Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………1
I Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары.
1.1Бағалы қағаздар және олардың түрлері…………………………………………2
1.2 Қор биржалары………………………………………………………………………….10

II Қ.Р бағалы қағаздар нарығы .
2.1 Қ.Р-дағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері……….13
2.2 Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығының пайда болуы……………………….17
2.3 Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы………21

III Қорытынды…………………………………………………………………………………27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………….28
Кіріспе
Курстық жобада мыналар қарастырылады: бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері.
Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады.Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады.Иеленушілеріне заттай құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлық бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
Бағалы қағаздар рынок шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру,жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады.Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді.Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
1
I Бағалы қағаздар нарығы және қор биржалары.
1.1 Бағалы қағаздар және олардың түрлері.
Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатысады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім — шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ- ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез-келген акционер бар ескі акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып алады.
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді.
Әдетте АҚ, резервтер немесе заемдық резервтер деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтаған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арада құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иесі акционерлік қоғамға қосқан қаржаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.
2
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияның номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негізінде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады.
Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы дап аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, соғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді.
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздық пайыз деңгейі — 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағамы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз. Дағдарыс кезінде, дивиденттерінің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзнің жоғары щегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады.
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себабі акционерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамсына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді.
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасы және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады.
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға
3
сұраныс пен ұсыныс сияқты қуаттты факторлар да ықпал өтеді.
Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті қаржылай ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы әрекеттері тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам / бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады:
Мәлімдеуші акция — бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді.
Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа елдерде атаулы акцияларға мән береді.
Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді:
Жай акцялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді.
Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанға дейін төленеді.
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз
4
алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар
жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді.
Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:
1.Облигация — шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;
2.Облигация — онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;
3.Облигация — ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару не сатудағы дербестігі, сондай-ақ қор биржасы арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттілікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, қаражат керек болған жағдайда, ол облигацияны пайдаланады. Мұндай жағдайда оның облигацияны сату немесе кепілге беру мүмкіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан, инвестордың қаражатқа деген мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі бір мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. Әрине, осы айтылғандар, инфляцияны қатаң бақылауға алған тұста ғана мүмкін болады.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларды қамтамсыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөлінеді.
Қамтамсыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады.
Қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруда және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар қоғам мүлкімен қамтамсыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар — эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы өьелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым қайтару бағасы төмен болып келеді.Соған сәйкес, мұнда облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары — бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылап жүргізілуімен қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді. Табысты облигацияларға байланысты төлемдер сол қаржылық жылдағы қоғамның пайдасына тәуелді.
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Айырбасталатын облигациялар — инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбастауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.
Ордерлі облигациялар — жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ақ облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың танымал қағидасы жүктеме қолданылады.
Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне — опциондық сауданың дамуы жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акцонерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерленетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ , бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, ұтыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті контрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.
Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін контрактіні атайды.Контракт сатып алушы оны
6
сатуға опциондық сыйақы төлейді,оны опцион бағасы ретінде қарайды.
Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: еуропалық, американдық.
Еуропалық опцион — келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберілетін опцион.
Американдық опцион — келісім бойынша алдағы күнде де оған дейін кез келген уақытта да орындалуға жіберілетін опцион.
Фьючерс — тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді: алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория — бұл фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар, яғни алыпсатарды кепілзаты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз қызметінің түріне байланысты берілетін тауарлармен контракт бойынша тікелей байланысты. Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздардың эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады. Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады. Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығы, екі жақты да маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді.
Тұрақты табысты бағалы қағаздар фьючерсі — фьючерстердің біршама жауапты түріне жатады. Оның заты кепілденген тұрақты табысты қағаздармен алдағы кезеңде жабдықтау болып табылады. Бұл ілгері уақыттағы мемлекеттің бағалы қағаздары. Фьючерсті сатушы контрактіде саны және бағасы көрсетілген белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алуға өзіне міндеттеме алады. Сатып алушы контрактіде қарастырылған күнге сәйкес және контрактінің шарттарын сақтай отырып, беруге міндетті.
Әрбір бағалы қағаздың өзіндік номиналдық құны болады және соған сәйкес қайтару мерзімі өткенде оны өтейді. Фьючерстік контрактілер: қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға пайдаланылады. Облигация үшін фьючерстік баға номиналдық құнынан төмен және жоғары болуы да мүмкін.
Бағалы қағаздар фьючерсін іске асыру уақытында сатушыдан сатып алушыға биржалық опциондық мәмілелер сирек беріледі. Көбіне мәміле екінші жақтың есебінен бірінші жақтың айырмасына сәйкес төлемдерді төлеумен өтеледі…