Курстық жұмыс: Экономика | ҚҰН ТЕОРИЯСЫ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ТАУАРЛАР ҚҰНЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЙҚЫНДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ
І ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ, ЗАҢЫ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ
1.1 Тауар құның мөлшері және оны айқындаушы факторлар
1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы
ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ
2.1 Қосымша құн және жалақы
2.2 Құн және пайда
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақының түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ, ЗАҢЫ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ
1.1 Тауар құның мөлшері және оны айқындаушы факторлар
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек белінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек белінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, құн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін (мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы қауымдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты «алғашқы қауымдық коммунизм» деп те атайды. Алғашқы қауымдық формацияда тауар ақша рыноктық қатынас болмаған. Бұл қатынастар осы формацияның ыдырау сатысында пайда болды. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы, тас, ағаш құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді металдарды пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды игеру), сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға — тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар — еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей, тауардың екі түрлі сипаты бар: 1) адамның белгілі бір қажетсінуін өтеу қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыру қабілет деп атайды. Тұтыну құны — тұтылған ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты «айырбас құн деп аталады. Айырбас Құн — тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынаста бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады.
1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы
Құн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезіңде еңбек шығынының қоғамдық кажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана Құнның көшу нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, Құн өндірісте жасалынады, рынокта айқындалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны. Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен бағалауы оларды өндіруге қоғамдық қажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауарда ғана еңбек шығынынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктін, сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады.
Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін калаушы ағылшын экономисі А. Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылық теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.
XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды; алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айрысу валюталар — қоллар, маркалар, иендер т. б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы және оның ақша кызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл метал ақша емес, қағаз ақша — ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?
Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды. Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айрылатын болса (сиректік заңы экономиканың аса маңызды заңдарының бірі ретінде басқа бөлімде қаралады), онда оның бағалылығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның Құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралы мәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен төлем құралы және айналыс құралы ретіндегі).
ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ
2.1 Қосымша құн және жалақы
Экономикада бөлу өте маңызды сол атқарылған ол өндірген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Сондықтан экономикалық теорияда бөлу және табыстардың құрылу мәселелері зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Д. Рикардо бөлуді саяси экономияның пәні, ал жалақы, капиталистік қоғамның басты үш тобының алғашқы табысы деп саналды. Сондықтан табыстардың құрылуы экономикалық механизмін ұғыну үшін рыноктық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін осы үш фактор өзара белгілі бір қатынаста болуы шарт. Әрбір факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді, мысалы жұмыс күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана тәуелді емес, машина, шикізат сатып алынады, міне, осылармен де байланысты. Екіншіден, өндіріс факторлары сұраныс пен олардың баға дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірілетін тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, астық өсетін жерге сұраныс сол астыққа деген сұранысқа байланысты, белгілі мамандықтағы жұмышылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылар өндіретін өнімге деген сұраныспен байланысты.
Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күресі барысында сұраныс пен ұсыныстың тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты өндіріс факторларының иегерлері арасында табыстарды бөлу орын алады. Табыстар — жалақы, пайда мен процент, рента қалай құрылып және бөлінеді екен, соны қарастырайық.
Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді. Жалақы дегеніміз не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді, жалақыға бәсекенің жетілген, жетілмеген түрі қалай ықпал етеді?
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжымдама бар. 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар — сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші — тауардың Құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасында ағылшынның саяси экономиясының классиктері Смитпен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті Құнмен есептеледі. А. Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің Құны деп түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшыны «тіршілігке қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Жалақы дәрежесінің төмендігін және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А. Смит жұмысшы тобының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақы динамикасын (қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық ерлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де рыноктық жалақы «табиғи жалақыдан» жоғары болады. Д. Рикардо да, А. Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп ұғынды. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық есімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқу ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне күнкеріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады. Жалақы жұмысшының, оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумы деген түсінік, жалақының «темірдей қатты заңының» негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек тауар емес, олай болса оның Құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның Құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің Құның алады. Жалақының экономикалық мазмұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады. К. Маркс жұмыс күшінің Құны мен жалақы заттарының физикалық минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының Құнымен анықталады деді. Жалақының мөлшері жұмыс күшінің Құнына әсер ететін еңбек өнімділігіне, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді. Жалақы сондай-ақ коньюнктуралы еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің Құнына тең жалақы белгіленеді.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысында жекелей айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан да пролетарлық саяси экономияда жалақыны жұмыс күші Құнының өзгерген нысаны (яғни мәнін бұрмалайтын нысан), шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген көзқарас орын алуда. Самуэльсон мен Нордхаус «Жалақы рыноктық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы» деп жазды. Жақа классиктер жалақының дәрежесі мен динамикасын рыноктық факторлар (сұраныс пен ұсыныс) ……