Курстық жұмыс: Өнер саласы | Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………….
1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы……………
Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі…………………………………………………
2 Түс көрудің поэзиядағы рөлі Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі психологизмнің түс көру тәсілі арқылы берілуі…………………………………………………………………….
Иран-Ғайып поэзиясындағы түс көру табиғаты……………………………..
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………
1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту — өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі — өлім әлемі, екіншісі — өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма — өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.
“Су әлемі – түс жоруда екі түрлі сипатыменкөрінеді. Біріншіс – адам жаратылысының негізі, тіршілік көзі. Ол алғашқы материялық негіздердің бірі, аналық бастау мәңгіліктік және тылсымдылық сипаты да бар.
Екіншісі – қауіптің, қатердіңмекені, көз жасының символы. Түске өзеннің мазасыз қалпы, тасуы кірсе күтпеген қолайсыздық болады.Аласұрған теңіз, дауыл, тасқын болатын жаманшылықты алдын ала сезіну болып табылады. Халықтық ұғымдада түстің осындай символикалық белгісібар. Жазушы кейіпкерлерінің түсіндегі Бұқтырманың тасуы – қауіп-қатер, судан аман өту — өмірдің ұзақ болуы, суға кету – ажал, қаза болып көрінеді.Суға түсу де ауыртпалықты, сәтсіздікті білдіреді. “Ардақ” әңгімесіндегі Ардақ өзінің суға түсіп жүргенін көреді. Көп ұзамай қасіретке ұрынады.
Сонымен, кейіпкерлертағдырын түс көру арқылы болжап білу біз мысалға келтірген түс көру оқиғаларынан айқын байқалатынын көрдік. Өмір мен өлім мәселесі түстегі су әлемі Бұқтырма өзені арқылы бейнеленеді. Ақтайлақ пен Бағдаттың “ суға кеткенін” түсінде көретін Ақан жар жағасында қалады. Яғни, су — өлім әлемі, жар жағасы – тіршілік әлемі. Халық “су түбіне кетті”, “суға кеткен тал қармайды”, “су аяғы құрдым” деген тіркестерді осы мифтік ұғымға негіздеп туғызған. Суда Үббе болады, ол адамдарды өзіне шақырып, ажал қаптырады делінетін мифтен де судың қауіптік белгісі танылады. Мифтік дәуір адамдары болжамға, ішкі интуицияға көп сүйенеді десек, сол дәуірлерден қалыптасқан сенім жазушы кейіпкерлерінің таным-түсінігінен де елес береді.
Ақанның тасыған Бұқтырмадан ақ боз атқа мініп өтуінің де символдық мәні бар. “Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе, мұратына жетер”. Ақан мінген ат – ақ боз. Ақ түс те, боз түс те халық ұғымында киелі саналған. Ақ түс — жақсылық хабардың нышаны, әрі қасиетті түс. Боз түс туралы көне таным елестерін негізге ала отырып, осы пікірдіт айтуға болады. Ақанның аман оралуы судан аман-есен өтуімен болжанса, ақ боз атқа мінуі осы болжамды нақтылай түсетін белгі.
“Көне дүние көшпенділері үшін су – шейіт патшалығы. Оған кеткендер қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құрылғанына қарамастан, бұл – қыршын өмірлерді қылғып жұтып жатқан мүлде басқаша әлем. Көзге көрінбейтін албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат әйелдердің ажалы содан, өкпесін ұрлап алып, суға атып жібереді. Албастыны түріп айдап шығатын тек ақ боз ат қана,- деп жазады З.Серікқалиев.
“… Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. Қынымда сармойын, мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған арғымақ, уралап батысқа шауып барады екем деймін… Сенің де күнің жақындап қалды-ау… Шүйіншілі хабарға жорыдым”.
Түсте көрінетін қылыш, мылтық, пышақ, т.б. адамның өңінде ұл перзентті болуының белгісі жорамалы. Мұндай халықтық танымға сәйкес жору кейіпкерлерге де белгілі.
Міне, қарап отырғаныңыздай, бұл повестегі түстер шығарма бойында өрілген сюжеттің бағдарын бедерлеп, жобасын белгілеп, алдағы болар оқиғаның хабарын беріп отырады. Автор түсті басты тәсіл ретінде ала отырып, Ұлы Отан соғысы жылдардағы халық өмірін, қан майданның елге тигізген зардабын, сол замандағы елдің мүшкіл халін, әке орнына әке болып, ана орнына ана болған әйелдердің зар илеп, қайғы жұтқан ауыр күндерін, бір уыс жанын орамалына түйіп, қанды шайқасқа аттанған, Отан үшін айқасқан ерлердің ерлігі, етті жүрегін Алма шешей мен Ақан шалдың әңгімелеуі негізінде баяндайды.
Түс көру сюжеті – образды-символдық түрде көбінесе түс көрушінің психологиялық мотивін, инстинкті тілегін, талабын, эмоциясын және сезінуін, бүкіл сана астарындағы алуан түрлі психологиялық комплексті құрайды. Автор кейіпкерлеріне түс көргізе отыра, заман шындығын еш бүкпесіз жеткізеді. М.Ф.Достоевский шығармаларындағы түс көру табиғатын зерттеген әдебиетші – ғалым Ж.И.Степаньянцтың: ”түс қандай бір нақты қызмет атқармасын, ол шығарманың негізгі ой-нысанасынан ауытқымайды”, — деген сөзі біздің ойды нақтылай түседі. (10,102) Повестегі автордың негізгі идеясы Достоевскийдің мына сөзімен сәйкес келетіндей:”Түстің таңғажайыптылығы сонда өз санаңда неше жылдан бері жауабын күтіп жүрген сауалыңды қайта жаңғыртып, бейне бір сәуегейлілікпен шешіп береді. Және ол Сізге жаңа өте күшті сезім не қуаныш не реніш сыйлайды”.(19,494)
О.Бөкей кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жарқырата ашу үшін түс көру тәсілінің көркемдік қызметін, көп қырлылығын, тақырып пен идеяға, уақыт пен кеңістікке шек қойылмайтын көркемдік еркіндігін жақсы меңгерген жазушы.
Оның шығармаларында түс көрмейтін кейіпкер кемде-кем. Және олардың бәрі де шығаманың сюжеттік-композициялық құрлымын қолынан шығармайтын идеялық-эстетикалық құндылықтың қазығы бола білетін, бүкіл туындының көркемдік дәрежесін биік деңгейге жеткізетін бірден-бір көркемдік тәсіл болып табылады. О.Бөкей туындыларында фантастикалық түстер кездеспейді. Олар кәдімгі кез-келген адамға енетін, шындық өмірден алынған шынайы түстер. Кез-келген түс психологиялық негізде әрқашан реалды көріністермен байланысты және көркем ойлаумен тығыз қатынаста болады.
Достоевский: ”Фантастиканың өзі шындыққа жанасымды, сондықтан оған сенуіңізге де болады”,- дейді. О.Бөкей шығармасындағы автор мен кейіпкерлер ойы жалғасып, бірегей образдарға айналып кетеді. Кейіпкерлері ойшыл мүлде өзгеше қырменен сезімтал қалпымен ешқандай ұлы істерсіз-ақ өнеге таратып, үлгі көрсетіп жатады. Шыншылдыққа, батылдыққа, мөлдір, тазалыққа, соның бірі қосыла келіп – жан сұлулығына үнсіз шақырып тұратын кейіпкерлер. О.Бөкейдің үлкенді-кішілі шығармаларына тән аңызға бергісіз жұмбақ сыр, қызық сарын, ілесе жүреді. Кейде тіпті адам сенбес оқиғалардың сілемі қабаттаса қиял мен шындық арасындағы жұмбақ халдер бірде оқиға арқауында, бірде күшейткіш көркемдік нақыштар түрінде көрініп қалуы мен келеді. Д.Әшімханов өз естелігінде: ”Оралхан адамның өзін-өзі жұмбақтау ұстау қасиетін ерекше бағалайтын” дегендейін жазушы мәңгілікке жұмбақ қалпын, сыры тереңде жатқан жұмбақ өмірді, сол өмірде шешімі жоқ адамның жұмбақ әлемін Мәңгілікке ескерткіш ретінде сол адам жаратылғалы бері шешімі жұмбақ болып келе жатқан Түсті шығармаларына енгізе отыра, айтар ойын жұмбақ күйінде оқырманына ұсынды. Бұл – жазушының әдебиет айдынына өзіндік өрнекпен салған сара жолының бір қыры еді.
1.2 Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі
Түс көру тәсілі Ә.Кекілбаевтың шығармаларында өз шыңына жетіп, көркемдік, характерлік, символдық, мифологиялық, психоаналитикалық қызмет атқарар әдіс қана,тіпті түгелдей бір туындының тұтқасын құрайтын көркемдік тұтастыққа ие болғандай.
Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-повестері бастан-аяқ түстен тұрады де болады.Бұл шығарманың идеялық,көркемдік тұтастығын құрайтын түс – ішкі монологтыңбір элементі ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан психикалық процесті бейнелейтін бірден-бір тәсіл. Қазақ прозасында соншалықты мән беріп,одан үлкен философиялық ой, әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтеретін Ә.Кекілбаевтың көркемдік әлемі әлі де ашылмай жатқан арал секілді.(8.122)
Ә.Кекілбаев шығармаларына бір көз жіберіп, түс көру тәсіл көріністерін байқайық. “Үркердегі” Әбілхайыр ханның түс көріп, оны сонша жерге ат арылтып досы Тайланға жорытуы, “Аңыздың ақырындағы” Кіші ханым мен Әміршінің түстері, “Күй” повесіндегі Жөнейттің, “Ханша-дария хикаясындағы” Гүрбелжін ханымның қыз күніндегі мен ерге шыққаннан кейінгі үнемі кіретін бір мазмұндағы түстері т.б.Бұл түстердің поэтикасын талдау,мағынасын оқып тану арқылы біз көркем шығарманың шындығын, кейіпкердің бүкіл табиғатын,шын бет пердесін,ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегіқұпия сырды,адам жанының психологиясына тереңдей енеміз. Біздің ұлттық менталитетіміздеежелден қалыптасқантүс туралы ұғым-сенім,дәстүрлі жорыту жолдары Ә.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң алып,олар үлкен әлеуметтік, философиялық,ғибраттық,психологиялық та қызмет атқаратын болды.
Өмірдің мәңгілік құндылығы да осы түстер туралы толғаныстарда кеңінен әңгімеленеді.Түстер мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ пен мансаптың, байлық пен бақтың Ажал-Ақиқат алдында бір тиындықта құны жоқьығын тұспалдайды. Осы түстер арқылы философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару,бүкіл адамзат баласына ортақ “мәңгілік құндылықтар”, адамгершілік мәселелері, кезең, орта,уақыт таңдамайтын көкейтесті проблемалар жөнінде ой толғау тек Ә.Кекілбаев түстеріне, оның қаламгерлік қуатына тән қасиет.(6.122)
Сондай-ақ, жазушы түстерді сюжет құруда және әдеби тәсілдерді түрлендіруде, шығарманың бүкіл көркемдік-құрылысын ажарландыруда бірден-бір айшықты тәсіл ретінде қолданады.
Жазушы Ә. Кекілбаевтың әрбір шығармасында Түс- Ақиқат.Олар оқушысына ақыл айтпайды, жол сілтемейді.Ол тек тұспалдайды, ой толғайды. Өмір мен өлім, тазалық пен настық, қуаныш пен қасірет, адалдық пен жауыздық т.б. толып жатқан қайшылықтар жайында сыр шертеді.
Енді бір сәт осы түстердің өздеріне, олардың берілу тәсілдеріне де тоқтала кетейік.
Аңыздық желілерді, мифтік мотивтерді, ертегілік сюжеттерді шағын және орта жанрда өзіндік стильдік ерекшеліктерін танытқан жазушы Ә.Кекілбаев ежелгі аңыз бен мифтерден, бүгінгі өмір сүріп отырған дәуірлердің талап-тілегімен, адамгершілік болмысымен ұтымды ұштастыра суреттейді. Осындай шығармаларының бірі “Аңыздың ақыры” романында жазушы түс көру тәсілін аңыздық желіде тарихи шындықты, өмір шындығын көркемдік шындыққа ұластырып суреттеуде шебер қолданған.
“Аңыздың ақыры” романындағы “Махаббат” атты тараудан бір үзінді: «…Бауыры от құшақтағандай өртеніп барады. Ол төсегіне батылсыз енген жас жігіттің мойнына оратыла кетті. Бұның баяғыдан бергі сарылып күткен ыстық іңкәрі басқа ешкімде емес, тек осы ғана…» 151-б Бұл — кіші ханымның түсі, екі бетке созылып әйелдің есін алған шебер жігіттің ыстық құшағы түс емес тап өңдегідей өртеп барады, яғни бұл көрініс бар бояуымен, табиғи болмысымен бейнеленеді. Өйткені, түс өтірік айта алмайды. Адамның жан баласына жақ ашып айтпаған, отыз тістен шығармаған шынайы шындықты, ішкі жасырын құпия-сырды әшкерелеген де осы Түс. Сіз өзге түгіл өзіңізден де жасырып жүрген құпияңызды ашатын да, жұртқа жария ететін де – Түн, Түс, ондағы бейсаналы сәттер.Сіздің күндізгі еркіңізге көніп, жасырын жатқан іңкәр сезімді де оқыста опасыздықпен әшкерелеп қоятын да осы — Түс. Абайдың ел-жұрттан жасырып, тек жүрегінде ғана сақтап-жаттап жүрген жалғыз есім – Тоғжан еді. Ұл-қызы бар, некелі жұбайы болса да, елге танылған атақты Абайды да естен айырып, “Тоғжан” деп толғандырып қойған осы Түс емес пе еді? Бөгде жұртта, әсіресе Тоғжан деп тіл қатуға қақысы жоқ. Тоғжанның қайын елінің көзінше – “Жаным!Асылым. Барым бір өзің”-деп бар сырын жұртқа жариялатып, ішкі әлемін әшкерелеген де осы- Түс.(6,98)
Кіші ханым да күні бойы алыс сапардан оралған Әміршіні ойлап, аңсап, бар жан – тәнімен соған бағышталды,бірақ Түсінде шебер жігіттің шырмауынан шыға алмай қалады.Өйткені,ол өтірік өрге баспайтын Түс өлкесінде,өзге әлемнің ішінде жүр. Ешқандай ақыл-еске, ырыққа көнбейтін бейсаналы елінде саяхатта жүр. Күндізгі өзін-өзі алдаусыратқан алдамшы, жалған өмірден өзге шынайы өмір, шындық пен тазалықтың, адалдық пен Ақиқаттың ауылында ол. Өзін-өзі алдайын, ұстайын десе де,ерікке көнбейтін Түн, Түс деген тылсым күш оның бүкіл шын бет-пердесін ашып тастады. Өзі де білмейтін,сезбейтін, тіпті мойындамайтын жүрек сырын Түс әшкерелеп берді. Осы жерде ұйықтап жатқан адамның қимыл-қозғалысын, дене қалпын (позы спящего) зерттеген көрнекті психиатр Самюэл Данкелл түс көру сәтінде ашылған ақиқат алдында кім де болса кіші, өйткені ол күндізгі маскировкаға көнбейтін шынайы шындықтың қайнар көзі екендігін ескертеді. Сол себепті де Ә.Кекілбаев түстің осынау психоаналитикалық, символдық, көркемдік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білген.
Романның үзіліссіз бір үндестікпен дамып келе жатқан оқиға желісі түс сюжетімен үзеңгілесіп,сол қалпында дами береді. Біз оқып отырған үзіндінің сана актісі екені Кіші ханымның түс көру барысындағы ілеспе ішкі күдігі,өз болжауы арқылы анықталып жатады:” Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең жайды барша жарық жалғаннан көлкештеп тұрған алтын шайған ауыр есік сықырсыз ашылып,аяғының ұшынан басып әлдекім ішке өткендей болды”. Мұны алғашында түс емес, елес, көзге елестету екен деп қаласыз. ”Кірді де, одан арғыға батылы жетпегендей босағада тұрып қалды… Апыр-ай, кім болды екен. Ханым оны танитын сияқты… Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-күнде көріп жүрген біреуі тәрізді. Бірақ жыға тани алмсады…” Осылай ұзаққа созылған түс-елес сана астарында Кіші ханымды біраз әуре-сарсаңға салады. Ол ұзақ уақыт мұның кім екендігін білмей, бет-жүзіндегі бейвербалды ишараттарды, сыртқы психологиялық қимыл көріністерді қадағалаумен болады,сосын ғана шырамытады, шебер жігітті. Өңінде өзіне ғашық болып, үздіккен жас жігіттің батылы жетіп бұған келуі Кіші ханым үшін тосын жайт. Екеуінің де ішкі бір іңкәрліктерін үйлестірген бұл түс ынтық сезімнен туған сананың сәулесі екені сөзсіз. Өңінде шебер жігіттің салып жатқан махаббат мұнарасында мөлдіреп тұрған мөп-мөлдір сезімді күнде көрсе де мойындағысы келмеген Кіші ханымның да жүрек түкпіріндегі жасырын сырын әшкере еткен бұл түс ең бастысы, ұлы Әмірші алдында сыр алдыртып қояды. Оқып көрелік: “Иә, ол өмірінде өз күйеуінің алдында,Әміршінің алдында жалғыз-ақ рет күнә істепті. Онда да өңінде емес, түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. Бірақ сол жалғыз қылмысының өзін Әмірші иенің қырағы көзі қалт жібермей, үстінен шығыпты. Бұның бөлмесінде көп аялдамағаны — әйелінің түсінде шайтансырап жатқанын өз көзімен көргені ғой, ашулы шыққаны – бұның түсінде өзге еркектің құшағына кіріп, құштарлыққа берілгенін түсінгені ғой…” (152-б)……………