Курстық жұмыс: Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ

0

Курстық жұмыс: Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ  ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ казакша Курстық жұмыс: Мәдениеттану | МӘДЕНИЕТТАНУ  ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ на казахском языке

МӘДЕНИЕТТАНУ : ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
1.1. МӘДЕНИЕТТАНУ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ ?
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмірдің қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгіленіп қойылған жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Әрине, бұдан кешегі Кеңестер Одағында мәдени құбылыстар тоқтап қалды деген пікір тумайды.
Бірақ, тоталитарлық тәртіп әр түрлі себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мәденитетерін тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистік, формасы бойынша ұлттық дейтін жалған ұранды жамылған билеуші партия ұлттар мәдениетін белгіленген темір тор шеңберінен шығармай ұстап келді. Тәуелсіздікке қолы жеткен Казақстан Республикасы алдында тұрған, өмірдің маңызды мәденкет саласында да орасан зор өрі қасиетті мақсат — халық рухын, оның өзегі мәдениетті қайтадан қалпына келтіру тұрады. Осындай мәдени қайта өркендеусіз, қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен, Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосыла алмайды.
Мәдениеттану – философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіне, дәлірек айтқанда, мәдениет философиясына жатады.
Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Канттың (1724-1804) пікірінше, тек екі нәрсе адамды таңдандырады жұлдызды аспан және адамның ішкі рухани дүниесі. Соңғының өзегін рухани мәдениет құрастырад. Егер біз философияны И.Канттың ізімен:
Адам деген кім және ол кдйдан келді? Ол не үшін өмір сүреді ? Адам қайда барады, болашағы қалай? деген үш сұраққа сыйғызсақ, онда адам мен мәдениеттің, философия мен мәдениеттанудың арасындағы тығыз байланысты көреміз.
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қылыптасқан. Мәдениет — ашық жүйе, оның негізгі мақсаты, өзін басқаға, жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа — сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мөдениеттануда өзін-өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетгі тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет-ғұрыптар және т.б.) мен оның ішкі мән-мағынасы (менталитеті, ділі, діні ,санасы және т.б.) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегідей тұжырым жасауға болады; мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи — әлеуметтік процесс түрінде қарастырады. Бұдан біліп жалпы философиялық ілімдер мен мәдениеттанудың арасында белгілі бір алшақтықтуады. Біздің түсінігімізше, медениеттану мен мәдениет философиясы мүлдем тұтасып кетпеген. Біріншісінің өзіндік ерекшелігі бар;
а) егер философия өз мұрасында объекгивтілікке, жалпыламалықка, әмбебаптылықка ұмтылса, мәдениетгануға типтілік, интровертивтілік (ішкілік) субъективтілік тән;
ә) тарихилық және логикалық ғылыми тәсілдерінің арақатынасын мәдениет философиясы мен мәдениеттануда салыстырсақ, онда философия негізінен логикалық тәсілге жүгінетінін, ал мәдениеттануда тарихи әдістің басым болатындығын байқаймыз ( мәдениеттанудың басты міндеттерінің бірі — тарихи кезеңдер мен өркениет түрлеріне керкем бейне беру) осы сипатта медениеттану Гегель, Гердер, Кант түсінігіндегі тарих философиясына жақын;
б) мәдениет философиясымен салыстырғанда мәдениеттануда аксиоло-гиялық, психолингвистикалық және герменевтикалық (түсіндірмешілік) сарындар басым.
Медениеттану жеке пән етінде XIX соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықган да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас галымдар саласьша жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процесстерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси — моральдық, ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және региональды мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-катынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады, өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде карастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психолог-тардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атал айткаңда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.
Антропологаяның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «антропология» мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады .Олар;
1. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);
2. Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);
3. Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.
Мадениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология», әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдстері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты саласы- психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау емес, жалпы мәдениеті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап ететін бір жәйт, ғасырлар бойы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылкмды әлеуметгік философияға кдрсы қояды.
Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып коныстануы мея мәдени таихы қарым-қатынастарын зерттейтін этнография ғылымы адамзат баласының-өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып, мәдениетпен «жаратылыстану ғылымдары» ретінде үйлесімділік тапса, қоғамда жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану (социологая) ғылымның биологиямен байланысы жоқ.
Социологая мемлекет, таптар, топтар және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіке қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекетшілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініл. Ой елегінен өткізуте көмекгеседі. Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байланысты.
Мәдениеттану саласындағы ғылыми — зерттеу жұмыстарында түрлі— әлеуметтік топторға жататын адамдардың қызметі мен іс-ерекеті заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік социологияның мәліметтерінің алатын орны еркше, өйткені олардың мәдени іс-әрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы жер мен табиғатқа ерекше сезіммен қарайтын ауыл психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына бармай тұрып, «шаруа мәдениеті» жайында толық түсінік ала алмаймыз.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, «этнопсихология» рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. «Азшылық» халықгардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және «мәдениет» мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. «мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей. мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар «мәдениет» мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: мәдениетті «семиотикалық» тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю.Лотман және мәдениетті «әдебиеттік» (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың «мәдениет» мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек……..

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!