Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойындар

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………3

Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі.
1.1 Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі…………………………….6
1.2 Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны………………….10

ΙΙ тарау. Дидактикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту
2.1 Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары……………………………………………………………………………………………………13
2.2 Дидактикалық ойындардың рөлі…………………………………………………15
2.3 Мектепке дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар жүйесі……………………………………………18

Қорытынды……………………………………………………………………………………21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………….23
Қосымша………………………………………………………………………………………..25

Ι тарау. Дидактикалық ойындардың педагогикалық негізі.
1.1 Дидактикалық ойындардың түрлерінің жүйесі
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастыра білсе, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Ойын әдістерін қолдана өткізген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланы сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау қабылдау әрекеттерін кеңету, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсінуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горькийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады»,- дегені мәлім.
Дидактикалық ойындардың түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойынеда ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғаштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті, қажеттерді дамытуға бағытталған ойындардың түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. 1-сынып балалары үшін творчествалық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады
Айта кеттетін бір жайт, оқытудың ойындық тәсілдері дидактикалық ойындар өзара түсінушілікті, ынтымақтастықты, бірлескен творчестваны орнықтыратын ортақ ақуалда қолданыс тапқан жағжайға салса шынайы ойындық, яғни балалар ерікті түрде таңдап алатын тәсілдерге айнала алады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі балалардың ойнайтын ойын түрлері:
1. Дидактикалық ойындар.
2. Сөздік-дидактикалық ойындар.
3. Рольді сюжетті ойындар
4. Драммалық ойындар.
5. Творчествалық ойындар.
6. Әдеби-музыкалық ойындар.
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықты таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ, ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты. Сондықтан да бірінші сыныпта сабақ көбіне ойын ретінде өтіледі. Ойын да оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап байқаған, естіген білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көз қарасы қалыптасады, творчествалық іс-әрекеттері дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күллі жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекеттеріне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.
Бұл жөнінде психолог профессор А.В.Запоржец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдерімен бейімділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймайды, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» десе, Н.П.Крупская: «Алты, жеті жастағы балалар үшін ойын – оқу, олар үшін-еңбек, олар үшін ойын тәрбиесінің елеулі формасы»- дейді. А.С. Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал, айналадағы дүниден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қалай болса, ол кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады»-деп тұжырымдайды.
Дидактикалық ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын ойын түрлері. Мысалы: өзін қоршаған табиғи орта, табиғат отаны туралы, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың еңбектегі істері – бәрі де оқушының идеялық бағытта тәрбиелеуге дағды береді. Оқушының дидактикалық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу де тиімді әдістердің біріне саналады. Мысалы: логикалық есептер, ойын есептерінде жүргізілетін ойындар оқушыларға көптеген септігін тигізеді.
Оқушының математикалық тілде көп сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі- сөздік ойындары. Сөздік ойындарын әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша ойын түрлерін жүргізуден басқа «анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер» қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимыл ойындарының да тиімділігі бар. Қимыл ойындар да бала ағзаларын жетілдіріп, ақыл- ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күй артып, жүйкелері жақсарады.
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды күні бұрын дайындауы қажет.
Дидактикалық ойындар мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұстану қажет.

1.2 Дидактикалық ойындардың педагогикалық мазмұны
Ойын- баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы , қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден- баланың танымдық, шығармашылық, жеке басы қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден- бір әдісі ол ойын.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатын ертеден дәлелденген. Тіпте XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде байқау керек».
Балалармен жұмыс істеу ойындарында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты баланың өзін-өзі тану мен өзін-өзі басқарудан тұрады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерден шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын – бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғнт автоматты түрде қарым-қатынастағы барьерді жылжыту.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді.; өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипатта болады.
Жеке бастың даму және қалыптасу процесін туынды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салаларда ғалым- педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л.С.Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев,, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т.Сабиров, Г. Уманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар.
Төменгі класс балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде ойнауын бірден тоқтатпайды.
Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғыдай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның ойынға бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ығыстырылады.
Бала табиғмтынан қимыл- қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала- құлыншақ бал-ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» — деп тегін айтылмаған.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін- бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев халықтық педагогтка негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны әсерлене пайдаланады.
7-8 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қауырт қимыл-әрекеті, қозғалысы, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан, бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі.
Балалардың ойыны мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің сюжеттік ойындарынан өзгеше мазмұнды болады. Шәкірттер енді әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш-қуаты мен іс-қимылын жетілдіретін …..