Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………. 5
I. Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
1.1 Инфляцияның мәні жане даму механизмі,түрлері……………………………….. 7
1.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары, себептері және оның түрлері…………………….. 10
1.3 Филипс қисығы жане стагфляция………………………………………………………. 14
II. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу
2.1 Антиинфляциялық саясат………………………………………………………………….. 17
2.2 Инфляцияға қарсы саясат жане Қазақстандағы оның әдістері…………….. 18
III. Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның процестерін болжау………. 25
3.2 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты шаралар……………………………….. 25
Қорытынды………………………………………………………………………………………….. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….. 30
Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде «инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?..» деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
«Инфляция» термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының («гинбектердің») қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Ұзақ уақыт бойы инфляцмяны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бузылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.
Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның премьер-министрі Э.Чарльз Линтон Блэрдің: «Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі нарықта бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады», деген сөзі бар.
Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің алдында:
— инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру;
Халықтың күн-көрісі арасында айырма өскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдатушылық арта түседі. Үкімет жағдайы қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шошыған балықтай инфляция қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме? Мемлекет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп қалмай ма? Барлығымыздың көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.
I. Инфляцияның экономикадағыролі мен мәні
1.1 Инфляцияның мәні даму механизмі және түрлері
Инфляция-жалпы баға деңгейі мен ақша белгілерінің нақты активтерге қатынасы бойынша өсуі мен құнсыздануы арқылы көрінетін көп факторлы құбылыс. Жеке тауарларға кез келген баға өзгерісі инфляция болып табыла бермейді. Ол өнімнің сапасының жақсаруына,сыртқы саудаға, басқа факторларға байланысты өзгерген болуы мүмкін.Баға мен шығындардың жалпы төмендеуін инфляцияға қарама-қарсы дефляция деп атайды. Яғни инфляция қарқынын төмендетуге арналған процес. Баға өсуінің баяулауы дезинфляция деп аталады.
70-80 жылдардағы баға өсуі үздіксіздігі,жалпыламалығы, бір қалыпсыздығы мен ерекшеленеді.
Экономикалық әдебиеттерде инфляцияны келесі түрлерге бөледі, мұны келесі сурет №1 көрсетіледі.
Сурет №1
Инфляцияның түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», антиинфляция саясаты құралдарына байланысты инфляция айқын және басыңқы формаларда жүреді. Айқын немесе ашық формадағы инфляция процесі баға өсуімен ұлттық волюталық курсының төмендеуімен көрінеді. Басыңқы немесе жасырын инфляция жасырын түрде және өнім сапсының оның ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикада дефицит артып,кезектер көбеюімен белгілі болады.
Зерттеу объектісіне байланысты ұлттық,аймақтық және әлемдік инфляцияға бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта зерттеу объектісі болып көтерме және бөлшек сауда динамикасы, елдербірлестіктері деңгейінде халықаралық нарықта (мысалы: Евро-Одақ) қандай да бір елдегі ЖҰӨ дефляторы болып табылады.
Жүйеге қатынасы бойынша ішкі және сыртқы факторлар әсерімен болған инфляция қарқынына байланысты импорттық және экспорттық инфляцияға бөлінеді. Елдегі қатаң волюталық курс ұсталған жағдайда импорттық тауарларға кез келген бағаның көтерілуі елдің ішіне импорттық инфляцияны әкеледі. Елдегі инфляциялық процестің дамуына бұл фактордың маңызды ЖҰӨ-ң жалпы көлеміндегі сыртқы сауда үлесіне тәуелді. Ол жоғары болған сайын «импорт» инфляцияның эффект тиімділігі соншалықты жоғары.
Бағаның өсу қарқынына байланысты: жылына 10%-қалыпты немесе баяу инфляция. Жылына 200%-«галопирлік» немесе «латындық» инфляция деп бөлінеді. 200%-тен жоғары-«гиперинфляция» (Амерыкалық экономист Ф.Кеганның есептеуі бойынша-айына 50%-тен жоғары).
Инфляцияның қандай типі болып жатқанын анықтау үшін баға өсу қарқынының қоғамдық ұдайы өндірістің параметрлерінің өзгеруіне байланысты анықтауға болады.Баяу инфляция ұдайы өндіріс процесінде теріс әсерін қатты тигізе қоймайды.Ал «галоперлік» инфляцияның юолуы экономика құрылымындағы диспропорцияның пайда болуы туралы мәлімдейді. «Гиперинфляция» ұдайы өндіріс пропорцияның шындап бұзылғанын,экономиканың тоқырау алдында тұрғанын білдіреді.
Экономикалық баға өсу қарқынына бейімделуіне байланысты инфляцияны балансталған және балансталмаған деп бөледі. Бірінші жағдайда бағалар баяу және тұрақты өседі. Қалған макроэкономикалық көрсеткіштер іс жүзінде бірдей өзгереді.
Ал баланстанбаған йнфляция кезінде тауарға бағалар бірден жоғары көтеріліп кетеді де,экономика өзгерген жағдайларға бейімделіп үлгермей қалады.
Инфляциялық процеске мемлекеттің әсер ету қабілетіне байланысты бақыланған және басқарусыз инфляция болып бөлінеді.Бірінші жағдайда-мемлекет орташа мерзімде бағаның өсу қарқынын азайта немесе арттыра алады.Екінші жағдайда-инфляция деңгейін тоқтататын нақты шаралар жоқ.
Экономикада сұраныстың өсуі жағдайында ЖҰӨ көрсеткішінің өзгеруіне байланысты шынайы және жалпы инфляция болып бөлінеді. Жалпы инфляция кезінде бағаның өсуінен асып түсетін нақты өндіріс көлемінің артуы (ЖҰӨ көлемінің өсуі). Екінші кезеңде сұраныс қысымының артуына байланысты шығындардың өсуі,ақша айналымының бұзылуы өндіріс стагациясы (номиналдық ЖҰӨ көлемінің өсуі) пайда болады.
Болашақ бағаның өсу қарқынын және оған бейімделу дәрежесін анықтайтын шаруашылық агенттерінің болжауының қаншалықты дәлдігіне байланысты болжанған және болжанбаған инфляция деп бөлінеді.
Инфляциялық процесті тудыратын және өрбітетін факторларға байланысты сұраныс және шығындар инфляциясын бөледі.
Осылайша инфляция- қоғамдағы жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын көрсетеді.Айналымдағы ақшаның мөлшерінің немесе олардың айналым жылдамдығының артуы жиынтық сұранысты өсіреді және керісінше.Жиынтық сұраныстың өсуіне әкелетін айналымдағы ақша массасының өсуі түрлі себептермен болуы мүмкін:экспансиялық қаржылай саясатқа,мемлекеттік саясатқа,»баспа станогының» көмегімен бюджет дефицитін жабу,несиені ұлғайту режимі инвестициалық бум тұтынушылардың талғамының өзгеруі және т.б.Сұраныс тудырған инфляция дамуына схема бойынша бөменлегідуй болады.
Инфляция процесінің дамуының бұл түрі сұраныс инфляциясы деген атау алады. Сұраныс инфляциясы деңгейі жиынтық ұсыныс қисығының формасына тәуелді және келесі факторлармен анықталады:
— экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынымен.
— еңбек нарығындағы жағдаймен және толық жұмысбастылық деңгейімен.
— жиынтық сұраныс компоненттерінің өсу динамикасы қарқынымен.
— шаруашылық агенттерінің болашақтағы баға өсуін болжай алу қабілетімен байланысты.
Сурет №2
Сұраныс инфлияциясының өсуі.
Нақты өндіріс көлемі
Экономикада инфляция жиынтық ұсыныстың өзгеруімен болуы да мүмкін.Схемада бұл жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай қозғалысын көрсетеді.Нақты өндіріс көлемі төмендеп,бағалар көтеріледі.
Экономикада сұраныстың өсуі бағаның,еңбекақының,жұмысбастылықтың нақты көлемінің өсуіне әкеледі.Бұл процес шығындар инфляциясы ретінде көрінеді.Іс жүзінде инфляцияның екі түрі де бір мезгілде жүреді және өзара әсер атеді.
1.2 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары мен себептері
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік экономикалық құбылыстар жиынтығы басқанша айтқанда айналыстағы ақшс өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айтарлық, тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатын дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып, тауар мен азық-түлік белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі рауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі.Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді.Мысалы, 70-жылдардағы энергекикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс,тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына,циклдык және маусымдық толқуларға,ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,салықтың жаңа стсвкаларын енгізуге,ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына,нарық конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты.Демек,бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Сонымен,баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы,баланстың болмауы.Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді пайдаланылса,онда айналысқа ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, М мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен,әдіспен инвестицаны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады.Әсіресе экономиканы милитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияна өршітеді.Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірісте емес шығындар-олар қоғамдық байлықты текке әуре етеді. Әскери ассигнация бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып,тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі.Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып,өнімдердің түрі аз,капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиалық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиалар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауғаынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қауіпі туады.Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергия бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.»Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациалау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады.Бірақ ревальвациф отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады,ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алпды, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Халық пен өндірушілердің иефляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекеленген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты……………