Курстық жұмыс: Педагогика | Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
Мазмұны
Кіріспе
1. Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
2. Еңбекке баланы жасынан баулиық.
3.Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары
4. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары
Қорытынды:
Кiрiспе
Қазiргi мектептерде оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ Сабақтың түрлерiне сәйкес құрылымдары әр түрлi болады Еңбекке баулу сабақтарының көбiне көбiне жалпы құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi:
-ұйымдастыру бөлiмi оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi; оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi арнайы киiмдерiнiң бар болуын тексеру;
-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
-оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн мұғалiмнiң кiрiспе нұсқауы сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн көрсетуi және iс- әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми негiздеуi;
-қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша нұсқау;
-оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен құрал-жабдықтарды үлестiру;
-оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi ж„не олардың жұмыстарына бақылау жүргiзуi;
-сабақтың қорытындысыяғни оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерiн талдау; бiлiмдердi талдап қорыту; оқушылардың iс-әрекетiн бағалау және белгiлеп қою;
-оқу шеберханаларын жинастыру
Әрбiр сабақтың жалпы бiлiм беретiн және политехникалық мiндеттерiн жалпылай келе еңбекке баулу сабағының мiндеттерiн төмендегiдей жинақтап көрсетуге болады:
-техникалық объектiлердiң құрылысы жұмыс iстеу қағидасы және қолданылуы туралы мағлұмат беру;
-техникалық объектiлермен жұмыс жасаудағы практикалық ептiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру технологиялық операцияларды орындау жұмыс орны мен еңбектi ұйымдастыру алда тұрған iс-әрекеттi жоспарлау және өзiндiк iс-әрекетке бақылау жасауға үйрету;
-оқушыларды пайдалы өнiмдi еңбекке қатыстыру;
-оқушылардың еңбектен дайындық деңгейiн және сапасын тексеру мен бағалау
Еңбекке баулу сабақтарында көрсетiлген мiндеттер әрбiр сабақтың немесе бiрнеше сабақтар барысында қарастырылуы мүмкiн Осыған сәйкес бiз еңбекке баулу сабағы мазмұнының төмендегiдей бөлiктерiн ұсынуды жөн көрдiк
1Сабақтың тақырыбы 2Сабақтың мақсаты 3Сабаққа керектi құрал жабдықтар 4Сабақтағы көрнекiлiктер 5Сабақтың турi 6Тiрек ұғымдар 7Техника-технологиялық мағлұматтар8Политехникалық бағыты 9Халық қолөнерiндегi ұқсастықтар 10Кәсiби бағдар 11Пәнаралық байланыс 12Пайдаланатын әдебиеттер
Ғалым Т. Тәжібаевтің психология саласынан жазған ғылыми еңбектері мен бағдары сан қырлы. Ғұламаның Жалпы психология еңбегінде психология ғылымының теориялық негіздері баяндалып, психологиялық ұстанымдары мен ғылыми тұжырымдары сол кездегі әлемдік психология ғылымының даму деңгейімен үндеседі. Автор жеке адам, оның іс әрекеттерінің түрлеріне, олардың өзіндік психологиялық астарларына ғылыми түрде талдау жасайды.
Психолог ғалымының пікірінше, психикалық әрекеттердің дамуы біріңғай үрдіс болғанмен, оның төменгі сатылар олардың пайда болуына дайындық жасап отырады. Мәселен, балалардың жасын түрлі кезеңдерге бөлуде олардың іс әрекеттердің түрлі сатылардан өтуімен байланыстырады. Аталған кітаптың көптеген тауарларында мектеп жасына дейігі балалардың психикалық дамуы мен ерекшеліктеріне тоқталады. Соның бірі Бала психикасының дамуы тарауында бала өзінің айналасындағы дүниемен ойын, оқу, еңбек арқылы байланысатындығын нақты мысалдармен, тәжірибелермен тәптіштеп түсіндіреді.
Адам-қоғамның жемісі. Қоғам дамып, алға басып, еңбек үрдісі күрделенген сайын адамның психикалық әрекеттерінің мазмұны да байи түседі. Сөйтіп еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтеріледі деген тұжырымға тоқтайды және адамның еңбек ету арқылы жоғары сатыға көтерілуі үшін мынадай жағдайларды ескеруді ұсынады.
1.Адам қоғамсыз, еңбексіз күн көре алмайды.
2.Әр уақытта адамдармен қатынасып, бірлесіп еңбек ету керек.
3.Адам көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық, еркіндік қажет.
Біз ғалымның жасаған қорытындыларынан қазақ психологиялық тарихында тұңғыш рет еркін еңбек идеясын ұсынғанын байқаймыз.
Еңбек әрекеті мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды және ол бала психологиясының дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына түбірлі әсер етеді. Балалардың еңбекке араласуын о басты ықпал ететін түрткілердің түрін де ғалым атап көрсеткен. Алғашқысы балалардың үлкендер әрекетіне қызығуымен, олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болады. Егер үлкенддер балалардың осы қызығуын қолдаса, онда балада еңбекке деген ынта күшейеді. Психолог-ғалым бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де, рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Ол үшін оларға онша қиын жұмыс бермей, қолдарынан келетін тірлікті тапсырған жөн деп, ескерткен. Т.Тәжібаевтің бұл көзқарасы ғалым В.Г.Нечаевтің еңбек әрекетінің мазмұны баланың жас ерекшелігіне қарай, қажеттілігіне сай және балаға күнделікті дене күші жағынан сәйкес келсе, балаларға еңбек қызықты болады деген пікірмен үрдістердің түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял және психикалық қасиет ерік, қабілеттің мектеп жасына дейінгі балалардағы даму ерекшеліктерін де ғылыми түрде түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау үрдісі мен қабілеті туралы айтқан ой-пікірлерін балаларды еңбекке баулу барысында жетекшілікке алуға болады. Мәселен, қабілетті дамытудағы ең негізгі фактор-еңбек. Адам неғұрлым еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, ойланған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындайтын болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады.
Профессор Т.Тәжібаевтің психологиялық ой-пікірлерінің жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде басшылыққа алатын тағылымды тұстары мол.
1.Баланы еңбекке баулудағы ата – ананың біліктілігі.
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың міндеті – сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғы шарттарын қалыптастыру.
Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата –аналардың педагогикалық білімдерінің заман талабына сай жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата –аналардың еңбек тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын балабақша. Қазіргі нарықтық қатынас тұсындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы ата –аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесіне біршама қиындықтар туғызуда.
Бұл тұста ата –аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастыққа әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне түсіп отыр.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ –бала үшін өмір мектебі. Қазақстан Республикасы Ата заңының -тарауы «Отбасы» деп аталып, оның - бабында – «Ата – аналардың және олардың орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты көрсетілген. Ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата – ананың сіңірген еңбегіне, тәлім- тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата – ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып, белгілі бағдарлама негізіне сүйене жүзеге асыра отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ата – ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім – тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы көзқарасын және педагогикалық білім деңгейлерін анықтау мақсатында № , балабақшасы мектеп алды топ балаларының ата- аналарынан сауалнама сұрақтарына жауап алдық. Жиналған мәліметтерден анықталғандай отбасында балаларды еңбекке баулуға жете көңіл бөлінбейтіндігі және олардың еңбектерін тәлім – тәрбие мақсатында пайдалана алмайтындықтары белгілі болды .
Бала тәрбиесіне әсіресе жастар жағы «тамағы тоқ, киімі бүтін болуы» деп түсінетіні байқалады . Күнделікті күйбең тірліктен, балаға қарауға уақыттың жетпейтінін сылтау ететіндер де аз емес. Кейбір ата – аналар «жас, буыны қатқан жоқ», «өскен соң өзі – ақ үйреніп алады» деген керенау ойларын да білдірді. Баланы еңбекке баулудағы негізгі кемшіліктің туу тамырын, төркінін анықтау ата – аналарымен үздіксіз педагогикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін туғызды. Осы байқаған кемшіліктерден ата – аналарға баланы мектептегі еңбекке даярлаудағы педагогикалық маңызын түсіндіру мақсатында А.К. Меңжанованың «Баланы көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу» атты еңбегін және «Отбасы және балабақша», «Бастауыш мектеп», «Дошкольное воспитание» журналдарынан бірқатар ғылыми мақалалар ұсынылды .
Зерттеуші ғалым Т. А. Маркованың «Воспитание трудолюбия у дошкольников» деген еңбегіне балаларды еңбекке баулу тәжірибесіне байланысты отбасы типтерін анықтау тұжырымын басшылыққа алып, отбасын төрт типке бөлдік .
Бірінші типтегі отбасының еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін насихаттауға болады, дегенмен, тәрбиешінің көмегі қажет. отбасы.
Екінші типтегі отбасы баланы еңбекке педагогикалық және психологиялық жағынан даярлауы төмен. Ата – аналар білімді болса да отбасында баланы еңбекке баулу көзқарасы екі түрлі .отбасы
Үшінші типтегі отбасында баланы еңбекке баулуда ата – анасының екеуінің де көзқарасы төмен. Отбасында тұрақты еңбек дәстүрі жоқ.
Төртінші тип қолайсыз отбасы. Балаларын қорқыту, тыйым салу әдістерін пайдаланып еңбекке үйретеді.отбасы.
Дегенмен, ата – аналардың балаларды еңбекке баулудағы бенсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында педагогикалық жағдайларды талдау, кеңес беру әдістері қолданылады.
Тәрбиешілері ата – аналарға ертеңгі және кешкі мезгілде сұрақ қою, нұсқау беру арқылы өз балаларын еңбекке баулу туралы ақыл – кеңес айтып, ойлануына мүмкіндік туғызады. Ата – аналардың ұсынысы бойынша мектеп алды топта қол еңбегі үйірмесі аптасына екі рет ұйымдастырып, ондағы бес – жеті жастағы балаларды тігіс тігуге үйретудің күнтізбелік жоспары жасалып жүргізіледі. Балаларға тігуге қажетті құралдармен ине, жіп, оймақ, қайшы, мата таныстырып, оларды қарапайым тігістен бастап, өз қуыршақтарына көйлек тігу және аналарының мейрамына сыйлық ретінде ине түйрейтін жастық тігіп сыйлауға үйретті. Мұндай еңбек тәрбиесінің нәтижесі балалардың ата — аналарын таң қалдырды, сөйтіп отбасында да баланың қолы жеткен дағдысын одан әрі жалғастыруды қолдап отыру пайдалы болмақ.
Сайыс тақырыбы «Еңбек түбі – береке».
Сайыс мақсаты: Ата — аналардың баланы еңбекке баулудағы білімдерін жетілдіріп, қызығушылығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта – ықыласын дамыту.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, ата – аналар, ұстаздар!
Бүгін міне, « Еңбек түбі – береке» атты сайысты бастағалы отырмыз, — деп сайыстың мақсатымен таныстырып, қазылар алқасына Г.Ахметова мен С.Жиенбаеваны сайлады.
Жүргізуші:Сайыстың бірінші бөлімі бойынша әрбір бала өзін көпшілікке жақыннан таныстырады.Қазылар алқасы балалардың сөйлеу өнерін, тілінің үйірімділігіне, ойының ұшқырлығына мән беріп, епті де еңбекқор баланы анықтау керек….