бөле қарауға болмайды [6].
Тәрбие жұмысы мұғалiмнен бойындағы рухани күштердi түгелдей iске қосуды, ақылгөйлiктен туған шыдамдылық пен ұлы сүйiспеншiлiктi, балаларға деген өз iсiне деген сүйiспеншiлiктi талап етедi.
Тәрбие жұмысын табысты жүргiзу үшiнмұғалiм өз бойында оқып үйренуге бiлiмдерiн кеңейтiп тереңдетуге деген тұрақты талпынысты дамытып отыруға мiндеттi. Ол өз оқушыларының дамуын өсуiн қадағалай бiлуге, баланың iшкi дүниесiн енуге, оның ой-арманы мен ренiш-күйiшiштерiн, iс-әрекетiнiн себепте-рiн түсiне бiлуге, әр баланың болашағын оптимистiкпен болжай бiлуге тиiс.
А. С. Макаренко былай деп жазған: Тәрбие дегенiмiз ересек аға ұрпақтың жол ұрпаққа өзiнiң тәжiрибесiн өзiнiң ынтасын, өзiнiң сенiмдерiн үйретуi болып табылады. Педогогтардың белсендi ролi дәл осымен анықталады.
Төменгi сынып оқушысының бойында мұғалiмге оның сөзiне қылықтарына, бағаларына деген сөзсiз сенiм қалыптасқан мұғалима осылай iсте деген портфельге кiтапты салғанда өлең жаттағанда, гербарит жасағанда, әжесiне көмектескенде, кiшкентай балаларға жәрдем-дескенде т. б. жағдайларда ол ылғи осылай дейдi. Сол арқылы ол өзiнiң мұғалiмге деген, оның әдiлдiгiне, оның бiрлiгi мен талаптарына деген сенiмiн бiлдiредi.
Тәрбие жұмысы ерекше, арнаулы бiлiмдер мен қабiлеттердi қажет етедi. Жас мұғалiмдер көп ретте тәрбиелеу үшiн оқытудың қандай маңызға ие екенiн дұрыс түсiнбейдi немесе жете бағаламайды. Олар тәрбиелеу негiзiнен сабақтан кейiн, жиналыстар, балалар қоғамдық пайдалы еңбекке қатысып, жорықтар мен эскрурсияларға барғанда жүзеге асырылады деп есептейдi.
Тәрбиелей отырып оқыту принцiпiн олар жеке бағаламайды. Оқыту кезiнде өтетiн материалдың мазмұныны баса назар аударылады. Оқуға арналған кiтаптарда жинақталған, әдеби туындыларды талқылау кезiнде алдағы оқиғалар мен кейiпкерлер әрекетiн сынып өмiрiмен тiкелей байланыстыру салыстыру жүзеге асады, кейiпкерлердiң iс-әрекетi оқушылардың нақты iс-әрекеттерiмен салыстырылады. Мұғалiмдер сабақты ұйымдастыру және оларда қолданылатын әдiстердiң балаларды тәрбиелейтiнiне мән бере бермейдi. Оларға ықпал жасау әдiстерiн таңдау үстiнде олар балаға әсер етудiң ең ең ықпалды жолы оның жақсы жаман қылықтарын коллективте талқылау деп есептейдi, жаман қылыққа жол берген баланың бұдан былай бұл қылықты қайталамауға уәде беруi қажет деп ойлайды, осыдан келiп бала үйге берiлген тапсырманы үнемi орындап омыруға төрт пен беске оқуға үзiлiс кезiнде ешқашанда жүгiрмеуге, тағы басқаларға уәде беруi қажет деген талап туады. Ал төменгi сынып оқушысының бұл тәрiздi уәденi беруi оңай болғанымен, оны әр кезде орындай алмайтындығы табиғи жай мiне, осыдан келiп баланың өзi орындап алмайтын уәде беруiне келiскен педогог сол арқылы төменгi сынып оқушысын жауапсыздыққа үйретедi. Мұғалiм бiлiм берiп қана қоймайды маңызы одан бiрде кеш емес, балалардың бiлiмге, өмiрге, адамдарға қарым-қатынасын тәрбиелейдi. Мұнын мәнiсi мынада: мұғалiм балаларды бiлiм игеруге қуана бiлуге үйретуге ,өзiн қоршаған ортаға үңiле бiлуге оны зерттей бiлуге тәрбиелеуге тиiс. Мұндай мұғалiмнiң сабағына балалар жаңалық ашудың ерекшк қуанышын, сәтсiздiктiң ауыр күйзелiсiн, адамзат ақыл-ойының күшi алдындағы таңдану мен мақтаныш сезiмiн бастан кешiргендей әсер алады. Мұндай мұғалiм тәрбиелеген балалар ақылды және бiлуге құштар келедi, қателесуден қорықпайды,өзiнiң пiкiрлерiмен ойларын құлшына айтады. Оқу процесi олардың бойында бiлуге деген құштарлық, рахат сезiмiн тудырады. Балаларға мұғалiмнiң тәртiбi аса күштi әсер етедi. Ол, тiптi мұғалiмнiң сабақты жүргiзу ырғағынан басталады деуге болады. Балалар көп жағдайда кейде ойланбастан кейде ойланып-толғанып барып мұғалiмге ұқсауға күш салып бағады, мен өзiмiздiң мұғалимамыз сияқты боламын! – деп жатады. Егер мұғалiм батыл, көңiлдi, ширақ, iскер болса,осы қасиеттердiң бәрi белгiлi бiр мөлшерде балаларға ауысып отырады. Ал егер мұғалiм ашушаң, ылғи не болса да разы болмай отырса , ұстамсыз дөрекi болса, балалар да ызақор болады, сыныпқа лажсыздан келедi [7].
Жалпы бүкiл тәрбие, оның iшiндегi ғылыми бiр жүйеге келтiрiлген тәрбие мектепте ғана жақсы мұғалiм, жақсы тәрбиешесi, сынып жетекшiсi осыны тынғылықты жүргiзсе шәкiрттерi болашақта тәрбиелi азамат болып қалыптасады. Бала тәрбиесiне оның болашағына немқұрайлы қарау кешiрiлмейтiн құрал күнә олай болса баланы дұрыс тәрбиелеуге келген жөн
1.2 Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргізу
Оқулармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысы сабақ үстiндегi тәрбие жұмысының бағытын шартты түрде мынаған әкеп тiреуге болады.Оқу материалы арқылы баланың адамгершiлiк сана-сезiмiн тәрбиелеу: баланың оқуға деген жауапкершiлiгi мен ынта-ықласын: сабақ үстiнде адамгершiлiк тәрбие берудiң басқа мiндеттерi әртүрлi жолдармен осы аталған мiндеттерге бағынышты болып келедi.
Сабақ үстiнде белгiлi бiр материалды оқыту арқылы мұғалiмге дидактикалық мiндеттермен бiрге тәрбиелiк мiндеттердi де шешуге тура келедi. Педагогтардың зерттеулерiне қарағанда,оқу материалы мазмұнының тәрбиелiк мәнi арнайы ашылмаған күн- нiң өзiнде де оқушының сана-сезiмiн қалыптастыруды бағыттауға әсер етедi.Сондықтан да мұғалiм үшiн дидактикалық мiндеттердi орындау мақсатында пайдаланылатын материалдардың бәрi бiр емес. Сонымен бiрде бiр материалмен (тәрбиелiк жағынан өте мазмұнды болса) оқытудың кейбiр мiндеттерiн (мәселен сөйлемдi сөз табына, сөйлем мүшелерiне талдау, тағы сол сияқтылар) шешу мүмкiн болса, ал басқа бiр материал керiсiнше шеше алмайды.
Мәселен, Л.Н. Толстойдың “Бөдене және оның балапандары” деген әңгiмесi бойынша өткiзiлетiн сабақты алуға болады. Бұл әңгiменi оқып шыққан соң оқушылар өлiп қалған балапандарды ойлап уайымдайды, оларды өлтiрген балаларға ренжидi.
Сiрә, дәл осындай жағдайда мұғалiмнiң бiрден: – Бөдененiң ұясы қайда орналасқан едi? – деп сұрауы орынсыз едi [9].
Қандай бiр оқу материалы болса да, дидактикалық мiндеттердi орындаумен мейлiнше шебер, терең ойластыра отырып ұштастыра бiлу ………….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!