Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру әлеуметтік институт ретінде

0

Мазмұны

І.1 Кіріспе
І.2 Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
І.3 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі
І.4 . Білім мен ғылым –Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудағы негізгі тұтқа
II.1. Қазақстандағы білім беру жүйесі
II.2. Білім берудегі модернизация
II.3.Модернернизациялаудағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру жүйесі

І.1 Бітіру жұмысының өзектілігі: Білім дегеніміз – адамның жеткен дәрежесі, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке адамның жинаған сан-қырлы ақпараттарының, адамның санасының, ақыл-ойының жиынтығы болып табылады. Білім екі жақты процестің тұтастығын қамтиды. Ол: білім беру және білім алу. Білімнің бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Мысалы: тұрмыстық білім, ғылыми білім. Ал ғылым дегеніміз – белгілі бір саладағы білімдердің жиынтығы [1].
Білім беру социологиясы білімдік қарым-қатынастарды, білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын әлеуметтік институт ретінде зерттейді. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде көптеген маңызды әлеуметтік қызметтерді атқарады. Эмиль Дюркгейм осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік ғұрыптар мен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың бойында бірлесе, ұйымдаса өмір сүруге бейімдеу қасиеттері қалыптастырылады.
Қазіргі заманда білім берудің ресми жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастар арқылы байланыста болса, ал құрдастар арасында әрбір кісі жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, қоғамдық деңгейде мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби жағдайда мұндай қарым-қатынастар басқа принциптерге негізделеді. Қазіргі заманғы қоғамда адамдар туысқан немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ, бөгде адамдармен қызмет етуге мәжбүр немесе міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі – әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпау керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер етуі арқылы шеберден оқушыға, үлкеннен кішіге өтіп отырса, енді қазіргі қоғамда қалыпты, ресми түрде білім беру іске асырылып отыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтену факторына және құралына айналдырады.
Білімнің маңыздылығын түсінуге адамзат көптеген ғасырлар өтісімен ғана келді. Жалпы білімнің маңызы жөнінде әр түрлі кезеңдердің көптеген ғалымдары айтқан болатын. Оның маңыздылығы туралы кең бұқара халық та хабардар болатын. Алайда, ол кезде білім беру тек рухани-интеллектуалдық тұрғыдан ғана қарастырылды. Ал білімнің жалпы қоғам мен оның әрбір мүшелерінің материалдық игілігінің кепілі екендігі туралы ой тек XVIII ғасырда ғана қоғамдық-ғылыми айналымға ене бастады. Осыған қарамастан, білім беру әлі де болса мемлекеттік саясат пен көптеген елдердің бұқаралық санасына жетер-жетпес жолында.
Кейінгі жылдардағы қоғам мен адам дамуындағы білім берудің рөлін жетік түсіну адам капиталы теориясының пайда болуына әкелді. Ал ол болса, өз кезегінде, адамзат дамуы индексінің теоретикалық алғышарты мен құрамдас бөлігіне айналды.
Жалпы алғанда, «білім беру жүйесі» деп сол не өзге елдегі қызмет атқаратын білім-тәрбие беру орындарынынң жиынтығы, олардың арасындағы байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ принциптері түсінілсе, оның құрылым, түрлі деңгейлері сапаларына қойылатын талаптар артып отырады. Соның ішінде қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық деңгейінің дамуы мен өсуі, өндірушілердің басым көпшілігің жалпы білімдік және техникалық дайындығының жоғары деңгейде болуы басты талаптарының бірі.
Осындай жағдайлармен байланысты дүние жүзінің қауымдастығы алдында басты мақсат тұр. Ол – жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім берудің проблемалары мен басым тұстарын анықтау. Осы басым тұстар мен проблемалардың қатарына басқа нәсілдерге, діндерге, әлеуметтік құрылымдарға деген толерантты (төзімділік) көзқарастар; тұлғаның рухани қасиеттері; басқаларға деген жанашырлық сезім және көмектесуге әзірлік; бейбітшілікке бағытталған тәрбие жатады. Осы басым тұстар мен проблемалар әр елде ұлттық және қоғамдық ерекшеліктер негізінде қарастырылады.
1980-90 жылдар қарсаңында жалпы идеологиялық егес аяқталды. Осының салдарынан тәрбиеге халықаралық қатынас және бейбітшілік идеясы рухындағы күрделі түзетулер жасалды.
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын мақсаттарын жүзеге асыру тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін құрмастан және жетілдірместен мүмкін еместігі ҚР-ң «Білім туралы Заңында», «Орта білім беру стандартында», «Тәрбие концепциясында», «Орта білім беретін мектептердің мазмұнын жаңарту» жөніндегі құжаттарда да атап көрсетілген.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелерінің желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық, арнайы орта және ЖОО-ң жаппай мамандар дайындау жөніндегі рөлі одан әрмен қарай арта беруі керек.
Бұл көрсетілген мәселер білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі даму беталыстары өзекті, маңызды проблемалар екендігін анықтайды.
XX ғасырдың екінші жартысында-ақ XXI ғасырда алдыңғы қатарлы елдер қатарына білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырып, жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына бүкіл күшін (қаржыландыру, ғылыми негізделген даму стратегиясын қалыптастыру және т.с.с.) жұмсаған мемлекеттердің қосылатыны анық болды. Қоғамдық өмірдің тұтастай барлық салаларынан ерекше белсенділікті талап ететін нарықтық қатынастар жағдайында білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі мен өміршеңдігі білім беру сапасына, тиісініше оны тиімді, әрі объективті бағалай білу қабілетіне келіп тіреледі. Білім берудің шынайы тиімділігі мен оның қойылған талаптар мен мақсаттарға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін, қажет болған жағдайда оның сапасын стратегиялық менеджмент негізінде максимизациялау үшін ең алдымен білім беру сапасын дұрыс бағалай білу қажет. Осылайша, қанат жайып келген жаһандану процесі мен жоғары бәсекелік жағдайында білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін халықаралық тәжірибеге үңіле отырып қалыптастыру – заман талабы болмақ. Білім беру сапасы құрылымы жөнінен өте күрделі болып келеді. Сол себепті оны бағалау рәсімі де жүйелі, кең көлемді, тиімді және кешенді түрде өтуі тиіс. Осы тұрғыда көптеген мемлекеттерде орын алып отырған білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру аса қажетті және маңызды шара болып көрінеді. Жұмыстың тақырыбын «Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі» социологиялық талдау деп алудың өзін осы тәжірибені зерттеп, Қазақстан үшін пайдалы жақтарын ашып көрсетуге деген ұмытылыс ретінде қабылдаған жөн болып көрінеді
Курстық жұмысының мақсаты: Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды қарастыру, Қазақстандағы білім беру жүйесі мен оның қазіргі жағдайын талқылау.
Курстық жұмысының міндеті: Қазақстанның білім беру жүйесінің қазіргі күйін сипаттау. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің осал жерлерін көрсетіп, олардан арылу мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іс-шараларды бекітуді және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, олардың бізге сай келетін тәсілдерді айқындатуды, жеке қазақстандық білім орындарының білім сапасын өрбіту жолдарын анықтауды атауға болады.
«Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі» атты диплом жұмысы екі тараудан құралған. Бірінші тарауда Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі қазіргі ахуалды көрсетілсе, ал келесі тарауда түрлі елдердегі білім беру жүйесі туралы көрсетіледі.
Ақпарат көздері: Негізгі ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасы және қарастырылған мемлекеттердің Заңдары, Елбасының соңғы екі Жолдауы мен олардың ресми комментарийлері, жоғары білім беру, менеджмент салаларындағы маман-ғалымдардың монографиялары, мақалалары, халықаралық және қазақстандық конференциялардағы баяндамалары, оқулықтары, қазақстандық және шет елдегі жоғары білім беру сапасын бағалаумен айналысатын агенттіктердің, кеңестер мен орталықтардың әдістемелік құралдары, жолсілтемелері мен интернет-сайттары, сөздіктер мен энциклопедиялар, Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің жинақтары мен интернет-сайты, жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету желістерінің сайттары қолданылған.
Зерттеу объектісі: Аталған тақырыптағы диплом жұмысының зерттеу объектісі болып кең мағынада жалпы қазақстандық білім беру жүйесі мен білім беру сапасын бағалау, ал тар мағынада нақты білім орындарында қолданылатын білім беру сапасын бағалау механизмдері. Айтып кететін жайт, білім беру жүйесінің сапасын бағалау тәсілдері әлеуметтанудан басқа педагогика, психология, және т.б. сияқты ғылымдармен де зерттеледі.
Зерттеу пәні: Білім беру жүйесін сараптама жасау мәселесі қоғамдық өмірдің көптеген мәселелерімен байланысып, ұдайы өзара әрекетте болып отырады. Мәселен, білікті мамандарды дайындау, тұлғаны қазіргі кездегі өмір жағдайларына бейімдеу, еліміздің интеллектуалды потенциалын арттыру. Сонымен қатар, жоғары білім беру сапасын бағалау арқылы студенттердің әлеуметтік мобильдігін арттыруға, яғни халықтың жалпы әлеуметтік тұрмыс-жағдайын жақсартуға мүмкіндік артады. Осылайша, зерттеу пәні болып білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың қоғамның ең алдымен әлеуметтік дамуына әсері, бағалау механизмін жетілдірудегі бағалау субъектілерінің атқаратын рөлі.
Зерттеу әдістері: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру сапасын бағалау механизмдерінің халықаралық үлгілерін зерттеуде салыстырмалы әдіс, контент-талдау әдісі, мемлекеттік құжаттар, зерттеу тақырыбына байланысты арнайы әдебиеттер, оқу құралдары, бағдарламалар, басылым материалдары, әдебиеттерге теориялық талдау, салыстырмалы, қорытындылау, типологиялық салыстырмалы әдістер қолданылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Білім беру жүйелерінің қоғамның дамуына ықпалы, оларға әсер ететін факторлар проблемасына бірқатар педагог ғалымдар, әдебиеттер жазып шығарған. Мәселен Харламов И.Ф. өзінің «Педагогика» кітабында білім беру жүйесінің әр елдегі даму ерекшеліктеріне көңіл бөлген. Оның атап көрсеткен ерекшеліктері мен даму беталыстары көп тарамды және әр түрлі болып келгенімен, олар дүние жүзінің көптеген елдерінің білім беру жүйелерінің дамуында көрініс табады. Қазақстандағы білім беру жүйесі, оның даму жағдайы мәселесін түсінуде Жарықбаев Қ.Б., Құнантаева К., т.б. еңбектерінің маңызы зор. Сонымен қатар білім беру мәселесімен Гуревич Л.Я., Әженов М.С., Аитов Н.А., Нургожина А.Р., Кусаинов А.М., Каланова Ш., Чередниченко В., Елманова В.К. және т.б. айналысады.
I. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
І.1 Білім берудің мәні, қоғамдық маңызы
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын мақсаттарын жүзеге асыру, тиісті білім беру орындарының жүйесін құрмастан мүмкін емес. Сондықтан да, өндірістің дамуы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қиындау деңгейіне байланысты білім-тәрбие беру орындарының саны мен мамандықтарының көбеюі және олардың сатыларының өсуі байып тұрады. XXI ғасырдың соңына дейін олардың ең кең тараған және негізгі түрі бастауыш мектеп болған. Содан кейін оның үсітне жалпы білім беру мектебінің деңгейінің жоғарырақ сатылары, атап айтқанда, орта және жоғары сатылары құрылды. Қазіргі кезде орта мектеп дүние жүзінің дамыған елдеріндегі халыққа білім беру орындарындағы ең негізгі және кең тараған түрі болып табылады.
Бастауыш мектептерге жаңа сатыларды қосу үрдісі үстінен ғана емес, астынан да жүрді. Осылай XIX ғасырда дами бастаған балабақшалар сияқты мектепке дейінгі тәрбие беру орындарының жиынтығы. XX ғасырда кең тарау алды. Өмір орта және жоғары буындағы инженерлі-техникалық жұмысшыларды және мәдениет пен басқару саласындағы әр түрлі мамандарды кәсіби дайындауға арналған арнаулы орта және жоғары оқу орындарын құруды және дамытуды талап етті. XX ғасырдағы өндірістің техникалық негізінің жоғары қарқында дамуы көпшілік мамандықтардың жоғары дәрежелі мамандарын дайындау және осы мақсатта дүние жүзі елдерінің барлығында саны үнемі өсіп жатқан кәсіби-техникалық оқу орындарын құру қажеттілігін туғызды. Осымен қатар клуб, театр, кинотеатр және т.б. сияқты мәдени орындардың саны көбеюде.
Білім мен тәрбие беру және мәдени орындардың кең ауқым алуымен қатар, олардың құрылымы мен сабақтастық қарым-қатынастарын жақсарту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәрі әр елдің өзіндік спецификалық білім беру жүйесін құруға алып келді.
Білім беру саласы білім беруді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыруды, тәжірибемен бөлісуді және осының барлығын сақтауды қамтитын көп сатылы да, көп факторлы сала. Осыған байланысты «білім беру» ұғымына түрлі анықтамалар беріліп жатады. Олардың кейбіреулерін атап өтейік:
Л.Н. Коган бойынша, білім беру – бұл шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жалпы және арнайы білімді беру және игеру процесі; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін мәдениет құндылықтарын сақтау және үлестіру жүйесі; тұлғаның белгілі бір үлгісін қалыптастыратын оқытушы және тәрбиелеуші қызмет; белгілі бір оқу циклы немесе өз бетінше білім алу нәтижесінде алынған жалпы және арнайы білім көлемі; білім беру және тәрбиелеу мекемелері жүйесінің қызмет етуін білдіріп, қамтамасыз ететін әлеуметтік институт [2].
Егер Л.Н. Коган білім беруді ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің тәсілі мен нәтижесі ретінде қарастырса, Р.В. Рывкина оны тұлғаның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке бөлек құндылық және басқа да өмірлік игіліктерге қол жеткізудің құралы деп біледі [3].
Герчикова В.В. білім беруді ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ете алатын жоғары мамандандырылған мамандарды дайындайтын, әлеуметтік бірыңғай қоғамға жақындататын, қоғамның ақырында тұлғаның жанжақты дамуына негізделген рухани потенциалын қалыптастыратын бірқатар маңызды каналдардың бірі болып табылатын әлеуметтік институт ретінде қарастырады.
А.П. Егоршинның редакторлығымен жарық көрген оқу құралында білім беру – бұл 1) азаматтың (оқушының) мемлекет бекіткен білім беру сатыларына (білім беру ценздеріне) жетуімен қатар жүретін адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі; 2) қоғамның ұйымдастыруы мен нормалауымен жүретін алдындағы ұрпақтың онтологиялық тұрғыдан тұлғаның генетикалық және мәдени бағдарламалармен сәйкес қалыптасуын білдіретін әлеуметтік маңызды тәжірибені үздіксіз беру процесі; 3) тұлғаны (ұрпақтың бір ғана өкілін) әлеуметтендіру мақсатында социум жүйесінде мәдениетті тасымалдау (трансляциялау) процесі; 4) оқыту мен оқудың (индивидуалды танымдық қызмет), тәрбиелеу және тұлғаның өз орнын анықтау мен индивидуалдылығының синтезі; 5) адамның қоғамдық өмір үшін қажет әлеуметтік тәжірибені, білім, шеберлік және дағды жүйесін игеру нәтижесі мен процесі [4].
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымында қабылданған «Білім туралы» Заңына сәйкес: «білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі» [5].
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып айтатын болсақ, «білім беру» ұғымына анықтама берудің критерийлері алуан түрлі. Бұл анықтамаларда білім беру процесс, мақсат, қызмет және оның нәтижесі ретінде қарастырылған. Алайда, ұсынылған анықтамалардың басым көпшілігі білім беру – процесс дегенге сайып келеді.
Сонымен, білім беру процесі (жоғары білім беру үшін) дегеніміз – бұл өзара байланысты және өзара әрекеттесуші, талапкердің білімі, шеберлігі, дағдысы мен тәртіптілігін маманның кәсіби біліктілігі мен мәдениеттілігіне айналдыратын оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің үздіксіз, мақсатты бағытталған, ұйымдастырылған және тұрақты жиынтығы.
Білім берудің адамзат тарихындағы орны зор. Ол қазіргі заманғы қоғам мен мемлекет дамуының фундаменталды механизмі болып табылады. Білім берудің қоғам дамуындағы орны жөнінде ойлар Аристотель, Платон секілді көне грек ойшылдарының, XVIII ғасырдағы әйгілі Ағартушылық кезеңнің Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций сияқты атақты энциклопедист-ғалымдарының еңбектерінде кездеседі.
XX ғасырдың екінші жартысында-ақ XXI ғасырда алдыңғы қатарлы елдер қатарына білім берудің тиімді жүйесін қалыптастырып, жас ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына бүкіл күшін (қаржыландыру, ғылыми негізделген даму стратегиясын қалыптастыру және т.с.с.) жұмсаған мемлекеттердің қосылатыны анық болды. Мұндай мемлекеттердің қатарына Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның кейбір дамыған елдерін жатқызуға болады.
Тіпті білім беру процесінің тиімділігінің таза экономикалық аспектісін алғанның өзінде, әлеуметтік өмірдің ешбір саласы білім берумен бәсекеге түсе алмайтынына көз жеткізуге болады. Мәселен, XX ғасырдың 30-жж. академик С.Г. Струмилин білім берудің ұлттық табыс өсіміне қосқан үлесінің 20-30% жететінін есептеген болатын. Ал 70-жж., В.А. Жаминнің есептеулері бойынша, 40% жеткен [6]. Осылайша, бүгін әлемдік қауымдастық мемлекеттердің экономикалық жетістіктері олардың білім беру жүйелерімен, азаматтарының сауаттылығымен, белгілі бір кәсіби сала үшін арнайы оқытылған жұмыс күшінің даярлық дәрежесі мен сапасымен анықталатынына көзін жеткізіп отыр. Осы себептен болар, соңғы онжылдарда білім беру мәселелерін зерттейтін алуан түрлі зерттеулер санының күрт артуы әлемдік қауымдастықты аса таңдандырмайды.
Білім берудің қоғам дамуындағы, экономиканың жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін түсінген мемлекеттер бүгінде өз білім беру жүйелерінің осал жерлерін анықтау арқылы тиісті реформаларды жүзеге асыруға бет алды. Әр мемлекетте мұндай реформалар олардың білім беру саласындағы саясатына байланысты әр түрлі жолдармен жүзеге асады. Алайда, кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
— сапалы білім беруге жағдай туғызып, кепілдік беру;
— үздіксіз білім беру тұжырымдамасына сәйкес білім беру жүйесі сатыларының (мектепе дейінгі, орта, жоғары білім беру сатылары) сабақтастығын қамтамасыз ету;
— білім берудің халықаралық сипатын қамтамасыз ету (оқушылар, зерттеушілер мен оқытушылардың мобильдігін жоғарлату, білім беру жүйелерін ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, барынша халықаралық стандарттарға жақындату және т.с.с.);
— білім беру философиясының жаңаруын қамтамасыз ету (білім беру саласын демократизациялау);
— білім беруді қоғамның кез келген тобы үшін қол жеткізімді ету;
— білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру және т.б.
Білім беру саласындағы бәсекелік жағдайында әлемдік білім беру кеңістігінде өз орнын табу үшін әр мемлекет ең алдымен білім берудің сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
Алайда «білім беру сапасы» ұғымын қарастырмастан бұрын «сапа дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Сапа – бұл мазмұны алуан түрлі анықтамалар арқылы ашылатын күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория. Яғни, сапа ұғымы – бұл анықталуы, тиісінше, тәжірибеде қолданылуы үшін күрделі мәселе. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!