Курстық жұмыс: Музыка | Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру

0

Мазмұны

Кіріспе.
I бөлім.
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары.
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері.
II бөлімі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру.
2.1. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің, негізгі әдістері.
2.2. Балалар ансамблімен жұмыс жүргізу әдістемесі, оқыту бағдарламасы.
2.3. Қазақтың аспаптық дәстүрлі музыкасы-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
III бөлімі.
3.1. Балалар аспаптық ансамбліндегі жүргізілетін тәрбие жұмысы моделіне тұжырымдама.
3.2. Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Сазды да, сырлы аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені»Музыка-жүрек тілі,» яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.
Балабақшада іс — әрекет ретінде музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады.Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады.Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар.
біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міңдет біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
екіншіден, кез келген балабақшада оқу іс-әрекет, мектептік сабақтың құрылуы негізінде психолог-педогогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы: балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
үшіншіден, балабақшада, мектепте оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына тән принциптері: тәрбиелеп оқыту,жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану және т.б.
Жетекші балаларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Музыка сабағында әрбір іс-әрекеттерді өткізу барысында,мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс.
Адам баласы талантты, не талантсыз болып тумайды.Ол іздену, ұқсау еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін»деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады.Талант иесі ішкі жан тілін сезімге бойлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантқа ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің сонғы көрсеткіші.Аспаптарда ойнау, ән айту, жаттау еңбек нәтижесі.Ал оны үйрету-педогогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласұғын,Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай,Құрманғазы, Махамбет, Ақансері, Біржансал, Мұхит, А.Жұбанов,Н. Тілендиев секілді атақты күйші,әнші, жыршы ағаларымыздың еңбектерін жатқызуға болады.
Сырт көзге көрне бермейтін мәні зор ұлттық аспаптарымызда қалыптасқан тәрбие үлгісі, адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратын, оның ұлттық музыка өнерінен таралған тәрбие-білімнің қайнаған бұлағына сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс.
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекетерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді әдіс-тәсілдердің бірі болып келеді.Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық әдістер арқылы ұлттық тәлім тәрбие беруде тиімді ізденістермен әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педогогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаз,музыка жетекшісінің міңдеті екені сөзсіз.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың ұлттық аспаптарын ұстатып, халқымыздың ұлттық әндері мен күйлерін тартқызып үйретсе,нұр үстіне нұр емес пе?..
Қазақтың ұлттық аспаптар негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі-жас бүлдіршіндерді өз Отанының азаматы болуға баулып, оның ұлттық көз қарасымен санасын оята отырып, эстетикалық әсемділікке жетелейді.
I бөлім
Халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық саз аспаптары
1.1. Аспаптардың шығу тарихы,жасалуы және қолданылуы
Қазақтың бір туар тұлғасы Мұхтар Әуезов еліміздің музыка өнері жайында «Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй,домбыраның да екі ішекті ғана емес,әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс тарих үшін елеулі бұйым»деген екен.
Расында да қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі, халқымыздың бітім болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы.Бұл халқымыздың дәстүрлі музыка өнері атадан балаға мирас болып,ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани-мәдени байлығы.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихы сонау ықылым замандарда ұлы Әбу Насыр Әл-Фарабидің тарихи зерттеу жазбаларынан басталады.Заман ағымына байланысы аспаптар өзгеріске ұшырап, бірде шарықтап, бірде ұмытқалы жатты.Уақыт өте келе аспаптарымыздың қайта жандануына Шоқан Уәлиханов,Ахмет Жұбанов,Әлкей Марғұлан,Өзбекәлі Жәнібек секілді өзге тағы басқа ұлт жанашырлары ықпал етсе,қазақтың түңғыш аспаптанушысы,ғалымы Болат Сарыбаев үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.Музыкалық аспаптар этно-археологиялық және тарихи-этнографиялық тұрғыда зерделегенде олардың дыбыс шығару қасиетімен қоса, халық болмыс салтымен бірге қалыптасқан тұрмыстық құрал ретіндегі ерекшеліктері айқындалады. Олардың басым көпшілігі әубастан музыкалық аспат ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылған құрал,бұйым ретінде пайда болған.Бертін келе олар түрлеріне қарай бөлініп соқпалы-шулы, сылдырлы, үрлемелі, ыспалы, ішекті-шертпелі, көп ішекті, ұрмалы аспаптар болып жіктеледі.
Зерттеу жұмыстар нәтижесінде ұлт аспаптар бір жүйеге келтіріліп, бүгінде кеңінен насихатталып келеді.
Алғашқыда ел арасында әнші,күйшілер өздеріне қажетті аспаптарын жасап алып, ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берген.Келе-келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспапатары үндік ерекшклігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады.
Өткен заманда ата-бабамыз саз аспаптарын малдың мүйізінен, терісінен, сүйегінен, ішегінен, қылынан, тұяғынан, сонымен қатар саз балшық, ағаш, қамыстан жасаған. Қәзіргі таңда музыкалық аспаптарымыз осы халқымыздың сара жолымен жасалып қолданылуда. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 40 тан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде ұлттық аспаптарды жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты,аңды үркіткенде,бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда, жау келгенде пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыздың үнін сақтап қалғанымен қызыметтік функциясын өзгерткен.Ертедегі тұрмысқа қажет болса, бүгінде ұлттық фольклорлық ансамбль, оркестрлерден орын тапқан.
Б.Сарыбаев музыкатануда ежелгі аспаптарды біліп,тауып мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қойған жоқ, сондай-ақ бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне еңдірді.Б.Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор себебі, ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады.Ол қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып толығып отырады.Зерттеушінің дербес жинамасы төрт жүзге таман музыкалық аспапты қамтиды, ол сандай-ақ, сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл т.б.халықтық қазақ музыкалық аспаптарының жинамасының иесі.
1.2. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының түрлері
Музыкалық аспаптардың әрқайсының өзіне тән дыбыс бояуы(тембр), динамикалық мүмкіндігі(ырғағы), белгілі бір диопазоны болады. Музыкалық аспапатардың дыбыс шығару сапасы апаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиеттіне, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. .Қай халықтың музыкалық аспаптары болмасын өмірге жайдан жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына орайласа туындап пайда болған.Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері хайуанаттардың құстардың,желдің дауысына еліктеуден шыққан.Ол «халықтық» және «кәсіби» музыкалық аспаптар болып бөлінеді.Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дауыс ерекшелігі, жасалуы, қолданылуына байланысты мынандай топтарға бөлінеді
1. Шертпелі аспаптар.
2. Ыспалы аспаптар.
3. Үрмелі аспаптар.
4. Ұрмалы-cілкімелі аспаптар.
5. Ұрмалы-соқпалы аспаптар.
Аспаптардың жіктелуі
Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Жетіген — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Адырна — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Сыбызғы — үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсер береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!