Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..
І-тарау. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық- педагогикалық мәселелері……………………………………………
1.1. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері……………………………….
1.2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері…………………………………………………………………………………………………
1.3. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны………………………………….
ІІ -тарау. Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі……………………………………………….
2.1. Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі……………
2.2. Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану…………………………………………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми – техникалық және өндірістік – технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2) компьютер – оқыту құралы; 3) компьютер – педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы; 4) компьютер – ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше. Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды модельдеуге қолдануға болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үрдісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С. Гершунский, В.А. Кальней, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың техникалық құралы ретінде қолдану.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп – орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова, Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Соңғы кезде Ресей ғалымдары А.А.Кузнецов пен А.М.Пышкалоның басшылығымен төмендегі сыныптардағы математика пәнін оқытуда компьютерлік техниканы оқыту құралы ретінде пайдалануға байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Дербес компьютерді бастауыш мектепте оқу құралы ретінде пайдаланудың теориялық және практикалық та жақтары жан-жақты зерттеліп жеткілікті дәрежеде толық шешімін таба қойған жоқ. Біздер бастауыш мектеп математика пәнін оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде дербес компьютерді пайдаланудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы және оның дидактикалық мүмкіндіктерін пайдалануды жүзеге асырумен дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану» – деп алуды жөн санадық.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: математиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
– зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педаггикалық және арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
– компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
– бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері:
– ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;
– компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау;
– зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;
– математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасауқау.
Көздеген мақсатымызға жету үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргіздік:
1. Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасау.
2. Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтау.
3. Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасау.
4. Бастауышта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелерін зерделеу.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 3 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, әдістері сөз болады. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
атты І тарау 3 параграфтан тұрады.
Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері деген параграфта компьютердің шығу тарихы мен таралуы және ондағы ендірілген бағдарламалар жайлы айтылады.
Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері деген параграфта компьютерді оқытудың психологиялық әсерлері жайлы сөз болады. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны деген параграфында сабақ меңгерудегі компьютермен сұлба сызу және түрлі ақпараттармен жұмыс істеу туралы келтіріледі.
Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі атты ІІ тараудың математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі деген параграфында 1 сыныптан бастап информатика пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қажеттілігі сөз болады.
Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану деген параграфында сыныптарда математика пәнін компьютер арқылы оқыту туралы айтылады.
Қорытындыда диплом жұмысының нәтижесі берілген.
І-тарау. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
1.1. Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
Есептеуіш техника құралдарының дамуы мен жетілуі өте қызу өрбіп келе жатыр. Негізгі өндірушілер 180386 процессорлы компьютерлерді ескірген ретінде өндіруді тоқтатқан. Осы себеппен фирма lntel 1995 жылдың соңынан бері 1800486 процессорлары қолданылмайды. Компьютерлік техника рыногында Р6 (lntel фирмасынікі) және Power PC (ІBM, Apple, Motorolla фирмаларынікі) процессорлы жүйелер пайда болды. Осы қарқынмен компьютердің басқа да негізгі құрылғыларының сипаттамалары жақсарып келеді – оперативті есте сақтау құрылғысының (ОЕСҚ) көлемі мен қатты дискідегі жинағыштардың сыйымдылығы (винчестердің), графикалық сипаттамалары жақсарып, жаңа құрылымдар (мысалы, мультимедиа жүйесіндегі лазерлі дискідегі жинағыштар CD-ROM) пайда болуда. Компьютерлер жүйесін кеңінен қолдану оқу үрдісінде жаңа мүмкіндіктердің ашылуына негіз болды. Сондықтан, АҚШ-та балабақшалардан бастап, колледж, университеттермен аяқталатын бүкіл оқу орындарын Іnternet жүйесіне қосу проектісі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар операциялық жүйе Wіndows – 95, күшті графикалық және басқа да мамандандырылған пакеттердің, инструментальды жүйелердің бағдарламалық қамтамасыздандарылуы жетілдіріле түсіп, кеңінен таратылуда.
Осының бәрі ағарту саласында да компьютерлік технологи-яның дамуы мен жетілуіне алдын ала техникалық мүмкіндіктер жасады.
Қазіргі уақытта компьютерлік технологияны пайдалануда оқытудың үш буынын айтуға болады .
Бірінші буында компьютерді қолдану – оқу материалдарын ұсынудың және оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір элементтерін ғана өзгертіп, дәстүрлі оқыту үрдісінің жүйесіне нұқсан келтірмей оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Осы буынның бағдарламалары мен кешенді түрде материалдары ретінде мына төмендегілерді пайдалануға болады: жаттықтырушы бағдарламалар және ағылшын тіліне арналған ойындары «Көңілді полиглот», «Американы қалай жеңіп алуға болады» (фирма lnt г. Москва).
Компьютерлік технологияның екінші буынында жаттықтырушы және бақылаушы, модельдеуші бағдарламаларды қолдануға және объектілерге, жүйелерге белсенді түрде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік туғызатын жүйе құрылды. Бұдан бөлек, multіmedіa- жүйелерінің аты әйгілі бола бастады, олардың көмегімен оқушының көбінесе лазерлік дискілерде сақталатын әртүрлі ақпараттарды алуға қолы жетті.
Сонымен, осы кезеңде мазмұны жағынан курстардың дәстүрлі бағдарламаларының, оқулықтардың, оқу құралдарының жалпы байланысы, модельдейтін орта мен объектілерге, процестерге және әлемнің нақты жүйелеріне жан-жақты зерттеу жүргізуді алдын-ала қарастыратын ақпараттық жүйелерді белсенді түрде қолдануды көздейді. Осы буынның технологиясын қолдануды жүзеге асырған тәжірибелер бірқатар дамыған елдерде бар. Осы дәрежедегі бағдарламаларға мыналар жатады: Экологиялық модельдеудің бағдарламалары «Lake», «Pond», «Теплица» (оқу үрдісінде ЭЕТ мен микропроцессорлық техниканы қолдану лабораториясының зерттеулері, УрГПУ, Екатеринбург қаласы) ақпараттық жүйелер «PcGlope CPC Glope lnc. Tempe, USA» және «SryGlope» (klassm Software, USA) комплекс «фундаментальды физикалық тәжірибелер (Гроднен университетінің зерттеулері, Беларусь)», оқу компьютер курсы «Физика суреттерде» (НЦ ФИЗИКОН, Москва қаласы).
Үшінші буынның технологиясына өту ақпараттық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестендіріп оқу – ағарту жүйесін түбірімен қайта құрылуымен байланысты. Компьютерлік технологияның қосалқылық сипаттамасы жойылады, яғни оқу үрдісінің мазмұны соларды тәжірибеде қолдануға бағытталады. Бұл кезең оқулықтардың жаңа типімен және мәліметтер базасы кіретін компьютерлік жобалау, модельдеу, құру контексіндегі қоршаған ортаны тануға арналған инструментальды аспаптар кіретін арнайы оқу компьютерлік ортамен сүйемелденеді.
Оқу-ағарту ісіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың (ЖАТ) дамуының аталған кезеңдері кјбінесе «жѕйеге» дейінгі-кезеңге жатады. Сірә, оқу технологиясын дамытудың қазіргі заманғы негізгі бағыты – оқу ѕрдісіндегі Іnternet жүйесінен алуға болатын ақпараттарды кеңінен қолдану болып табылса керек. Іnternet-тің ауқымды компьютерлік жүйесі оқытуға арналған жүйе болып есептелінеді. Бірақ, оның мүмкіндіктері екі есе көп. Іnternet адамзат жинақтаған кез келген білімге әр адамның қалауы бойынша қол жеткізуін қамтамасыз ете алатын ақпараттың бүкіл әлемдік қоры ретінде қолданылады. Іnternet-тің құрылғанына 20-30 жылдан аса уақыт өтсе де, тек соңғы жылдары ғана оқу орындарында қолданыла бастады.
Оның өзіндік себептері бар.
1) Компьютерлік технология буындарының алмасуы динамикалық түрде өтуде, яғни тұрақты жүйе жасалынбады;
2) Компьютер арқылы пәндерді оқытудың педагогикасы мен әдістемесі керек деңгейде қайта құрылып және оларды оқытуда қолдануда дайындалмады. Бұл жағдай компьютерді сабақта қолдана білу бойынша пән мұғалімінің эрудициясын, дайындығы мен дүрыс ойлауын, технологияны жетілдірудің тенденцияларын көру қабілеттігін қажет еткенмен тіпті олардың компьютерді өз мүмкіндіктеріне сәйкестендіре алмай келеді.
ІВМ техникасының дүние жүзі бойынша жетекші позициялардан орын алады, сондықтан Россияның өнеркәсіптік рыногы да ІВМ компьютерлеріне бағытталған, яғни мектептегі оқу дәл осы техникады жүргізіледі.
Бұл айтылған компьютерлер жүйесінің тиімділігіне талдау жасай келе, мектептерді қазіргі кездегі дәрежеде жабдықтау үшін техниканы таңдау барысында ұсынысты тұжырымдауға болады: мектепке жүргізілетін техника оны пайдалану үрдісінде өз күшімен және өте аз шығынмен модернизациялауға ыңғайлы болуы, т.б. Қазіргі кездегі түсінік бойынша мектептің жақсы жабдығы деп мыналарды есептеуге болады:
– оқушы компьютерлері;
– ІВМ/РС 486 процессорын Pentіum “Upgrade” немесе кіші модельдегі Pentіum процессорына ауыстыруға болатынын алдын ала қарастырады;
– SVGA мониторы экран нүктесінің мөлшері 0,28 мм LOW Radіatіon Green стандартына сәйкес немесе MPEG;
– қатты дискі,көлемі 300-500 Мб;
– Мұғалім компьютерлерінің көлемі ОЕСҚ-8-16 Мб және оның қатты дискінің көлемі болу керек, егер мұғалімдердің жұмыс орны локалды жүйенің сервері ретінде қолданылса;
– Оқушылардың жұмыс орындарындағы multіmedіa комплектілері;
– Сыртқы құрылғылар принтер, сканер;
– іnternet жүйесіне шығатын модем.
Баяндалған конфигурация бір жағынан барынша оралымды және кеңейгіш, екінші жағынан оқудың және басқарудың қазіргі кездегі компьютерлік технологиясын толық қолдануды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі компьютердің сапалары төмендегілерді болжауға мүмкіндік береді:
– компьютерді бұрыннан бар дидактикалық мәселелер жүйесін тиімдірек шешуге арналған қосымша құрал ретінде қолдануға болады;
– компьютер машинасыз оқудың жалпы құрылымын, мақсатын және міндетін сақтай отырып жеке дидактикалың мәселелерді шешуді жүктейтін құрал бола алады;
– компьютер дәстүрлі жолмен шешілмейтін жаңа дидактикалық мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді;
– компьютерді меңгерілетін объектілердің мазмұнын оны құру арқылы модельдейтін құрал ретінде қолдануға болады.
И.В.Роберттің көзқарасы бойынша, дидактикалық принциптердің позициясын жүзеге асырған жағдайда компьютерді оқу құралы ретінде қолдануға болатынын дәлелдейтін мынадай ең маңызды әдістемелік мақсаттарды бөліп қарастыруға болады:
– оқу үрдісін даралау және саралау;
– оқу ісіндегі нәтижелердің диагностикасымен және базасымен кері байланысты іске асыру;
– өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзетуді жүзеге асыру;
– жаттықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және соның көмегімен оқушылардың өзін өзі дайындауын жүзеге асыру;
– меңгеру сапасына зиян келтірмей сандық талдаумен байланысты көп еңбек сіңіруді керек ететін жұмыстар мен іс әрекеттерді ЭЕМ де орындау есебінен оқу уақытын үнемдеу;…

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз