Курстық жұмыс: Менеджмент | МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТКЕ ТҮСІНІК

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
II МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТКЕ ТҮСІНІК
2.1 МУНИЦИПАЛДЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БҰЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМДЕРІНІҢ СИСТЕМАСЫ
2.2 МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ЖОСПАРЛАУ
III АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШІЛІКТЕРI
3.1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
3.2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОБАЛАР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік- экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың ерекшелігі. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызды тек аймақтың барлық табиғи, экономикалық, демографиялық, геогрфиалық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан — жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты – аймақтың әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады. Және де муниципалдылық менджметтүсінігі қазіргі кезде басқарудың тиімді түрі ретінде қаралады нарықтың экономикасын талаптарына сай келеді. Жергілікті жеке меншікті басқару формасы бойынша муниципалды меннджмент. Жергілікті өзін — өзі басқаруға ұқсас болып келеді. Жергілікті өзін — өзі басқаруға тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін — өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай, ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық — әкімшілік системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті демократиялық басқаруды тенейді.
Бұл курстық жұмысымдағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:
— бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
— жеке аймақтардағы депрессифті жағдайдан шығару:
— әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
— экономиканы тұрақтандыру:
— аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
— экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
— кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды жүзеге асыру қарастырылған.
Екінші бөлімінде муниципалдық менджментке түсінігін беріп оның тұжырымын жоспарлаудың қарастырылған
Үшінші бөлімінде Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, экономикасын реттеу ерекшеліктері қарастырылған.
I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ.
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ.
Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.
Аймақтық экономика – бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып тадыблады. Аймақтық экономикалық пәні, Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспетіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зерттеумен айналысады.
Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады.
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория – бұл географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды.
Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары және тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:
• экономикалық-әкімшіліе басқару диспозициясы;
• еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі;
• әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу;
• экономикалық кеңістік – бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
• тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи ресурстар);
• орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет);
• байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).
Аймақтық экономика – бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс – әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен реттелетін нарық қүру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жүргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді. А.К.Осипов аймақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді:
• институтционалды қызметтер – бір жағынан экономикалық дербесті, екінші жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тәуелсіз және әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты кепілдейтін, мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын анықтайды;
• экономикалық қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған;
• әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын кепіл етеді;
• экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді, табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды жүзеге асырады.
Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне негізделеді.
Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан қарайтын болсақ, аймақтық экономика өзінің мазмұны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы республиканың мүддесі үшін дамиды. Аймақтық экономиканы зерттеудегі басты артықшылықтары аймақтардың экономикасына әсер ететін процестерді білу, әсіресе: еңбек бөлінісін жетілдіру, аймақтық шаруашылықтарды территориялдық ұйымдастыру, экономика құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты және жеке аймақтардың өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып табылады. Нарықтық қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және шаруашылықтың кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде Қазақстанның жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр аймақтың жинақ қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ тұрғындарының мүдделерін біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі 15 жылға дейінгі кезеңді қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мен дамытуды ретроспективті талдаудың міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аймақтық дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі баңалануы тиісті.
Экономикалық талдаудың басты бағыттары болып депрессивті зоналар мен экономикалық өсуі тез территориялардың пайда болуы, аймақтық шаруашылық кешенін құру және аймақтық ресурстарды пайдалану тиімділігіне нарықтық маманданудың әсер етуін анықтау болып табылады.
Аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмаларының бірі жеке аймақтардағы халық өмірі деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін аймақтардың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану үлкен мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар – бұл экономикалық құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару, әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы ұрақтандыру, аймақаралық транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.
Аймақтың дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:
• сыртқы инвестициялар – экзогенді көзі
• ішкі инвестициялар – эндогенді көзі.
Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды, “экономикалық ортаны” (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған экономикалық потенциал және басқалар) және ) адам капиталы (білім, квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын белсендірумен байланысты.
Қазір бар технология мен өндірісті ұйымдастырудың атақты тәсілдеріне негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:
• тікелей мемлекеттік реттеу;
• қызмет секторын ынталандыру;
• шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
• арнайы зоналар құру.
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда. Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына қатысты.
Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда, технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде ынталандыру, олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне (капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешілетін стратегиялықжәне тактикалық тапсырмалардың сипатын ескеретін, икемді және дифференцацияланған болуы керек.
Елдің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақ тобы үшін экономикалық тұтқалар мен ынталар халықты жұмыспен қамтуды өсіру және ауыл шаруашылық өнімін өңдеуді тереңдету, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме азық-түлік нарығын, сауда үйлері мен биржаларын, маркетингтік қызмет, лизингтік компания ұйымдастыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік етуі керек.
Экологиялық нашар және артта қалған аймақтар және де депрессивті шағын және орта қалалар мен шалғай аудандар үшін мемлекеттік реттеу әдістері экономиканы белсендіру және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен экологияның және әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту бойынша белгілі бір жобаларды және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға, сонымен қатар шетелдік технологиялық және гуманитарлық көмек тартуға араласуға бағытталуы керек .
Республикалық билік ең алдымен аймақтық инвестициялық банктар мен қорлардың қызметін заңды және нормативті – құқықтық қамтамасыз ету арқылы аймақтарға қолдау көрсетуі тиіс. Экономиканы мемлекеттік реттеу аймақтың потенциалын анығырақ ашу мақсатында аймақтарды әртүрлі бағыт қағидасы бойынша жүргізілуі қажет.
……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!