Курстық жұмыс: Маркетинг | Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу

0

Мазмұны

I Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
II Негізгі бөлім
1 Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері
2 Отандық өндірістің жайы қалай?
3 2005 жылы Алматы қаласында тамақ өнімдерін өндіру
4 «Рахат»: «Тәтті өмір баршамызға!»
5 «Рахат» ААҚ-ының маркетингтік қызметін талдау
6 Маркетинг бөлімінің құрылымы
III Қорытынды

Кіріспе
Тауар ассортиментін маркетингтік зерттеу
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $.
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.
Пайдалу мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар – күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда, жиі сатып алынбайды. Тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондық, электрлі-тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар: жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар – кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасы әрқайсысы өзіндік маркетингтік стратегиясын талап ететін кәмпит өнімдерінің ассортиментін, яғни әр алуан тауар жинағын өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдігін және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.
Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уақыт озған сайын фирманың тауар асортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу және толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі бөлім
Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері
Осы заманғы экономиканың әлемдік тенденцияларының бірі – қызмет көрсету салаларының жедел өсуі. Дамыған елдердің көбі «қызмет көрсетуші экономикаға» айналуда. Өндірісі дамыған елдердегі ЖҰӨ 2/3-ден 3/4-ке дейінгі бөлігін қызмет көрсету саласы құрайды. АҚШ-та қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер саны жалпы жұмысшылардың 77% -ын құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 58%-ға жуық.
Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.
Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің материалдық өнімнен айырмашылығымен анықталады.
Қызмет көрсету маркетингісінде қызметтің сезілмейтіндігі арқылы оның материалдық еместігі шешушуі мәнге ие. Тұтынушы сатып алу процесінде әлдебір көзге көрінбейтін, сезілмейтін қызметті сатып алады. Мысалы, қызметтің көзге көрінбейтіндігі сатып алғанға дейін оны көруге, байқап көруге, дәмін татуға, иіскеуге болмайтындығымен түсіндіріледі. Мысалы, шаштараз қызметін пайдаланушы шаш қиюдың нәтижесін алдын ала көре алмайды.
Тауармен салыстырғанда, қызметтер қайта сату мақсатымен сақтауға, қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді. Қызмет дәл уақытында қолданылмаған жағдайда жарамсыз болып қалады. Мысалы, ұшақтағы сатып алынған орында сақтап қоя алмайсың, жолаушы уақытында ұшпаса, ол орынның құндылығы жоғалады.
Қызмет көрсету сипаттамасының бірі – олардың қайнар көздерінен бөлінбейтіндігі. Қызметтің қайнар көзі адам немесе техника болуы мүмкін.
Қоймада сақталып, өткізудің әр түрлі жолымен жеткізілетін тауарлармен салыстырғанда, қызметтер бір мезгілде тұтынылады, сондықтан да олардың меншік құқығын басқаға беруге және қайта сатуға болмайды.
Қызмет көрсету маркетингісінде ұсыныстар басым, ал тауарлар оларды толықтырады. Мысалы, шаш қию құнының негізгі бөлігін пайдаланатын жабдықтарға кеткен шығын емес, шаштараздың жұмсаған уақыты құрайды.
Қазақстандағы қызмет көрсету саласында маркетинг қағидалары мен әдістерін қолдану өндіріс саласымен салыстырғанда төмен. Алайда соңғы уақытта қызмет көрсету саласы да жақсара бастады.
Қызметтерді бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады.
Адамдар тұтынатын қызмет тұтынушылық, ал компанияларға көрсетілетіні іскер қызметтер деп аталады.
Қазақстанда қызмет көрсетудің барлық түрлері қарқынды дамуда. 1990 жылы Қазақстан халқына көрсетілген қызмет құрамында жолаушы тасымалдау қызметі (28, 4%) мен тұрмыстық қызмет (22, 2%) басым болса, қазіргі кезде байланыс, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, банктік қызметтердің өсу тенденциясы байқалып, тұрмыстық, мәдени демалыс, санаторий – курорттық және сауықтыру қызметтерінің үлесі азайып отыр.
Өндірістік-техникалық қызметтерге жөндеу, сервис және автокөліктерге кепілдемелік қызмет көрсету жатады. Astana Motors, Skoda, Center Almaty және тағы басқа фирмалар автобөлшектерге сервистік қызмет көрсетуді ұсынады.
Ақпаратты – консалтингтік қызметтерге басқарушылық, бухгалтерлік, құқықтық, ақпаратты-кеңес берушілік, үйрету және т.б.
1990 жылдан бастап, Қазақстанда «Қазагроқаржы», «Альянс-лизинг», «Халық лизинг» сияқты ауқымды лизингтік құрылымдар қалыптаса бастады. Қазіргі кезде мемлекетімізде техникалық жабдықтарды прокатқа берумен айналысатын 18 лизингтік компания қызмет етеді.
Сонымен қатар Қазақстанда қаржылық және банктік қызметтер секторы дамуда. Елімізде 35 коммерциялық банктер халыққа және ұйымдарға банктік қызметтің ауқымды түрлерін ұсынуда.
Қызмет көрсетудің қарқынды дамушы секторына коммуникациялық қызметтер де жатады. Қоғамның ақпараттануы қызметтің жаңа байланысы мен құралдарының дамуына себепкер болды (факс, телекс, ұялы байланыс, кабельді теледидар, бейнесалондар, бейне кассеталарын уақытша ала тұру және т.б.)
Қазақстанның нарықтық эканомикаға өтуіне байланысты делдалдық және коммерциялық қызметтер қарқынды дамуда, Статистика агенттігінің соңғы жүргізген санағының мәліметтері бойынша 2000 жылдың 1 қазанындағы жағдайда сәйкес елімізде көтерме саудада 29, 5 мың дүкен және мыңға жуық бөлшек сауда кәсіпорындары қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанның білім беру қызметі қарқынды түрде дамуда. Ақылы білім берудің өмірге енуіне байланысты, оның түрлері мен қызмет көрсету деңгейі өсті. Бұл – гувернанттық, репититорлық , аудармашылық қызметтер, ақы төлеп оқитын курс, сондай-ақ бизнес-мектептер, колледжер, институттар және университеттер көрсететін қызметтер .
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы біріккен кәсіпкерлік пен қонақүй шаруашылығының дамуы қытай,….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!