Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы ақша нарығы
Мазмұны
Кіріспе
I. Ақша нарығы мен валюталық биржалардың теориялық негіздері
1.1 Ақша нарығының пайда болуы мен мәні
1.2 Ақша нарығының атқаратын қызметі
1.3 Валюта биржасы және оның қызметтері
II. Қазақстандағы ақша нарығы
2.1 Қазақстандағы ақша нарығын талдау
2.2 Қазақстандағы ақша нарығын және валюта биржасын реттеу
Қорытынды
Кіріспе
Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп нарықты тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қана қоймай, бүкіл тауарлар дүниесін ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
Ақша нарықтық экономикада ақша–несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда. Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесіне туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі, әр түрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, кооперативиік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуге төлем қабілеті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша адамға ежелден таныс. Бірақ оның пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмірдегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұраққа қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын қызметін, маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың — бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы — бұл мемлекеттіх өзіне міндетті қызмегін атқаруы үшін қажетті (халық шаруашылыгын басқару, қорғаныс, заңдылықты және хұқтық төртіпті қорғау жәнс т. б.), ақша қорларының жүйесі.
— Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары — бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процссін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.
Халықтың қаржысы — бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл-аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі күйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады. Бұрын кері байланысы бар: мемлекеттік қаржыда шоғырланған қорлар көлемді инвсстиция, субсидия және дотадия түрінде халық царуашылыгына қайта оралып келеді. Сондықтан барлық қаржы жүйесінде мемлекеттік қаржы шешуші роль атқарады.
Қаржы нарығы бағалы кағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан құралады, Оны жасаудағы басты мақсат уақытша бос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және ационерлік қоғамдардың мұқтаждарына жұмылдырып жұмсаулына табылады. Әкімшілік — әміршілік басқару жүйесі жағдайы қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, мнистрліктердің қаржы жоспарлары, банктердің несие жоспары және т. б. атқарған болатын.
Экономикалық реформа, кәсіпорындардың дербестігін арттыруы және шаруашылықты жүргізудің жаңа нысандарына өту жагдак да қаржы ресурстарының әдеттегі әдістерін қолдану шектеле бастады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын министрліктер арқылы салааралық бөлу біршама қысқарды. Бұның өзі кәсіпорындар; қосымша қаржы ресурстарын өз бетінше тұтыну жөне оларды арқылы қаржы нарығын құруға қолайлы жағдай жасады.
Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принцп ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар сал Сондықтан қаржы нарығын құру үшің бағалы қағаздарды эмицялау, қаржы инфрақұрылымын құру жөне ақпаратпен қамтам; етуге байланысты жүйелі мөселелерді зерттеу қажеттілігі болды. Өтпелі кезенде қаржы нарығгының дамуы қаржы н жүйесін қайта құру проблемасын туғызады.
Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, нарықтық экономикаға тән қаржы қатынастарының екі типі — бюджет және нарықтық бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мелкеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік емес орталық қаржы қорлары кәсіпкерлік табыс ; азаматтардың табысының бір бөлігін алу жолымен құрылады оны мемлекеттің мақсатына сәйкес қайтарылымсыз бю, қаражатымен бөлу арқылы пайдаланылады.
Ақша ресурсгарын бюджетгік паидалану нарықтық пайдал мен толықтырылуы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде көрінеді және оны пайдаланудың бағасы заңына сәйкес, сұраным мен ұсыным негізінде орнығды. Каржы нарығы жағдайында – кәсіпорындар, ұйымдар және адамдар қорлары арқылы жасалған табыстарын, ал халық шаруашылығының қосымша қаржы көздерін тұрақты алуға талпынады. Бұндай нарық капиталынсыз кәсіпорындардың шын мәніндегі өзі қаржыландыруы мүмкін емес.
Каржы нарығы жоқ жағдайда ақша ресурстарын бюджеттік кәсіппен пайдалану басым болады. Ондай әдіс біздін осы уақытқа дейін жүргізген шаруашылық механизміне тән болды. Ақша ресурстары мемлекеттің қолында шоғырланды және мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі қайта бөлінді. Несие жйесінде тек мсмлекеттік банкілер жұмыс істеді, ал олардың кызметтерінде кәсіпкерлік белсенділік болмады. Бюджет қаражаттары жоне несие ресурстары, оларды пайдаланудың тиімділігі ескерілмей тек жоспар бойынша ғана бөлінді.
1.1 Ақша нарығының пайда болуы мен мәні
Ақша нарығының пайда болуы олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Нарық бұрын — сонды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде қате түсіну жиі кездеседі. Себебі, нұсқау — бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттары айырбастауға байланысты болатын өндірісітік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі. Ақща негізінен, есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқ қызмет атқарады. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорының шығаратын өнімдеріне натуарлды және құн көрсеткіштері өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті.
Рыноктық экономикада ақашаның маңызы зор. Рыноктық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында жұмыс істейтін, тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алады.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстырудың тиімді ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептелінеді. Ақшаның нарықтық төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтілетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімдер, борыштық міндеттеме бойынша төлем аз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берішек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және тағы басқа). Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және Коммерциялық банк (депозиттік). Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банкте ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады. Орталық банк ұлттық валютаның айналымға шығарады, мемлекеттік алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндеттері резервті банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланады. Ақша нарығының мәні ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Уақыт өте келе және тауар өндірісінің өрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті нарықтық шегінен шығуына әкеліп соқты. Бұл кезде құнның жалпыға ортақ формасы эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бастады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде тауар айналымында атқаратын қызметін маңызын жан-жақты ашып жауап берді.
Ақша нарығының саясатының варианттары ақша графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша нарығының несие саясатының вариантын тандау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.
Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (2-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (1-сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мелшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Lr қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгереді).
Қазақстан Республикасының тенгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп, 1993 жылы 15 карашада Қазақстан тарихында алғашқы ұлттық валюта-тенге енгізілді.
1995 жылдың орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашқыда қазыналық вексельдер одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің кұлдырауын тежеуге мүмкіндік туды.
1997 жылы мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру және шетел инвесторларына баскаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн. доллармен толқты. Бұл жылы тенге курсының ауытқуы тиынмен, нфляцияның денгейі пайыздың бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
1998 жылы Оңтүстік —Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерд| біраз қысқартты.
1999жылы сәуірінен Қазақстан үкіметі тенгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер- министр былай деген: «Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады.
1.2 Ақша нарығының атқаратын қызметі
Ақша нарығының атқаратын қызметі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлін тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндірістік құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықты пайда болуына, адамдардың экономикалық өсуінің қозғаушы күші ретінде рөлнің жоғалуына әкеліп соқтырады. Нарықтық басқа бір атқаратын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларғы олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық — қажетті өндіріс шығындары, сапа және ассортимент туралы объективті ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге нарық мынадай қызметте атқарады – бәсеке күресінісің жәрдемі мен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр.
Ақшаның нарығының атқаратын қызметтері — айырбас кұнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан….