Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………3
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫН ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ……………4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің әкономикалық маңыздылығы……………………..4
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі…………………………………….7
1.3 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобаладың теориялық және методологиялық аспектілері…………….10
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ ………………..13
2.1 Қазіргі жағдайдағы бюджеттің пайдалану проблемалары………………..13
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру………………..16
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………….24
КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі — қоғамның қаржы жүйесі.
Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджетті дұрыс пайдалану — қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми — техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істелуі мүмкін емес.
Сол сияқты, біздің еліміздегі экономикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша- қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Қалыптастыру өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі.
Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңыздылығы
Бюджет — мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өзіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліксіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттастырылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдык масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы — адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады — жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; үжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекетгік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады: Мемлекет қолындағы кері өнім қүны бөлшегінің және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады.
Құндылық тұлынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халык шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған.
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады.
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады.
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық,салықтық емес түсімдер жатады,ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік үкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлык мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сүранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялык банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рөльді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері табылады, табыс салығы үшін — салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді.Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қаркыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтьіқ жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда үкіметтік шығындарды болжамдауда олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалык қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады.
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан — федеральды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федерация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Канададағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.
Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;
• ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті) .
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті салықтық және басқа да түсімдерден құралатын, облыстық, республикалық маңыздағы қала, астана деңгейіндегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мекемелердің міндеттері мен функцияларын орындауды және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қаржылық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ол сәйкес әкімшілік-аумақтык бірліктегі маслихат шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
1. Осы Кодекспен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
2. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет
1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазакстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
2. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталык уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабарлайды.
5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің каржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалды тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жүмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзара төлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады. Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикальіқ орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлык түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нактылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты…….