Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Мазмұны
1. Мекптгеп, отбасы, жұршылықтыұ және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық……………………………………………………………………….3
2. Мекшептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………5
3. Отбасы — ерекше пгдагогикалық жүйе………………………………………………….18
4. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялың-педагогикалық негіздері……………………………………………………………………………………………….22
5. Мұғалім, сынып жетекшісінің оқушы ата-аналармги оқымыс істеу формалары мен әдістері………………………………………………………………………..26
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………..29
1. Мекптгеп, отбасы, жұршылықтыұ және мектептің бірлескен жұмысын уйымдастырушы орталық
Мнктептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының жөне жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, өдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекетгің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.
Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы төрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас үрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бсре бастады. Мектеп-тің, отбасының және жүртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртүтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.
Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» үғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас сипат алады. Міне, осындай біртүтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рәл атқарады.
Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағыттта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсгтуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.
Ең бірінші талап — бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармсн жұмыс деген мүлде жалпы үғым. Оның орныиа імқты педаіогикалық проблемаларды шешу үшін ата-апа. іар жиналыеын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасыиа жскелеп ықиал жасау қажет.
Екінші талап — мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері секциясының жұмысы, «Отбасылық педагогика» немесе «Отбасы тәрбиесін жетілдіру» сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тәжірибесінде анықталған формалды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық түрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау. Үшінші талап — педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңцы болуы тиіс. Асығыстық, талапты бүрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.
Төртінші талап — ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.
2. Мекшептің педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретівде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға үмтылуы сйяқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б./ «Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек», — ден жазды. А. С. Макаренко — тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес».
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің иедагогикалық жүйесіңце практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ,
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқуіпылар ұжымымен өзара тығыз өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қоддануға қаблетті педагог.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, квңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен.тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы — жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухомлинский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді.
Бұл проблема соңғы кезде өкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігіт оке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтаи тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.
Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы
Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлүмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтін мғалімдер білім
стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кесіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшылары-ның арақатынасы қызметтік нүсқаулар жөне өнімдерімен реттеледі.
Ұжымның қалыпты істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, өрекеттерді үйлестіру, түрлі шүғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық міндеттер мен тапсырмалардың теңцей бөлінуімен айқындалады.
Педагогикальщ ұжымның бсйресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальштасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесінен түрады. Ондай қатынастар жек көру мен үнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзгс көрінбейтін жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды….