Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы тұтыну бағалары
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс — әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.
Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қаблеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс — әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс — әрекетін шектейтін жағдайла рескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.
1. Тұтынушылар талғамы.
Бір тауардың екінші тауарға қарағанда пайдалырақ екндігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түррде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жалпы жағдайда тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалынылған сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:
U=U (х, у)
Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.
Егер пайдалық функция тұрақты бір санға тең болса, немесе:
U=U (х, у) = C0 – const,
онда жазықтықта бұл функцияның графигі 1 – суретте бейнелегендей болды. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы, тұтынушы бір аптада Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық. Х — ходдаг У – гамбургер болсын.
Х – ходдог саны;
У – гамбургер.
1 – кестеде 1 – суретті салуға негіз болған мәліметтер жинақталған.
А1 жиынындағы 4 ходдог пен 10 гамбургер және А2 жиынындағы 5 ходдог пен 6 гамбургер тұтынушы үшін бірдей пайдаылық әпереді. Демек талғамсыздық қисы-ғының бойында
Жатқан А3 және А4 жиындары да тұ-тынушыға бірдей пайдалылық әпереді деп қорытынды жасауға болады.
2. Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:
1. Талғамсыздық қисығы неғұрлым координаттар осінен алыс орналасса, солғұрлым осы қисықтың бойында жатқан жиынтықтар тұтынушыға көп пайда әпереді. 2 – суреттен төмендегі шарттың дұрыстығы көрінеді. U1
2. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.
3 – суретте көрсетілген А жиыны талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу нүктесінде орналасқан. А жиыны u2 талғамсыздық қисығында орналасқандықтан тұтынушы А мен В – ны айырмайды. Соған ұқсас u2
қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады. Бұдан айтатынымыз жасамайды.
Бірақ ескере кететін нәрсе, егерм Х және У кәдімгі тауарлар болса, онда тұтынушы В — дан гөрі, С — ны қалайды, себебі С жиынында Х пен У – тің мөлшері көп 3 – суретке қарап, С – жиынында У тауарының 3 бірлігі, Х тауарының 6 бірлігі бар екенін, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 білігі және У тауарының 2 бірлігі бар екендігін анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В – ға қарағанда С – ны қалай отырып және олардың арасында олардың айырмашылық жасай алмауы талғамсыздық қисықтарының қиылысуының жоққа шығарады.
1- суретте бейнеленген талғамсыздық қисығын пайдалана отырып, тауардың бір – бірін қалай алмастыратының зерттеуге болады.
Ол үшін алмастырудың шекті нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп, оны M R Sxy деп белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:
MRSxy =
Бұл жердегі VU X , MUy, — сәйкес түрде X,Y тауарларының шекті
Пайдалылықтарын көрсетеді.
Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырылуын шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстырылға болады. Жиындағы У тауарының шамасын у – ке азайтсақ бұл тұтынушыға зиян келтіреді. Пайдалылықтың азаю мөлшері у *MUy – ке тен болады. Тұтынушыны бұрынғы қанағаттандыру жағдайына жеткізу үщін У -– тің азайған шамасын Х тауарымен толтырамыз, сонда пайдалылық мөлшері: х *MUx тең болып өседі.
1 аптаға ходдог
4 – сурет. Талғамсыздық қисығының бойымен MRSxy азаюы.
Ауыстырудың шекті нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай жылжығанда бірте – бірте азаяды. Себебі тұтынушы Х тауарының шмасынкөбейткен сайын бұл тауардың әрбір қосымша бірлігі аз шекті пайдалылық әкеледі. А1 – А4 ніктелері арасындағы ауыстырудың шекті нормалары көрсетілген. 2 – кестеде 4 суретте бейнеленген талғамсыздық қисығының әбір нүктесінде MRSxy – ті есептеуге пайдаланған мәліметтер берілген.
2 – кесте
Жиын У Х MRSxy
А1 10 4
А2 6 5 4 бірлік У – ті 1 бірлік Х — ке
А3 3 6 3 бірлік У – ті 1 бірлік Х — ке
А4 1 7 2 бірлік У – ті 1 бірлік Х – ке
3. Бюджеттің шектеулілігі
Тұтынушы бар қаражатын Х және У тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бір қаражатын I деп, ал X және Y тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх Рх деп белгілесек, бюджеттің шектеулі екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:
Рх * Х+ Ру *Y – I.
Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтың шекарасы
Рх * Х+ Ру *Y = I.
Түзумен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып, X, Y тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.
Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі 4.5 – суретте келтірілген. Соңғы теңдеуді былай да жазуға болад.
4.5– сурет. Бюджет сызығы. 4.6 – сурет. Бюджет сызығы өзгеруі.
Бұл жердегі (Рх/Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффицентін бейнелейді. Бұрыштық коэффицент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді. Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы, Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делік. Бұл жағдайда бюджет сызығы 4.6 – суретте келтірілгендей түрде өзгерер еді.
Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тілі бағытына қарсы өзгереді, ал баға өскен жағдайда сағат тілі бағытында өзгереді.
У тауарының бағасының өзгеруі 4.7 – суретте бейнеленген.
Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына әсері а графигінде 4.7 – суретте көрсетілген.
7 – сурет. Табыс пен бағаның өзгеруі.
.3. Тұтынушылар таңдауы.
Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз 8 – суретте ең көп пайдалылық әперетін тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестік жағдайы ейнеленген. Тендестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy – пен бюджет сызығының бұрыштық коэффиценттері тең болады. Сондықтан тұтынушы өзінің теңдестік жағдайында қол жеткізуі үшін Х және Y тауарларының көлемін келесі шарт орындалатындай етіп таңдауы қажет:
8 – сурет. Тұтынушы тандауы.
Бұл теңдестік тұтынушының теңдестік шарты деп аталады.
. “Табыс – тұтыну” және баға – тұтыну қисықтары
9 –сурет. Табыс – тұтыну қисығы
(кәдімгі тауарларға).
Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1 , Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдауларысәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықта бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір – бірімен қоссақ, онда табыстың өсуіне байланысты 9 – суретте көрсетілгендей “табыс — тұтыну” қисығы шығады. Бұл қисықты кейде “тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық” деп те атайды.
12 – сурет. “Баға – тұтыну” арқылы сұраныс қисығын салу.
Баға — ге тең болғанда, тұтынушы Х тауарының Q2 мөлшерін тұтынады, Е1 тепе – теңдік нүктесі.
Баға Р1 – ге тең болғанда, сұраныс көлемі – Q1 Х тауарының бағасы төмендеген сайын, Бюджет сызығы Х осі бойымен әрі қарай оңға жылжиды. Қиылысу нүктесі F2 болғанда баға 1/F2 немесе Р2 – ге тең, Р2 Р1 – ден кіші болу керек, себебі F2 F1– ден үлкен. Бұл жағдайда Х тауарының тұтынылған мөлшері Q2 — ге дейін өсіп, тұтынушының тепе – тең нүктесі F2 болады.
Р2 Q2 координаталары сұраныс қисығының тағы бір нүктесі ретінде төменгі графикте белгіленген. Сол сияқты, егер Х бағасы Р3 және Р4 – ке дейін түссе, онда Х – ті тұтыну, аптасына одан әрі өседі. Осы бағада сұраныс көлемі мен бағаны бірге қоссақ 12 – суркттегідей В графигінде сұраныс қисығын аламыз.
Бұл қисық әр түрлі бағада жеке тұтынушының сұраныс көлемін көрсетеді. Ал Х тауары үшін тұтынушының сұраныс қисығы болып табылады. Сонымен факторлар тұрақты деп ұйғарғанда, тауардың бағасы өзгеруіне байланысты осы тауарды сатып алу клесі қалай өзгеретінін көрсетудің екі түрлі әдісі деп айта аламыз. Осы нүктелерді бір – бірімен қоссақ, онда табыстың өсуіне байланысты 9 суретте көрсетілгендей «табыс — тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды.
10 –сурет. Табыс – тұтыну қисығы.(сапасыз тауарларға).
Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. 10 – суретте сапасыз тауарлар үшін табыс – тұтыну қисығы көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда табыс – тұтыну қисығы координаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде табыс – тұтыну қисығының көлбеуі теріс сан болады, 10 – суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын ……..