Курстық жұмыс: Медицина | Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер » ZHARAR

0

Курстық жұмыс: Медицина | Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер казакша Курстық жұмыс: Медицина | Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер на казахском языке

Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
Қазақстан аймағының эпидемиологиялық жағдайы. Қазақстанның кең-байтақ территориясында әр түрлі климатты географиялық сипаттамасында обаның, туляремияның табиғи ошақтарының болуына, көптеген елді мекендерде тазалық жағдайларының жетілмеуіне байланысты эпидемия (аурулар індеті) түріндегі өте қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болуының барлық алғышарттары бар. Одан бөтенде олардың туындауына халықаралық байланыстардың кеңеюі, қанағаттанғысыз санитарлық-тазалық жағдайлар мен тұрғындардын қалаға шоғырлануы себеп болуда. Халықтың көшіп-қонуы медициналық дәрі-дәрмекті, құрал-жабдықтарды уақытылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін көршілес елдер арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы да себеп болады.
Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия секілді іш аурулары, грипп басқа да жұқпалы инфекциялар, дифтерия, қызылша, көкжөтел, полиомелит, эпидемиялық паротит, туберкулез, құтырыну,» бруцеллез, кене энцефалиті, безгек, оба, жұқпалы сары ауру, тырыспай, түйнеме (сибирь язвасы) тіркелген.
Онда да жұқпалы аурулардың 90%-і гриппке, басқа да жұқпалы инфекциялардың үлесіне тиіп отыр. Таралауы жөнінде екінші орында іш инфекциясы, олардың ішінде іш сүзегі, дизентерия, жұқпалы гепатит жиі кездеседі.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары тиф-паратифозды инфекциясы бойынша қолайсыз аймақтар болып қалып отыр.
Бактериялық дизентерия және күшті ішек инфекциясы бойынша ең қолайсыз жағдайда Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары.
Жы сайын Қазақстанда 40 мыңнан 70 мыңға дейін вирусты гепатит жағдайлары тіркеледі.
Республикадағы ашық су көздерінен жыл бойы тырыспайдың (холераның) бірнеше ондаған таяқшалары бөлініп шығады. Соңғы 25 жыл ішінде Алматы қаласында, Атырау, Ақмола. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тырыспай ауруы көрініс берді.
Қазақстан аймағында обаның ең белсенді табиғи ошақтары орналасқан. Инфекцияны жұқтырушылар саршұнақ, балпақ т.б.
Кене энцафалиті республиканың көптеген облыстарында тіркелген. Ең белсенді табиғи ошақтары Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге Алматы қаласының маңында тіркелген.
Безгек барлық облыстарда тіркелген және сиректе болса кездеседі.
Түйнеме (сибирьская язва) жыл сайын барлық облыстарда сирек те болса тіркеледі. Ет дайындаудың санитарлық — тазалық және ветеринарлық — санитарлық ережелерінің сақталмауы осы инфекцияның туындауына әкелуі мүмкін.
Іш сүзегі сирек жағдай түрінде Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Торғай, Батыс Қазакстан облыстарында тіркелді.
Инфекциялық аурулардың басқа аурудардан ерекшелігі — оларды белгілі бір тірі қоздырғыштар таратады, ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге жұғады және індетке (эпидемия) бейім келеді. Мұндай қоздырғыш микробтарға бактериялар, вирустар жатады.
Ауру тудыратын микроорганизмдердің инфекцияның кірер қақпасы деп аталатын арнайы жол арқылы организмге жеткілікті мөлшерде өтіп кетуі инфекциялы аурудың пайда болуына негізгі себеп болады.
Инфекцияның берілу механизмі аурулардың барлығында біркелкі болмайды, сондықтан ол тірі организмдегі қоздырғыштардың белгілі орнына тікелей тәуелді болады. Мысалы, тұмау, қызылша, қызамық науқас жөтелгевде, түшкіргенде, сөйлегенде организмнен бөлінетін сілекей тамшыларының ауаға таралуы арқылы сау адамға жұғады. Тырыспай, іш сүзегі, дизентерия су немесе тағамға пайдаланатын азық-түлік науқастың лас қолы, шыбын және басқалар арқылы таралуы мүмкін.
Денсаулық сақтау қызметінің негізгі бағыты-сақтандыру. Мұнда инфекциялы аурудан сақтану шараларының жиынтығы эпидемиялық процестің барлық үш буынына: инфекция көзі, оның таралу жолы және организмнің қабылдауға бейімділігіні бағытталады.
Жұқпалы аурулардың таралауынан сақтандыруға және зақымдау ауқымын жоюға бағытталған эпидемиядан сақтандырудың режимдік, әкімшілік және санитарлық жиынтығы карантин деп аталады. Карантин арқылы тұрғын халықтың бір-бірімен қарым-қатынасын тоқтатып, араласпауы ескертіледі. Мекемелер мен кәсіпорындарда эпидемияға қарсы тиісті жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
Зақымдау ауқымында медициналық бақылауды күшейтіп, онда емдеу — сауықтыру және тежеу жасайтын шаралар жиынтығы обсервация деп аталады.
Карантии және обссрвация мерзімін ең соңғы науқасты оқшаулау сәтінен бастап, зақымдау ауқымын соңғы рет дизенфекциялауға дейін есептелетін аурудың таралу кезеңінің барынша созылу ұзақтығы бойынша анықтайды.
Дезинфекиия немесе зарарсыздандыру дегеніміз — адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы. Инфекциялы ауруларды таратушыларды — насекомдар мен кенелерді жоятын дезенсекция және эпидемологиялық тұрғыдан қауіпті кемірушілерді жоятын дератизация дезинфекцияның жеке түрлері болып табылады.
Дезинфекцияның сақтандыру, күнделікті және ең соңғы түрлері болады. Сақтандыру дезинфекциясы жалпы тұтынатын нәрселер мен заттардың инфекциялы аурулардың пайда болуы мен жұғуын болдырмау мақсатында өткізіледі.
Науқастың төсек орнында инфекциының таралауынан сақтандыру мақсатында күнделікті дезинфекция жасалады. Дезинфекция — науқасты оқшаулау, ауруханаға жатқызу.
Науқасты оқшаулағанда, ауруханаға жатқызғанда сауыққаннан немесе өлгеннен кейін инфекцияға шалдыққан ауқымдағы ауру қоздырғыштарын толық жою мақсатында ең соңғы дезинфекциядан өткізеді.
Байқалу түріне қарай инфекцияны дезинфекциялағанда биологиялық, механикалық физикалық және химиялық әдістермен зарарсыздандыру құралдары қолданылады. Егістік суаратын сарқынды суды тазартуға биологиялық әдіс қолданылады. Үй-жай мен жиһаздарды ылғалдап жинастыру, киім және төсек орынды қағып сілку, үйді шаңсорғышпен шаңнан тазарту, әктеп, сырлау, қолды жуу механикалық әдістерге жатады.
Дезинфекцияның ең қарапайым және оңай әдісі физикалық құралдар мен әдістер болып табылады.
Күн сәулесі ультра күлгін сәулелендіргішпен сәулелендіру, киімді ыстық үтікпен үтіктеп, қажетсіз нәрселермен қоқыстарды өртеу, ыстық су құю немесе қайнағанға дейін қыздыру арқылы жою физикалық тәсілге қосылады.
Инфекцияға шалдыққан киім мен төсек орындарды және т.б.-ды арнаулы дезинфекциялық камераларда толық дезинфекциялауға және дезинсекциялауға болады. Олар тұрақты да, жылжымалы да болуы ықтимал. Камерада дезинфекциялаудың мәні камерадағы нәрселерді белгілі температураға дейін ыстық ауамен (бумен), ал бу әсерін күшейту қажет болса камераға формальдегид (форматин) қосып қыздыру.
Арнайы режим (карантин, обсервация), жарияланғаннан кейін әрбір адам мына ережелерді мүлтіксіз орындауы керек:
— жалпы пайдананылатын орындарды, жиһаздарды, тұтыну заттарын, киім және аяқ киімдерді үнемі дизенфекциялау, жәндіктер мен кемірушілерді жоқ қылу, санитарлық тазалаудан өткізу керек;
Ауруға қарсы шаралар. Ауру шыққан елді мекенге, қораға тағы бақка жерлерге карантин қойылады. Барлық түйелер есепке алынады және вакцина егіледі; ауырған және ауруға шалдығуы мүмкін түйелерді өлтіріп, жағып жібереді. Вакцина егу үшін Республиканың Ауыл шаруашылық министрлігінің рұқсаты керек, егілгеннен кейін 6 айдан соң қайталанады. Түйелерді аптасына бір рет тері жүнінің арасына дустпен себеді. Дустқа бүргені өлтіретін дәрі қосады. Кеміргіштерді өлтіреді. Барлық түйелерді күнде көріп, мал дәрігерлік бақылаудан өткізіп отырады. Егерде ауырғаны не ауруы мүмкін деген түйелерді бөліп, бөлек ұсталынады. Ол түйелерден оба ауруынан, ажырату үшін малдәрігерлік зертханаға не обаға қарсы станцияларға қанын алып жібереді. Осы аталған жұмыстардың барлығы арнайы тігілген обаға қарсы костюм киілініп атқарылады. Әр күні жұмыстан соң костюм зарарсыздандырылады және көшіріледі.
Тырысқақ
Тырысқақ – асқазан — ішек қабынуы ауыр түрде өсуімен сипатталалынатын, оған қоса су – электролит алмасуын бұзатын және ағзаны құрғататын жедел жұқпалы ауру. тез арада тұрғындардың көлемді мөлшерін зақымдандыратын қабілеттілігімен тырысқақ ауруын аса қауіпті ауруларға жатқызады.
Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вабрионы.
Тарихы. Тырысқақ адамзатқа сансыз апаттар әкелетін аурудың есебіне жатады. Тырысқақ ауруының бұрынғы және қазіргі отаны Үндістан және Бангладеш елдерінің Ганг және Брахмапутра өзендері ағысының төменгі жағалаулары.
Жалпы тырысқақ ауруы Үндістанда ертеден белгілі болған. Тарихта Александр Македонский әскерлерімен бірқатар жерлерді жаулап алып, Үндігі таянғанда, онда адамдар арасында тырысқақ ауруныың көп таралғанын есітіп, кейін оралғаны жөнінде деректер бар. Біздің елде тырысқақ ауруы 1 925 жылы мүлде жойылған.
Тырысқақ қоздырғышы. 1884 жылы алғаш рет тырысқақ қозжырғышын неміс ғалымы Роберт Кох тапқан болатын. Ол Египеттегі осы тырысқақа ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттеген.
Тырысқақ микробының пішіні кәдімгі үтір тәріздес вибрио – латынша тырысқақа үтірі аталып кеткен — Vibriocomma.
Тырысқақ үтіршесі қозғалтып, шеттерінде жіпшілері бар, спора да, капсула да түзбейді. Көбінесе екі – екіден «S» пішіндес болып орналасады. Ол ауа бар жерде + 160 – дом + 400 С аралығында өніп өседі. Тым қолайлысы +370 С. Ортада аз ғана мөлшерде қышқыл болса, ол өніп өсе алмайды. Яғни адамның асқазанының қышқылы жоғары болса, ол адам тырысқақпен ауырмайды. Тырысқақтың вибрионы асқазанға түсісімен қышқылдың жерінен өліп қалады.
Аурудың адамға жұғуы тек асқазан арқылы. Асқазанның қышқыл бөгетінен өтіп, вибрион жіңішке ішекке түсіп, қарқынды түрде өсіп енеді, оған ішектің ішіндегі сілтілі орта және белоктың ажырауының нәтижесінде пайда болған негізгі өнім пептонның бар болуы зор әсер еткені. Вибриондар жіңішке ішектің кілегейлі қабығының үстінде, не болмаса сол ішектің саңылауында орналасады. Вибрионның қарқынды өсіп өнуімен бірге үлкен санды улар (токсин) шығарады және де олардың өніп жарылуыменен де (эндотоксин) жалғасады.
Тырысқақ вибриондарының шығарған уларының жалпы әсерінен күрделі клиникалық белгілерінің жинағының өсуіне әкеледі, олар орталық және вегетативтік нерв жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарыны және де бауыр, бүйрек, бүйрек бездерінің тағы басқа мүшелердің зақымдануына байланысты болады.
Ауру белігілері. Жасырын кезеңінің ұзатығы бернеше сағаттан 5 тәулікке дейін. Әдеттегі жағдайларда тарысқақтың өсуін бірнеше сатыға бөледі, олар аурудың клиникалық белгілерін анықтауға мүмкіншілік береді.
Тырысқақ белгілерінің топтастырылуы.
1. Тырысқақ жіңішке ішек қабынуы.
2. Тырысқақ ішек – асқазан қабынуы.
3. Тырысқақ алгиді.
Ауру жедел басталады. Бірінші сатыда жіңішке ішектің қабыну құбылыстарымен сипатталынады. Кенетен дәретке отырғыш келеді. Түнде жиіленеді, ағыл – тегіл мол нәжістердің шығуыменен жалғасады. Дәретке отыру жиіленіп, бірінші күндері 3-10 ретке дейін жетеді, тіл құрғақтанады, іш жиырылады, ішектің құрылдауы жиіленеді, ішекті қолмен басқанда судың жалпылы естіледі. Бірінші сатының ұзақтылығы 1-2 тәулік. Тырысқақтың жеңіл түрі.
Егер ауру үдейе түссе, екінші саты өседі – тырысқақтың ішек – асқазанның қабынуы басталады. Дәретке отырудың жиіленуі мен (бір тәулік 20 ретке дейін) көп реттен, молынан құсу басталады. Құсу басында құсықта тамақтың қалдықтары болса, кейін аз сиқтыланып, өтпен аралас болады. Іш өтуі тоқталмайды, ұзаққа созылуына байланысты көп сұйықтар шығып, құрғатылу үдейе түседі. Сұйықтар құсықпенен шығуы 7 литрге дейін, ал дәретке отыруыменен 30 литрге дейін жетеді. Сұйықпен бірге көптеген тұздар да шығып кетеді. Ауру адам шөлдейді. Тырысқақта ішек – асқазанның қабынуы аурудың өте ауыр түрі болып есептелінеді. Осы сатының ұзақтылығы 36-48 сағат.
Тырысқақ алгиді – аурудың өте ауыр түрі. Өткен сатыдағы ауру белгілерінің үдеюімен сипатталынады. Аурудың жағдайы өте ауыр күрделенеді. дененің тырысуы көп мүшелерді қамти бастайды, әсіресе аяқтан басқа, іш еттерін, кеуденің, мойынның, солардың әсерінен азапты ықылық өседі. Осы сатыда өлім – жітім 80-90 пайызға жетеді. Алгид сатысының ұзақтылығы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін.
Іш өту аурудың бастапқы, сипаттамасы белгісі болып табылады. ……….

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com