Курстық жұмыс: Экономика | ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы ВВП | курстык жумыс ЖІӨ туралы түсінік және оның- Қазақстандағы

0

Мазмұны

Кіріспе
Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы
1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны
1.2. Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері.
Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау
2.1. Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты.
Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру
3.1. Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдылықтар теориясы, эконометрика және т.б. ілімдер.
Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ әр түрлі саяси күштер бұл процесстерді қалай қабылдайтынына қарамастан, олардың ешқайсысы өмірдегі экономикалық жағдайдың күрделене түскенін жоққа шығара алмайды. Жекелеген де, қоғамдық көзқарастарға да қатысты шешімдер қабылдау біршама қиындап кетті. Бұл қиыншылықтар математикалық әдістердің экономикада қолданылатын жаңа ағымынының туындауына әкеліп соқтырмауы мүмкін емес еді, яғни жақын болашаққа, сондай-ақ ұзақ мерзімдік перспективаларға ең жақсы стратегияны таңдауға мүмкіндік беретін әдістердің пайда болуына септігін тигізді. Сонымен бірге көптеген адамдар мұндай жағдайларда өзінің жеке интуициясына, біліктілігіне немесе бір жоғары қисынды бір нәрсеге жүгінуді жөн көреді. Сондықтан да, экономикалық зерттеулерде ролінің қаншалықты мүмкіншілікті шешімді және ең жақсы болжайтын математикалық әдістің ролін бағалау қажет пе, немесе оны пайдалану керек пе?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін екі ойдан аулақ болу керек, олар: математикалық әдістердің экономикада қолдану керектігін толығымен қарсылау, және математиканың ойнай алатын немесе ойнауы мүмкін ролін асыра айту. Бұл айтылғандардың екеуі де заттардың нақты жағдайынан білімсіздігінен туындайды, себебі бұл сұрақтармен сәл де болса таныс адамдар бұған нақты иә немесе жоқ демей, оның орнына математикалық әдістердің экономикалық мәселелердің зерттеулерінде алатын үлес салмағы туралы айтатын болады.
Экономика-математикалық әдістер термині негізінде экономикалық және математикалық ғылыми пәндердің экономикалық процесстер мен жүйелерді зерттеу үшін қосылған жалпыланған кешен атауы ұғынылады .
Жүйені зерттеудің негізгі әдісі болып модельдеу әдісі болып табылады, яғни модельдерді жасау мен пайдалануға бағытталған теоретикалық талдау мен тәжірибелік әрекеттердің әдістері. Бұл кезде модель сөзі астарында оның елеулі қасиеттерін бейнелейтін нақты процессті түсінетін боламыз.
Экономи-математикалық модельдеудің атқаратын қызметі астарында біз экономикалық объектілер мен процесстердің талдауын, экономикалық болжамды, экономикалық процесстердің дамуын келтірілуін түсінетін боламыз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өндірістік саясатының тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың сандық бағалауы мен экономикалық түсіндіру болып табылады. Эмпирикалық деректердің сандық және сапалық талдаулары арқасында экномикалық көрсеткіштердің тауөндіруші кәсіпорындар мен және т.б. минералды ресурстар арасындағы байланысты түсіндүретін жаңа модель құрылады.
Бұл зерттеулердің теоретикалық негізіне қазіргі заман экономистерінің көзқарасы себеп болды. Негізгі макроэкономикалық факторлардың өндіріс динамикасына әсері экономикалық дамудың теоретикалық моделі жағынан зерттеліп қана қоймай, ол статистикалық деректерді талдау жолымен зерттеледі. Классикалық модельдерде ұзақ мерзімдік экономикалық динамика өндіріс факторларының қолданылуымен анықталады деген ұғымды ұстанады.
Бұл дипломдық жұмыста болжау объектісі ретінде Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі болып табылады. Еліміз шикізат экспорттаушы мемлекет болып саналғандығынан мен бұл жұмыста сол шикізаттардың дүниежүзілік нарықтағы бағасымен елдің ЖІӨ арасындағы байланысты анықтап (әрине бар болса) алынған модельді әлемдегі шикізат нарқы өзгергенде оның Қазақстанға деген әсері қаншалықты болатынын болжап байқау болып саналады. Шыққан модельді талдауға тырысамын. Және мұнан шыққан есептік мәліметтерді нақты және басқа да әдістермен есептеліп алынған модельдермен салыстыру арқылы талдаулар жасауға тырысамын. Мұнда көптік регрессия, ARIMA, трендтік тәуелділіктер мен мерзімдік компоненттер модельдері пайдаланылады.
Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы.
1.1.1. Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс дейгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.
ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік – белгілі бір уақыт аралығындағы товарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.
ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т.б. мінездемелеуге қолданылады.
ЖІӨ — елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) орталық көрсеткіші. ЖІӨ шеткі тұтынымның нарықтық бағасымен есептелінеді, яғни, өнімге деген барлық сауда-транспорттық бағамдар мен салықтарды қоса алғандағы тұтынушы төлейтін бағамен есептеледі .
ЖІӨ-ді есептеудің әдістеріне көшпестен бұрын, көрсеткіш туралы түсінікті кеңейтіп алуымыз қажет.
Бәрінен бұрын, ЖІӨ — ол өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын бейнелейтін өндірілген өнім көрсеткіші. Бұл дегеніміз, өндіру процесінде қолданылған аралық тауарлар мен қызметтер құны (шикізат, материалдар, отын, энергия, дақыл, көлік транспортының қызметі, көтерме сауда, коммерциялық және финанстық қызметтер және т.б. сияқты) ЖІӨ-ге кірмейді деген сөз. Олай болмаған жағдайда ЖІӨ қайталанатын шоттарды иемденетін еді .
Шеткі өнім – ол қайта сатуға арналмаған, соңғы пайдалануға тұтынушының сатып алған тауарлар мен қызметтер. Аралық өнімдер – ол соңғы тұтынушыға сатылмас бұрын, ары қарай қайта өңдеуге түсетін немесе бірнеше рет сатылатын тауарлар мен қызметтер.
Өндірістің жиынтық көлемін есептеу үшін, берілген жылдағы барлық тауарлар мен қызметтер бір рет қана ескерілуі қажет. Көптеген өнімдер нарыққа түспес бұрын бірнеше өндірістік кезеңдерді өткереді. Нәтижесінде көптеген өнімдердің жекелеген бөліктері мен компоненттері бірнеше рет сатылып және қайта сатып алынады.
Мысалға, ауыл шаруашылығында өсірілген бидай, соңғы өнім – нанға айналу үшін өңдеудің төрт кезеңіне түседі: 1) ауыл шаруашылығында бидайды жинау, сорттау; 2) тазалау, элеваторларда кептіру мен сақтау; 3) диірмендерде бидайды ұнтақтау; 4) нан зауыттарында нанды пісіру.
Қосымша құн түсінігін тереңірек қарастырсақ. Қосымша құн (ҚҚ) – ол, белгілі бір өнімді жасап шығару кезінде белгілі бір кәсіпорында орын алған, сол кәсіпорынның нақты еңбегін қосатын құн, яғни, жалақы, пайда, нақты бір кәсіпорынның амортизациясы. Сондықтан да олардың жасалуында кәсіпорын қатыспаған мердігерлерден алынған тұтынылған шикізаттар мен материалдар сол кәсіпорынның өндірген өнімінің қосымша құнына қосылмайды.
Басқаша айтқанда, қосымша құн – ол ағымдағы материалдық шығындарды алып тастағандағы және амортизацияға төлемді қосып тастағандағы кәсіпорынның жалпы өнімі (немесе шығарылған өнімнің нарықтық бағасы).
ЖІӨ — ол ішкі өнім, себебі ол резиденттермен шығарылған. Резиденттерге олардың ұлты мен азаматтығынан тәуелсіз, экономикалық қызуғышылық ортасы берілген ел территориясында орналасқан барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылығы) жатады. Бұл дегеніміз, олар елдің экономикалық территориясында ұзақ уақыт бойы (бір жылдан кем емес) өндірістік қызметпен айналысып жатыр немесе өмір сүріп жатыр дегенді білдіреді. Елдің экономикалық территориясы – ол сол елдің үкіметімен әкімшілік басқарылатын, оның қойнауында тұлғалар, тауарлар, ақшалар еркін қозғала алатын территорияны айтады.
ЖІӨ — ол жалпы өнім, себебі оны негізгі капиталдың тұтынуын алып тастағанға дейін есептеді. Теориялық жөннен ішкі өнім таза негізде яғни негізгі капиталды алып тастап есептелінуі керек.
1.2. Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері.
ЖІӨ келесі үш әдіс бойынша есептеле алады:
 Жалпы қосымша құн жиынтығы ретінде (өндірістік әдіс);
 Шеткі пайдалану компонеттерінің жиынтығы ретінде (шеткі пайдалану әдісі);
 Алғашқы табыстар жиынтығы ретінде (таратылым әдісі).
Өндірістік әдіспен есептеу кезінде ЖІӨ барлық өндірістік бірліктердің – салалар немесе секторлар бойынша топталған резиденттердің жалпы қосымша құндарының жинақтау жолымен есептелінеді.
ҰШЖ-де қосымша құн көрсеткіші өнімге деген субсидиді қосатын, өнімге деген салықты алып тастайтын (мысалға: сату салығы, ҚҚС және с.с.) негізгі бағалармен бағаланады. Мұндай әдіс ЖІӨ-ді құрастырудағы әр саланың үлесін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Жалпы қосымша құн мен ЖІӨ арасындағы өзара байланыс келесі түрде анықталатын айтып кеткен жөн:
GDP = D + N – U, (2)
мұнда D – экономиканың барлық салаларындағы негізгі бағаларда берілген қосымша құны;
N – өнімдерге салық;
U – өнімдерге субсидии.
Өндірістік қызметке қабылданған ҰШЖ шекараларының түсінігі келесілерден тұрады:
Қолдануынан тәуелсіз барлық тауарлар, басқа институционалды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен коммерциалық емес ұйымдардың нарықтық емес қызметтері, жеке тұрғын үйде өмір сүру үшін үй шаруашылығы қызметі және ақылы үй қызметшісі көрсететін үй қызметі. Үй шаруашылығы мүшелерінің бір-біріне көрсететін тегін үй қызметі ҰШЖ өндіріс шекарасына қосылмайды.
Өндіріс аумағының шекарасына көлеңкелі экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтер қосылуы тиіс (заңсыз өндіріс), яғни заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызмет көрсетулер және заңмен рұқсат етілген бірақ мемлекеттік органдардан өз табысын жасыру үшін жасырын тауарлар мен қызмет көрсетулер (жасырын өндіріс).
Шекті пайдалану әдісі бойынша ЖІӨ пайдалануы келесі компонеттердің жиыны түрінде анықталады:
 тауарлар мен қызметтерді шекті тұтынудың шығындары;
 жиынтық қор;
 тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының сальдосы.
Бұл әдіс бойынша ЖІӨ-ді есептеу формуласы былайша болады:

GDP = C + I + E, (3)
Мұнда GDP – жалпы ішкі өнім;
C – шекті тұтыным;
I – инвестиция (негізгі қорлардың жиынтық қоры, материалды айналым қорларының өсімі, құндылықтардың таза иемденуі);
E – таза экспорт.
Тауарлар мен қызметтерге шекті тұтыну шығындары дегеніміз – ол, тұтыну тауарлары мен қызметтерге үй шаруашылығының шығындары, және …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!