Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары

0

Мазмұны

KIPICПE
1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бастауыш Сыныпта білім берудің психоло — педагогикальқ мәні
1.2 Бастауыш сыныптағы білім берудің жағдайы
2 БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сынып окушыларының өз беттерінше орындайтын
жұмыстарын ұйымдастыру
2.2 Бастауыш сыныпқа білім берудің тиімділігін арттыру жолындағы
эксперимент нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестігілігі. Ұзақ жылдар бойы мектептер біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқыту үрдісін жүргізді.Кеңестік Одақтың өктем билігінен, қазақ мектептерінде білім беруде оқу бағдарламалары мен оқулықтарға толық үстемдік орнатылғандықтан жаратылыстану ғылымдарынан географияны, биологияны және химияны республика табиғатымен, ғылым жетістіктерімен байланыссыз оқытуға, оның теориялық ұғымдарын, зандылықтарын (бұлар Ресейдің табиғатына негізделіп түсіндірілгендіктен) оқушыларға кітап бойыншажадағай, құрғақ жаттығумен «меңгеруте» мәжбүр етті. Сондықтан мектепте берілетін жалпы білімнің мазмүнын, оқу жүмысын үйымдастыруда оқыту әдістерін түтастай қайта қарап, түбегейлі жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру түжырымдамасында «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі қүдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Оқыту екі жақтың да, мұғалім оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үрдіс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек.Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер мамандарға мұқтаж. Ал жалпы білім беретін мектептердегі пәндерде оқушыларға көп жағдайда дайын білім ұсынылады, оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту өдістемесі, дайын нұсқауларды бұлжытпай атқаруға ғана бейім орындаушылар
тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыу мен дамуының стратегиясы» деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді, төуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған: біріншісі жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі өндіріс байлығы; төртіншісі тапқырлардың ақыл ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары. «Тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл әлемдік деңгейдегі жасалымдары» — дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным өрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жүмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Бүл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындагы білім бері жүйесінің міндеттері туралы бабында: жеке адамның шығармашылық, рухани жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамыу үшін жағдай жасау арқылы интелектік байтумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтардың тарихын, әдет ғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі атап көрсетілген. Педагогика ғыльгмы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным өрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекет қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластыруы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің өртүрлі жолдарын қарастырып, өдіс-тәсілдерді жетілдіріп дәстүрліемес сабақтар түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап тауып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдалана отырып, әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін тигізеді.
Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылды икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары деп алуға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты. Оқушы бастауыш сыныптарда білім берудің ғылыми — педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау.
Зерттеу нысаны.
Жалпы білім беретін орта мектептегі бастауыш сыныптың оқу -тәрбие процесс!.
Болжамы:
Егер бастауыш мектепте оқу — тәрбие процессі кезінде:
Оқу процесінде оқушылардың білім алу жолдары анықталса;
Оқушылардың белсенділігі және өзін — өзі дамыта алу қабілеттері артса;
Оқу процесі дұрыс ұйымдастырылса онда бастауыш сынып
оқушыларына білім берудің тиімділігі артады.
Зерттеудің міндеттері.
Зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай міндеттері шешілді. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдарында оқушылар білім берудің мәнін және шарттарын анықтап оның педагогикалық теория мен практикадағы зерттелу деңгейін анықтау. Білім берудің арттыру жолдарында сабақтарда тиімді әдістемелік жүйесін жасау. Оқушылар білім берудің әдістемелік тәсілдерін өзгертіп, түрлендіріп отыру тіл дамыту пәні мазмұнын тұжырымдау.Педагогикалық эксперимент кою арқылы сабақ түрлерін сынақтан өткізу. Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылар белсенділігін арттырудың дидактикалық, ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдау арқылы жас ұрпақтың шығармашыл адам болып шығуына ықпал тигізу. Зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған мәселеге қатысты бұрынғы одақтағы көрші мемлекеттердегі зерттеулерді, әдістемеші мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік басылымдарға теориялық талдау жасау. Эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бастауыш сыныпта білім берудің психологиялық- педагогикалық мәні
Жастарға ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға — мұғалім. Өйткені ол мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті, идеялы, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады. Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгірімі жолында күш-жігерін салып, еңбек еткенде ғана бұл міндеттерді орындай алады. Ондай мүғалім өзінің барлық білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін үйымдастырып, тиімді жүргізуге жұмсайды. Сонда оқушылардың сабақты үлгіре алмауының себебі қандай? Ол себепті білуге бола ма? Әрине, болады. Оқу-тәрбие ісінің мақсатқа жеткізер жолдарын көрсету үшін алдымен осынау көкейкесті сұраққа жауап беріп алайық. Оқушының сабақты нашар оқуының, сабақты үлгіре алмауының басты себебі оқыту жұмысының сапасыз болуында. Педагогикалық талаптар мен әрбір пәннің оқыту әдістемесін шебер де толық қолданбаса, оқу жүмысы дүрыс үйымдастырылмайды. Оқушылар өтілген материалды толық түсінбейді, үйге берілген тапсырманы орындап келе алмайды не шала орындайды. Оқушының қатардан қалып қоюы әуелде уақ-түйектен басталуы мүмкін. Мысалы, оқушы сабақтың дұрыс өткізілмеуі себепті өтілген материалдардың біраз жерін не бәрін түсіне алмай қалады, болмаса көмескі не теріс түсінеді. Көпшілік оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын кісісі болмайды. Осылардың салдарынан оқушы материалды меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен материалдарға негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шүала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады. Осыдан келіп оқушының сабақты нашар оқуы, үлгірмеушілігі келіп туындайды. Мынадай да жағдай болады. Мәселен, сабақ әдістемелік жағынан дүрыс өткізіледі. Бірақ кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай, басқа жұмыспен айналысып (тәртіпсіздік жасап) не алаң көңіл болып отырады. Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да, ола ақырында сабақты үлгірмеушілерге айналады. Ал сабақтың сапасыз өтуі — мұғалім білімінің жеткіліксіз, тәжірибесінің кем, әдістемені жете меңгермегендігінен болады. Оның үстіне кейбір мұғалімдер сабаққа алдын ала даярланбай келеді. Дайындықсыз сабақ қашан да нашар өтеді, оқушыларға тартымды болып шықпайды, бұл да тікелей үлгірмеушілікке апарып соғады. Сабақ үстінде болсын, сабақтан тыс уақытта болсын оқушылардың әрқайсысының денсаулығына, сабақты қабылдау қабілетіне, тіліне, мінез-құлқына жеке-жеке көңіл бөлмеуден де үлгірмеушілік келіп шығады. Сабақты үлгірмеудің тағы бір себебі — мұғалім оқушының білім көлемін жиі-жиі тексеріп тұрмайды немесе үстірт тексереді. Оқушыныңы нақтылы білімін саралап, анықтамайды. Ережелерді құрғақ жаттауына жол береді. «Сыныпта уақыт жетпейді» деген сылтаумен жаттығу жүмысын кем жүргізеді. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады.
Оқушылардың сабақты үлгірмеуінің тағы бір себебі — үйге тапсырма беру мен оны тексері әдістемесінің дұрыс болмауы. Өйткені кейде үйге берілген тапсырманың саны мен сапасына жете көңіл бөлінбей, тапсырма мөлшерсіз, үстірт, калай болса солай беріле салады. Сол себепті оқушы оны түсінбей қалады да, үйге барғанда орындай алмайды немесе шала, кате орындайды. Сөйтіп, ертеңіне сұраған уақытта қиналып, жауап бере алмайды. Осындай бір-біріне ұласқан кемшіліктерден келіп үлгірмеушілік шығады.
Мұғалім оқытып жүрген оқушысына әрқашан қамқорлық жасап, жан ашып, бағыт-бағдар бермесе, ол сабақты оқымай кояды. Мысалы, сабақт үлгірмейтін оқушы «сен адам болмайсың, оқысаң да, оқымасаң да бәрібі деген сөздерді мұғалімнен де, үй ішінен де жиі естісе, ол сабақк бұрынғыдан да бетер ұлыссызданып, жалқаулыққа салынады. Көңілі қалдырған кісілерді кеке тұтып, сабақты әдейі оқымай, даярланбай кояды, Кейде, керісінше жағдайлардан да сабақты оқымаушылық болады. Мысалы оқушы ата-ананың тым еркелетіп, өз бетінен жіберуінен барып, сабақ оқудан гөрі ойынмен айналысады да, сабаққа даярланбайды. Кейде мұғалім үлгірмейтін оқушылардан сабақты сұрамайды, не өте аз сұрайды, сондықтан оқушы сабаққа даярлануды қояды. Мұғалім ол оқушыдан сабақты тоқсанның аяғында, оқушыларға баға қою керек болғанда ғана сүрайды. Материал өте көбейіп кеткендіктен және көптен бері сабаққа даярланбағандықтан, оқушы қанағаттанарлықсыз баға алады.
Оқушының сабақ үлгірмеуінің басқа бір себебі — мұғалім оқушының ата-анасьшен тығыз байланыс жасамайды. Біріншіден, ата-ана сабаққа қажетті жағдайды өз дәрежесінде туғызбағандықтан, баласы сабаққа даярлана алмайды. Мысалы, үйде сабақ оқитын арнайы орын, тиісті оқу жыбдықтары болмаса, оқушы сабаққа даярлана алмайды. Оқушының сабаққа себепсіз көп келмей қалып (не ауырып қалып), өткен сабақты білмеуінің не күн тәртібінің болмауынан, болған күнде оны дұрыс орындамауынан үлгірмеушілік шығады. Өйткені оқушылар сабақтан кейін, не сабаққа барар алдында дұрыстап тамақтанбаса не күнде кеш жатып, ерте тұрса, олардың сабақка ықыласы болмайды. Сабаққа үлгірмеушілік оқушының денсаулығынан да бірден бір байланысты. Себебі оқушының бір жері ауырып отырса, сабаққа ықыласы болмайды. Не болмаса, сыныптың ауасы жиі тазартылып түрмаса, оқушының көңілі сергек болмай, тез шаршап, бойы ауыр тартады, өтілген сабақты жөнді үқпайды. Осыдан келіп үлгірмеушілік шығады.
Оқушылардың сабақты үлгірмеушілігінің және бір себебі — оларға бір-біріне жолдастық көмектік дұрыс ұйымдастырылмауынан, ұйымдастырылған күнде әрбір оқушының меңгере алмаған тақырыбына ғана нақтылап көмектеспей, жалпылама қосымша сабақ түрінде өткізілуінен.
Оқушыларға қоғамдық жұмыстар көп тапсырылса, олардың сабақ даярлауға уақыты жетпей, күнделікті сабаққа ілесе алмайды. Болмаса, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жүмысы дұрыс ұйымдастырылмай, оқушыларға қоғамдық ықпал туғызылмаса да үлгірмеушілік келіп шығады.
Оқушылардың сабақ үлгірмеушілігінің тағы бір себебі — оқу-тәрбие ісіндегі кемшіліктердің алдын алу шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы, сабақтың көп кезекпен оқытылуы, сыныпта оқушылар санының көп болуы. Сабақ кестесінің түрақты болмауы, оның бағдарламалық талаптарға сай жасалмауы да оқушылардың үлгіріміне кері әсер етеді.
Сонымен оқушылардың сабақты үлгірмеу себептерін біліп алғаннан кейін, енді негізгі мақсат оны болдырмаудың жолдарын көрсетуге тырысайық. Озат мұғалімдердің тәжірибелері сыныптағы оқушылардың сабақ үлгірімін толық қамтамасыз етуге болатындығын әлдеқашан шешкен. Демек, барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету — әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.
Әрбір оқушыға сабақ барысында берілетін сүрақтарды алдын ала ойлап қою керек, тапсырманы да әрбір оқушының күші мен қабілетін ескере отырып берген жөн. Біздің педагогикалық жүмыстарымыздағы ең негізгі іс -сабаққа әзірлену. Мен қырық жылдан астам мүғалімдік қызметімде бүған көзім анық жетті. Күн сайынғы жаңа сабағыма жаңа жоспарлар, көрнекі қүралдар жасауға және қосымша материалдар әзірлеуге көп уақыт бөліп отырдым. Сабаққа мүғалімнің үқыпты даярлануы мен сабақты сапалы өткізуінің жолдары мен әдістері көп бола түрса да, соның үш кезеңіне ғана тоқталмақпын. Сабақтың басқа бөлімдері осы үш кезеңнің көмекшісі болуға тиісті. Олар біріншіден оқушының үй тапсырмасын тексеру жолдары (оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге даярландыру ісі). Екіншіден үйге тапсырма берудің әдістері. Үшіншіден, жаңа материалды түсіндіру тәсілі.
Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мғалімдер үнемі қадағалап тексеріп отыратын болса, олар үйге берілген жүмысты тыңғылықты етіп орындауға дағдыланады. Бүл әдіс жалқау оқушыға да қозғау салып, оны тапсырманы дүрыс, үқыпты орындауға міндеттейді. Үй тапсырмасын тексергенде, әсіресе, оқуы нашар, сондай-ақ тапсырманы қалай болса солай орындайтын оқушылардың дәптерлерін жиі-жиі тексеру керек. Бүл әдіс артта қалғандарды оқуға талаптандырып, олардың белсенділігін жақсартады. Мүғалім сабақ соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, үйде ұқыптап тексеріп шығады. Мысалы, үйге тапсырылған есептің, мысалдардың нәтижелерін тексергенде, сол есептің қалай жазылғанына да мән беру керек. Сонда ғана оқушының ұқыптылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, есепті, мысалды дұрыс шығаруына, оның сауаттылығын арттыруға қол жетеді. Үйге тапсырылған жұмысты жақсы орындаған оқушыларды дәріптеп, көтермелеу, басқаларға үлгі етіп көрсету -үлгірімі төмен оқушыларды сабаққа ынталандырудың бірден-бір әдісі.
Өткен материал жөніндегі оқушылардың ұғымын тексерудің тиімді екі жолы бар. Бірінші — жеке оқушыны тақтаға шақырып, тиісті сүрақтарға жауап алу. Екінші сүрауды сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан кейін, жауап беретін оқушының фамилиясын атау. Бұл екі әдісті де қолдану пайдалы, сонымен бірге қосымша әдістерді де қолданып отыру керек. Мысалы, мүғалім 2-3 оқушыға тақтада сөйлем талдатып, не есеп шығартып, басқа оқушылардан ережелерді сұрау жұмысын жүргізуіне болады. Бірнеше оқушыға әртүрлі ережелерді кезектестіре айтқызу, болмаса оларға жеке-жеке қағазға жұмыс жазып беріп, оны орындағаннан кейін жинап алып тексеру. Бүл жұмыстарды мұғалім үйіне алып кетіп тексеріп, тиісті баға қояды. Немесе бірнеше оқушыны
алдыңғы партаға отырғызып, бөлек қағазға бұрын даярланған жұмысты жазбаша орындату, бұл уақытта басқа оқушылардан тиісті сұрақтарға жауап алу.
Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық, ұғымды болғаны дұрыс. Шұбалаңқы сұрақтан аулақ болу керек. Берілген сұраққа оқушының толық түсінген-түсінбегенін де анықтау қажет. Оқушы жауап бергенде мұғалім көңіл қойып тыңдап, тиісті жерінде бас изеп, қоштап қойғаны дүрыс. Бұл жағдай оқушының сенімін күшейтеді. Оқушы жауап беріп тұрғанда басқа оқушылардың қол көтеруіне, күлуіне, жауап беріп түрған оқушының сөзін бөлуіне мүлде тыйым салу керек. Өйткені жауап беріп түрған оқушы жаңылып, жауап бере алмай қалуы мүмкін. Кейде мүғалім сабақты үлгіре алмайтын оқушыдан күдер үзіп, ол жауап бермей жатып-ақ, оның тағдырын шешіп қояды. Сабақты нашарлау оқитын баланы тақтаға шақырып алып, «Ал, Ыбыраев, тым болмаса бүгін бірдеңе айтарсың?!» «Жылқыбаев, тақтаға кел Сен бүгін де түк білмейтін шығарсың?!» немесе «Шалабаев, тым болмаса мына сұрауға жауап беруге жарамайсың ба?» дегендей, оқушыны орынсыз кемітетін жағдайлар кездеседі. Осы жолмен сабақ сұрағанда оқушы дұрыс жауап бермек түгілі, білгенінің өзін ұмытып қалады. Не қырсығып, жауап бермей қоятын кездері де болады. Себебі оқушының өзіне деген сенімі кемиді, ынтасы түсіп, сол сабақтан көңілі қалады. Келе-келе сабақты оқымайтын, оған қызықпайтын болады. Кейбір мұғалімдер оқушы дұрыс жауап бере алмай қалса, не бөгелсе, оған ренжіп кекетіп, немесе ұрсып, қабағын шытады. Мүғалімнің өзін бүлай ұстауы оқушыларға өте ауыр тиеді. Оқушыларда дұрыс үйретемін деген мүғалім мұндай әдеттен аулақ болуы керек. Кейде мүғалім сабақты жақсы оқитын оқушылардан не болмаса сабақты үлгірмейтін (жалқау) оқушылардан көп сұрап, көңілді аударып жібереді де, орташа оқитындарға көңіл бөлмей қояды. Сондықтан бұл оқушылар сабаққа даярлануды мирексітіп, ақырында даярланбай келетін әдетке дағдыланады. Мұндай жағдайды мүғалім дер
кезінде елемесе, онда, үлпруші оқушыларымызды үлгірмеуші оқушылардың қатарына қосуға өзіміз себепкер боламыз. Мына жағдайларды да мұғалім естен шығармауы керек. Оқушының жауабы аяқталғаннан кейін мүғалім оған қандай баға қойды, оның берген жауабының кемістігі мен жетістігін көрсетіп, түсіндіріп отыруы керек. Оқушылардың жауабында кеткен қателерін, дұрыс емес жерлерін олардың жауабына бөгет жасамайтындай етіп түсіндіріп отыруы керек. Егер оқушы жауап бере алмаса, не жауап беріп тұрып тоқтап қалса, мүғалім жетекші сүрақтар арқылы көмектесуі қажет. Көмектесу дегенде, окушы жауаптың басын бастаса, көпшілігін мүғалімнің өзі айтып жіберуі тиіс деген ұғым тумауы керек. Мұғалім оқушының берген жауабының тек мазмұнына ғана көңіл бөліп қоймай, оның тіліне де, сөйлемді қүрастырып, дүрыс сөйлеуіне де көп көңіл бөлуі керек. Оқушы тілін тек дұрыс сөйлеу аркылы ғана дамыта алады. Бұл ана тілі сабағына емес, барлық пәндерге де ортақ міндет. Мүғалімнің қойған бағасы дұрыс, әділ екені оқушылардың барлығына да айқын болуы тиіс. Баға қою -өте жауапты кезең. Бағаны дұрыс қоймау оқушыларға үлкен әсер ететінін, бұның тәрбиелік және оқушылардың сабакты дұрыс оқулары үшін маңызды екендігін мүғалімдер ұмытпауға тиіс. Әр уақытта оқушылардың жауабына сәйкес еткен материалға қысқаша қорытынды жасап отыру олардың білімін нығайтуға пайдасын көп тигізеді.
Сабақтың екінші кезеңі жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқыту жұмысының нәтижелі болуы — материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтап өткізуге байланысты. Жаңа материалдың идеялық мазмұндылығы, оны мұғалімнің ұғымды түрде анық түсіндіруі, сөйлеген кезде қимыл әрекеттерінің орынды болуы, балалардың сабақты көңіл қойып тыңдауына ерекше әсер етеді. Сол сияқты көрнекі құралдар, үлгілер (модельдер), суреттер, кестелер, гербарий мен коллекциялар, т.б. көрнекі кұралдарды пайдалану оқушыларды сабаққа қызықтырып, ықыласын арттырады. Әдістемелік тәсілдерді өзгертіп, түрлендіріп отыру, оқушылардың сабақ үстінде өз бетінше істейтін жұмыстары мен жаттығу жұмыстарын тиімді етіп, түрлендіріп жүргізу — олардың сабаққа белсене қатысуына жол ашады.
Класта оқуға немесе жаттап алуға арналған әңгімелер мен өлеңдерді мұғалімнің өзі мәнерлеп оқуға көп мән беруі керек. Балалар мүғалімінің мәнерлеп оқығанын, сөйлегенін мейілінше көңіл қойып тыңдайды. Мұғалімнің дауыс ырғағы, қимыл-козғалыс әрекеттеріне қызығып, өздері де сондай болуға талаптанады. Мүғалім жаңа сабақты түсіндіргенде оқулыққа қосымша көркем шығармалардан, өмірден мысалдар келтіріп, балаларды ынталандырып, қызықтырып отыруға тиіс. Оқу материалын осылайша қызықты етіп баяндау — оқушылардың білімге қүмарлығын арттырады. Олар айналасындағы өмірден, тіршіліктен көп жаңалықтар үйренеді, ой, сана-сезімдері өсіп, білімдері нығаяды.
Жаңа материалды түсіндіргенде барлық оқушының зейінін сабаққа аударып, олардың сабақты барынша ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу керектігін мұғалім ерекше ескеруі керек. Өйткені үлгірмеушіліктің және сабақты ұқпай қалушылықтың өзі нақ осы жаңа тақырыпты түсіндіріп түрғанда оқушының сабаққа қызықпауынан оның көңілі сабақтан баска жақта болуынан келіп шығады. Сондықтан мүғалім сөйлеп тұрғанда оқушылардың отырысын, олардың зейіндерін, ойларын байқап тұруы керек. Егер де бірінші сабақ қызықсыз өтсе оқушының сабаққа ықылассыздығы кейінгі сабаққа да әсер етеді. Егер бірінші сабақ өте қызықты болып өтсе, оның сабақка қүмартуы, зейіні кейінгі сабаққа да сөзсіз арта түседі. Немесе оқушылар үзіліс кезінде жүгіреді, ойнайды, әр нәрсеге көңілі бөлінеді. Сол көңіл күйлерін басып, оқушылардың зейінін сабаққа аударып алуды мүғалім ескермесе, оқушының өтіп жатқан материалды шала үғынуында дау жоқ. Сондықтан да оқушының зейінін сабаққа аударуға мұғалім бар мүмкіндікті пайдалануы керек. Бұларға қосымша сыныптағы жаттыгу жұмыстары мен оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарына және олардың жаңа материалды қалай ұғынғандарын жинақтау, қорыту жұмысына да күнбе-күн көңіл бөліп отыру — оқушылардың сабақ үлгіріміне кепілдік береді.
Сабақты жүргізудің үшінші кезеңі үйге тапсырма беру. Ол сабақтың негізгі бөлімінің бірі болып жоспарға енгізілуі керек…..