Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………….
І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты……………………………………………6
1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері……………………………………..8
1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері………….15
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ РЕТТЕУДЕГІ АТҚАРАТЫН РОЛІ.
2.1. Қазақстан Республикасындағы салық саясаты жағдайы және мемлекеттік қарызды басқару……………….18
2.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығының ерекшеліктері……24
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТІЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ.
3.1. Мемлекеттік қарыздардың мағынасы және оны жою…………………………..26
Қорытынды……………………………………………………………………………………………..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………29
Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.
І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағаида тез өсуде. Оның се-бептері көп, олардың ішівдегі ең бастылары емірдің сан түрлі салаларьшда ғы мемлекет Грөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалмқ және әлеумеғтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты келемінің өсуі және т. б. себептер. Бюджеттік шығьщдардын көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның келемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҮӨ-ге қатынасынан да анық көрінеді. Мемлекеттік бюджеттердің түрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына
жоғарыда көрсетілген қүрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекетгің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлгаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байлаиысты. Артық өндірудің цикл-
дық дагдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге таіс (жүмыссыздарға көмек және т. б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек.
Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкес-сіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни баланстаңдырған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердін ауқымынан асып түсуі бюджет артыгын — профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органынын мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабыддайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп еддің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында ендірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өңдіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс
шығару;
4) бюджеттің шығыстарыңда экономиканың даму деңгейіне сәйкес
келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы — экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор — несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретівде қызықтырады.
Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс процесіңдегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөліяеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратывдай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарьшың басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығындарының ішінде 1980 жылы 8,9 проценттен 1989 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегіңде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы «мемлекеттік борыштың монеттенуі» көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тіке-тей себебі болады.
Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндет-теме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жыддан ұзақ уақытқа шығарылады.
Қарыз түрлері мерзімінің арақатынасының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инсрляция күшейген және ақша айналысының жалпы тұрақсыздыгы жағдайында қысқа мерзімді қарыздың үлесі артады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде иивесторлар ұзақ мерзімді үкіметтің міңдеттемесі бойынша ақша жұмсаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міңдеттемелерді қалайдыг, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріяе тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта беілінуіне әкеледі. Мысалы Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франктен 1990 жылы 125 млрд. франкке жетті. АҚШ-та федералдық қарыз бойынша таза про-центтік төлемдер 1980 жылы 52,2 млрд. доллардан 1989 жылы 165,7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да берешектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 1983 пен 1990 жылдар арасында ЖҮӨ 1,6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлекет пен финанстық емес кор-порациялардың берешегі 2,2 есе өсіп, 10 триллион долл, яғни жалпы үлттық енімнен 2 есе көп болды. 90 жылдардың басында халықтың борышы 3,7 трлн. долл. финанстық емес корпорациягсардың 3,5 трли. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. долл. жақындады. Ірі бюджет тапшылығы және мемлекеттік міңдеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначе:йліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ыгыстырады. Осы мақсатпеи мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай шаралардың маш заемдарды жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер инвестордын келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздауға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа үзак мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңыңда жалпы борыштың сомасын көбейтеді.
Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы —ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сүраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсеңділікті реттеу жатады.
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезіңде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгеңде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмеңдеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмеңдеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.
Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық багыттагы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алды. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында «дефицитті каржылаңдыру» идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60—70-жылдарда анық керінген экономиканың инфляциялық түрақсыздануын күшейтті. Белсенді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ. Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономикаиы «суыту» инфляциялық қызьш кету» дегенмен күресу.
Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардың күрделілігі мынада: озып жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол бермеуі ақша келемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мұның бәрі өз кезегіңде жиынтық сұранысты тежейді, күрделі қаржьшы азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты кебейтеді.
Сонымен мемлекеттің қарыз проблемасы ақша айналасының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халықаралык………..