Курстық жұмыс: Өндіріс | Мұнай өнімдеріндегі салық төлеу қызметінің ақпараттық жүйесін құру
Кіріспе
Кез келген елдің экономикасын басқару процесі мемлекеттің әртүрлі экономикалық сфераларға әсер етумен байланысты. Мемлекеттің әсер етуінің негізгі мақсаты: елде экономиканың тұрақты өсудің нәтижелері, қызмет көрсету және тауарларға тұрақты бағаны қамтамасыз ету, халықтың еібекке жарамдылығы, халықтың өмір сүрү деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар өзара байланысты және оларға бір уақытта жету мүмкін емес. Экономиканы басқару тепе теңдігінің нәтижелері мемлекеттің экономикалық саясатының негізі болып табылады. Мемлекетті реттеудің негізгі құралдарының бірі- салықтық саясат болып табылады. ҚР-ның салықтық саясаты елдің территориясындағы жеке және заңды тұлғалардан, яғни төлеушілерден алынатын салықтар,жинақтар т.с.с төлемдер жинағы болып табылады. Барлық салықтар, төлемдер,жинақтар т.б төлемдер Қазақстанның бюджет жүйесіне түседі және мемлекеттің ақшалық табысын құрайды. Мемлекетте жинақталған құралдар әлеуметтік, қорғау,құқықтық қорғау және т.б. қызметтерді орындау үшін керек. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындарын алынған төлемдер салықтық мінездемеге ие болған жоқ. Қазақстанда нарықтық өзгертулерді жүзеге асыру нәтижелерінде салықтық қызметтерді құруға әкеп соқты. Мұнда салықтық және төлемдер жүйесі арқылы экономикаға әсер ететін мемлекеттік қаржылық механизм болып табылады. ҚР-сының салықтық қызметін мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді:
-ҚР-ң мемлекеттік салықтық қызметі;
-Орталық Республикалық органдарды мемлекеттік басқару;
-ҚР-ның құрамына ұлттың немесе республиканың мемлекеттік инспекциялары;
-Мемлекеттік салық инспекцияларын аудан, область, автономды құру, аумақ, қала бойынша бөлу;
-Қаладағы мемлекеттік салық инспекцияларын аудандар бойынша бөлу;
Мемлекеттік салық қызметтерінің органдарын басқару жүйесінің ерекшеліктері.
ҚР-сының мемлекеттік салықтық қызметі ҚР-ның орталық органдарының мемлекеттік басқару жүйесіне кіреді және ҚР-сының президентіне бағынады және де ҚР-сының үкіметіне бағынады.
ҚР-сының Мемлекеттік салық қызметтерінің негізгі мақсаты заңдарымен бекітілген төлемдер, мемлекеттік салықтарды толығымен және уақытында бюджетке төлеу, оларды төлеу дұрыстығы салық туралы заңдарымен бақылау болып табылады.
Салық салуды басқару жүйелерінің мақсаты басқару субъектілерінің басқару объектілеріне әсер ету арқылы экономиканың тиімді және оптимальді дамыту болып табылады. Қарастырылып отырған жүйеде басқару объектісі ретінде халық және әртүрлі формадағы жеке меншіктер, ұйымдар және кәсіпорындар болып табылады. Басқару субъектілеріне мемлекеттің салықтық қызмет түрінде көрсетіледі. Әсер етулер салықтық заңнамада орнатылған жүйесінде жүзеге асырылады.
Салық жүйесінің тиімді қызмет етулерді қазіргі кезде комлекстік техникаға негізделген, алдынғы қатарлы ақпараттық технологияны қолдануға байланысты. Осы мақсатта салық қызметтері органдарына автоматизацияланған ақпараттық жүйелер құрылады. Олар бюджетке және бюджеттік емес қорларға міндетті төлемдер және салықты жинауды қамтамасыз ету бойынша салықтық деңгейлердің барлық денгейлерін автоматтық қызмет көрсету үшін салық салу материалдарын комплекстті оперативті анализ жүргізу үшін, органдарды басқаруды қамтамасыз ету үшін және салықтық қызметтердің әр деңгейлеріне нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арналған.
Салық қызметтерінің автоматтанған ақпараттық жүйесін құру үшін әр деңгей қызметтерінің өзара байланыстығын білу қажет. Жүйе иерархиялық құрылымға ие:
ҚР-сының Президенті ҚР-ң Үкіметі
1. ҚР-ң мемлекеттік салықтық қызметі
2. Аумақтар мен облыстардың салық қызметі
3. деңгей
Аудандардың салық инспекциялары
Мемлекеттің салық қызметтері
Қалалардың салық инспекциялары Алматы және Астана қалаларының салық қызметі
Қала аудандарының салық инспекциялары
Қазақстанның салық салудың басқару жүйелерінің құрылымы және құрамы оның әкімшілік территориялық бөлінуіне қатысты болады. Салық қызметі мәліметтерді өңдеу технологиясын және өңделген әдістемелерді бірдей есеп жинағын шешу кезінде бір деңгейді басқару жүйесі кезінде мақсаттарды қамтамасыз етуге негізделген.
Мемлекеттік салықтық қызметтердің бірінші деңгейлері салық түрлері және салық салуды бақылау жасау әдістемелік жетекшілік жүзеге асыратын бөлімшелерден тұрады. Сондықтанда төлеушілермен ( заңды тұлғалар- кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар, халық ) басқару объектілердің қарым қатынасы 3-ші деңгейде ьжүзеге асырады. Суретте көрсетілгендей төменгі деңгейде қала аудандары, қалалар және аудандардың салықтық инспекциялары көрсетілген, олар келесі қызметтерді атқарады:
— Салық туралы және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы заңнаманы сақтауды бақылау;
— Бюджетке төленетін төлемдер және салық төлеушілердің есебі;
— Салықтың және төлемшілердің бюджетке уақытында және дұрыс түсуін қамтамасыз ету;
— Бюджетке төленетін төлемдер және салықтарды төлеумен байланысты төлеушілерге бухгалтерлік отчеттарды және расчеттарды уақытында көрсетуді бақылау және оның дұрыстығын тексеру;
— Мемлекеттің орындау органдарының өзара байланысы, яғни құқықтық қорғау, қаржылық және несие органдарының заңдарын орындау және дұрыс жүзеге асырудағы бақылау;
— Қаржылық санкцияларды төлеу, бюджетке түскен төлемдердің және салықтың соммасы туралы қалалық және аудандық қаржылық органдарға мәліметтерді құру және көрсету;
— Жоғарыда көрсетілген мемлекеттің салық органдардың орнатылған есептарді құру және көрсету, анализ беру;
— Іс жүргізу тәртібін орнату және т.б. қызметтер.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ҚР-сының мемлекеттік салық қызметтерінің органдарын басқару жүйесінде “Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесін құрады.
“ Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану,мәліметтерді өңдеу әдістері және жаңа құралдар базасына сүйене отырып, мемлекеттік салық қызмет органдарын ұйымдық басқару формасын көрсетеді.
“ Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесі ақпараттық ағымдарды реттеу,байланыс құралдары және есептеу техникасы, экономикалық математикалық әдістерді салықтық органдарда қолдануда басқару қызметтерін жүзеге асыру және еңбекпен қамтуды төмендету, шешілетін мақсат ортасын кеңейту болып табылады. Салық автоматизацияланған ақпараттық жүйесі қызметтерінің мақсаттарын келесі түрде көрсетуге болады:
— қабылданған шешімдердің сапасын жоғарлату және оперативтіленген есебіне қарай салық салу жүйесінің тиімді қызмет етуін көтеру;
— оперативті жұмысты жүзеге асыру және салық инспекторының еңбек өнімділігін көтеру;
— салық заңнамасы туралы уақытылы ақпаратпен оның барлық деңгейінде салық инспекциясын қамтамасыз ету;
— салық заңнамасын сақтауды тиімді бақылау және салық төлеушінің есебі бойынша мәліметтердің сенімділігін көтеру;
— бухгалтерлік есептің оперативтілігі және қасиеттерін жақсарту;
— салықтың түсуі және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің түсуі туралы мәліметтерді алу;
— төленген салық соммасының динамикасының анализі және осы динамиканы болжау мүмкіндігі;
— салық заңнамасын сақтау және төленген салық туралы әртүрлі администрацияларды ақпараттау;
— құжат айналым көлемін қысқарту.
Барлық елдердің экономикасының даму кезеңдерінде Қазақстанның салық жүйесінің қызметтерінің нәтижелігі көбінен А.А.Ж қызметінің тиімділігіне тәуелді болады. А.А.Ж. ақпараттық технологияларды жүзеге асырады.Салық жүйесінде А.А.Ж.-бұл әдістер жиынтығы,яғни ақпараттық процесстер және бағдарламалық техникалық құралдар, технологиялық байланыстырылған жинақтарды қамтамасыз ету, оларды өңдеу, сақтау, тарату және ақпараттық ресурстарды қолдану процесінде ақпараттарды көрсету т.с.с. олардың оперативтілігін және сенімділігін көтеру.Ақпараттық ресурс дегеніміз- формалданған идеялар және білімдер әртүрлі мәліметтер, әдістер және оларды жинау құралдары, ақпаратты тұтынушы және жинақтаушы арасында айырбастау және сақтау болып табылады.
Салық қызметінің бір приоритетті мақсаттары болып салық органдарын ақпараттау,яғни салық органдарының құрылымының кызметтерін тиімді қолдайтын, ақпараттық жүйелерді құра алатын, ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.
Салық қызметінің А.А.Ж. құрылымы салық органдарының құрылымы сияқты көп деңгейлі болып табылады. Елдегі салық қызметтерінің жүйесі көп элементтерден тұрады. Барлық жүйе және онің әр элементі сыртқы және ішкі байланысқа ие болады. Салық жүйесінде басқару процесі ақпараттық процесс болып табылады. Салық қызметтерінің А.А.Ж-сы кез келген экономикалық жүйе сияқты стандартты құрамды және ол қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімдерінен тұрады.
А.А.Ж. бағыттылығын қызмет көрсету бөлімі көрсетеді. Қызмет түріне байланысты салық органдары орындайтын жүйелердің қызмет көрсету бөлімі ерекшелейді. Оның құрамына салық А.А.Ж. деңгейіне асиет болып табылады. Функцианалды жүйе асты мақсат жиынынан тұрады, ол нақты экономикалық құрылымды мінездейді, нақты мақсаттарға жетеді және басқару функцияларын қамтамасыз етеді. Мақсат жиынтығында әртүрлі 1-ші қатарлы құжаттар қолданылады. Өзара байланысқан алгоритм есебіне негізделген бірқатар шығушы құжаттар құрастырады. Есептеу алгоритмдері, құрылғылар мен нормативтік құжаттар, әдістемелік материалға негізделеді. Әр жиынның құрамына бөлек мақсаттар кіреді. Мақсаттар логикалық байланысқан құжаттармен негізделінеді, олар бір шығушы мәліметтер негізінде алынады.
Ұйымдық типті кез келген а.а.ж. үшін тән болатын, қамтамасыз ету бөлімі ақпараттық, технологиялық және т.б. жабдықтауларды қамтиды.
Функционалды мақсаттарды автоматизациялау шешу процесінде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы ақпараттық массивтер мәліметтері, салық органының жүйесіндегі қолданылатын әдістер, кодтар, классификаторлар, құжаттар, көрсеткіштер жиынтығын ақпараттық жабдықтау қамтиды.
Техникалық жабдықтау әртүрлі ЭЕМ-ның негізін құрайтын ақпаратты техникалық өңдеу құралдарының жиынтығы, т.с.с. бұл құралдар салық органдары ішінде әртүрлі автоматизацияланған жұмыс орындарында ақпаратты алмасуды қамтамасыз етеді, т.с.с. жүйелер және т.б. экономикаклық объектілердің байланысын көрсетеді.
Программалық жабдықтау салық органдарымен шешілетін әртүрлі мәселелерді шешу үшін қажетқолданбалы және ортақ мінездемелі программалық құралдардың әртүрлі жиынтығын көрсетеді.
Салық жүйесінің а.а.ж-сы үлкен жүйе класына жатады. Бүл жүйеге осы класқа тән кез келген жүйе сияқты бірқатар талаптар қойылады: жүйені құру, мақсатына жету, басқа жүйелермен және өз шегінде орналасқан жүйе мәліметтерінің барлық элементтерінің бірігуі, жүйелік декомпозиция және т.б. Бұл талаптар жүйе элементтерінің модернизациялау мүмкіншілігін көрсетеді.Олардың ауысу жағдайларына адаптациялануы; ақпараттың нақтылығы және эксплуатациялау сенімділігі, шығушы ақпаратты көп фунуционалды және көп жоспарлы қолдану; м.б-да сақталған ақпараттың актуалдылығы.А.А.Ж. қол еңбегінің минималды шығыны кезінде объектіні басқару жағдайы туралы ақпаратты анализдеу және өңдеу, жинауды қамтамасыз етеді; әртүрлі деңгейдегі және біртекті жүйедегі басқа жүйелермен, жүйе ішінде ақпаратпен алмасу басқарушы әсерлермен қамтамасыз етеді. А.А.Ж. ақпараттық аспектілерде барлық техникалық модельдердің бағдарламалық бірігуін, техникалық қызмет көрсету технологиясы, шешім нәтижелерін әртүрлілігін өңдеу, енгізуақпараттың жай тілде жазылуы, жүйелер арасындағы байланыс, басқарушы алгоритмдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Нақты талаптар бұл жерде әртүрлі типтегі операциялық жүйелерде, базаларда жүйенің өңделуі және өызмет көрсетуі, қолданбалы бағдарламалар пакеті, олар функционалды мақсаттарды шешу, мәліметтер базасын басқару жүйесі, ақпаратты шығару және енгізу кезінде өңдеу, ол ақпараттық сұраныс кезінде қолданушының есептерін шешу үшін қажет. Бағдарламалар пакеті жүйелер арсындағы байланысты және ақпаратпен алмасуды қамтамсыз етеді. А.А.Ж. қолданушының ақпаратты қолдану үшін бейім шығушы ақпаратты форма түрінде құру, СУБД басқарулар, мәліметтер базасы және ақпараттық файлдарды жақсы ұйымдастыру, ақпараттың ортақ классификаторларын қолдану, рационалды кодтау жүйесін қолдану, және оның негізгі қызметін жүзеге асыру үшін толық және қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету қажет.
Мұндай жүйені құру кезінде көптеген проблемаларға соқтығысамыз. Олар ең алдымен салық қызметінің ақпараттық бірігулерін телекомуникация желілерімен қамтамасыз ету керек және олардың әрқайсысын ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету керек, өңдеу, құру, және жүру м.б-сы; дамыған периферийлермен есептеу жиынтығымен салық органдарын қамтамасыз ету; жүйенің функционалды мәселелерін шешу кезінде программалық құралдарды өңдеу. «Салық» а.а.ж. құру негізінде программалық жүйенің өмірлік циклінің тұжырымдамасы жатыр.1-ші кезеңде мәндік облыстың анализі жүзеге асырылады және есептер жиынтығы немесе есептерді өңдеу жатыр. Есептерді орнату қызметтерді автоматизациялауға жататын салық қызметтерінің мамандарының қатысуымен жүзеге асады. Бұл кезеңнің мағыналығы техникалық есепті өңдеу және салық органдарының ұйымдық және функционалдық құрылымын зерттеу болып табылады, ол үшін жүйенің қиын теориясы, операцияларды зерттеу, ақпараттың анлиздеуәдістері қолданылады. Техникалық мәселелер негізінде автоматизацияланған жүйелердің жобасы өңделеді. Берілген кезеңнің мақсаты салық салу жүйесінің ақпараттық, логикалық моделінт құру болып табылады.
Техникалық жобаны құрудың негізгі бөлігі жобаны жүзеге асыру әдістері және программалық құралдарды таңдау болып табылады. Критерийлерді таңдау ретінде келесілерді айтуға болады: салық органдарының ақпараттық логикалық моделінің оптималды қатысты болуы, өңдеудің негізгі қызметтерін орындау әртүрлі операциялық ортада қызмет ету мүмкіншілігі, жүйелердің және басқа да орталармен ақпараттық интерфейс құру мүмкіншілігі, ақпараттық технология болып табылатын, казіргі кездегі тенденциялардың есебімен ортаны дамыту перспективалары. Жеке қиын емес есептерді жылдамдату барында электрондық таблицаларды пайдалануға болады.
Жобада маңызды орынды салық салу бойынша заңды және құқықты актілер, жалпы құқықтық сұрақтар бойынша мәліметтер базасы инструктивті және әдістемелік мәліметтер базасы сияқты ақпаратты анықтайтын жүйелер алады. Салықтық органдардың структуралық бөлімімен, барлығы осы жобамен жұмыс істейді. Бұл мәліметтер базасын қолдайтын жүйелерге « Плюс », «Гарант », « Юсис » т.с.с. жүйелерді жақызуға болады. Технологиялық жобалау кезеңінде негізгі қадамы нақты тұтынушылардың қызметтеріне тәуелді болатын функцияларды және ақпараттық құрамы, мәліметтер базасын маманданған құрамын және құрылымын анықтау болып табылады. Оларға әр түрлі салаларға салық түсімдері бойынша есеп және шығушы мәліметтер базасын, әр түрлі ішкі қолдануданушы құжаттардың мәліметтер базасы, ұсыныстар, салық заңнамасы бойынша хаттар, жауаптар және т.б. жатқызуға болады. Мұндай базаны тұрғызу үшін программалық құралдар және индивидуалды жобалау әдістері қолданылады. Келесі кезең жұмысшы жобалау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде өткен кезеңді анықтайтын құрылымдық және бағдарламалық компоненттер, қажетті құжат- тілмаштарды құру бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Жұмыс жобасының нәтижесі технологиялық құжаттау компоненттерінің нәтижесінде мәліметтер базасын қолданушылар комплексі салық органдарының мамандар комплексіне жатқызады. Жұмысты жобалау кезеңінде қолданылатын құралдар, программалық ресурстардың әр түрлілігінен бастап, яғни операциялық жүйелерден программалау тіліне дейін осы құралдар қамтиды. Жұмыстық жобаның аяқталуына өндірілген енгізу жұмыстары жүргізіледі. Енгізу жұмыстары критикалық уақытша кезеңдерде, күту нәтижесі, автоматизацияланған ақпараттық жүйе-ні енгізу жұмыстарына байланысты. әр түрлі шараларды қамтитын әдістемелер жүзеге асырады. Енгізу әдістемелеріне қатысты мәліметтерді енгізу үшін шығушы мәліметтер дайындалады. Негізінен біздің көңіліміз ақпаратты өңдеу технологиялық процесстеріне жайсыз жағдайларына көңіл аударуы тиіс. Енгізу нәтижесі бойынша акт құралады, онда алынған нәтижеге баға қою, талаптар тізімі, оны жою, және т.б. енгізіледі.
Жүйені эксплуатациялау процесстерінде жобаны қолдау қажет. Бұл салық қызметтерінің функционалды жүйесінің өзгертілген талаптарына тәуелді модернизацияланған және ақпараттау бойынша мамандармен өңделеді; жобалардың прототипі болып табылады. Анализ нәтижесінде салық және басқа да төлемдерді алу үшін қажет, уақытында негізгі құжаттарды көрсету және оларды тәртіп бұзушылықты көрсететін кәсіпорындар тізімін анықтайды, осының негізінде құжаттық тесттерге жататын кәсіпорындар тізімі құралады.
Құжаттық тексеру жүйе асты салық органдарының қызметтерінің бақылау түріне жатады. Ол функцианалды жүйенің негізі гісі болып табылады, өйткені « Салық » автоматизацияланған ақпараттық жүйе функционалды жүйе астына тән болатын қызметтерді орындауды қамтамасыз етеді, оларда заң бұзушылық фактілер туралы санкцияларды анықтау, салық төлеушілердің заңдық және бұйрықтық қызметтерін орындау және дұрыстығын бақылауға байланысты болады. Бұл жүйе асты « Салық » автоматизацияланған ақпараттық жүйенің басқа да функционалды жүйе астарымен байланысты болып келеді.
Мемлекеттік салық қызметтері және басқа да ведомстволардың ҚР-сының Үкіметімен шығарылған үкімдер, қаулылар, бұйрықтар және т.б. құжаттар заңнамалық актілермен жұмыс істеуге мүмкіншілікті қамтамасыз ететін нормативті –құқықтық құжаттаманы жүргізуші жүйе асты болып табылады. Бұның негізінде барлық салық органдарының жұмыстары осы жүйе арқылы жұмыс істейді, яғни барлық жүйе астарының қызметтері осыған қатысты болады.
Ішкі ведомствалық мәселелер жүйе асты бөлек ұйымдық құрылымы сияқты салық органдарының қызметтерін, түрлері және материалдық- техникалық жабдықтау, бухгалтерлік есеп, кадрлар, іс жүргізумен байланысты мәселелерді қамтиды……
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!