Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк-құқықтық қатынастар
Мазмұны
Кiрiспе………………………………………………………………..3
1. Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк-құқықтық қатынастар. Неке шарты ………………………………………………………….5
2. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар………………………………………………………………14
2. Ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерiнiң кейбiр
мәселелерi…………………………………………………………….18
Қорытынды…………………………………………………………..28
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………….30
Кiрiспе
Неке-отбасы қатынастары құқықтық реттеудi қажет ететiн аса маңызды әрi айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бiр түрi болып табылады. Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамту әрине мүмкiн емес. Бiрақ соған қарамастан бұл қатынастар Қазақстан Республикасында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» Заңмен және ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстiң жалпы бөлiмiнiң нормаларымен реттелген. Бүгiнде барлық дамыған елдердегiдей Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелері мемлекеттімiздiң әрдайым назарында деп айтқан болар едiк.
Мәселен, Ата Заңымыз Конституцияның 1 бабында көрсетiлгендей… мемлекетiмiздiң ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан отбасы және неке қатынастары оның негiзi — еркек пен әйелдiң құқықтарын жан-жақты қорғап, адамгершiлiкке толы парасатты толы қағидаларды заңдылыққа айналдырған.
Неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарына тоқталып, неке қатынасты коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған неке-отбасы қатынастары нәтижесiнде туындайтын мүлiктiк-құқықтық қатынастарды реттеу мәселесi қазіргі кезеңде аса өзектi сипатқа ие.
Бұл жұмыс барысында мен ерлi-зайыптылардың арасындағы мүлiктiк құқықтық қатынастары мен ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерiне қатысты кейбiр құқықтық-теориялық мәселелердi сараламақпын.
1. Ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк-құқықтық қатынастар. Неке шарты
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік қүқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі — Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мулкінің заңды режимі — олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.
ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасынындағы құқының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге түру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының жеке меншігі деп тануы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы).
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгеніндей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайлар да сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті болу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.
Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төленеді.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге міндетті. Ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуға тиіс.
Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығы зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (I, II, III), сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындығына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады.
Алимент алуды талап етудің екінші шарты — мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.
Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының (еңбекке жарамды болса да) мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайынан алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.
Материалдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық болуға тиіс, Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы дәлелді болғанына қарамастан, ол одан материалдық көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.
Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі .
Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi — олардың ортақ бiрлсекен меншiк режимi қолданылады .
ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлi-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу принциптерiн айқындайды. Осы ортақ принциптiң пайда болуына ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған ғұмырында жинаған мүлiкке тең құқылығы ықпал етедi. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланса, екiншi бiр затты — ерi тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы де ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады.
Заңда ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады.
Жалпы тәртiп бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына байланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлi зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған, немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрісi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.
Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктен басқа, ерлi зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк етедi. Мұндай жеке дара мүлiктерге ерi мен әйелдiң некеге тұрғанға дейінгi немесе ерлi-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған, немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киiм, аяқ киiм, т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрi жатады.
Егер жалпы ортақ мүлiк жасалған қылмыстың нәтижесiнде пайда болса немесе көбейсе, онда екiншiсiне келтiрiлген зиянның орны жалпы мүлiк есебiнен толтырылады. Әрине бұл мәселелердiң бәрi осы iске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерiлуi негiзiнде сот арқылы шешiледi.
Мүлiктерге ерлi-зайыптылардың әрқайсысы тиiсiнше өзi билiк етедi (сата алады, пайдаланады, және сыйлай алады). Сонымен бiрге тұрған жағдайда қалдырса немесе неке және отбасы зандарының негiзгi бастауына қайшы келсе неке шартын заңсыз деп тану туралы мүмкiндiгi туралы ереже.
Бiрлескен өмiр кезiнде жиналған мүлiк ортақ меншiк болып табылады. Әдетте отбасындағы мүлiк ерлi-зайыптылардың екеуінiң еңбегiнiң нәтижесiнде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс iстемеуi, үй-шаруасындағы еңбегiнен бала тәрбиесiмен айналысуы мүмкiн. «Тiптi осындай жағдайдың өзiнде ердiң кiрiсi де ортақ мүлiк болып есептеледi. Әрине , егер отбасында мүлiктiң кiмдiкi екендiгi туралы егесулер туған жағдайда, олар мүлiктiң тағдырын шешу жөнiндегi өтiнiшпен сотқа жүгiне алады. Сот мүлiктiң пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселенi әдiлетi шешуi тиiс. Сот ерлi-зайыптылардың тәртiп жағдайын (екеуi де салтанатты өмiр салтын ұстана ма немесе бiрi жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, iшiмдiкке салынған емеспе және т.б.),бiр-бiрiне деген, балаларына деген қатынасын ескередi. Ортақ мүлiктегi кейбiр заттар (пәтер, машина, және т.б.) ерлi-зайыптылардың бiрiнiң атына жазылады. «Тiптi, осындай жағдайдың өзiнде ол заттар ортақ мүлiк болып табылады. Сондықтан ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiнсiз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлi-зайыптылар ортақ мүлiк тағдырын өзара келiсiп шешуi тиiс.
Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң ғана иелiгiнде мүлiк те болуы құқығы жоқ. Мүлiктерге ерлi-зайыптылардың әрқайсысы тиiсiнше өзi билiк еткен….