Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері әдістері қорытындысы және қайшылықтары

0

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жекешелендіру теориясы
1.1 Жекешелендіру териясы: анықтамалар мен көзқарастар
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

2 Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері
2.2 Жекешелендірудің нәтижесі: жетістіктері мен кемшіліктері
2.3 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1 Жекешелендіру теориясы

1.1 Жекешелендіру териясы: анықтамалар мен көзқарастар

Экономикалық дамудың бұдан бұрынғы көп жылдық тәжірибесі жұмысшыларды теория жүзінде қабыстыруға тиіс болған өндіріс құралдарын мемлекет меншігіне алу іс жүзінде кері нәтиже берді. Өйткені, өндірісшілердің өндіріс құралдарынан оқшау қалуына әкеліп соқты. Мемлекеттік меншік экономикалық қатынастардың жүйесін шектеп отырды. Және әрбір азамат солардың қауымдасқан иесі болып табылатынын пайымдап, оларды еңбекке деген ынтамен шектеді. Сондықтан, жұмысшының еңбек ету қабілетінің меншіктенуі бірсыпыра тұрақты теріс зардаптарға, соның ішінде: рнсурстардың тиімсіз пайдаланылуына, тауар өндіру мен қызмет көрсетудің монополияландырылуына, тауар-ақша массасының сәйкестенбеуіне, арамтамақтыққа, масылдыққа, алыпсаталлыққа әкеліп соқты. Осындай келеңсіз жағдайлармен күресу үшін, мемлекеттік меншікті бөлу мен меншік иелеріне беру, нақтырақ — мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
Жекешелендіру – мемлекет иелігінен алудың басты бағыттарының бірі. Алайда мемлекет иелігінен алу – жекешелендіруге қарағанда ауқымды ұғым.
Мемлекет иелігінен алу процесі шаруашылық жүргізуші субъектілерлің экономикалық дербестігінің күшеюіне және олардың коммерциялық мүдделерінің жүзегеи асуына байланысты қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде кәсіпорынның немесе ұйымның орны мен рөлі принципті түрде ауысатын құбылыс болып табылады.
«Жекешелендіру» ұғымына келер болсақ, ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, қөлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүліктер ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың жеке меншігіне алынатын процесс.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің сапалық айырмашылығы мынада: жекешелендіру процесінде мемлекетік меншік қатынастарының субъектісі міндетті түрде өзгереді, оның жеке-даралануы күшейеді және нақтыланады, ал мемлекет иелігінен алу кезінде олай болмауы мүмкін. Бұл сапалы айырмашылықтың зор маңызы бар, өйткені мемлекет иелігінен алу кезінде олай болмауы мүмкін. Бұл айырмашылықтың зор маңызы бар, өйткені мемлекет иелігінен алу процесі ауыртпалықсыз өтеді және кері қалпына келеді. Жекешелендіру процесінде өзгерістер болмайды.
Сонымен, жекешелендiру дегенiмiз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттiк меншiк объектiлерiн немесе мемлекеттiк акционерлi қоғамдардың акцияларын сатып алу.
«Жекешелендiру» терминi әртүрлi елдердiң ресми құжаттарында әртүрлi берiлген. Мысалы: Румынияда жекешелендiру деп кәсiпорын мүлiгiнiң құнына шаққандағы шығарылған құнды қағаздарды айтады. Англияда жекшелендiру мемлекеттiң кәсiпорын капиталының 50% төмен денгейiне дейiнгi қатысуды қысқарту ал басқа кейбiр елдерде (Малайзия, Турция және т.б.) мемлекет өз меншiгiнде активтердiң көпшiлiк бөлiгiн сақтап қалса да, жекешелендiру деп танылады.
Экономиканың нарықтық түленуі жағдайында «жеке меншiк», «жекелендiру», «мемлекет иелiгiнен алу», «коммерциялизация» түсiнiктерi қәртүрлә көзқарастар туғызды. Мысалы, «Дәстүрлiк», бұл көзқарас тұрғысынан қоғамдық және жеке меншiк меншiктiң екi антогонистiк түрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе, бұл көзқарас кеңестер кезеңiндегi экономикалық әдебиеттерде өте көп таралған. Оның iшiнде жеке еңбекпен құрылған ұсақ жеке меншiктiң өзi қоғамдық антоганистiк деп саналды. Сондықтан жекешелендiру жеке меншiк құрылымдағы өзгерiстермен көрсетiледi.
Екiншi көзқарас – «еңбектiк». Бiрiншi орынға, «еңбектiк» және «қанаушы» сипаттағы жеке меншiк критериiн қояды. «Еңбекке қабiлеттiлiк» түсiнiгi өзiне қоғамдық меншiктен басқа да жеке еңбектiк және ұжымдық, акционерлiк меншiктi қосады. Принципиалды қатынастар бойынша, «еңбектiк» және «дәстүрлiк» көзқарастар бiр–бiрiне жақын, өйткенi бұл екуiнің негiзгi критерийi қанаудың болуы және болмауы болып табылады.
Бұл екеуiнен үшiншi көзқарастың едәуiр айырмашылығы бар. Оны өзiнiң критериi бойынша «субьективтi» деп атауға болады. Ол өндiрiс түрi мен тәсiлiне қатысы жоқ жеке және дербес меншiгiнiң сәйкестiлiгiн қыспаққа алады.
Төртiншi көзқарасты «батыстық» деп атайды: оған сәйкес мемлекеттiк емес меншiк — жеке меншiк болып табылады. Сондықтан жекшелендiру де мемлекет иелiгiнен алу сияқты түсiндiрiледi, яғни өндiрiс құралдарының мемлекеттiк сектордың қысқаруы негiзiнде өтуi.
Жекешелендiру қатынастары жүйесiнiң мәнi оның мақсаттары арқылы ашылады. Бұл аспектi жекешелендiру реформаның мақсаты емес, оның құралы. Жекешелендiру өндiрiстiң монорамасыздандыруына мүмкiндiк бередi. Кiрiстер мен мүлiктердi қайта бөлу жекшелендiруiн бiлдiрмейдi. Соңғысы меншiк құрылымдағы өзгерiстермен қатар, баға деңгейi және құрылымының бiрқалыпты өзгеруiне байланысты.
Меншiктiң мемлекеттiк емес мүлiкке берiлуi, сатушылардың нарықтық таңдау механизiмен сәйкес келмейдi.
Мемлекеттiк және муниципалды кәсiпорындардың банкроттары жекшелендiрудiң жаңа тәсiлi болып табылады. Ақшалай жекшелендiру кезеңiнде банкротқа түскен кәсiпорындардың кредиторлары табысталуы инвесторды жұмылдырған жекшелендiрудiң бiр формасына айналады. Арендалық кәсiпорындардың еңбектiк ұжымдары мүдделерiнiң спецификасы: солардың базасында құралған акционерлiк қоғамның жабық сипатымен және мүлiктiң ақысыз таратылуымен негiзделген. Еңбектiк ұжымдарда келесi мәселелер шешiмi көп айтыс – тартыс туғызады: мүлiк құны мен құрамының дәл анықталуы, арендалық ұжымның құн бағасы мен мүшелерiнiң тиесiм үлесiн шығару, өсiм мүлiгiнiң үлесi үшiн құқығы бар тұлғаларды анықтау, жауапкершiлiгi шектелген және жабық типтi акционерлiк қоғамда арендалық кәсiпорындардың жеке үлесi жалақымен және жұмыскердiң жұмысының қиындығына байланысты есептеледi.

1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі

Мемлекет иелiгiнен алу ¬– мемлекет кәсiпорындарының, шаруашылықты басқару функциясын және сәйкес өкiлеттiлiгiн тiкелей шаруашылық жүргiзетiн субъектiлерге табыстауы арқылы түрлендiрiлуi. Кәсiпорындарды тiкелей мемлекет бақылауынан толық шығуының 2 жолы бар, яғни мемлекет иелiгiнен алу: өзiн-өзi басқару арқылы немесе жекешелендiру арқылы.
Кәсiпорынның өзiн-өзi басқару үлгiсi – шаруашылықтың жеке нақты денгейiн бiр жақтан, топтық меншiктiң сипаттарын екiншi жағынан қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол әкiмшiлiк – жоспарлық эканомиканың өзегiнде нақты тотальдi мемлекеттiк бақылаудан шығу формасы және тиiмдi шаруашылықтың қызметiне уәждеудi күшейту ретiнде пайда болды. өзiн — өзi басқару үлгiсi Югославия мен Польшада ең көп таралды, бiрақта оның жекелеген элементтерi басқа да социалистiк елдерде қолданылған (мысалы, Венриядағы кәсiпорындардың шығындарында жұмыстың қатысу жүйесi ).
Жекешелендiру арқылы мемлекет иелігінен алу — өтпелi экономикада бiр жағынан мемлекет иелiгiнен алудың басыңқы формасы болса, екiншi жағынан қоғамдық мүлiктi қайта бөлудiң әртүрлi азаматтарға меншiктi тараудың формасы болып табылады.
Жекешендiру деп – көбiнесе жеке азаматтарға, еңбектiк ұжымдарға немесе заңды тұлғаларға сатылған немесе өтеусiз берiлген мемлекет мүлiгiн айтады. Бұл процесс жеке меншiкті қалыптастырады. Ол меншік құқығын кәсiпорындарға, мүлiктердi жеке адамдарға және қызметтерi мемлекеттiк емес мүлiкке негiзделген заңды тұлғаларға берумен сипатталады. Жекешелендiру нәтижесiнде мемлекет иелiк ету, пайдалану және мемлекеттiк мүлiк объектiлерiне билiк жүргiзу құқығынан айырылады. Жеке меншікті қалыптастырудың бірнеше формалары бар. Мысалы, Әлемдiк банк бұрынғы социалистiк елдерде жекешелендiрудiң мынадай түрлерiн көрсеттi: активтередiң тiкелей сатылуы арқылы, кепiлхат схемасы бойынша бұқаралық, менеджменттiң немесе жұмыскерлердiң контрольдi пакеттi өтеп алуы, бұқаралық ұсыныс, ликведация, акционерлеу арқылы жекешелендіру. Ең маңыздысы кіші жекешелендіру арқылы жеке меншік объектілерін қалыптастыру болды.
Кiшi объектілерді жекешелендiру – бұл мемлекеттiң бөлшектi сауда кәсiпорындарының (азық – түлiк, өнеркәсiп тауарлар дүкендерi, ресторандар, тұрмыстық сферасының кәсiпорындары) жеке иелiкке өтуi. Бұл кәсiпорындар тиiмдi нарықтық экономикаға өтудегi ең негiзгiсі болып табылады, өйткенi олар дайын тауармен өнiмге сұраныс қалыптастырады.
Кепiлхат беру арқылы бұқаралық жекешелендiру – мемлекеттiк активтердi көпшiлiк азаматтардың арасында салыстырмалы тез таратуға мүмкiндiк бередi. Жекешелендiру куәлiктерi ақысыз немесе белгiлi бiр аз ақша санына берiлетiнiне қарамастан, кепiлхат схемалары жекешелендiрудiң әлеуметтiк жанжалы аз тәсiлi болып табылады. Кепiлхаттық купондық схема Чехия, Словения, Ресей, Албания, Монголия, Қазақстанда болды.
Активтердi, құнды қағаздарды мүлiктiк кешендердi тiкелей сату әдiсiмен жекешелендiрудiң өз артықшылықтары бар. Олар – бюджетке түсудiң көзi секілді, жекешелендiрiлген компанияға инвестиция болатын ақша алу. Сауда
құралы тек қана инвесторларға қызықты, пайдалы кәсiпорын болуы мүмкiн. Сондықтан берiлген әдiспен, өкiнiшке орай инвестицияны керек ететiн кәсiпорындардың көпшiлiгi жекешелендiрiле алмады. Инвесторлар саны (кепiлхат схемаларымен салыстырғанда) нақты капиталы барлармен шектелдi. Аукциондар мен конкурстар жекешелендiрiлген активтердiң максималды табыс деңгейiндегi нарықтық бағасының шығуына мүмкiндiк бередi.
Активтердi шетел инвесторларына сату – жеке меншікті қалыптастырудың ерекше түрі . Барлық ауыспалы эканомикасы бар елдерде сатушы – бейрезиденттерден келген инвестиция түсiмiне ставка қойылды. Күтiм батыстық тауар және қаржы нарығына мүмкiндiк алумен, батыс менеджiментiне енумен, компанияның нарықтық құнының өсуiмен байланыстырылады. Тiкелей сауда әдiсi Венгрияда, Хорватияда, Эстонияда, Полшада қолданылды, яғни жоспарлық экономикада жеке меншiктің дамуы үшiн барлық жағдайлар қалыптасқан елдерде болды.
Тiкелей сауда әдiсiмен жекешелендiру қаржы нарығының тез дамуына мүмкiндiк бередi, ерекше маңыздысы ұлттық, шетел немесе аралас капиталмен қайтадан құралған жеке меншiк кәсiпорындарының өсуiне жағдай жасайды.
Табыстау немесе жекешендiрiлген компания жұмыскерлерiне мемлекеттiк активтердi жеңiлдiк саудада сату бұрынғы социалистiк елдердiң қатарында (Латвия, Литва, Польша) кең тарады. Бұл әдiс әсiресе, Ресейде кең тараған, ол жекешелендiрудiң бұқаралық кепiлхат схемасында қолданылады және еңбек ұжымдарына жекешелендiрiлген кампаниялардын ¾ табысталуына мүмкiндiк бередi. Жекешелендiрудiң осы әдiсiмен алынған активтердiң құндылығы салалар мен компаниялар бойынша бiр қалыпты емес меншiк пен кiрiстiң аса маңызды элементтерiнен бастап, кәсiпорын шығыны мен қарыздарын куәландырылмайтын меншiктiң құқығына дейiн болады.
Келесi әдiс – қайта жекешелендiру арқылы жеке меншікті қалыптастыру, яғни тәркiлеу нәтижесiнде заңсыз түрде мүлiктен айырылғандардың жеке меншiк құқығының қалпына келуi. Қайта жекешелендiрудiң негiзгi формалары: рестетуция, яғни мүлiктiң бұрынғы иелерiне натуралды түрiнде қайтарылуы және өтемақы, яғни тәркiленген мүлiк құнының ақшалай немесе арнайы кепiлхат ретiнде қайтарылуы. Қайта жекешелендiрудiң осы екi формасы бұрынғы Чехословакияда, Венгрияда, Болгарияда, Словенияда, Хорватияда, Эстонияда жүргiзiлген.
Кәсiпорын, компания қызметiнiң нәтижиелілігi, тиiмдiлiгi оларда үстемдiк ететiн меншiкке байланысты. Бұл жерде компанияның тиiмдi функцияларын қамтамасыз ететiн формаларды және меншiк қатынастарын түрлендiруге деген талпыныс пайда болады. Бұл кәсiпорындарды жекешелендiрудiң басты себебi болып табылады.
Әлемдiк практикада кәсiпорындардың үш жалпы тобы көрсетiледi
-Бұқаралық құқық негiзiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк кәсiпорындар (яғни, коммерциялық кәсiпорындар)
-Жеке меншiк құқығы негiзiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк кәсiпорындар (яғни, коммерциялық орындар )
-Жеке меншiкке негiзделген жеке құқық арқылы қызмет атқаратын кәсiпорындар.
Жеке заңды тұлғалардың пайда болуының екi жалпы тәсiлi бар. Олар: жаңа кәсiпорын құру арқылы және жұмыс атқаратын кәсiпорындарды жекешендiрiлу арқылы. Жекешендiрудiң белгiлерi:
— Мемлекеттiк мүлiктiн жеке тұлғалар пайдасына өтуi немесе мемлекеттік меншiктiң жеке меншiкке ауысуы.
-Мемлекет кәсiпорындарына мүлiкпен иелiк ету құқығын беру.
-Мемлекет кәсiпорындарын толық жеке тұлғаларға сату.
-Активтер бөлiгiн сату.Кәсiпорындарды жекешелендiру көмегiмен шешiлетiн мәселелер: кәсiпорын пайдалылығының өсуi, мемлекеттiк шығындардың қысқаруы; бюджет түсiмiнiң өсуi, iшкi және сыртқы берешектердiң жойылуы, капитал нарығының кеңеюi, тұрғындардың инвестицияға деген сұранысының өсуi, жұмыскерлердi компания капиталына қатысуға жұмылдыру, кәсiподақ қозғалысының әлсiзденуi, саяси мақсаттағы ұсақ жеке меншiк иелерiнiң кең әлеуметтiк баға құруы. Сонымен қатар жекшелендiру кiрiсi арқасында, салықты азайту мүмкiндiгi туады, бұл жеке …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!